- •1.Адамнын трасологиялык издери?
- •5) Беттестиру жургизу ерекшеликтери
- •6) Бұзу құралдарының іздері
- •7) Жауап алудын тусиниги мен миндеттери
- •8) Жауап алудын калыптасу кезендери
- •9) Идентификациялык белги, идент. Аралык, Идент. Алан
- •11) Криминалистиканын Жуйесі
- •12) Криминалистиканын адистери
- •14) ) Криминалистикалық диагностика
- •15)Криминалистикалык идентификация
- •13) Криминалистиканын угымы
- •16)Криминалистикалык идентификация объектилери
- •17)Криминал фотография
- •17) Криминалистикалык объектилерди фотога тусиру ережелери
- •18) Кужаттарды техника кримин. Зерттеу
- •19) Кужаттардын озгеру фактисин аныктау жане мазмунынын озгеру тури
- •20) Майітті Фотоға түсіру
- •21) Механоскопия, Трасс, Із, Динамикалық із
- •22) Оқиға болған жерді қарау түсінігі маңызы міндеттері
19) Кужаттардын озгеру фактисин аныктау жане мазмунынын озгеру тури
Құжаттың жалған бланкілері көп жағдайда суретсалу немесе клишеден басу арқылы дайындалады. Клишені баспаханалық шрифтті теру жолымен, фотоцинкографиялық тәсілмен, қолмен ойып жасау және басқа да тәсілдермен дайындайды. Бұл тәсілдердің әрқайсысының өзіндік белгілері бар.
Сурет салу арқылы жасалған жалған бланктер штрихтарының, аттас әріптер мөлшерінің біркелкі есептігімен, суретінің стандартқа сай еместігімен мәтінде грамматикалық қателер мен қисындық (логикалық) қарама-қайшылық болуымен, қарындашпен жазылған және қара қағаз арқылы көшіру іздерімен ерекшеленеді. Қолмен ойып жасалған клишеге стандартсыз шрифт, белгілердің ұзынша элементтеріндегі түзуліктің бұзылуы, сөз жолының иірімділігі және т.б. тән.
Құжаттың алғашқы мазмұнын өзгерту фактісін анықтау бұрынғы жазуды тазарту, өңдеу немесе шаю белгілерінің болуына байланысты.
Жазуды тазартып өзгерту оның алғашқы мазмұнын өзгерту үшін штрихтарды механикалық жою болып табылады. Оның белгілері: құжатты жарыққа қараған кезде байқалатын қағаздың үстінгі қабаты құрылымының бұзылуы нәтижесінде, оның кедір-бұдырлы және жұқа болуы. Тазартып өшіру кезінде қасындағы жазба белгілерге де зақым келеді. Сонымен қатар, қағаздың бет жағында басылған және теріс жағында томпақ түрде жойылған мәтін бедері қалады. Кедір-бұдырлы қағаздың бояуды сору қабілетінің нәтижесінде жаңадан жазылған әріптердің, сандардың шеттері тегіс болмайды. Кей жағдайларда алғашқы мәтін штрихтарының қалдықтары басқа түсті бояу ретінде қалып қояды. Механикалық әсер ету іздері тегістеу нәтижесінде, қағазда пайдаланған заттың іздері қалып қояды.
Кең тараған тәсілдер:
— фотосуретті толық ауыстыру;
— түсірілген суретті монтаждау (құжаттағы мөр таңбасы бар бұрынғы сурет бөлшегін қалдырып, оған басқа тұлға суретін жапсыру);
— ескі фотосуреттің бетіне басқа фотосуреттің эмульсиялық қабатының бөлшегін қондыру;
— құнды қағаздың бөлшегін айырбастау;
— нөмірлер жапсыру.
Құжат мазмұнының өзгеру түрі
Тазарту-тақырыптың алғашқы мазмұнын өзгерту мақсатында штрихтарды механикалық өшіру әдісін түсіндіреді. Оның салдарынан қағаздың беткі қабаты бүлінеді, ол құжатты жарықта қарауда бірден көріністің жұқаруы мен тегіс емес белгілері анықталады.
Тазарту барысында қорғаушы тор мен штрих қасындағы орналасқан жазба белгілері бұзылады. Сонымен қатар алынып тасталған мәтін орны парақтың оң жағынан батырылған, теріс жағынан томпиған түрдегі рельефті көрініс қалады.
Қағаздың сіңіруші қасиетінің көбеюінен қалыптасқан қайта жазылған әріптер, сандар қисық штрих шеттеріне иеленеді.
Механикалық әсер ету іздері тазартылатын мәтінді тегістеп өшіру мақсатында қолданған заттардың трасса сипатында пайда болатын салдарынан қалыптасқан іздер.
Уландыру- бұл жазуды немесе олардың бөлшектерін химиялық реативті түссіздендіріп бояу штрихы арқылы өшіріледі.
Уландыру белгілері қағаздың беткі қабатының бұзылуы уландырған жерлердегі қағаз түсінің өзгеруі, сызаттарының қалыптасуы, қорғаушы тордың түссізденуі немесе түстің өзгеруі, көрші жазу штрихтарының өшуі.
Уландыру белгілері лупа, микроскоп, ультра көгілдір жарық түсірушілер көмегі арқылы табылады
Шаю-құжат бетіндегі штрихтарды әр түрлі ерітінділер арқылы өшіру. Көптеген уландыру үшін тән белгілер шаю кезінде шығады. Олар ереже бойынша уландырылған жерлерді табу үшін кеңес беретін құралдар көмегімен табылады.
Қосымша жазу- яғни бұл жаңа әріптер, сандар, сөздер және басқа да тәсілдермен құжатқа бастапқы өзгеріс енгізетін қорытынды.
