- •1.Адамнын трасологиялык издери?
- •5) Беттестиру жургизу ерекшеликтери
- •6) Бұзу құралдарының іздері
- •7) Жауап алудын тусиниги мен миндеттери
- •8) Жауап алудын калыптасу кезендери
- •9) Идентификациялык белги, идент. Аралык, Идент. Алан
- •11) Криминалистиканын Жуйесі
- •12) Криминалистиканын адистери
- •13) Криминалистиканын угымы
- •14) ) Криминалистикалық диагностика
- •15)Криминалистикалык идентификация
- •16)Криминалистикалык идентификация объектилери
- •17)Криминал фотография
- •17) Криминалистикалык объектилерди фотога тусиру ережелери
- •18) Кужаттарды техника кримин. Зерттеу
- •19) Кужаттардын озгеру фактисин аныктау жане мазмунынын озгеру тури
- •20) Майітті Фотоға түсіру
- •21) Механоскопия, Трасс, Із, Динамикалық із
- •22) Оқиға болған жерді қарау түсінігі маңызы міндеттері
9) Идентификациялык белги, идент. Аралык, Идент. Алан
Идентификациялық белгі дегеніміз не?
Кез келген объектінің өзіндік касиеттері бар. Объектінің қасиеті оның сапасын көрсетеді. Объектілердің мәндік релін қасиеттер атқарады. Ал белгі объект қасиеттерінін сырткы көрініс табу релін атқарады. Объектіні белгілері арқылы танып білеміз. Белгі түсінігімен таным қызметін байланыстырады. Белгі — қасиеттің көрініс табуы. Кез келген материалды объект көптеген қасиеттерге ие болады. Ал әр қасиет көптеген белгілер арқылы сипатталады. Белгі қасиеттерден бөлініп карастырылмайды. Объектінің мәнін анықтау үшін оның белгілер жиын-тығы айқындалуы керек. Белгілер жиынтығын белгілердін ме-ханикалық бірлестігі ғана емес, белгілі белгілер жүйесі ретінде түсіну кажет.
Тендестіру зандылығына сәйкес — адамның ойлау процесіндегі қандай да бір ойы өзіне-өзі сәйкес, тепе-тең болуы тиіс.
Адамның санасыңда көрініс тапқан объект бейнесі нақты бір жекеленген болуы кажет. Талқылау кезінде міндетті түрде нақты бір объектіні ғана ойлау керек, оны басқа объектілермен алмастыруға болмайды. Әр түрлі объектілерді тендестіру мүмкін емес, логикаға жатпайды. Бір объектіні адамның қайта еске түсіру кезіндегі ойлау мазмұны алғашкы ойлаудың мазмүнына сәйкес (бір) болуы кажет. Бір объект жайлы талқылау кезінде пікірталастықтар пайда болған жағдайларда, әрбір адамның ойы әр түрлі болып олар өзара келісімге (бір шешімге) келе алмай-ды, бұл өз алдына тендестіру зандылығының бұзылуына әкеп соқтырады.
10) Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы Криминалистикалық идентификация процесуалды түрде тергеушімен (анықтаушымен), сарапшымен және сотпен жүзеге асырылады. Криминалистикалық идентификацияның негізгі процесуалдық түрі бұл тану үшін көрсету, сот сараптамасын жүргізу болып табылады. Бірақ, теңдестірудің қарапайым актілерін жүргізу кезінде құжаттар мен заттарды қарау, куәландыру т.б. сол сияқты тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін. Мысалы, тергеу барысында тергеуші құжаттардың жыртылған парақ кесінділерін немесе жүзі, ұшы зақымдалып бөлініп қалған қанжар т.б. табады. Мұндай жағдайларда тергеуші екі куәгердің қатысуымен аталған объектілерге бүтінді бөлшек бойынша құрастырып қарау әрекетін жүргізе алады. Куәландыру әрекеті кей жағдайларда сезіктінің жеке басын идентификациялау үшін де жүргізіледі. Тергеуші куәландыру процесі негізінде татуировка, туа біткен (мең, қал) дақтарды және басқа да жеке идентификациялық белгілерін анықтайды. Бұл анықталған сыртқы белгілердің жиынтығы тергеушіге сезіктінің жеке басын анықтауға мүмкіндіктер береді. Идентификация қорытындыларын дәлелдеме ретінде нәтижелі пайдалану, жүргізілген процесуалдық әрекеттің сапасына ғана емес, сонымен қатар іс бойынша процесуалдық шешім қабылдайтын субъектілердің дұрыс бағалануымен де байланысты. Идентификация нәтижелері басқа да дәлелдемелермен қатар істің жағдайына байланысты, оларды жинақтап, толық, жан-жақты және объективті түрде қарау арқылы ішкі сенім негізінде бағаланады. ‡агрузка... Идентификация қорытындыларын дәлелдеме ретінде бағалау төмендегідей екі кезеңнен тұрады: · бірінші кезең, сарапшының қорытындысы негізінде процесуалдық және ғылыми бағалау; · екінші кезең, сараптама шеңберіндегі идентификация көмегімен анықталған дәлелдемелік маңызы бар жағдайларды бағалау.
