Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Menedzhment (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
169.49 Кб
Скачать

4.Ресми және биресми топтарына мінездеме беріп, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сипаттама беріңіз

Марвин Шоудың айтуы бойынша: топ дегеніміз – бұл екі немесе одан да көп адамдардың, әрбір басқа адамдарға ықпал етіп және өздері де басқалардың ықпалында жүретіндей бір-бірімен қарым-қатынас жасауы.

Кез келген көлемдегі ұйым бірнеше топтан тұрады. Басшылық көлденең (бөлімшелер) және тік (басқару деңгейі) еңбек бөлінісі болған жағдайларда өз еркімен топтар құрайды. Кез келген үлкен ұйымның бөлімдерінде көптеген басқару деңгейлері болуы мүмкін. Өндірістік процесті ұйымдастыру үшін басшылық еркімен құрылған топтар – ресми топтар деп аталынады.

Ұйымдарда ресми топтардың үш негізгі түрі бар. Олар:

1. басшы топтары;

2. өндірістік топтар;

3. комитеттер.

Басшы топтары – басшыдан және оның тікелей бағынушыларынан тұрады, ол бағынушылар өз кезегінде топтың басқа мүшелеріне басшы бола алады. Компания президенті мен оның вице-президентін басшы тобына мысал ретінде келтіруге болады.

Өндірістік топтар – бұлар жұмысшы немесе мақсаттық топтар деп те аталынады. Бұл топтар негізінде бір тапсырманы орындап жатқан адамдардан құралады. Олар бір басшыға бағынышты болғанымен де басшы топтарынан айырмашылықтары бар, яғни олардың жоспарлау кезінде де және еңбегін жүзеге асыруда көп мөлшерде дербестіктері бар.

Комитеттер– бұл қандай да бір тапсырманы немесе тапсырмалар кешенін орындауға өкілеттілігі бар ұйым ішіндегі топ. Кейде оларды кеңестер, мақсатты топтар, комиссиялар деп те атайды. Бірақ, олар қарастырған жағдайлардың барлығында да шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру іс-әрекеттерін топ болып шешеді. Ал ол – комитеттердің басқа ұйымдық құрылымдардан айырмашылығы болып табылады.

Комитеттерді дұрыс қолдана білу – нақты мақсаттарға жетудің тиімді құралы болып табылады. Ұйымдарда комитеттердің негізгі екі түрі жұмыс жасайды:

· арнаулы комитет;

· тұрақты комитет.

Арнаулы комитет – бұл нақты, белгілі мақсаттарды орындау үшін құрылған топ. Мысалы, ұйым басшысы өнімнің сапалылығын арттыру жолдарын жетілдіру үшін арнаулы комитеттің құрамын белгілейді. Мұндай комитеттер сол көрсетілген бағыт бойынша қызмет жасайды.

Тұрақты комитет – бұл ұйым ішіндегі нақты белгіленіп көрсетілген мақсаты бар, үздіксіз қызмет жасайтын топ. Ұйымның маңызды сұрақтарын шешу процесінде мәліметтермен қамтамасыз етелуі – тұрақты комитеттердің басты міндеттерінің бірі ретінде қарастырылады. Бұл комитеттің түріне мысал ретінде ұйымдардың басқару әкімшілігінің жалпы жиналысын келтіруге болады.

Ресми топ — зандық тұрғыдағы мәртебесі бар, мүшелері қоғамдық еңбек бөлінісі жағдайында олардың еңбегін ұйымдастыратын әлеуметтік тапсырысты іс-әрекетпен біріккен нақты не шартты әлеуметтік қауымдастық. Ресми топтың әрқашан белгілі бір нормативпен бекітілген құрылымы, тағайындалған не сайланған басшылығы, мүшелерінің нормативпен бекітілген құқықтары мен міндеттері болады. Ресми емес (бейресми) топтар — нағыз әлеуметтік ұйымға жатпайтын, тек қызығушылықтары ортақ екендігіне байланысты қарым-қатынас жасайтын адамдар жиынтығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]