Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Menedzhment (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
169.49 Кб
Скачать

44.Бәсекелік басымдылық және оған қол жеткізу жолдарын талдаңыз.

Бәсеке түсінігі латынның concurrentia деген сөзінен шыққан. Бәсеке – бұл қандай да бір құндылықтарды иелену үшін индивидтер, топтар немесе қоғам арасындағы күрес. (ақша, билік, статус, махаббат және т.б құндылықтар). Бәсеке теориясы классикалық мектеп өкілдерін еңбектерінде де кеңінен қарастырылды. Мәселен, А.Смит бәсеке пайда нормасын теңестіретінін, капитал мен еңбекті ұтымды бөлуге алып келетінін алғаш рет көрсетті.

Бәсеке түсінігіне зерттеушілер әртүрлі анықтамалар берген. К.Р.Макконел және С.Л.Брю «Бәсеке-бұл нарықта көптеген тәуелсіз сатушылар мен сатып алушылардың болуы, нарыққа еркін ену және нарықтан еркін шығу мүмкіндігі» десе, А.Ю.Юданов «нарықтық бәсеке –тұтынушылардың төлем қабілетті сұранысының шектеулі көлемі үшін фирмалардын күресі» деп сипаттайды. Р.А.Фатхутдиновтың пікірінше, «Бәсеке сирек игіліктерге қол жеткізуді барынша жақсы қанағаттандыруға ұмтылуы». Ал, Г.Л.Азоев бәсеке сол бір мақсатқа жетуге мүдделі жекелеген заңды және жеке тұлғалар (бәсекелестер) арасындағы бақталастық (бәсекелестік) деп түсінеді. Бәсеке түсінігін Н.Г.Миронов едәуір толық сипаттайды. Яғни, бәсеке – ол обьективті және субьективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бәсекелестермен күресте жеңіске жету мақсатында субьектінің өзінің бәсекелік артықшылықтарын басқару үрдісі.

2) Бәсекенің жіктелуі және түрлері

Бәсекені бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады:

- жеке – дара – нарықтық қатынастардың қатысушылары тауарлар мен қызметтерді сату-сатып алудың ең жақсы жағдайын тандауға ұмтылады;

- жергілікті – шектеулі территорияда нарықтық қатынастардың қатысушыларының арасындағы бәсекелік күрес;

- салалық – нарық салаларының біріндегі бәсекелік күрес ;

-салааралық – нарықтың түрлі салалары өкілдерінің сатып алушыларды өз жақтарына тартуы үшін бәсекелесуі;

- ұлттық – белгілі-бір елдің ішіндегі отандық сатушылар мен сатып алушылардың бәсекелесуі;

-халықаралық – әлемдік нарықта түрлі елдер мемлекеттері мен шаруашылық бірлестіктері, кәсіпорындарының бәсекелік күресі.

Еркін бәсеке нарықта қандай–да бір тауарды өндірушілер мен тұтынушылар (сатушылар мен сатып алушылар) көп болғанда әрекет етеді. Оның негізгі белгілері: нарықта тәуелсіз тауар өндірушілердің көп болуы; нарыққа енуді қалайтындарға шектеудің болмауы; нарықтық бағаларға бақылаудың жоқтығы; жеткілікті нарықтық ақпаратқа ие болу; еркін бәсеке жағдайында қатысушылар тауар сұранымына, нарыққа жеткізілуіне немесе бағасына айтарлықтай әсер ете алмайды.

Реттелетін бәсеке – нарықтық субьектілерді дамыту мен олардың қызметін реттеу үшін жағдай жасау мақсатында экономикалық үрдістерге мемлекеттің араласуы. Мемлекеттің экономиға бұлайша араласуы барлық деңгейлерде оның экономикалық құқықтар мен міндеттер гаранты ретінде қатысу қажеттілігімен байланысты қарастырылады.

45.Тауар маркасы, сервис және қораптау бойынша маркетингтік шешімдерді қабылдауды талдаңыз.

Тауар таңбасы дегенiмiз басқа тауарлардан оны айыру үшiн, қабылданған тәртiпке сәйкес т iркелген тауарға берiлген белгi. Ол сурет, рәмiз, бiрiккен әрiптер, цифрлар сипатында болуы мүмкiн.

Таңбалық ат дегенiмiз атаулы тауардың таңбасының бөлiмi.

Таңбалы белгi деп суреттеп белгiленген тауар таңбасының бөлiмiн айтады.

Тауар белгiс i дегенiмiз заңға сүйенген, қорғаумен қамтамасыз етiлген тауар таңбасының бiр бөлiмi.

Таңбасы бар тауарлар таңбасы жоқ тауарларға қарағанда 15-25 %-ға артық бағаланады.

Тауар белгiлеглерiнiң тiркелуi бәсекелестермен бәсекеге түсу, жарнама жасау, тұтынушылардың және олардың коммерциялық құрылымымен танысу үшiн ғана қажет емес, ол басты түрде тауар белгiлерiне лицензия сату мүмкiншiлiгi үшiн қолданылады.

Таңбалық белгiнiң төрт түрi болады:

  1. Фирманың аты. Ол мiндеттi түрде айтылатын әрiп, сөз, немесе әрiптер және сөздер тобы.

  1. Фирма белгiсi- көрiнетiн символ, сурет, болмаса айырмашылығы бар түстер;

  1. Саудалық бейнесi- жекелеген сауда таңбасы;

  2. Сауда белгiсi- фирма аты, фирма белгiсi, сауда бейнесi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]