Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Menedzhment (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
169.49 Кб
Скачать

42. «Шешімге» анықтама беріңіз. Шешімның типтері мен шешім қабылдау тәсілдерін анықтаңыз.

Шешiм қабылдау – ақпарат алмасу сияқты кез келген басқару қызметiнiң (функциясының) құрамдас бөлiгi. Шешiм қабылдау қажеттiгi басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасумен, сол мақсатқа жетудегi iс-қимылын түгелдей қамтиды.

Шешiмдегенiмiз – бұл альтернативтi таңдау.

Альтернатив – мүмкiн болған екi ұйғарымның бiрiн ғана таңдап алуға мәжбүрлiк.

Бақарушы шешiмдердiң басқару жүйесiндегi ролi.

Басқарушы шешiмдер деген сөз көп аспектiлi мағынаны сипаттайтын категория.

Басқарушы шешiмдер өзара байланыста 3 аспектiден тұрады:

1. Бiрiншiден, басқарушы шешiм – басқару жүйесiнде жүретiн қызмет түрi;

2.Екiншiден, басқарушы шешiм – басқару обьектiсiне басқару органдарының ықпал тигiзуiне варианттар ұсынады;

Үшiншiден, басқарушы шешiм – ол басқару жүйесiнде тәжiрибе - ұйымдастыру қызметi болып табылады.

Басқару шешiмi – ол тұтынудың обьективтi даму жүйесiмен және оны қанағаттандыратын мүмкiндiктер арасындағы қайшылықтарды саналы түрде және күш - жiгермен жеңiп шығу үшiн жасалған жоспар.

Басқару шешімдерінің түрлері бұл - ұйымдық шешім‚ сезуге негізделген шешім‚ пікірлерге негізделген шешімдер‚ ұтымды шешімдер.

1) Ұйымдық шешiм дегенiмiз – лауазымды адамдардың өздерiне берiлген мiндеттердi орындаулары үшiн таңдау қабiлеттiлiктерiнiң болуы. Ұйымдық шешiмдердi бағдарланған және бағдарланбаған деп бөлуге болады.

А) Бағдарланған шешiм

Б) Бағдарланбаған шешiмдер.

В) Келiсiмдер.

2) Сезуге негiзделген шешiмдер (интуитивное решение) –бұл шешімнің дұрыс екендiгiн түсiну негiзiнде жасалған таңдау.

3) Пiкiрлерге негiзделген шешiмдер - бұл бiлiмге немесе жинақталған тәжiрибеге сүйенген таңдау.

4)Ұтымды шешiмдер. Олар обьективтi – талдау процестердiң көмегiне негiзделген. Ұтымды шешiмдер бес кезеңнен тұрады, дегенмен кезеңнiң саны проблеманың өзiне байланысты болып келедi.

43. Мотивацияның мазмұндылық теорияларына салыстырмалы сипаттама жасаңыз.

Мотивацияның міндеттерін басқару – алға қойылған мақсатқа жететін тұлғалардың ішкі қозғалыстағы күшіне қолданылатын басқарушының әдістер мен тұтқалардың жиынтығы.

Мотивацияны әртүрлі анықтауға болады. Бір жағынан, мотивация – жеке тұлғаның және ұйымның алға қойған мақсатына жету жолындағы өзін-өзі анықтау немесе ояту. Екінші жағынан, мотивация – сыртқы (ынта) және ішкі (дәлел) факторларды толығымен анықтайтын адам өзі таңдау жасайтын мінез-құлық процесі.

Мотивацияның өндірістік қызметіндегі процесі жұмысшының өзі орындауға тиісті міндеттерінің орындалуымен белгілі бір қанағатқа жететіндігімен түсіндіріледі. Еңбек қызметінің мотивациясы жұмысшының өзі таңдаған жұмысы мен сол жұмысты орындау барысындағы қажеттілігі мен күтуімен түсіндіріледі, сонымен бірге мұның барлығы ұйымның мақсаттары мен міндеттері негізінде жүзеге асады, ол өз кезегінде жұмысшының еңбек қабілеттілігін арттыруға бағытталады.

Мотивация жұмысшының сыртқы ортадағы ынтасымен, әрекетерімен, белгілі бір мінез-құлық аясы негізінде пайда болатын іс-әрекеттермен басталады. Мотивацияны қалыптастыратындар: түйсік (қабылдау), реакция (әсер ету), үйрену, мінез-құлық.

Түйсік мотивацияның қалыптасуының бірінші формасы болып табылады және сонымен бірге түйсік адамның дәлелдік жақтарында көрініс табады.

Ал әсер ету түйсікпен тікелей байланысты болады, сонымен қатар ол жұмысшының өз іс-әрекеттеріне қалай көңіл аударатындығына байланысты.

Үйрену жұмысшының әрекеттеріне және сыртқы ынталандырылған шараларына байланысты болады.

Мәнез-құлық жұмысшының бұрын қалыптастырған үйренуларінің нәтижесіне тікелей байланысты болады.

Тағы айтып кететін жайт, мотивацияға әсерін тигізуші тағы бір фактор – шарт болып табылады, бұл кезеңде іс-әрекет пен дәлел (мотив) қалыптасады.

Мотивацияны қарастыру үшін оның құрамын анықтау керек. Олар: қажеттілік, ынта, дәлел, қызығушылық, мақсат.

Қажеттілік – адамның белсенді өмір сүруінің көзі, сонымен бірге қандай да бір жағдайға керек ететін көрінісі, бейнесі. Қажеттілік бір уақытта немесе әрқашанға қанағаттандырылмайды, белгі қатынастағы қысқа мерзімде қанағаттандырылады, содан соң қажеттілік одан әрі ұлғая береді және оның болуын талап етеді.

Қажеттілік адамның ішінде пайда болады, сондықтан ол құбылысты бақылау мүмкін емес, бірақ ол адамның қозғаушы күштері, яғни адамның іс-қимылынан аңғаруға болады. Адамның барлық іс-әрекеті (күші) тек бір ғана затқа алып келеді, ол – қажеттілікті қанағаттандыруға тырысу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]