- •43.Мотивацияның мазмұндылық теорияларына салыстырмалы сипаттама жасаңыз
- •1.Менеджмент түсінігіне, оның мазмұнына, пайда болуының алдын-ала жағдайларына түсініктеме беріңіз
- •2.Басқарудың ғылыми мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз
- •3.Басқарудың классикалық мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз
- •4.Ресми және биресми топтарына мінездеме беріп, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сипаттама беріңіз
- •5.Басқарудағы адамдық қарым-қатынастар мектебінің мақсатын анықтап және оның басқару теориясына қосқан үлесін баяндаңыз
- •6.Бақылаудың мәні және мазмұнын сипаттап, бақылаудың қажеттілігін анықтаңыз
- •7.Ұйымның сыртқы ортасына талдау жасап, сыртқы орта мінездемелеріне сипаттама беріңіз
- •8.Мотивацияның процессуалдық теорияларын салыстырмалы сипаттаңыз
- •9.Мотивацияның мазмұндылық теорияларына салыстырмалы сипаттама жасаңыз
- •10.Бақылаудың түрлерін анықтап, әрқайсысына сипаттама беріңіз.
- •11.Коммуникация түсінігі мен басқарудағы коммуникацияның роліне сипаттама беріңіз. Коммуникацияның түрлерін атаңыз.
- •12.Коммуникациялық процесс түсінігіне анықтама беріңіз. Коммуникация процесінің элементтері мен кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
- •Ұйымдық қарым-қатынас кедергілері және оны жою әдістері.
- •Вербалсыз қатынас кұралдары
- •13.Тиімді бақылау мінездемелеріне сипаттама беріңіз.
- •14.Ұтымды шешім қабылдау кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •15.Ұйымның ішкі және сыртқы орта факторларын қарастырыңыз
- •16.Маркетингтi экономикалық процесс ретiнде талдаңыз
- •17.Жарнаманың атқаратын қызметтерi, түрлерiн талдаңыз
- •18.Жарнама әрекетiн жүргiзудiң негiзгi сатыларын бағалаңыз
- •19.Жарнаманы тарату құралдарын талдап, тиімдісін анықтаңыз
- •20. Арнайы сату әдiсiнің маңызын ашыңыз және артықшылығын анықтаңыз
- •21.Тұтыну тауарлары нарығын сегменттеудің негізгі принциптерін талдаңыз
- •22.Нарықты сегменттеу туралы ойыңызды жеткізіңіз
- •23.Сегменттеудiң негiзгi принциптерi мен критерилерiн анықтаңыз.
- •4 Кесте. Нарықты сегменттеудің негізгі критерийлері
- •24. Нысаналы нарықты таңдау жолдарын құрастырыңыз.
- •25. Тауар нарығының топтасуын талдаңыз.
- •26. Маркетинг әрекеттерiндегi тауардың орнын түсіндіріңіз.
- •27. Нақты тауардың өмiрлiк циклiнiң (төц ) тұжырымдамасын жасаңыз.
- •28. Тауардың белгiсiнің мағынысын ашыңыз.
- •29. Тауарды орау қажеттілігі мен оның артықшылығын талдаңыз.
- •30.Тұтыну тауарлары нарығындағы сатып алушы сипаттамасы және оның мінез-құлығына әсер етуші факторларды анықтаңыз.
- •41.Ұйымдық коммуникация мәнін ашып және олардың жолындағы кедергілерді анықтаңыз.
- •42. «Шешімге» анықтама беріңіз. Шешімның типтері мен шешім қабылдау тәсілдерін анықтаңыз.
- •43. Мотивацияның мазмұндылық теорияларына салыстырмалы сипаттама жасаңыз.
- •44.Бәсекелік басымдылық және оған қол жеткізу жолдарын талдаңыз.
- •2) Бәсекенің жіктелуі және түрлері
- •45.Тауар маркасы, сервис және қораптау бойынша маркетингтік шешімдерді қабылдауды талдаңыз.
- •4. Тауарды орау.
28. Тауардың белгiсiнің мағынысын ашыңыз.
Тауар таңбасы дегенiмiз басқа тауарлардан оны айыру үшiн, қабылданған тәртiпке сәйкес т iркелген тауарға берiлген белгi. Ол сурет, рәмiз, бiрiккен әрiптер, цифрлар сипатында болуы мүмкiн.
Таңбалық ат дегенiмiз атаулы тауардың таңбасының бөлiмi.
Таңбалы белгi деп суреттеп белгiленген тауар таңбасының бөлiмiн айтады.
Тауар белгiс i дегенiмiз заңға сүйенген, қорғаумен қамтамасыз етiлген тауар таңбасының бiр бөлiмi.
Таңбасы бар тауарлар таңбасы жоқ тауарларға қарағанда 15-25 %-ға артық бағаланады.
Тауар белгiлеглерiнiң тiркелуi бәсекелестермен бәсекеге түсу, жарнама жасау, тұтынушылардың және олардың коммерциялық құрылымымен танысу үшiн ғана қажет емес, ол басты түрде тауар белгiлерiне лицензия сату мүмкiншiлiгi үшiн қолданылады.
Таңбалық белгiнiң төрт түрi болады:
Фирманың аты. Ол мiндеттi түрде айтылатын әрiп, сөз, немесе әрiптер және сөздер тобы.
Фирма белгiсi- көрiнетiн символ, сурет, болмаса айырмашылығы бар түстер;
Саудалық бейнесi- жекелеген сауда таңбасы;
Сауда белгiсi- фирма аты, фирма белгiсi, сауда бейнесi.
29. Тауарды орау қажеттілігі мен оның артықшылығын талдаңыз.
Тауарды орау жоғары сападағы тауар деген ұғымды қалыптастырады. Тауардың оралуы- оны салатын ыдысқа, қорапқа немес орайтын затқа байланысты. Тауардың iшкi және сыртқы оралуы болады.
Iшкi оралуы дегенiмiз тауардың салынған тiкелей ыдысы, мысалы, әтiрдiң шишасы;
Сыртқы оралуы- тауарды қорғау үшiн орайтын және тауарды тiкелей
қолдануға дайындау кезiнде алынып тасталатын материал. Тауардың оралуы мынадай қызметтердi атқарады:
тауардың бұзылуы мен бүлiнуiнен сақтайды;
тауарларды көлiкпен тасымалдауды, тиеудi және түсiрудi жеңiлдету үшiн ұтымды бөлшектейдi;
тауарды сату үшiн салмағы мен көлемiн оңтайландыруды қамтамасыз етедi:
жарнама жасау үшiн қолданылады;
қоймаға тауарды жинап қоюды жеңiлдетедi.
Тауардың оралуына қойылатын талаптар:
тауардың өзiндiк түп нұсқасын және патентiн қорғау;
оралған ыдыстың өзiн басқа мұқтажға қолдану мүмкiндiгi;
сатып алушыға эстетикалық әсер етуi;
орауға кеткен шығындардың неғұрлым төмен болуы;
тауардың сапасын сақтау алаптарын орындау.
Ораудың сыртқы бейнесiне әсер ететiн факторлар:
а) тауардың қасиеттерi мен ерекшелiктерiне байланысты оны орау түрлерi; б) тасымалдау, қоймалау құралдарын оңтайлы қолдану үшiн тауардың салмағы мен көлемiнiң өзгешелiгi;
в) автоматтандыру, тасымалдау, қоймалау құралдарына тауар орлуының бейiмделу қажеттiлiгi;
тасымалдау, қоймаға жию және сақтау процесiнiң тауарға тигiзетiн әсерiне қарай тауарды орау.
Тауарды орау жөнiнде келесi ережелер белгiленген:
ораудың текстi мен сурет сипаты тауардың маңызына сәйкес, нақты және бiр мағыналы болуы қажет;
оралған тауардың салмағы, немесе көлемi және саны туралы мәлiметтер ораудың көрнекi жерiнде жазылуы тиiс;
оралған тауардың салмағы мен бiрлiктерiнiң саны бүтiн сан болуы тиiс;
тауар бағасы көрнекi болуы тиiс;
тауарлардың ескiруi мен жарамдылығының мерзiм шегi арнайы нұсқаулар негiзiнде көрсетiлуi тиiс;
орауға кететiн шығындар көлемi мен тауар сапасына қойылатын мемлекеттiк талаптар.
