Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Menedzhment (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
169.49 Кб
Скачать

2.Басқарудың ғылыми мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз

Басқаруды ғылыми пән, мамандық ретінде қарастыру идеясы қоғамның капиталистік құрылысының соңғы дәуірінде пайда болды. Капитализмнің ХVІІ-ХVIII ғ.ғ.-да пайда болуы басқарудағы революциялық өзгерістерді тудырды. Бұл кезеңде таза басқару қызметтерінің бөлінуі болды. Басқаруға ерекше, кәсіби қызығушылықты қоздырған себеп XVIII ғасырдың аяғында Ұлыбританияда басталған өнеркәсіптік революция болды. Басқарушыларды дайындауға ерекше назар аударыла басталды. Алайда бұл кезеңдегі басты тұлға кәсіпорын иесі - капиталист болды.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап жүйелі басқару тұжырымдамасы дами бастады. XX ғасырдың басында бұл тұжырымдама жаңа сапалы мәнге ие болып, басқару ұйымға жетістік әкелуі мүмкін дербес қызмет өрісі ретінде қарастырыла бастады. Әдетте басқаруды зерттеудің дербес саласы мен ғылым ретінде танудың басы деп есептелетін Тейлордың «Ғылыми басқару қағидалары» атты кітабы (1911) жарық көрген соң менеджменттегі жаңа революция кезеңі басталды. Бұл кезең кәсіби менеджерлер тобы бөлініп шығып, олардың капиталистер тобын «ығыстыруымен» сипатталады.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында басқару ойының 4 айқын ерекшеленетін мектебідами бастады:

1) ғылыми басқару мектебі;

2) әкімшілік немесе классикалық басқару мектебі;

3) адамдық қарым-қатынастар мен мінез-құлық ғылымының мектебі;

4) басқару ғылымының мектебі (сандық тәсілдеме).

Қазіргі кездегі басқару теориясының дамуы ғылыми басқару мектебінің өкілдері Ф. Тейлор және Х. Гилберт, Г. Гант, Г. Эмерсон және Г. Фордтың еңбектерімен тығыз байланыстырылады.

Ф.Тейлор ғылыми басқаруды көрсеткіштер уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру салаларында дамытты.

жауапкершіліктің әділетті арттырылуы. Л.Гилбреттер микрохрономерт ойлап тауып, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында әрбір операцияға жұмсалған еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеді.

Г. Эмерсон  алғашқы болып өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудағы күрделі міндеттерді шешуде әрекеттер қажеттілігін және рационалдау (ұтымды ету) ұғымын енгізді.

Ғылыми басқару мектебінің өкілдері көп жағдайда төменгі буындағы қызметтерді атқаруы себепті, олар еңбек өнімділігін арттырумен ғана шұғылданды. әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен, әкімшілік қызметті ұйымдастыру қағидасымен айналысты. Бұл мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынша, басқару- белгілі бір мақсатқа жетуге орын алатын қатаң әкімшілік қағида әдістерінің жиынтығы. 20-ғасырдың орта шеніне қарай ғылыми басқару және әкімшілік мектептердің адам факторына жеткіліксіз көңіл бөлуіне жауап ретінде  жаңа бағыт- адамдық қатынастар мектебі пайда болды. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан адамдық қатынастар мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды.

3.Басқарудың классикалық мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз

Басқаруды ғылыми пән, мамандық ретінде қарастыру идеясы қоғамның капиталистік құрылысының соңғы дәуірінде пайда болды. Капитализмнің ХVІІ-ХVIII ғ.ғ.-да пайда болуы басқарудағы революциялық өзгерістерді тудырды. Бұл кезеңде таза басқару қызметтерінің бөлінуі болды. Басқаруға ерекше, кәсіби қызығушылықты қоздырған себеп XVIII ғасырдың аяғында Ұлыбританияда басталған өнеркәсіптік революция болды. Басқарушыларды дайындауға ерекше назар аударыла басталды. Алайда бұл кезеңдегі басты тұлға кәсіпорын иесі - капиталист болды.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап жүйелі басқару тұжырымдамасы дами бастады. XX ғасырдың басында бұл тұжырымдама жаңа сапалы мәнге ие болып, басқару ұйымға жетістік әкелуі мүмкін дербес қызмет өрісі ретінде қарастырыла бастады. Әдетте басқаруды зерттеудің дербес саласы мен ғылым ретінде танудың басы деп есептелетін Тейлордың «Ғылыми басқару қағидалары» атты кітабы (1911) жарық көрген соң менеджменттегі жаңа революция кезеңі басталды. Бұл кезең кәсіби менеджерлер тобы бөлініп шығып, олардың капиталистер тобын «ығыстыруымен» сипатталады.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында басқару ойының 4 айқын ерекшеленетін мектебідами бастады:

1) ғылыми басқару мектебі;

2) әкімшілік немесе классикалық басқару мектебі;

3) адамдық қарым-қатынастар мен мінез-құлық ғылымының мектебі;

4) басқару ғылымының мектебі (сандық тәсілдеме).

Әкімшілік немесе классикалық басқару мектебінің(1920-1950) негізін қалаушы Анри Файолъ (1841-1925) болып саналады. Ол 20 жыл бойы ірі тау-кен және металлургиялық комбинаттың басқарушы-директоры болды. Ғылыми басқару мектебі сияқты классикалық мектептің өкілдері де басқарудың әлеуметтік тұрғысына онша назар аудармады. Олардың жұмыстары, көп жағдайда ғылыми әдістемеге негізделмей, өздерінің жеке бақылауларына сүйенді. Классикалық мектептің мақсаты басқарудың әмбебап қағидаларын жасау болды. «Жалпы және өнеркәсіптік басқару» (1916) атты еңбегінде Файоль капиталистің әкімшілік қызметке жалпы көзқарасын қарастырып, соның негізінде басқарудың 14 қағидасын жасады:

1) еңбекті бөлу;

2) құзыр мен жауапкершілік;

3) тәртіп;

4) дара басшылық;

5) бағыттың бірлігі;

6) жеке мүдделердің жалпыға бағыныштылығы;

7) қызметшілерді көтермелеу;

8) орталықтандыру;

9) скалярлық тізбек;

10) жөнділік;

11) әділдік;

12) қызметшілер үшін жұмыс орнының тұрақтылығы;

13) бастама;

14) корпоративтік рух.

Осы мектептің өкілі ағылшын Линдолл Урвик (1891-1983) бұл қағидаларды одан әрі дамытып, әкімшілік қызметтің негізгі элементтерін тұжырымдап, оған жоспарлау, ұйымдастыру, штатты жинақтау, басшылықты үйлестіру, есеп беру және бюджет жасауды жатқызды. Урвик формальды ұйым құрудың келесі қағидаларын жасады: құрылымның сәйкестігі, арнайы штабтың құрылуы, құқық пен жауапкершіліктің салыстырмалылығы, бақылау өрісі, мамандандыру, анықтылық.

Неміс ғалымы Макс Вебер (1864-1920) ұйымдағы билік құрылымы мен лидерлік мәселелерге жете назар аударды. Әртүрлі ұйымдарды талдай отырып, басшы ие болатын билік сипатына қарай ұйымдастырудың негізгі үш түрін ажыратады: харизмалық, дәстүрлі және бюрократтық.

Бұл мектептің жақтаушылары ұйымның тиімділігі тек өндірістің тиімділігіне ғана емес, басқарудың тиімділігіне де байланысты деп есептеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]