- •43.Мотивацияның мазмұндылық теорияларына салыстырмалы сипаттама жасаңыз
- •1.Менеджмент түсінігіне, оның мазмұнына, пайда болуының алдын-ала жағдайларына түсініктеме беріңіз
- •2.Басқарудың ғылыми мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз
- •3.Басқарудың классикалық мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз
- •4.Ресми және биресми топтарына мінездеме беріп, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сипаттама беріңіз
- •5.Басқарудағы адамдық қарым-қатынастар мектебінің мақсатын анықтап және оның басқару теориясына қосқан үлесін баяндаңыз
- •6.Бақылаудың мәні және мазмұнын сипаттап, бақылаудың қажеттілігін анықтаңыз
- •7.Ұйымның сыртқы ортасына талдау жасап, сыртқы орта мінездемелеріне сипаттама беріңіз
- •8.Мотивацияның процессуалдық теорияларын салыстырмалы сипаттаңыз
- •9.Мотивацияның мазмұндылық теорияларына салыстырмалы сипаттама жасаңыз
- •10.Бақылаудың түрлерін анықтап, әрқайсысына сипаттама беріңіз.
- •11.Коммуникация түсінігі мен басқарудағы коммуникацияның роліне сипаттама беріңіз. Коммуникацияның түрлерін атаңыз.
- •12.Коммуникациялық процесс түсінігіне анықтама беріңіз. Коммуникация процесінің элементтері мен кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
- •Ұйымдық қарым-қатынас кедергілері және оны жою әдістері.
- •Вербалсыз қатынас кұралдары
- •13.Тиімді бақылау мінездемелеріне сипаттама беріңіз.
- •14.Ұтымды шешім қабылдау кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •15.Ұйымның ішкі және сыртқы орта факторларын қарастырыңыз
- •16.Маркетингтi экономикалық процесс ретiнде талдаңыз
- •17.Жарнаманың атқаратын қызметтерi, түрлерiн талдаңыз
- •18.Жарнама әрекетiн жүргiзудiң негiзгi сатыларын бағалаңыз
- •19.Жарнаманы тарату құралдарын талдап, тиімдісін анықтаңыз
- •20. Арнайы сату әдiсiнің маңызын ашыңыз және артықшылығын анықтаңыз
- •21.Тұтыну тауарлары нарығын сегменттеудің негізгі принциптерін талдаңыз
- •22.Нарықты сегменттеу туралы ойыңызды жеткізіңіз
- •23.Сегменттеудiң негiзгi принциптерi мен критерилерiн анықтаңыз.
- •4 Кесте. Нарықты сегменттеудің негізгі критерийлері
- •24. Нысаналы нарықты таңдау жолдарын құрастырыңыз.
- •25. Тауар нарығының топтасуын талдаңыз.
- •26. Маркетинг әрекеттерiндегi тауардың орнын түсіндіріңіз.
- •27. Нақты тауардың өмiрлiк циклiнiң (төц ) тұжырымдамасын жасаңыз.
- •28. Тауардың белгiсiнің мағынысын ашыңыз.
- •29. Тауарды орау қажеттілігі мен оның артықшылығын талдаңыз.
- •30.Тұтыну тауарлары нарығындағы сатып алушы сипаттамасы және оның мінез-құлығына әсер етуші факторларды анықтаңыз.
- •41.Ұйымдық коммуникация мәнін ашып және олардың жолындағы кедергілерді анықтаңыз.
- •42. «Шешімге» анықтама беріңіз. Шешімның типтері мен шешім қабылдау тәсілдерін анықтаңыз.
- •43. Мотивацияның мазмұндылық теорияларына салыстырмалы сипаттама жасаңыз.
- •44.Бәсекелік басымдылық және оған қол жеткізу жолдарын талдаңыз.
- •2) Бәсекенің жіктелуі және түрлері
- •45.Тауар маркасы, сервис және қораптау бойынша маркетингтік шешімдерді қабылдауды талдаңыз.
- •4. Тауарды орау.
16.Маркетингтi экономикалық процесс ретiнде талдаңыз
Маркетинг терминi ағылшын сөзi "market"-тен шыққан - нарықты бiлдiредi. Баға қалыптастыру және жарнама саясатын енгізетiн маркетинг қызметiнiң алғашқы формасы тауарлы-ақша қатынастарының құрылуы мен даму барысында басталды. Егер өткенге көз салсақ, 1650 жылдары жапондық Мицуи әулетi мүшелерiнiң бiрi Токиода әмбебап дүкенi түрiнде мекеме ашады. Ондағы бөлiмдер түрлi тауарлар сатуға арналған едi. Сол кезде алғашқы рет маркетингтiң кейбiр принциптерi пайдаланыла басталды, атап айтқанда: түрлi тауарларға деген сұраныc пен ұсыныс жөнiнде ақпараттарды топтау; жоғары сұранысқа ие тауарлар өндiрiсiне тапсырыс қабылдау және тұтынушының тауарды қайтару құқы мен өз ақшасын кейiн қайтару жөнiнде кепiлдiк уақытын тағайындау.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетинг кәсіпорынның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқарудың басты бейнесі ретінде қаралады. Осы жағдайға байланысты ол нақты тұтынушылардың, нақты зерттеу мен болжау негізінде мол табыс табуға, сыртқы шығарушы кәсіпорынның ішкі және сыртқы нарықтың қазіргі жағдайын және оның болашағын білуге бағытталады. Сонымен бірге, кәсіпорынның маркетинг қызметіне бәсекелесті зерттеу, баға саясатын қамтамасыз ету, өнім өткізу мен жарнамалауды ынталандыру, тауарларды өткізуді тиімді ұйымдастыруды жолға қою, тағы басқа да шаралар жатады.
Маркетингтің негізі болып табылатыны – бұл бірін – бірі толықтыратын тәсілдеме. Бұл дегеніміз нарықты жан – жақты және нақтылы зерделеу, сол сияқты нарыққа белсенді ықпал ету, қажеттілікті және тұтынушының артықшылығын қалыптастыру. Дайындаушы мен тұтынушыны байланыстыру және олардың бірін – бірі табуға жәрдем беру – кез келген маркетинг қызметінің басты мақсатына жатады.
аркетингтің экономикалық мәні мына төмендегі нәтижелікті тұжырымдайды:
Тауардың бәсекеге жарамдылығын жасау.
Тауарларды жылжытуды жеделдету.
Сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Өндірістің тиімділігі және тауарлар сату.
Маркетинг қызметі жағдайында нарық екі түрге ажыратылады:
Сатушы нарығы (рыногы)
Сатып алушы нарығы (рыногы)
Сатушы нарығы– бұл шын мәнінде, тапшылық нарығы, онда сатушылар үлкен билікке ие болады. Сатып алушы нарығы – бұл шын мәнінде толықтырылған нарық, мұнда сатып алушылар үлкен билікке ие.
Нарықты зерделеу екі жайғасымда жүзеге асырылады: оның ерекшелік сипаты, сыйымдылыққа қажеттілігі және мүмкіншілігі, молықтыру деңгейі, бәсекелестің жағдайы, ұқсас тауарлар шығуының ықтималдығы, т.б.
17.Жарнаманың атқаратын қызметтерi, түрлерiн талдаңыз
Жарнама дегеніміз –қаржыландыру көзі анық көрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін, тауар мен қызметті жылжыту нысаны.
Жарнама аудиторияға екі тәсілмен беріледі:
жарнама беруші жарнаманы өзі дайындап, содан кейін оны басып, БАҚ-қа ұсынады;
- жарнама беруші жарнама мақсатын атап көрсетіп, жарнама агенттіктеріне және агенттеріне тапсырыс береді.
Жарнама берушілер – бұлар өндірушілер, бөлшек-көтерме саудагерлер, мемлекеттік емес ұйымдар және т.б.
Жарнама агенттіктері –жарнама қызметін ұсынатын делдалдар. Олардың көбі бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау, жарнама орнын немесе уақытын сатып алу, жарнама науқанын шығармашылық (творчестволық) өңдеу және жарнаманы жасау сияқты қызметтерді ұсынады. Жарнама беруші оны шығаруға байланысты кейбір қызмет түрлерін өзі жасай алады. Жарнама агенттіктерін таңдаған кезде жарнама бағасын, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін, қызметінің сапасын талдау керек.
өрсетілетін қызмет көлеміне байланысты жарнама агенттіктері әмбебап және мамандандырылған болып бөлінеді.
мбебап жарнама агенттігі ақпарат және жарнама қызметінің барлық аумағындағы қызметін ұсынады. Осындай агенттіктерге «Стикс», «Юлия», «Триумф», «Бизнес Магазин», «Алина» және басқалар жатады.
Мамандандырылған жарнама агенттігі жарнама қызметінің белгілі бір түрін ұсынады. Оларға шығармашылық шеберханалар, жарнама уақытына ие болатын фирмалар жатады.
Шығармашылық шеберханалар жарнаманың ерекше көркем тұжырымдамаларын жасап, ол туралы материалдарды дайындайды, бірақ жарнаманы өткізуде, ұйымдастыруда толық ауқымды қызметтер көрсетпейді. Мәселен, «Герона», «Гридан», «Киік» агенттіктері кең өрісті полиграфиялық қызметтерді, визуалды жарнама жасайтын жаңа технологияларды ұсынады.
Жарнама уақытына ие болушы фирмалар алдын ала үлкен көлемде БАҚ-тан орын сатып алады, содан кейін оны жарнама берушілерге және жарнама агенттіктеріне сатады.
Жарнама құралдары – жарнама таратушылардың жиынтығы. Бес түрлі бұқаралық ақпарат құралдары бар, оларға баспасөз, теледидар, афиша, радио, кино жатады.
Жарнаманы жоспарлау процесімынадай кезеңдерден тұрады:
§ мақсатты аудиторияны таңдау;
§ жарнама мақсатын анықтау;
хабарлаудың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу;
§ жарнама құралдарын таңдау;
§ жарнама тиімділігін бағалау.
Тұтынушыға жарнама әр түрлі құралдар арқылы жетеді. Жарнама түрлерін былайша жіктеуге болады:
1. Мақсаттық белгіленуіне қарай:
§ тауарлар мен қызметтер жарнамасы;
§ идея-ойлар жарнамасы;
§ пайда алу үшін бағытталған коммерциялық жарнама;
§ пайда алуды көздемейтін коммерциялық емес жарнама (қайырымдылық қоры, діни және саяси ұйымдардың жарнамасы).
2. Мақсатты бағытқа сәйкес жарнама типтері.1) Марка жарнамасы тұтынушылардың тауар маркасы туралы хабардар болуына және фирманың нарықтағы үлесін арттыруға бағытталған. Оның мақсаты – бәсекелес марканың сатып алушыларын үйіру арқылы таңдамалы сұранысты ынталандыру. 2) Тауар жарнамасының мақсаты – жалпы тауар категориясына алғашқы сұранысты ынталандыру. Мұндай жарнама салалық өткізуді өсіруге бағытталған болса, марка жарнамасы осы өткізу көлемінен өзі үлесін бөліп алуға арналған. 3) Корпорация немесе компания жарнамасы олардың бейнесін жасауға бағытталған. 4) Бірлескен жарнамада өндіруші бөлшек саудагерлердің тауарды жарнамалауға кеткен шығындарын толтырады.
Имидждік жарнаманың негізгі мақсаты – адамдар санасында тауардың немесе фирманың жағымды бейнесін жасау, ал ынталандырушы жарнаманың мақсаты – тауарлар мен қызметтердің өткізілуін ынталандыру.
3. Практикалық мақсаттар үшін ең ыңғайлысы – өткізу арналары арқылы жарнаманы жіктеу.
Баспа жарнамасы – ол тек көріп, қабылдауға арналған жарнамалық-каталогтық басылымдар (каталог, проспект, буклет, плакат, листовкалар) және жарнамалық-сыйлықтық басылымдар (үстелге қоятын және қабырғаға ілінетін фирмалық күнтізбелер, іс күнделіктері, жазу кітапшалары, қалта күнтізбелері, т.б. жатады). Баспа жарнамасының мақсаты – болашақ сатып алушыларды жарнамаланған фирма тауарларымен толық таныстыру.
Баспасөздегі жарнама.Бұл – хабарландыру және шолу- жарнама жарияланымдары сипатында баспасөзде жарияланған әр түрлі жарнамалық материалдар (мақалалар, репортаж, шолу т.б.). Басылымның маңыздылығы оның кезеңділігіне, жарнаманың осы басылымдағы алған орнына және көлеміне байланысты болады.
Радиожарнама.Негізгі түрлері – радиохабарландырулар, радиожурналдар, радиорепортаждар, радиороликтер.
Тележарнама. Ең танымал түрлері: телеролик, телехабарландыру, жарнамалық бағдарламалар, бағдарлама арасындағы телезаставкалар.
Аудиовизуалды жарнама. Бұл – жарнамалық роликтер, жарнамалық-техникалық фильмдер, жарнамалық-беделді фильмдер, бейне фильмдер және слайдтар.
Сыртқы жарнама.Бұл–көру арқылы қабылданатын қалың көпшілікке арналған жарнама. Негізінен бұл жарнама тұтыну тауарлары үшін қолданылады.. Оның түрлері: жарнамалық тақталар, афишалар, транспаранттар, түрлі-түсті жазбалар, электронды табло, экрандар, дүкендер сөресі, фирмалық жазулар.
Көліктегі жарнама. Бұл – автобус, троллейбус және тағы басқа көлік түріне орналастырылатын жарнамалық мәліметтер, хабарландырулар.
Тікелей пошталық жарнама – жарнамалық хабарларды тұтынушы мекен-жайына жарнама хаттар немесе хабарландыру-ақпараттық материалдардың басылымдары ретінде жіберу.
Жарнама сувенирлері – фирма қызметін таныту үшін қолданылатын фирмалық сувенирлер, сериялық сувенирлік заттар, сыйлықтар, фирмалық орамалар.
Компьютерлендірілген жарнама.Жарнаманың бұл түрі шетелде жақсы дамыған. Ол компьютерлендірілген ақпарат және кабельді теледидар арқылы жүргізілетін жарнама (бейне-теле каталогтар бойынша сауда).
Интернет арқылы жарнама. Өзінің жеделдігіне, қайталануына және таратылуының ауқымдылығына байланысты баспасөздегі жарнаманың ең тиімді құралы болып табылады.
Жалпылама сұраныстағы тауарлар мен қызметтер үшін радио мен тележарнама тиімді болып табылады.
тележарнама – жарнаманың ең қымбат түрі және оның бағасы әр кезде өсіп отырады.
Жарнама тәсілінің ең қарапайым түрі – жарнама хабарларын поштамен тарату.
Газет пен журналдағы жарнаманың құны оның беттеріндегі қолданылған ауданының әрбір шаршы сантиметрінің бағасымен есептелінеді. Зерттеулер көрсеткендей, газеттер мен журналдардың беттерінің оң жақтағы жоғарғы бөлігіне көбірек көңіл аударылады.
Жарнама жеткізушілері – бұл жарнаманың әр түрін тарататын нақты құралдар. Бұл – нақты журналдар, телешоу және радиобағдарламалар. Теледидарда жарнама орналастыруға болатын көптеген арналар мен бағдарламалар бар. Ыңғайлы уақытта жарыққа шығатын бағдарламалар арнайы сұранысқа ие және бағасы өте жоғары болады. Жарнаманы басылымда орналастырғанда оның тиражына, жарнама орнының бағасына, басылым жиілігіне, беделіне (престиж), мақсатты аудиториясына, басылым сапасына аса көңіл аудару керек.
