- •13. Специальные принципы
- •14. Международные финансовые организации как субъекты международного финансового права
- •19.Халықаралық қаржы байланыстарын жүзеге асыру бойынша қызметтерді қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарды көрсетіңіз.
- •20.«Тікелей» халықаралық қаржы ұйымдарып атаңыз: классификациясы, олардың түрлері, ерекшеліктері.
- •21.Халықаралық қаржы жүйесіндегі қр рөлін анықтаңыз.
- •31. Клиринговые расчеты
- •32. Төлем балансы
- •33. Еуропалық қаржы жүйесі
- •Вопрос 2: Европейская система центральных банков
- •Вопрос 3: Правовые основы бюджета ес
- •Вопрос 4: Правовые основы финансовой защиты интересов
- •39. Взаимоотношения Казахстана и мвф: новые возможности и необходимость согласования основных направлений стабилизации казахстанской экономики
- •Лондонский клуб
- •Организация деятельности Лондонского клуба
- •Есеп айырысу-төлем жүйесі
- •47.Халықаралық Есеп айырысу банкіне анықтама беріңіз,құқықтық мәртебесін,әрекетін көрсетіңіз
- •48.Төлем баланстарының тепе-теңдігі.
- •50 Маги және мцуис
21.Халықаралық қаржы жүйесіндегі қр рөлін анықтаңыз.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық қоғамдастыққа кіру жағдайында, оның сыртқы экономикалық байланыстары дамып, жаңа сапалық өзгерістерге көшіп келеді. Сол себептен де әлемдік экономикалық қатынастар мәселелері зор маңызға ие болып, әлемдік қатынастардың даму жағдайы мен қызметін үйренудің қажеттілігі артады.
Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылылықтың үдерісі әлемдік экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы. Әлемдік дамудың түбегейлі заңдылығы дүниежүзілік экономиканың өздігінен дамушы жүйе ретінде біртұтастығында және оның өзара байланысының тұрақты артуында.
Сонымен қатар бұл жүйенің кейбір бөліктері көлемдік және құрылымдық сипаты бойынша әлемдік шаруашылықтың қатынастарға әр түрлі енгені. Қандай да болмасын елдің, оның жеке аймағының әлемдік маңызы оның экономикалық әлуетімен, әлемдік тауар өндіру, технология, қаржы жүйесіндегі орнымен, жалпы экономикалық серпінділігімен анықталады.
Әлемдік экономикалық қатынастар – жалпы экономикалық жүйенің басты компоненті. Әлемдік экономикалық қатынастардың біріншіден, әлемдік экономикалық қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады.
Әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне жеке елдер, интегра-циялық бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша өтелетін қатынастар тетігі кіреді.
Қазіргі, әлемдік экономикалық қатынастардың дамуының алғы шарты – әлемдегі жұмыс күшінің табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың негізгі және айналым капиталының ғылыми – техникалық әлуеттің орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады. Әлемдік сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады: ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді; ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді; әлемдік еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады, және соның негізінде, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.
Бұл функциялар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіне де тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір жағынан ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану үдерісінің тереңдеуіменде анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес, сонымен қатар әлемдік өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық ынтымақтастықка кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы экономикалык қызметке кең түрде қатысуы тән.
Қазақстан 2012 жылы Халықаралық менеджментті дамыту институты (IMD) жариялаған ғаламдық бәсекеге қабілетті мемлекеттердің рейтингісінде өзінің орнын тұрақтандырды. Бұл рейтингте (IMD) мемлекеттердің мына факторлар бойынша бәсекеге қабілеттілігі талданады: 1) Экономикалық қызмет; 2) Үкіметтің тиімділігі; 3) Бизнестің тиімділігі; 4) Инфрақұрылым. Қазақстан әлемнің 59 елдерінің ішінде 32-ші орынға жайғасты, өткен жылмен салыстырғанда 2012 жылы 4 мемлекеттің алдын ораған. Қазақстан барлық факторлар бойынша рейтингісі жақсарды деп көрсетіледі. Мысалға, экономика саласында – 28-ші орында, 7 сатыға көтерілген, үкіметтің тиімділігі – 3 сатыға жоғарылап, 18-ші орынға, бизнестің тиімділігі — 34-ші орынға орналасып, 2 сатыға, ал инфрақұрылым бойынша – 43-ші орынға жайғасқан. Қазақстанның осы рейтингтегі бәсекелестік басымдылығы мемлекеттік қаржылар (5-ші орын), еңбек нарығы (5-ші орын), фискалдық саясат (9-шы орын) және жұмысбастылық арқылы (14-ші орын) байқалады. Мамандардың пікірінше, IMD рейтингісі нәтижесі бойынша 2012 жылы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуындағы қабылданған шараларының өзектілігін атап өткен.
Соңғы уақытта бірлескен кәсіпорындар саны тез өсіп келеді. Біздің серіктестеріміздің ішінде белгілі «Шеврон» мұнай – газ өндіретін компаниялары бар. Шетел капиталын тартпайынша осы заманғы экономиканы тез құру, оның құрылымдарындағы қиғаштықтарды жою тіпті де мүмкін емес. Сондықтан, республикада шетел инвесторлары үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін заңы қабылданды.
ТМД одағы құрылғаннан бері ынтымақтастықтың дамуының қандай жолы тиімді деген талас тоқтамай келеді. Тәжірибе көрсеткендей, «бәрін бірден» деген принциппен интеграциялық құрылысқа көшу өзін ақтамады. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдеріс бірегей, біртекті экономикалық кеңістік, тауарлар, қызмет, жұмыс күшінің ортақ нарығын құруға алып келуі тиіс. Сол себепті де ынтымақтастық шеңберінде көп деңгейлі интеграциялық үлгіні іске асырудың жаңа тетігін әзірлеудің маңызы зор. ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдерістің дамуы әлі баяу дамуда. Экспорттық өндірісті дамыту Қазақстанда басым бағыттарға ие болуда. Қазақстан Республикасы ТМД елдерімен кең көлемде экономикалық байланыстар жасап келеді. Мысалы, 2012 жылы қаңтар-желтоқсан айларының өзінде Қазақстанның достастық елдермен сыртқы сауда айналымы 34,7 млрд. долларды құраған. Демек, республика үшін негізгі серіктес болып ТМД елдері жатады, оның ішінде біріншісі – Ресей. Республикадағы экспорттық құрылымның негізін ірі-тонналық өнімдері– мұнай, астық, көмір, руда және концентраттар, қара металл прокаты, мыс, мырыш, қорғасын кұрайды. Осы өнімдерді алыс жаққа тасу экономикалық жағынан тиімсіз, себебі оларды қымбаттатып жібереді. Сондықтан Қазақстан үшін таяу көршілермен сауда – саттық жасау пайдалы.
Қазақ елі даму қарқыны жөнінен әлемдегі көшбасшылардың «үштігіне» кіріп отыр. Ernst&Young аудиторлық компаниясы Қазақстанның алдағы уақыта — 2011-2015 жылдар аралығында да экономикалық өсімі бойынша дүниежүзіндегі алғашқы үш мемлекеттің қатарында болатындығын жариялады. Ernst&Young Қарқынды дамушы нарықтар орталығы өздерінің елімізді «әлемдік нарықтағы маңызды ойыншыға айналып келе жатқан» мемлекет санайтындарын жеткізді. Ұлыбритания сынды алпауыт елдер «0,27 пайыздық» өсім көрсеткішін қанағат тұтып отырғанда, Қазақстан Көшбасшысы ел Үкіметі алдына алдағы бес жыл бойы ең кем дегенде 7 пайыздық өсімді сақтауды міндеттеді. Осындай қарқынмен ілгерілесек, Елбасының«әлемнің жоғары табысты елдері қатарына өту» бастамасы іске аспақ. Президент Н.Назарбаевтың бұл мұраты шетелдік сарапшыларды тамсандырады, бірақ қайран қалдырмайды. Қатысушыларға Қазақстанда жағымды макроэкономикалық орта қалыптасқан. Бұған даму көрсеткіштері дәлел. Инфляция деңгейі ағымдағы жылдың қаңтар-қазанында 6,5%-ды құрап, былтырғы жылдың сәйкес көрсеткішінен сәл асты. Инфляция жылдық шамада 8% деңгейінде және жоспарланған дәлізде болады.
Елбасымыз француздық «Valeurs actuelles» журналында биылғы 2012 жылдың қазан айында берген сұхбатында:«Қазақстанның ендігі 5 жылдан кейін өңдеу өнеркәсібінің ІЖӨ-дегі үлесі 12,5 пайызды құрайтын болады. Шикізаттық емес сектор үлесі 10-нан 40 пайызға дейін ұлғаймақ. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі қазіргіден 1,5 есе, ал агроөнеркәсіп кешенінде 2 есе көбейеді. Біз өзімізді құрылыс материалдарымен 80 пайыз қамтамасыз ететін боламыз. Отынның әр түріне деген қажеттілікті отандық мұнай өңдеу зауыттары қанағаттандыратын болады. Басқаша айтқанда, алдағы жылдарда Қазақстан алға қарай өте үлкен қадам жасауға тиіс». Әлемдік экономикалық кеңістікте Қазақстанның өз жолы бар. Сонымен 50 елдің қатарына қарай адымдап келеміз. Сол қиын уақытқа қарамай жетістіктерге қол жеткізген 10 елдің қатарындамыз. Мұны «Дағдарыстан кейінгі әлем» қоры айтып отыр. Олар жүргізген сауалнама осыны растаған. Ал, оған емес әлемнің 57 елінің 247 жетекші экономистері, қаржы талдаушылары, ғалымдары, компаниялардың топ-менеджерлері, журналистері мен саясаткерлері қатысқан. Осы жылдың үш тоқсанында бізде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда және байланыс салалары жедел дамыған. Тұрақты да қарқынды өсуді экономиканың барлық салалары көрсетіпті. Оның ішінде шағын және орта бизнес те бар.
Сонымен қатар бизнестің белсенділігі артты. Бұл өз кезегінде нақты жалақының 6,8 пайызға өсуіне ықпал етіп, бөлшек сауда айналымының 13 пайызға артуына септігін тигізді. Осының арқасында ішкі сұраныс өсіп, ІЖӨ деңгейі көтерілді. Қазіргі жағымды жаңалық энергия тасығыштар, металдар, астық бағалары қалпына келуде. Жан басына шаққандағы инвестициялар бойынша Қазақстан ТМД-да көшбастаушы болып табылады. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетел инвестициялары былайғы Орталық Азия мемлекеттерін бүтіндей алғандағы шетел капиталы салымдарынан айтарлықтай асып түседі. Қазақстандағы инвестициялық ахуалға берілетін басты баға да осы. Инвестициялардағы бизнестің жеке қаражатының үлес салмағы өткен жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы 32,9 пайыздан 46,0 пайызға өскен. Бұл бизнестің инвестициялық әлеуетінің қалпына келуінен хабар беретін жақсы көрсеткіш. Негізгі капиталға салынатын жалпы инвестиция көлемінде дәстүрлі түрде көшбасшы орын алатын шетел капиталының көлемі керісінше қысқарған. Олардың үлесі 40,9% -дан 25,3% – ға азайған. Соған қарамастан негізгі капиталдағы жалпы салымдар көлемі өзгермеген.
