Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мфп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.74 Кб
Скачать

20.«Тікелей» халықаралық қаржы ұйымдарып атаңыз: классификациясы, олардың түрлері, ерекшеліктері.

Халықаралық пұл қоры (Іnternatіonal Monetary Fund (ІMF) — әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатысты туындайтын түйткілдерді зерттейтін және қажет болған жағдайда мүше елдерге қаржылық және техникалық қолдау ұсынатын халықаралық ұйым. Оның штаб-пәтері АҚШ астанасы Вашингтонда орналасқан. Құрамына 184 мемлекет кіреді.ХВҚ — мүше мемлекеттер арасындағы валюта несие қатынастарын реттейтін, төлем теңгерімінің тапшылығынан валюталық қиындықтар туындаған кезде оларға шет ел валютасымен қысқа және орта мерзімді несие беру жолымен қаржы көмегін көрсететін халықар. ұйым. Брет-Будстағы конференцияның (АҚШ‚ 1944) шешіміне сәйкес құрылған. Оған БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі мәртебесі берілген. Ресми мақсаты — валюта-қаржы саласындағы халықар. ынтымақтастыққа және дүниежүз. сауданы дамытуға жәрдемдесу. Қордың активтері, көбінесе қатысушы мемлекеттердің жарналары (үлестері) есебінен құралады.

Халықаралық қайта құру және даму банкі (International Bank for Reconstruction and Development) — 1945 жылы құрылған. Қатысушылары — 154 мемлекет. Мақсаттары — мүше мемлекеттерге басымдылықтарды белгілеуде, қоршаған ортаны қорғаудың ұйымдық құрылымын жасау және бағдарламаларын орындауда көмек көрсету; қоршаған ортаға жағымсыз әсерді болғызбау жөніндегі жобаларды қаржыландыру; кедейшілікті жоюда, экономиканың пәрменділігін арттыруда және қоршаған ортаны қорғауда көмек көрсету; Ғаламдық қоршаған орта қорына қатысу. Негізгі қызметі — саяси диалогты қалыптастыру, техникалық көмек көрсету, ғылыми зерттеулер жүргізу және қаражаттық көмекті үйлестіру.

Лондон клубы (London Club) – жекелеген елдердің үкіметтеріне немесе осы елдердің оларды қайтаруға байланысты қиындық көріп отырған жекелеген заңды тұлғаларына несие берген банкілерді біріктіретін бейресми халықаралық ұйым.

Лондонда орналасқан. Лондон клубы бірқатар елдердің өз міндеттемелері бойынша жауап бере алмауы себепті құрылды. Алғашқы отырысы Заирдың берешегі мәселесін реттеу үшін 1976 жылы өткізілді. Лондон клубына индустр. жағынан дамыған жетекші елдер кіреді. Ұйымдық құрылымын ең ірі банкілердің өкілдерінен тұратын Банкінің кеңес беру клубті (БКБК) құрайды. Ол берешекті реттеу жөніндегі жалпы қағидатты әзірлейтін орган болып табылады. Лондон клубының тұрақты отырыстарында берешектің өтелмеу мәселелерін реттеу жөнінде шешімдер қабылданып, борышқор елдермен келісім жасалады. Бұл келісімдерде, әдетте берешекті қайта құрылымдау, өтеу мерзімін ұзарту, жаңа несие беру шаралары қамтылады және несиенің қайтарылуын қамтамасыз ететін қатаң шаралар қолданылады: берешекті төлеу кестесі белгіленеді, берешектің бір бөлігін дереу төлеу талап етіледі. Лондон клубы Париж клубымен және Халықаралық валюта қорымен белсенді түрде ынтымақтасады, бірақ бұл ынтымақтастық ең алдымен ақпараттық сипатта болып келеді. Өйткені Лондон клубының негізгі мақсаты – өзінің қаражатын қайтару.

Париж клубы - (француздың club de Parіs ) – әлемнің экономикалық жағынан дамыған елдерінің бейресми бірлестігі. Клуб қатысушы мемлекеттердің үшінші елдердің борышына қатысты қаржы саясатын үйлестіреді. Ұйым дамыған несиегер-елдер өкілдерінің борышқор-елдердің борышты өтеуіне байланысты мәселелер туындаған кезде ара-тұра кеңесуі негізінде қалыптасты.

Париж клубының мүше елдері

ЮНКТАД-тың (БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы) қамқорлығымен ең нашар дамыған елдердің берешегі бойынша 1978 жылы Парижде өткен келіссөз кезінен тұрақты сипат алды. Оның әрбір отырысы нақты бір борышқорға арналады. Оған борышқор-елдің, осы борышқорға несие берген елдердің, сондай-ақ Халықаралық валюта қоры мен ЮНКТАД-тың өкілдері қатысады. Өзінің отырыстарында Париж клубы несие мерзімін ұзарту, қайта құрылымдау, қосымша несие беру, борышты өтеу мүмкіндіктерін айқындау, борышқор-елдің атына ұсыныс-кеңес әзірлеу сияқты қалыптасқан жағдайдан шығу шаралары туралы шешімдер қабылдайды.