Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inform_10-12.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
938.85 Кб
Скачать

41 Б). Html тегімен қаріптердің қасиетін өзгерту. Мысалдар келтіріңіз

FONT тәгі HTML-дағы мәтіннің сыртқа бейнесін түрлендіреді. Ол мәтін қаріптерінің стиліне әсер етіп, оның мөлшерін, түсін және типін таңдап алу үшін пайда­ланылады.

FONT элементінің кез келген мәтін үшін қолдануға болатын FACE (гарнитура, тип), SІZE (мәтін көлемі) және COLOR (қаріп түсі) атри­бут­тары арқылы құжаттағы мәтіннің сыртқы түрін өзгертуге болады.

FACE құжатта қолданылатын қаріп түрін таңдауға мүмкіндік береді, оның мәні – қаріп аты. Атрибутта көрсетілген қаріп аты қолданушы компьютеріндегі қаріп атымен сәйкес келуі керек.

<HTML>

<HEAD>

<TІTLE> Қаріп түрін таңдау</TІTLE>

</HEAD>

<BODY>

<FONT FACE=”KZ Arіal”> Бұл жерде басқа қаріп пайдаланылған</FONT>

</BODY>

</HTML>

SІZE – бұл элемент мәтіндегі әріптің көлемін (мөлшерін) тағайындайды, яғни символдардың биіктігін таңдауға мүмкіндік береді. Қаріп өлшемі 1-ден 7-ге дейінгі шартты бірлікте беріледі (SIZE=4), олар белгілі бір өлшем бірліктеріне сәйкес келмейді, тек санның мәні үлкейген сайын әріптің де мөлшері ұлғаяды.

<font sіze=1> sіze=1 </font> <br>

<font sіze=2> sіze=2 </font> <br>

<font sіze=3> sіze=3 </font> <br>

<font sіze=4> sіze=4 </font> <br>

<font sіze=5> sіze=5 </font> <br>

<font sіze=6> sіze=6 </font> <br>

<font sіze=7> sіze=7 </font> <br>

COLOR – мәтіннің түсін анықтайды, ол ағылшын тілі­н­дегі мағынасы бар түйінді сөз арқылы (мысалы, RED – қызыл) немесе RGB жүйесін­дегі он алтылық санмен (мысалы, #00FF00 – бұл жасыл) берілуі мүм­кін. Төменде құжат түстерін анықтауға арналған мысалдар келтірілген.

<HTML>

<HEAD> <TІTLE>Түстер таңдауға мысал</TІTLE> </HEAD>

<BODY>

<FONT COLOR=”#FF0000”> Бұл мәтіннің түсі қызыл</FONT><BR>

<FONT COLOR= “GREEN”>Бұл мәтіннің түсі жасыл</ FONT><BR >

Алдарыңызда <FONT COLOR="red" FACE="ARІAL" SІZE="3">

үшінші мөлшермен arіal типімен жазылған қызыл түсті әріптер

</FONT>

</BODY>

</HTML>

Мұнда бірінші жол қызыл, екінші жол жасыл түсті, ал үшінші жолдың қарайтылған бөлігі қызыл түсті болып шығады.

FONT тәгі параметрлерінің барлығын бүкіл құжат үшін бірден беру қажет болса, онда <BASEFONT> атты бір ғана тәг пайдаланы­лады.

42. Б). Html тегімен фонға сурет қою. Мысалдар келтіріңіз

Веб-бетте фонға сурет қою үшін төмендегі кодты жазамыз. Онда body тегінің background атрибутына сол суретке баратын жол жазылады. Background сөзінің аудармасы фон дегенді білдіреді.

<html>

<head>

<title>Сурет қою</title>

</head>

<body background="fon.jpg">

</body>

</html>

44. Html тегімен Web бетке сурет қоюды ұйымдастырыңыз

Суреттік бейнелер WEB-парақтарды әшекейлеп безендіру кезінде маңызды құралдар ролін атқарады. Суреттердің өздері құжаттан бөлек орналасқан және файлда сақталады.

Алайда олар брозер арқылы WEB-парақтардардың ішінде бейнеленеді. Суреттерді бейнелеу ережесін былай деуге болады:

  1. Суреттерді құжаттың ішіне орналастыру үшін <IMG…> , яғни жабылмайтын жалқы тегт қолданылады.

  2. Бұл тегте міндетті түрде SRC=»…» атрибуты болуы керек. Оның мәні абсолюттік және салыстырмалы түрде жазылған бейнелеу файлының URL адресі көрсетеді. Құжатты экранға шығарған кезде ол міндетті түрде құрамындағы суреттермен бейнеленеді. Және ол <IMG…> тегі тұрған орнына көрінеді.

  3. Суреттер өздерінің көлемдерін сақтай отырып WEB-парағына орналасады. Егер суретті ықшамдап бейнелеу кезінде оның масштабын өзгерту қажеттігі туса, суреттің қажетті көлемін widh , height атрибуттарының көмегімен беруге болады. Осы 2 атрибуттың мәні WEB-парақтағы суреттердің биіктігі мен енін бүтін санмен берілген пиксельмен көрсетеді.

<IMG SRС = “url”> - Суреттерді құжаттың ішіне орналастыру үшін , яғни жабылмайтын жалқы тегт қолданылады.

Height — суреттің биіктігін пиксель арқылы анықталатын бүтін сан. Оны пайызбен көрсетуге болады.

Width -экрандағы суреттің енін көрсетеді.

Мысал:

<HTML>

<HEAD></HEAD>

<BODY>

<IMG SRC= “ нан.gif ” alt= “ нан суреті ” width 500 height=250>

< /BODY >

< /HTML >

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]