Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inform_10-12.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
938.85 Кб
Скачать

33. Html-құжаттың жалпы құрылымын анықтаңыз

HTML гипертекстік тілін 1989 жылы World Wide Web гипертекстік жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде Тим Бернер – Ли ұсынғаны белгілі. Гипертексті бөлу негізіне құжаттың әрбір элементі тегтерімен қоршаған элементтердің жиынтығы түрінде көрсетуге болатын құжатты сипаттаудың тегтік моделі жататын болған. Өзінің мәні бойынша тегтер программалау тілдеріндегі «BEGIN / END» жақша ұғымдарына жақын және локальды айнымалылардың HTML аттарының арасындағы амалдардың облысын білдіреді , құжаттағы тексттік э лементтерді түсіндіру ережелерінің амалдарын анықтайды және т. б.

HTMLқұжаттың жалмы құрылымы:

HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтіні мен белгілі тегтер деп табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай мәтіндік редакторды, Windows ортасындағы блокнотты пайдалана беруге болады.

HTML құжатының кез-келгені <html> тегінен басталып соған сәйкес жабылу </html> тегімен аяқталады.

Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптың бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады. Құжатың тақырыптық бөлігі <head> типтерінің ортасында тұруы, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте бұл бөлікті <title> тегтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады. Бұл атау терезе тақырыбында тұратын функцияның аты.

Жазылатын мәтін құжат тұлғaсы деп аталатын <body> </body> тегінің ортасында жазылады. Осы айтылған 4 тег HTML құжатының кез-келгенінде болуы тиіс.

Құжаттың функционалдық бөліктерін анықтау.

1. HTML тілі құжаттардың ішкі тақырыптарының көлеміне қарай 6 түрлі деңгейін жасай алады. Олар: <h1>…</h1> <h6>…</h6> жалғасады.

2. Жаңа жолдан басталатын абзацтарды белгілеу үшін <p> тегі қолданылады. Бір абзацты жаппай жаңа абзацты бастап кетсек , алдыңғы абзац автоматты түрде жабылады. Сондықтан <p> тегін жаппаса да болады. HTML тілінде азат жолдан басталмайды, тек абзацтар арасында бір бос жол қалдырылып кетеді. Көбінесе абзацтарды анық етіп бөліп тұру үшін көлденең горизонталь сызық қойылады. Көлденең сызық қою <hr> тегімен орналастырылады. Оның жабу тегі болмайды.

3. Сөз арасында қойылған бірнеше бос орынның тек біреуі ғана көрініп тұрады. Сол сияқты келесі қатарға көшіретін Enter пернесі де HTML тілінде ешбір әсер етпейді.

Егер абзац жасап бос жол қалдырмай жаңа жолға көшу қажет болса, онда жалғыз қолданатын <br> тегін пайдаланамыз.

34. Алгоритмдер типтеріне, қасиеттеріне, беру тәсілдеріне тоқталыңыз. Мысалдар келтіріңіз

Алгоритм информатика пәнінің негізгі ұғымдарының бірі. Компьютерді қоғам өмірінің қай саласында болмасын пайдалана білу үшін алгоритм ұғымын меңгеру керек. Информатика ғылымында «алгоритм» түсінігі ақпарат түсінігі сияқты негізгі ұғымдардың бірі болып табылады «Алгоритм» сөзі ІХ ғасырда өмір сүрген, адамдардың квадрат теңдеулерді жүйелей құрып оны шеше білуге үйреткен ұлы араб математигі Әбу Жафар Мухаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763—850 жж.) есімінің латындық algorithmi сөзінің транскрипциясы болып табылады. Ол санаудың ондық санау жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

Бірақ әл-Хорезмиге дейін де арифметикалық операцияларды орындау ережелері көп болатын. Бірақ ол кезде сандардың ерекшеліктеріне көп мән берілген, ал әл-Хорезми болса, көпорынды сандардың бәріне ортақ және барлық сандарға жарамды ереже ұсынды. Әл-Хорезмидің тәсілін қолдаушыларды алгоритмдіктер деп атады. Алгоритм ұғымы бірнеше қасиеттері бар ережелер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Осылайша алгоритм ұғымы математикада ертеден қолданыла бастағанымен, математикалық теорияның объектісі ретінде кейбір проблемаларды зерттеуге байланысты ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында зерттеле бастады. Қазіргі таңда алгоритм ұғымы тек математикалық есептерге ғана емес, сонымен қатар басқада мағыналарда қолданылады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған алгоритм бойынша, яғни программа бойынша жұмыс істейді. Алгоритм ұғымының анықтамасы өте көп. Берілген есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек.

Алгоритм деп алдын-ала анықталған мақсатқа жету үшін, есептің шешімін табу үшін орындаушыға (адамға, компьютерге және т.б.) берілген түсінікті нұскаулардың тізбегін айтады. Компьютерлік алгоритмді программа деп атайды. Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды. Яғни, программа деп белгілі бір нәтиже алу үшін түсінікті операциялар тізбегін айтамыз. Процессор программа құрамындағы командаларды реті бойынша орындайды. Команда бір қарапайым операцияны орындауға бұйыратын бұйрық түрінде болады. Командалар арифметикалық, логикалық, басқаруды беру, сандарды салыстыру, экранға шығару, принтерге шығару және т.б. болып бөлінеді.

Алгоритм қасиеттері

Дискреттілік -әрбір алгоритм үздікті, дискретті сипатқа ие, яғни бірінен кейін бірі орындалатын бөлек аяқталған қадамдар тізбегін құрайды. Ақпаратпен жасалатын әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді. Алгоритмнің жұмысына қажетті материалдар ретінде символдық мәтіндер және сандар пайдаланылады.

Жалпыламалық -бір типтес есептердің кең класын шығаруға жарайтындай болу қабілеті.

Нәтижелілік – алгоритмнің орындалуы белгілі бір нәтижеге жеткізетін түрі. Алгоритмнің бұл қасиеті қажет нәтижені қадамдардың ақырлы санынан кейін қамтамасыз етеді.

Түсініктілік – бұл орындаушының командалар жүйесін есепке алғандағы алгоритм құрылуының міндеттілігі, яғни алгоритм орындаушыға түсінікті түрде бекітілу қажет.

Алгоритмнің анықталғандығы (детерминділігі) – алгоритм дәл анықталған болуы керек жөнінде және орындаушыға кез-келген алғышарттар қоюға жол бермейтіндей оны сипаттайтын алгоритмнің қасиеті.

Алгоритмнің компактілігі дегеніміз – оның қысқалығы, инструкцияларының минимальдығының қасиеті. Өте жақсы құрылған алгоритм болып қысқа және есептеу санының минимальды қасиетіне ие алгоритм саналады.

Алгоритмдерді келесі түрлерге бөлуге болады:

Есептеуіш (ДК-де есептеу үрдістерін берушілер);

Сұқбаттық (ДК-мен сұқбат жүргізу алгоритмдері);

Графикалық (ДК дисплейлерінде графикалық бейнелер құру алгоритмдері);

Мәліметтерді өңдеу;

Роботтар, станоктармен және т.б. басқару.

Алгоритмдерді жазу әдістері

Графикалық – блок-схема түрінде.

Сөздік – жаратылыстану тілінде.

Алгоритмдік тілде – яғни арнайы тілде.

ЭЕМ үшін программалар түрінде – программалаудың кез келген алгоритмдік тілінде (Бэйсик, Паскаль, Си++ және т.б.), егер орындаушы компьютер болса.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]