Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inform_10-12.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
938.85 Кб
Скачать

32. Деректер қорын басқару жүйелерін жіктеп беріңіз.

ДҚБЖ – деректер қорын құру, жүргізу және қолдануға арналған тілдік және бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Қолданылу түріне байланысты ДҚБЖ дербес және көпшiлiк қолданушы деп бөлінеді. Дербес ДҚБЖ бір компьютерде жұмыс істейтін желiлiк мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. ДҚБЖ-ның толық нұсқалы компоненттері келесідей:

– қолданушы ортасы, ол мәліметтерді пернетақта арқылы басқаруға мүмкіндік береді;

– интерпретатор ретінде орындалатын, мәліметтерді өңдеу жүйесін қолданбалы программалауға арналған алгаритмдеу тілі (соңғысы программаларды жылдам құруға және кейінге қалдыруға мүмкіндік береді);

– аяқталған программаға ЕХЕ – файл тәуелсіз формасындағыдайын ақылы өнім түрін беретін компилятор;

– форма, кесте, экран, мәзір және т.б. қосымшаларды басқару операцияларын жылдам программалауға арналған утилит-программалар. Әрбiр формаға енгiзу үшiн, кесте өрiсiндегi мәлiметтердi бейнелеу үшiн немесе өзгерту үшiн қолданылатын басқару элементтерiн орналастыруға болады.

ДҚБЖ – қолданушының сұраныстарын жылдам қанағаттандыруға бағытталған орта, яғни интерпретатор жүйесі болып табылады. ДҚБЖ-дағы программалау тілі нақты колданушы мен нақты мәселерге бағытталған мәліметтерді өңдеу күрделі жүйелелерін құруға мүмкіндік береді.

Объектілі-бағытталған деректер қоры мен білім қорының жүйесі кең көлемде таралымға ие болып отыр. Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйелері шеше алмайтын қиын есептерді шеше алады. Білім қорларындағы мәліметтер қорының реляциялық жүйелерінде мәліметтерден аса жоғарғы деңгейдегі ақпараттарды алуға мүмкіндік беретін предикаттарды есептеу логикасы қолданылады.

Мәліметтер қорының жалпы теориясы, негізгі анықтамалар, мәліметтер қорының файлдық құрылымды мәліметтерден айырмашылығы мен артықшылықтары мәліметтер қорларын практика жүзінде қолдану кезінде қалыптасқан мәліметтер қорының әралуан модельдері, мәліметтер қорларын концептуальды жобалаудың принциптері мен бейнелеу деңгейлері беріледі. Теориялық негізін реляциялық алгебра, реляциялық есептеу құрайтын, қазіргі уақытта ең көп тараған реляциялық модель жеке қарастырылады.

ДҚБЖ-ға қойылатын бірнеше негізгі талаптар бар. Оларды төменде қарастырамыз.

Деректердің қарама-қайшылықсыздығы. Қоймада жоқ тауарға тапсырыс беріліп немесе енгізу қателігінің нәтижесінде тапсырыстағы сатып алушы туралы ақпарат сатып алушылардың картотекасының деректеріне сай келмейтін жағдай болмауы тиіс. Мұндай талап бүгіндік талабы деп аталады. Дерекқорлардың бүтіндігі ақпараттың зат саласын толық, қайшылықсыз және адекватты бейнелейтін қуаттауды көздейді. Деректердің бүтіндігіне қойылатын талаппен транзакция түсігінігі байланысты. Транзакция – бір бүтін ретінде қарастырылатын дерекқорлар үстінде операциялар тізбегі.

Мысалы, жүйеде белгілі бір тауарға тапсырысты рәсімдегенде мынадай операцияларды орындау қажет: тапсырысты тіркеу және тауардың белгілі бір санын резервтеу, сонымен қатар осы тауардың қоймада азаюы. Егер деректер өзгеруінің кез келген кезеңінде шалыс болса, онда ДҚ бүтіндігі бұзылады. Осындай бұзылыстардың алдын алу үшін «Тапсырысты рәсімдеу» транзакциясы енгізіледі, онда ДҚ үстінен не барлық қажетті операциялар жасалуы тиіс, не болмаса бастапқы жағдайға келтіру қажет (тауар сатылмады, оның қоймадағы саны өзгермеді).

Сақталып тұрған деректердің өзектілігі. Кез келген уақытта ДҚ дағы ақпарат заманауи болуы тиіс.

Деректерді көп аспектілі қолдану – әртүрлі көздерден жалғыз ДҚ ға ақпараттың түсуі және жетімділік ережелері мен функцияларға сай оны мекеменің кез келген бөлімінде қолдану мүмкіндігі.

Жүйені түрлендіру мүмкіндігі – оны кеңейту және деректерді түрлендіру мүмкіндігі, сонымен қатар бүтіндей жүйе үшін нұқсансыз жаңа функцияларды толықтыру.

Сенімділік – ДҚ бүтіндігі техникалық шалыстарда бұзылмауы керек.

Жетімділік жылдамдығы – талап етілген ақпаратқа жылдам жетімділікті қамтамасыз ету.

Мәліметтерді ұйымдастыруы бойынша:

Иерархиялық МҚ-да жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша тӛмен бағытта жүргізіледі. Мысалы: Windows бумасындағы файлдар жүйесі, Интернет ресурсындағы каталогтар жиыны.

Желілік МҚ- объектілердің арасындағы ӛзара байланыс түрлері қарастырылады. Егер бұл модельді графикалық түрде бейнелесек – жазықтықта бағыттауыш сызықтармен бейнеленген байланыстар шығады. Мысалы: сілтемемен байланысқан WWW-құжаты.

Реляциялық ДҚ – да кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең кӛп тараған берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар – жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. МҚ-да бағандарды өрістер (поля) деп, ал жолдарды жазбалар (записи) деп атайды. Кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Ӛрістің негізгі ерекшелігі – бір ӛріс элементтері бір типті етіп құрылады. Бұл реляциялық деректер қорының Excel кестелік процессорынан негізгі айырмашылығы.

Реляциялық МҚ құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін кӛптеген арнайы программалар дайындалған: dBase, FoxBase, FoxPro, Access және т.б. Оларды реляциялық типтегі мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]