- •1. Ақпарат ұғымын анықтаңыз. Үздіксіз және үзілісті ақпараттарды анықтаңыз. Ақпарадты кодтау. Ақпараттардың өлшем бірліктерін атап көрсетіңіз.
- •2.Сан ұғымы. Санау жүйелеріне түсініктеме беріңіз. Санау жүйелерін түрлеріне қарай жіктеңіз. Позициялық санау жүйесін түсіндіріңіз.
- •3.Санау жүйелеріне түсініктеме беріңіз. Санау жүйелеріндегі түрлендірулер мен ауыстыру технологияларының ережелерін мысалдармен көрсетіңіз
- •4. Амалдық жүйелер түсінігіне сипаттама беріңіз. Заманауи амалдық жүйелерге мысал келтіріңіз
- •Локальді және ауқымды желілерге сипаттама беріңіз
- •6. Сандық және символдық ақпаратты беру тәсілдері. Санау жүйесін мысалдармен түсіндіріңіз
- •7. Дербес компьютердің архитектурасын анықтаңыз. Компьютердің негізгі компоненттерін атаңыз және қызметтерін анықтаңыз.
- •8. Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Қолданбалы бағдарламаларды атап, қызметін анықтаңыз.
- •9. Амалдық жүйеге анықтама беріңіз. Windows амалдық жүйесіндегі стандартты қосымшаларды(бағдарламалар) атаңыз және қызметтерін түсіндіріңіз.
- •12. Компьютерлік вирусқа анықтама беріңіз. Компьютерлік вирустарды қызметі мен тіршілік ортасына қарай жіктеңіз.
- •13. Бағдарламалау технологияларына түсініктеме беріңіз. Компьютерлік бағдарлама құрылымын анықтаңыз.
- •16. Компьютерлік графика. Компьютерлік графика түрлерін анықтаңыз. Компьютерлік графиканы қолдануы бойынша жіктеңіз.
- •17. Әлеуметтік желілер. Іздеу жүйелерін атап көрсетіңіз. Әлеуметтік желілерде ақпаратты іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
- •18. Мәліметтер қорын(мқ) және оның мақсатын анықтаңыз. Мқ модельдеріне қарай жіктеңіз.
- •20. Ақпаратты қорғау бойынша уйымдастырылатын іс-шаралар
- •23.Сайт жасау технологиясы қалай жүзеге асырылады. Html құжатының құрылымын анықтаңыз. Html тегтерін қызметіне қарай жіктеңіз. (если что посмотрите дәріс 12, просто не смогла скопировать)
- •24.Бағдарламалау тілдеріне анықтама беріңіз және бағдарламалау тілдерін түрлеріне қарай жіктеңіз. (если что 9 дәріс)
- •25. Мұрағаттаушы(архивтеуші) бағдарламалармен жұмыс істеу технологияларын анықтаңыз. Файлды архивке енгізуді және архивтен шығаруды түсіндіріңіз
- •26. Ақпараттық технологиялар пәні. Пәннің объектілері мен мақсатын анықтаңыз. Ақпараттық ресурстар және ақпараттық үрдістерді атап көрсетіңіз.
- •27. Ақпараттық технологиялардың даму тарихына шолу жасаңыз. Ақпараттық технологиялардың дамуының сатыларын(кезеңдерін), ерекшіліктерін атап көрсетіңіз.
- •31. Ақпараттарды сақтау құрылғыларын атап, анықтама беріңіз. Жадтың өлшем бірлігі. Жад (жж), кэш-жады, тұрақты жад (тж) қызметтерін анықтаңыз.
- •32. Деректер қорын басқару жүйелерін жіктеп беріңіз.
- •33. Html-құжаттың жалпы құрылымын анықтаңыз
- •34. Алгоритмдер типтеріне, қасиеттеріне, беру тәсілдеріне тоқталыңыз. Мысалдар келтіріңіз
- •35. Бульдік алгебраға түсініктеме беріңіз. Логикалық амалдарды атап, анықтама беріңіз.
- •37. Амалдық жүйеге анықтама беріңіз. Амалдық жүйелерді қызметтері мен түрлеріне қарай жіктеңіз
- •Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістерін анықтаңыз
- •Компьютерлік графиканың қолдану салалары туралы баяндаңыз
- •40) Бағдарламалау тілі (орыс. Язык программирования; гр. Programme - нұсқау, хабарлау) — хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы.
- •41 Б). Html тегімен қаріптердің қасиетін өзгерту. Мысалдар келтіріңіз
- •42. Б). Html тегімен фонға сурет қою. Мысалдар келтіріңіз
- •44. Html тегімен Web бетке сурет қоюды ұйымдастырыңыз
- •43. Html тегімен мәтіндерді түзету (оңға, солға, ортасына). Мысал келтіріңіз.
- •47. Html тегінің көмегімен жылжымалы мәтінге мысалдар келтіріңіз
- •48. Html тегімен мәтіндердің түсін, өлшемін өзгерту. Мысалдар келтіріңіз.
- •51. Б). Html тегінің жалпы құрылымы. Мысалдар келтіріңіз
- •52. Б). Html тегімен форма құру. Мысалдар келтіріңіз
26. Ақпараттық технологиялар пәні. Пәннің объектілері мен мақсатын анықтаңыз. Ақпараттық ресурстар және ақпараттық үрдістерді атап көрсетіңіз.
Ақпараттық технология – бұл ақпаратты жинау, беру, өңдеу, сақтау, ұсыну және пайдалану әдістері мен тәсілдердің жүйесі.
Ақпарттық технологиялар пәні – бұл адамдардың ақпараттарды басқаруда және өңдеуде пайдаланатын әдістер мен құрылғылардың (оның ішінде есептеуіш техникасын пайдалану) салаларда қолдану жиынтығы туралы ғылым.
АТ оқытудың мақсаты – бұл ғылымның тек компьютерлерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасыныда ақпаратты кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Пәннің объектілері:
1. Ақпарат
2. Ақпаратты басқаруда, өңдеуде пайжаланатын құрылғылар
3. Ақпаратты басқару және өңдеу әдістері, тәсілдері
Ақпараттық ресурстар – бұл ақпаратты өндіруге мүмкіндік беретін формада жинақталған, адамзаттың идеалдары мен оларды іске асырудың нұсқаулары. Бұл кітаптар, мақалалар, патенттер, диссертациялар, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық құжаттар, алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибелер туралы мәліметтер және т.б.
Ақпараттық ресурстар (ресурстардың басқа да түрлерінен өзгеше – еңбек, энергетикалық, минеральдық және т.б.) неғұрлым жылдам өскен сайын, соғұрлым оларды көбірек жаратады.
Ақпараттық поцесстер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпараттық жеткізу, жинақтау және түрлендіру процесстері.
27. Ақпараттық технологиялардың даму тарихына шолу жасаңыз. Ақпараттық технологиялардың дамуының сатыларын(кезеңдерін), ерекшіліктерін атап көрсетіңіз.
19 ғасырдың екінші жартысына дейін АТ рөлін қауырсын, сия сауыт, бухгалтерлік кітаптар атқарды. Бұл кезде адамдар ақпараттарды жинаудың жəне берудің жалғыз құралы болған жазба құжаттарға сүйенді. Бұл кезде ақпараттық өңдеу өнімділігі өте төмен болды:
əрбір хат жеке қолмен көшірілді, қолмен есептелген шоттардан басқа шешім қабылдау үшін қажетті ақпараттар болмады. 19 ғасырдың аяғында «қол» ақпараттық технологиясын «механикалық» технология
алмастырды. Жазба машиналарының, телефонның, диктофонның пайда болуы, қоғамдық пошта жүйелерінің модернизациясы ақпаратты жинау, беру, өңдеу технологиясындағы, осының салдарынан жұмыс өнімділігіндегі табанды өзгерістер үшін негіз болды. Негізінен «механикалық» технология мекемелердің ұйымдық құрылымының қалыптасуына жол салды.
20 ғасырдың 40-60 жылдары электрлік жазба машинкаларын, қарапайым қағазға көшіру машиналарын, портативті диктофондарды кеңінен қолдануға негізделген «электрлік» технологияның пайда болуымен сипатталады.
Олар құжаттарды өңдеу сапасын, санын жəне жылдамдығын арттыру есебінен мекеме жұмыстарын жақсартты. 20 ғасырдың 60 жылдарының екінші жартысында «компьютерлік немесе электрондық» технологияның қалыптасуы ақпаратты тұтынушылары бүкіл адамзат болған өркениеттің
жаппай жəне құнды өніміне айналдырды. Бұл кезде жоғары өнімділікті ЭЕМ-ң пайда болуы ақпараттық технологияда ақпараттың формасын емес, мазмұнын өңдеуге акцент жасауға мүмкіндік берді. Осы кезден бастап ақпараттық технологияларды
1-саты - аппараттық құралдардың шектеулі мүмкіндіктері жағдайындағы
мəліметтердің үлкен көлемін өңдеумен сипатталады.
2-саты - бұл кездің негізгі проблемасы: программалық құралдардың дамуы аппараттық
құралдардың дамуынан едəуір кейін қалуы. Сондай-ақ психологиялық мəселе – пайдаланушыларға арналып құрылған АЖ-мен олардың қарым-қатынасының нашарлығы, АЖ құрушыларының шешілуі қажет мəселені түсінудегі жəне олардың ойларындағы айырмашылықтар болды. Бұның салдарынан пайдаланушылар дұрыс қабылдай алмаған жүйелер құрылып жəне АЖ-ң көптеген мүмкіндіктеріне қарамастан олар толықтай қолданылмады. 1 жән 2 сатылар ұсақ-түйек операцияларды орындау барысында есептеу орталықтарының ресурстарын орталықтан ұжым болып пайдалану арқасында мәліметтерді жеткілікті тиімді өңдеумен ерекшеленеді. Бұл кездері негізінен АТ мәліметтерді өңдеу үшін қолданылады.
3-сатыда – АТ басқару тиімділігін арттыру үшін қолданылады, компьютер маман емес пайдаланушының құралуына, ал АЖ оның шешім қабылдауын қолдау құралына айналды. Мəселелері – пайдаланушы қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру жəне компьютерлік ортада жұмыс жасаудың сəйкес интерфейсін құру. АЖ-ді құруға көзқарас өзгерді, яғни пайдаланушыларды құрылатын АЖ қызықтырды, пайдаланушылардың жүйе құрушыларымен қарым-қатынасы жақсара бастады. Бұл сатыда алдыңғы сатыларға тəн мəліметтерді орталықтан өңдеу де жəне пайдаланушының жұмыс орнында локальды мəліметтер қорымен жүмыс жасауға, локальды есептерді шешуге негізделген орталықтандырылмаған əдіс те қолданылды.
4-саты – АТ бəсеке қабілеттілікті арттыру үшін(1990 ж. бастап) пайдаланып келе жатыр. Бұл саты бизнестегі стратегиялық артықшылықтарды талдау түсінігімен байланысты жəне телекоммуникациялық технологиялардың жетістіктеріне негізделген.
