- •1. Ақпарат ұғымын анықтаңыз. Үздіксіз және үзілісті ақпараттарды анықтаңыз. Ақпарадты кодтау. Ақпараттардың өлшем бірліктерін атап көрсетіңіз.
- •2.Сан ұғымы. Санау жүйелеріне түсініктеме беріңіз. Санау жүйелерін түрлеріне қарай жіктеңіз. Позициялық санау жүйесін түсіндіріңіз.
- •3.Санау жүйелеріне түсініктеме беріңіз. Санау жүйелеріндегі түрлендірулер мен ауыстыру технологияларының ережелерін мысалдармен көрсетіңіз
- •4. Амалдық жүйелер түсінігіне сипаттама беріңіз. Заманауи амалдық жүйелерге мысал келтіріңіз
- •Локальді және ауқымды желілерге сипаттама беріңіз
- •6. Сандық және символдық ақпаратты беру тәсілдері. Санау жүйесін мысалдармен түсіндіріңіз
- •7. Дербес компьютердің архитектурасын анықтаңыз. Компьютердің негізгі компоненттерін атаңыз және қызметтерін анықтаңыз.
- •8. Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Қолданбалы бағдарламаларды атап, қызметін анықтаңыз.
- •9. Амалдық жүйеге анықтама беріңіз. Windows амалдық жүйесіндегі стандартты қосымшаларды(бағдарламалар) атаңыз және қызметтерін түсіндіріңіз.
- •12. Компьютерлік вирусқа анықтама беріңіз. Компьютерлік вирустарды қызметі мен тіршілік ортасына қарай жіктеңіз.
- •13. Бағдарламалау технологияларына түсініктеме беріңіз. Компьютерлік бағдарлама құрылымын анықтаңыз.
- •16. Компьютерлік графика. Компьютерлік графика түрлерін анықтаңыз. Компьютерлік графиканы қолдануы бойынша жіктеңіз.
- •17. Әлеуметтік желілер. Іздеу жүйелерін атап көрсетіңіз. Әлеуметтік желілерде ақпаратты іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
- •18. Мәліметтер қорын(мқ) және оның мақсатын анықтаңыз. Мқ модельдеріне қарай жіктеңіз.
- •20. Ақпаратты қорғау бойынша уйымдастырылатын іс-шаралар
- •23.Сайт жасау технологиясы қалай жүзеге асырылады. Html құжатының құрылымын анықтаңыз. Html тегтерін қызметіне қарай жіктеңіз. (если что посмотрите дәріс 12, просто не смогла скопировать)
- •24.Бағдарламалау тілдеріне анықтама беріңіз және бағдарламалау тілдерін түрлеріне қарай жіктеңіз. (если что 9 дәріс)
- •25. Мұрағаттаушы(архивтеуші) бағдарламалармен жұмыс істеу технологияларын анықтаңыз. Файлды архивке енгізуді және архивтен шығаруды түсіндіріңіз
- •26. Ақпараттық технологиялар пәні. Пәннің объектілері мен мақсатын анықтаңыз. Ақпараттық ресурстар және ақпараттық үрдістерді атап көрсетіңіз.
- •27. Ақпараттық технологиялардың даму тарихына шолу жасаңыз. Ақпараттық технологиялардың дамуының сатыларын(кезеңдерін), ерекшіліктерін атап көрсетіңіз.
- •31. Ақпараттарды сақтау құрылғыларын атап, анықтама беріңіз. Жадтың өлшем бірлігі. Жад (жж), кэш-жады, тұрақты жад (тж) қызметтерін анықтаңыз.
- •32. Деректер қорын басқару жүйелерін жіктеп беріңіз.
- •33. Html-құжаттың жалпы құрылымын анықтаңыз
- •34. Алгоритмдер типтеріне, қасиеттеріне, беру тәсілдеріне тоқталыңыз. Мысалдар келтіріңіз
- •35. Бульдік алгебраға түсініктеме беріңіз. Логикалық амалдарды атап, анықтама беріңіз.
- •37. Амалдық жүйеге анықтама беріңіз. Амалдық жүйелерді қызметтері мен түрлеріне қарай жіктеңіз
- •Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістерін анықтаңыз
- •Компьютерлік графиканың қолдану салалары туралы баяндаңыз
- •40) Бағдарламалау тілі (орыс. Язык программирования; гр. Programme - нұсқау, хабарлау) — хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы.
- •41 Б). Html тегімен қаріптердің қасиетін өзгерту. Мысалдар келтіріңіз
- •42. Б). Html тегімен фонға сурет қою. Мысалдар келтіріңіз
- •44. Html тегімен Web бетке сурет қоюды ұйымдастырыңыз
- •43. Html тегімен мәтіндерді түзету (оңға, солға, ортасына). Мысал келтіріңіз.
- •47. Html тегінің көмегімен жылжымалы мәтінге мысалдар келтіріңіз
- •48. Html тегімен мәтіндердің түсін, өлшемін өзгерту. Мысалдар келтіріңіз.
- •51. Б). Html тегінің жалпы құрылымы. Мысалдар келтіріңіз
- •52. Б). Html тегімен форма құру. Мысалдар келтіріңіз
25. Мұрағаттаушы(архивтеуші) бағдарламалармен жұмыс істеу технологияларын анықтаңыз. Файлды архивке енгізуді және архивтен шығаруды түсіндіріңіз
Архивтеу (Архивация; archiving) - файлды немесе файлдар тобын қысу, сығу процесі. Диск кеңістігінде файлдың алатын орнын азайту үшін ондағы мәліметтерді архивтеуші программалар (arj, zip, rar) көмегімен тығыздау әрекеті.
Архивтік файл - қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйіңде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы.
Архиваторлар - дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақтау тәсілдері әртүрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады: файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискіде ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі — файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа мелімет жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндік болуы тиіс.
Әрине архиватордың әртүрлі мәліметтер үшін тиімділігі әртүрлі болатыны өз-өзінен түсінікті, мысалы, текстік файлдарды екі есеге жуық, ал бояуларының қоюлығы онша емес сүр түсті суреттерді (PCX немесе BMP тәрізді форматтағы) қанықтылық ерекшеліктеріне қарай екі-төрт тіпті он есеге дейін тығыздан қысуға болады.
Архиваторлар файл көлемін 10—70%-ке дейін кішірейтуге мүмкіндік береді.
Әдетте 20 Мб дискіні көшіру (СОРУ командасы арқылы) 60-қа дейін дискет (көлемі 360 кб-тай) қажет етеді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді 2 есе қысқартуға болады. Сондықтан мәліметтерді қысылған, кішірейтілген көлемде сақтауға мүмкіндік беретін арнайы архиватор-программалар жасалады.
Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т. б. істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады. Архивтеу программалары тегін (SHAPEWARE) немесе белгілі бір сомаға делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең таралған архиваторлар тобына ARJ, RAR, PKZIP және PKUNZIP тәрізді программалар жатады. Бұлардан басқа да архиваторлар бар.
Файлдарды архивке енгізу
Көптеген жағдайларда архивке файлдың көшірмесін емес, өзін толық күйде жылжытып жібереді, яғни дискіден ол файл өшіріліп тасталады. Файлды архивке осылай жөнелту үшін ARJ программасының келесі — D режимі (A, U, Ғ командаларымен бірге көрсетіледі) немесе М командасы жеке режимсіз қолданылады. Айта кететін жайт, — D А командасының режимі болып табылады, ол архивке енгізілген файлдарды жоя отырып, файлдарды тек архив ішінде ғана сақтайды. Сонымсн, мына екі команданың орындайтын қызметі бірдей:
arj m student немесе arj a -d student
Ескерту:
1. Eгep файлдарды архивтеу кезінде қате кетсе, онда бұрынғы файлдар жойылмайды.
2. Файлдарды архивке жылжытып жіберу дискісідегі орынды үнемдейді. Көбінесе сирек қолданылатын файлдар мен мәліметтерді тек архивте сақтап, керек кезінде оларды архивтен шығарып алу тәсілі жиі кездеседі.
Мысалдар:
ARJ a -d myarc - MYARC.ARJ архивіне осы каталогтағы барлық файлдарды жылжытып жіберу;
ARJ т arhiv *.txt - осы каталогтан заты txt болып келген барлық файлдарды arhiv.arj архивтік файлына жылжытып жіберу.
Файлдарды архивтен шығару
ARJ программасы архивтен файлдарды өзі шығарып ала алады. ARJ программаның файлдарды шығару кезіндегі шақыру форматы:
ARJ Е <режимдер> <архив-аты> [<каталог>\] [<файл-аттары>]...
Команда параметрлері алдыңғы көрсетілген сияқты, мұнда тек команда Е әрпінен тұрады, мысалы:
ARJ E STUDENT - student.arj архивінен барлық файлдарды шығарып бұрынғы қалпына келтіру.
