- •1. Ақпарат ұғымын анықтаңыз. Үздіксіз және үзілісті ақпараттарды анықтаңыз. Ақпарадты кодтау. Ақпараттардың өлшем бірліктерін атап көрсетіңіз.
- •2.Сан ұғымы. Санау жүйелеріне түсініктеме беріңіз. Санау жүйелерін түрлеріне қарай жіктеңіз. Позициялық санау жүйесін түсіндіріңіз.
- •3.Санау жүйелеріне түсініктеме беріңіз. Санау жүйелеріндегі түрлендірулер мен ауыстыру технологияларының ережелерін мысалдармен көрсетіңіз
- •4. Амалдық жүйелер түсінігіне сипаттама беріңіз. Заманауи амалдық жүйелерге мысал келтіріңіз
- •Локальді және ауқымды желілерге сипаттама беріңіз
- •6. Сандық және символдық ақпаратты беру тәсілдері. Санау жүйесін мысалдармен түсіндіріңіз
- •7. Дербес компьютердің архитектурасын анықтаңыз. Компьютердің негізгі компоненттерін атаңыз және қызметтерін анықтаңыз.
- •8. Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Қолданбалы бағдарламаларды атап, қызметін анықтаңыз.
- •9. Амалдық жүйеге анықтама беріңіз. Windows амалдық жүйесіндегі стандартты қосымшаларды(бағдарламалар) атаңыз және қызметтерін түсіндіріңіз.
- •12. Компьютерлік вирусқа анықтама беріңіз. Компьютерлік вирустарды қызметі мен тіршілік ортасына қарай жіктеңіз.
- •13. Бағдарламалау технологияларына түсініктеме беріңіз. Компьютерлік бағдарлама құрылымын анықтаңыз.
- •16. Компьютерлік графика. Компьютерлік графика түрлерін анықтаңыз. Компьютерлік графиканы қолдануы бойынша жіктеңіз.
- •17. Әлеуметтік желілер. Іздеу жүйелерін атап көрсетіңіз. Әлеуметтік желілерде ақпаратты іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
- •18. Мәліметтер қорын(мқ) және оның мақсатын анықтаңыз. Мқ модельдеріне қарай жіктеңіз.
- •20. Ақпаратты қорғау бойынша уйымдастырылатын іс-шаралар
- •23.Сайт жасау технологиясы қалай жүзеге асырылады. Html құжатының құрылымын анықтаңыз. Html тегтерін қызметіне қарай жіктеңіз. (если что посмотрите дәріс 12, просто не смогла скопировать)
- •24.Бағдарламалау тілдеріне анықтама беріңіз және бағдарламалау тілдерін түрлеріне қарай жіктеңіз. (если что 9 дәріс)
- •25. Мұрағаттаушы(архивтеуші) бағдарламалармен жұмыс істеу технологияларын анықтаңыз. Файлды архивке енгізуді және архивтен шығаруды түсіндіріңіз
- •26. Ақпараттық технологиялар пәні. Пәннің объектілері мен мақсатын анықтаңыз. Ақпараттық ресурстар және ақпараттық үрдістерді атап көрсетіңіз.
- •27. Ақпараттық технологиялардың даму тарихына шолу жасаңыз. Ақпараттық технологиялардың дамуының сатыларын(кезеңдерін), ерекшіліктерін атап көрсетіңіз.
- •31. Ақпараттарды сақтау құрылғыларын атап, анықтама беріңіз. Жадтың өлшем бірлігі. Жад (жж), кэш-жады, тұрақты жад (тж) қызметтерін анықтаңыз.
- •32. Деректер қорын басқару жүйелерін жіктеп беріңіз.
- •33. Html-құжаттың жалпы құрылымын анықтаңыз
- •34. Алгоритмдер типтеріне, қасиеттеріне, беру тәсілдеріне тоқталыңыз. Мысалдар келтіріңіз
- •35. Бульдік алгебраға түсініктеме беріңіз. Логикалық амалдарды атап, анықтама беріңіз.
- •37. Амалдық жүйеге анықтама беріңіз. Амалдық жүйелерді қызметтері мен түрлеріне қарай жіктеңіз
- •Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістерін анықтаңыз
- •Компьютерлік графиканың қолдану салалары туралы баяндаңыз
- •40) Бағдарламалау тілі (орыс. Язык программирования; гр. Programme - нұсқау, хабарлау) — хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы.
- •41 Б). Html тегімен қаріптердің қасиетін өзгерту. Мысалдар келтіріңіз
- •42. Б). Html тегімен фонға сурет қою. Мысалдар келтіріңіз
- •44. Html тегімен Web бетке сурет қоюды ұйымдастырыңыз
- •43. Html тегімен мәтіндерді түзету (оңға, солға, ортасына). Мысал келтіріңіз.
- •47. Html тегінің көмегімен жылжымалы мәтінге мысалдар келтіріңіз
- •48. Html тегімен мәтіндердің түсін, өлшемін өзгерту. Мысалдар келтіріңіз.
- •51. Б). Html тегінің жалпы құрылымы. Мысалдар келтіріңіз
- •52. Б). Html тегімен форма құру. Мысалдар келтіріңіз
24.Бағдарламалау тілдеріне анықтама беріңіз және бағдарламалау тілдерін түрлеріне қарай жіктеңіз. (если что 9 дәріс)
Бағдарламалау – бұл машинадан жауап ала білу өнері, және егер біз компьютерді қолдануды шешсек, онда бізге негізгі 3 этаптан өту қажет:
Не істеу керек екенін нақты және айқын анықтау -ЖҮЙЕЛІК АНАЛИЗ
Қалаулы нәтижеге әкелетін әрекеттердің айқын тізбегін беру, яғни алгоритм ұсыну - ПРОГРАММАНЫ ҚҰРЫЛЫМДАУ
Алгоритмді машинаға түсінікті тілде өрнектеу –ПРОГРАММАЛАУ
Программалау тілдері көмегімен. Біздің жағдайымызда орындаушының ролін ЭЕМ атқарады.
Программалау тілі деп, орындаушы ЭЕМ үшін жазылған алгоритмді сипаттайтын тілді айтамыз. Ал бағдарламалау деп алгоритмді бағдарламалау тілінде жазу процесін айтады.
Программалардың мынадай түрлері бар: ЭЕМ-ге арналған программалар, станокты, роботтарды және басқа кұрылғыларды басқаруға арналған программалар.
Алгоритмді компьютерге түсінікті тілде жазылуы үшін арнайы бағдарламалау тілдері (бейсик, паскаль, фортран, т.с.с) қолданылады.
Бағдарламалау әдісі:
1) есептегіш машиналар мен құрылғыларға арналған программаларды құрастыру әдістері мен тәсілдерін зерттейтінпен;
2) компьютерде есеп шешу үшін оны алдын ала дайындау процесі. Ол мынадай кезеңдерден тұрады: операциялар жиыны ретінде көрсетілген есеп "шешу жоспарын" жасау (есепті алгоритмдік бейнелеу); "шешу жоспарын" программалау тілінде бейнелеу (программа жазу); программаны машина тіліне аудармалау; командалар тізбегін компьютердің техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру (есеп шешу процесі). Сондай-ақ қолданбалыматематиканың компьютер үшін программалар жазу, оларды тексеру және жақсарту әдістері мен құралдарын зерттейтін тарауы да Программалау деп аталады;
3) мәліметтер өндеу істерін программалық басқару жұмыстарыменқамтамасыз етуге байланысты кӛрсетілетін теориялық жӛне практикалық қызмет. Программалау — нақты программа құрылымын жасап, оның мәліметтерді кодтап жазып оны құрастыру істері кіреді.
Бағдарламалау тілдері және олардың жіктелуі:
Қазіргі кезде 3500-ден жоғары әр түрлі программалау тілдері бар және осылардың ішінен шектелген саны ғана программалық бөлімді құруға жаппай қолданылады. Программалау тілдерінің саны көп болуына байланысты олардың біршене классификациясы бар. Оның ішінде негізгі 2 түрге: фукционалдық мәніне (қызметі) және қолданылатын программалау технологиясына байланысты бөлінеді. Программалау тілдері фукнционалдық мәніне байланысты 4 үлкен классқа бөлінеді:
1) программалауға үйретуші;
2) жалпы мәнді;
3) проблемалық-бағытталған;
4) параллель программалаушы.
Бағдарламалау процесін жақсартатын және кең қолданылатын әдістердің бірі – бағдарламалы құрылым.
Бағдарламалау құрылымының 3 бөлігі бар:
1. Модульдік бағдарламалау
2. Құрылымдық кодтау
3. Жоғарыдан төменге қарай жобалау
Модульдік бағдарламалау дегеніміз – программаны логикалық бөліктерге бөлу процесі. Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мына 2 мақсат орындалуы тиіс:
1) Модулдің дұрыс болуы және оның контекстерден тәуелсіз болуы қажет;
2) Модулдің ішкі жұмыстарын білмей тұра әр түрлі модулдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет.
Мысал ретінде стандарт математикалық функциялардың есептелу программасын қарастыруға болады. Программист sin(x) функциясын программаның кез-келген жерінде қолдана алады және оған функцияның есептелуіне қай әдістің қолданып тұрғанын білудің қажеттілігі жоқ. Модуль өлшемі 60 жолдан аспауы керек және модульдер өзара тәуелсіз болуы керек. Байланысқан элементтерді бір модульге, байланыспаған элементтерді әр түрлі модульге жинау керек. Модульдерді қолдана отырып программа күрделілігін төмендетуге болады.
Құрылымдық кодтау деп программада басқарушы конструкциялардың–шартты операторлардың, циклдің (параметрлі, цикл- әзір, цикл-дейін) қолданылуын айтады. Шартсыз көшу операторы программада сирек қолданылуы керек немесе шартты оператордың, циклдің көмегімен өзгертілуі керек.
Бағдарламаны жоғарыдан төмен қарай жобалаудың өз иерархиялық құрылымы бар және қысқа есеп қойылымынан басталады. Одан кейін есеп бірнеше ұсақ ішкі есептерге бөлінеді. Ішкі есептердің өзі де ішкі есептерге бөлінуі мүмкін. Әр қадамда ішкі есептің орындайтын негізгі функциялары анықталуы керек. Бөлу процесі әр ішкі есеп қарапайым болғанға дейін, яғни әр ішкі есепке бір модуль сәйкес келгенше созылады.
Си тілі:жалпы түсініктер
Бұл тілде жазылған программаны компьютерде орындау кезінде ол алдымен трансляция сатысынан өтіп (машина тіліне аударылып),объектілік программа түріне ауысадыда,сонан кейін барып орындалады.Осы сәтте компьютер-де программаның екі нұсқасы болады,оның біріншісі Cи тіліндегі алғашқы нұсқасы,ал екіншісі–объектілік кодтағы машина тілінде жазылған программа.Есептің нәтижесін тек машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз,ал программаны түзету қажет болғанда оның алғашқы нұсқасы өңделіп,оны қайта түрлендіру сатысы жүзеге асырылады.
Си тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программа қатарларының алдындағы азат жол немесе бос орындар саны ӛз қалауымызша алынады. Бір қатарға бірнеше командалар немесе операторлар орналаса алады, олар бір бірінен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, әрі түзетуге жеңіл, әрі ыңғайлы болып саналады.
