Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inform_10-12.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
938.85 Кб
Скачать

17. Әлеуметтік желілер. Іздеу жүйелерін атап көрсетіңіз. Әлеуметтік желілерде ақпаратты іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.

Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін.

Әлеуметтік желілердің тарихы

Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап кең таралған, осы жылы бірінші әлеуметтік желі - Classmates.com (Сыныптастар) сайт ашылды. 2004 жылы Марк Цукерберг «TheFacebook» әлеуметтік желісінің негізін қалады. 2005 жылдан бұл желі «Facebook» деп атала бастады. 2008 жылы «Facebook» әлеуметтік желісі әлемдегі ең танымал әлеуметтік желіге айналды, және де бүгінгі күнге дейін көштің басында. Бүгінгі күні «Facebook» әлем бойынша «Google»-дан кейін ең көп танымалдылыққа ие екінші интернет сайт.

2006 жылы Джек Дорси - «Twitter» жобасын іске қосты. Ол тез дамып келе жатқан жаңа әлеуметтік желіге айналды. «Twitter»-дің ерекшелігі, тек 140 символдан ғана тұратын хабарлама жаза аласыз. 2010 жылдан бастап сайттан видео, фото көруге мүмкіндіктері пайда болды. Бүгінгі таңда «Twitter» әлем бойынша ең көп қаралатын сайттардың 10-на кіреді.

Бүгінгі таңда ғаламторды виртуалды шындыққа балап, одан философия іздейтіндер де пайда болғаны рас. Жаһандану заманында әлеуметтік желілердің ықпалы артты. Біріншіден, әлеуметтік желілер ескі таныстар мен жаңа достарды іздеу, олармен байланысу құралы болып қалыптасты. Ол өз кезегінде адамдармен байланысудың жаңа формасы ретінде өз қызметін атқара алды. Екіншіден, әлеуметтік желілер қолданушылар арасында жаңаша қоғам құра бастады. Олар қоғам ішінде түрлі көзқарастары мен қызығушылықтары жағынан бөліне де алды. Ал үшіншіден, әлеуметтік желілер қоғамдық пікір қалыптастыруда өз шамасын көрсетті. Төртіншіден, әлеуметтік желілер өз алдына жеке өмір болып қалыптасқысы келеді. Оның ішінде түрлі көзқарастағы адамдар ешқандай жауапкершіліксіз бір-бірімен байланыса алады. Виртуалды өмір олар үшін өмір сүрудің жаңаша формасы ретінде көрінуі мүмкін. Адамдар құрылғы мен мақсатты шатастырып алмағанымыз жөн. Біз әлеуметтік желілерді құрылғы ретінде, яғни адамдармен байланысудың құралы ретінде пайдалануымыз керек

Іздеу жүйесі дегеніміз- кілттік сөздерді пайдалану арқылы өзіңізге қызықты, қажетті ақпараттарды табу, іздеу WEBсайтын айтады. Іздеу жүйесінің көптеген түрлері бар, оны көбінесе 4 компонент арқылы ақпаратты іздеу және ұйымдастыру кеңінен қолданылады.

Олар:

1. «Паук»- автоматтандырылған программа. Интернет жүйесінде іздеу арқылы WEB- сайттарды табады. Сонымен қатар WEB парақтарды да анықтайды. Сол арқылы оларды бағалық тізімге енгізеді. Бот және Веб-Краулер программаларын пайдалану арқылы тұтынушыға жасырын түрде іздестіруді ұйымдастырады.

2. Индекстеуші программа. Ақпараттарды құрылымдайтын және ұйымдастыратын программа. Ол WEB-сайтқа сіздің табуыңызды ұйымдастыратын программа. Индекстеуші программа тұтынушыға көрінбейді.

3. Іздеу жүйесінің деректер қоры. Барлық ақпараттардың жиынтығы. Ол сіздің іздеуіңізге жол ашады. Ол да тұтынушыға көрінбейді.

4. Интерфейс. Интернет жүйесінде не керектігін кілттік сөз арқылы іздестіруді ұйымдастыратын терезе.

Іздеу жүйесін пайдалану арқылы бүкіләлемдік тордан көптеген іздеу жүйесінің тізімін таңдай аламыз. Ал қай жүйенің сізге ыңғайлы екенін білу үшін, олардың бір- бірінен айырмашылығын білуіңіз керек.

Іздеу жүйесінің негізгі 3 түрі бар:

Метамәліметтер арқылы. Бұл көптеген іздеу жүйесін зерттейтін және нәтижесін жинақтайтын жүйе. Оған мысал ретінде мыналарды алуға болады:

Yahoo!:, MSN Search, Alta Vista

Универсалды іздеу жүйесі. Ақпаратты әдеттен тыс іздеу арқылы ақпараттардың кең көлемде қамтитын іздеу жүйесін айтады. Оған мысал ретінде:

Google: Yandex: Rambler.

Іздеу агенті. Күрделі іздеуге арналған программалық құралдар.

Мысалы: Bot Spot: Copernic:

Әлемдегі ең көп сұранысқа ие іздеу жүйелері:

Азия

Шығыс Азия елдерінде және Ресейде Google - ең танымал іздеу жүйесі емес. Қытайда, мысалы, ең көп танымал іздеу жүйесі Soso (орыс.)қаз. болып табылады.

Оңтүстік Кореяда, патенттелген Naver іздеу порталын халықтың шамамен 70%-ы пайдаланады Yahoo! Japan және Yahoo! Taiwan — тиісінше Жапония мен Тайваньдағы ең танымал іздеу жүйесі.

Ресей және орыс тілді іздеу жүйелері

Яндекспен Ресейде пайдаланушылардың 50,9% қолданады (Google — 40,6 %).

Барлық тілде:

  • Google (40,6 %)

  • Bing (0,7 %)

  • Yahoo! (0,2 %) және компанияғы тиесілі іздеу жүйелері: Inktomi (орыс.)қаз., AltaVista, Alltheweb (орыс.)қаз.

Интернеттің іздеу технологиялары.

Web-тен іздеу

Интернетте миллиондаған сайттар бар, соның ішінде өзекті ақпаратпен қоса көптеген ескі қорлар орналыстырылған. Интернет – белгілі бір басқарушысы жоқ демократиялық ақпарат көзі болып табылады. Кез келген адам желіге өзінің қорын орналастыра алады. Қорытындылап келгенде, интернетте ақпараттың қайталанбауына, оның стандартқа сай келуіне көп адамдар мән бере бермейді. Желіде барлығы бар екені белгілі, бірақ желіден қажетті ақпаратты алу қиын. Яғни, мәліметті табу үшін, оны жақсы іздей білу керек. Осы бөлімде интернет желісімен жұмыс істейтін іздеу аспаптары сипатталып, іздеу жүйесінің жұмыс механизмі түсіндірілген, іздеу оптимизациясына практикалық түсініктеме берілген.

Интернетте ақпаратты іздеуге арналған мынадай әртүрлі аспаптар бар: іздеу машиналары (поисковиктер), индекстелген каталогтер (рубрикаторлар), рейтингілер, метаіздеуіш жүйелер және тематикалық ­ сілтемелердің тізімі, онлайн энциклопедиялары мен анықтамалар. Осы кезде әр түрлі үлгідегі ақпаратты табуда іздеу аспаптарының түрлі категорияларын қолдану тиімді болып келеді. Әр категорияны жеке қарастырайық.

Индекстелген каталогтер

Каталог дегеніміз тақырыптары бойынша топтастырылған иерархиялық құрылым түрінде берілетін мәліметтер. Иерархиялық құрылымның бірінші деңгейіндегі тематикалық бөлімі «спорт», «демалыс», «ғылым», «дүкендер» сияқты кең тараған тақырыптардан тұрады. Ал әр бөлімнің бөлімшелері болады. Осылайша, біртіндеп каталог бұтақтары арқылы саяхат жасап, іздеу облысын кішірейте отырып, сіз өзіңізге керекті облысты дәл анықтай аласыз. Мысалы оқу орындарын іздеу барысында мынадай тізбек пайда болуы мүмкін: Білім-> Оқу орындары -> Жоғары оқу орындары ->Институттар. Қажетті ішкі катологты тапқаннан кейін, одан сілтемелер жинағын аласыз. Катологтерді программалар емес, адамдар құрастырғандықтан, катологтегі барлық сілтемелер профильді болып табылады. Егер сіз ортақ тақырыпта жалпы ақпарат іздесеңіз, онда каталогке қатынаған дұрыс. Ал егер сізге нақты бір құжатты табу керек болса, онда каталог тиімсіз іздеу құралы болып табылады.

Индекс арқылы іздеу

Индекс арқылы іздеу мынадан құралады, яғни пайдаланушы сұраныс құрастырып оны іздеу машинасына береді. Бірнеше кілттік сөздерді қолдануда сұраныс тілін пайдаланған пайдалы, оның негізін буль операторлары құрайды.

Ең жиі қолданылатын буль операторлары:

- AND – бұл арқылы біріктірілген барлық терминдер ұсынылған құжатта қатысуы керек. Кейбір іздеу жүйелері «+» белгісін «AND» орнына қолданады;

- OR – кем дегенде бір кілттік сөз «OR »-мен қатысты, ізделінетін құжатта болуы керек;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]