- •1. Ақпарат ұғымын анықтаңыз. Үздіксіз және үзілісті ақпараттарды анықтаңыз. Ақпарадты кодтау. Ақпараттардың өлшем бірліктерін атап көрсетіңіз.
- •2.Сан ұғымы. Санау жүйелеріне түсініктеме беріңіз. Санау жүйелерін түрлеріне қарай жіктеңіз. Позициялық санау жүйесін түсіндіріңіз.
- •3.Санау жүйелеріне түсініктеме беріңіз. Санау жүйелеріндегі түрлендірулер мен ауыстыру технологияларының ережелерін мысалдармен көрсетіңіз
- •4. Амалдық жүйелер түсінігіне сипаттама беріңіз. Заманауи амалдық жүйелерге мысал келтіріңіз
- •Локальді және ауқымды желілерге сипаттама беріңіз
- •6. Сандық және символдық ақпаратты беру тәсілдері. Санау жүйесін мысалдармен түсіндіріңіз
- •7. Дербес компьютердің архитектурасын анықтаңыз. Компьютердің негізгі компоненттерін атаңыз және қызметтерін анықтаңыз.
- •8. Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Қолданбалы бағдарламаларды атап, қызметін анықтаңыз.
- •9. Амалдық жүйеге анықтама беріңіз. Windows амалдық жүйесіндегі стандартты қосымшаларды(бағдарламалар) атаңыз және қызметтерін түсіндіріңіз.
- •12. Компьютерлік вирусқа анықтама беріңіз. Компьютерлік вирустарды қызметі мен тіршілік ортасына қарай жіктеңіз.
- •13. Бағдарламалау технологияларына түсініктеме беріңіз. Компьютерлік бағдарлама құрылымын анықтаңыз.
- •16. Компьютерлік графика. Компьютерлік графика түрлерін анықтаңыз. Компьютерлік графиканы қолдануы бойынша жіктеңіз.
- •17. Әлеуметтік желілер. Іздеу жүйелерін атап көрсетіңіз. Әлеуметтік желілерде ақпаратты іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
- •18. Мәліметтер қорын(мқ) және оның мақсатын анықтаңыз. Мқ модельдеріне қарай жіктеңіз.
- •20. Ақпаратты қорғау бойынша уйымдастырылатын іс-шаралар
- •23.Сайт жасау технологиясы қалай жүзеге асырылады. Html құжатының құрылымын анықтаңыз. Html тегтерін қызметіне қарай жіктеңіз. (если что посмотрите дәріс 12, просто не смогла скопировать)
- •24.Бағдарламалау тілдеріне анықтама беріңіз және бағдарламалау тілдерін түрлеріне қарай жіктеңіз. (если что 9 дәріс)
- •25. Мұрағаттаушы(архивтеуші) бағдарламалармен жұмыс істеу технологияларын анықтаңыз. Файлды архивке енгізуді және архивтен шығаруды түсіндіріңіз
- •26. Ақпараттық технологиялар пәні. Пәннің объектілері мен мақсатын анықтаңыз. Ақпараттық ресурстар және ақпараттық үрдістерді атап көрсетіңіз.
- •27. Ақпараттық технологиялардың даму тарихына шолу жасаңыз. Ақпараттық технологиялардың дамуының сатыларын(кезеңдерін), ерекшіліктерін атап көрсетіңіз.
- •31. Ақпараттарды сақтау құрылғыларын атап, анықтама беріңіз. Жадтың өлшем бірлігі. Жад (жж), кэш-жады, тұрақты жад (тж) қызметтерін анықтаңыз.
- •32. Деректер қорын басқару жүйелерін жіктеп беріңіз.
- •33. Html-құжаттың жалпы құрылымын анықтаңыз
- •34. Алгоритмдер типтеріне, қасиеттеріне, беру тәсілдеріне тоқталыңыз. Мысалдар келтіріңіз
- •35. Бульдік алгебраға түсініктеме беріңіз. Логикалық амалдарды атап, анықтама беріңіз.
- •37. Амалдық жүйеге анықтама беріңіз. Амалдық жүйелерді қызметтері мен түрлеріне қарай жіктеңіз
- •Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістерін анықтаңыз
- •Компьютерлік графиканың қолдану салалары туралы баяндаңыз
- •40) Бағдарламалау тілі (орыс. Язык программирования; гр. Programme - нұсқау, хабарлау) — хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы.
- •41 Б). Html тегімен қаріптердің қасиетін өзгерту. Мысалдар келтіріңіз
- •42. Б). Html тегімен фонға сурет қою. Мысалдар келтіріңіз
- •44. Html тегімен Web бетке сурет қоюды ұйымдастырыңыз
- •43. Html тегімен мәтіндерді түзету (оңға, солға, ортасына). Мысал келтіріңіз.
- •47. Html тегінің көмегімен жылжымалы мәтінге мысалдар келтіріңіз
- •48. Html тегімен мәтіндердің түсін, өлшемін өзгерту. Мысалдар келтіріңіз.
- •51. Б). Html тегінің жалпы құрылымы. Мысалдар келтіріңіз
- •52. Б). Html тегімен форма құру. Мысалдар келтіріңіз
13. Бағдарламалау технологияларына түсініктеме беріңіз. Компьютерлік бағдарлама құрылымын анықтаңыз.
Бағдарлама – магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, қолданушының бұйрығы бойынша компьютер зердесіне жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.
Компьютерлік бағдарлама (ағылш. Computer program) - 1) белгілі бір алгоритмді жүзеге асыру мақсатында мәліметтер өңдеу жүйесінің нақты құрауыштарын (компьютерді) басқаруға арналған мәліметтер тізбегі; 2) орындалуға (өңделуге) тиіс реттелген командалар тізбегі, есеп шығару алгоритмін сипаттайтын программалау тілінің сөйлемдер жиыны. Есеп шығаруға, сондай-ақ берілген мәселені шешуге арналған, қабылданған синтаксиске сәйкес жазылған компьютер командаларының (нұсқауларының) реттелген тізбегі; 3) программалар мен олардың үзінділеріне, бағыныңқы программаларға, процедураларға, программалық модульдерге, машиналық программалар мен олардың үзінділеріне арналған жалпы атау.
Компьютердегі бағдарламалық жасақтама құрамын бағдарламалық конфигурация деп атайды. Бағдарламалар арасында, физикалық буындар мен блоктар арасындағы сияқты байланыс бар – көптеген бағдарламалар өзінен төмен деңгейдегі басқа бағдарламаларға сүйеніп жұмыс істейді
Бағдарламалық жасақтама (БЖ) 3 -ке бөлінеді:
1.Жүйелік БЖ-Аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырғанадамды қолданбалы бағдарламалармен байланыстырады.
2.Қолданбалы БЖ-белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.
3.Аспаптық БЖ-Бұл жаңа бағдарлама жазуға арналған бағдарламалық жүйелер.
Бағдарламалау ерекшеліктері
Бағдарламалау - қандай да бір тілде код құру процесі, бұл код арнайы бағдарлама - транслятор арқылы файлға өзгертіледі. Транслятордың екі типі бар: компилятор және интерпретатор. Компилятор код тілінде жазылған мәтінді файлға аударады. Ал интерпретатор код тілінде жазылған мәтінді машиналық кодқа ауыстырады да оның орындалуын қамтамасыз етеді. Java - компиляциалайтын тіл болып табылады
Бағдарламалау процесін жақсартатын және кең қолданылатын әдістерінің бірі- құрылымдық бағдарламалау. Ол 3ке бөлінеді:
1.Модульдік программалау - программаны логикалық бөліктерге бөлу процесі. Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мына 2 мақсат орындалуы тиіс.
1.Модульдердің дұрыс болуы және оның контекстерден тәуелсіз болуы.
2.Модульдің ішкі жұмыстарын білмей тұра, әр түрлі модульдерден программа құру мүмкундігінің болуы қажет.
2.Құрылымдық кодтау- деп программада басқарушы конструкциялардың – шартты операторлардың,циклдің қолданылуын айтады.
3.Программаны жоғарыдан төмен қарай- жобалаудың өзіндік иерархиялық құрылымы бар және қысқа есеп қойылымынан басталады. Одан кейін есеп бірнеше ұсақ есептерге бөлінеді. Ішкі есептердің өзі де ішкі есептерге бөлінуі мүмкін. Әр қадамда ішкі есептің орындайтын негізгі функциялары анықталуы керек. Бөлу процесі әр ішкі есеп қарапайым болғанаға дейін, яғни әр ішкі есепке бір модуль сәйкес келгенше созылады.
14. ЭЕМ - да кестелік процессорда мәліметтер қорын құру және басқару технологияларының қолдану мақсатын түсіндіріңіз.
Электрондық кестелер процессоры – электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналған программалар жиынтығы. Кестелер деректер қоймаңыздың негізі болып табылады, нақ соларға барлық деректер сақталады. Кесте- бұл деректеріңді сақтайтын обьект. Кестен құруда бір типті ақпараттан тұратын өрісті анықтаймыз. Кестелер құрылымын құрар алдында деректер қоймасын құру нәтижесінде жететін мақсатыңызды көрсетуіңіз керек. Қойылған мақсаттан оған жету үшін қолданылатын кестенің қандай болуы керек екенін айқындап алып, қажетті кестені құруға кірісіңіз. Excel – кестелік құжаттармен жұмыс істеуге арналған көрнекті бағдарламаның бірі. Excel құжаты жұмыс кiтабы деп аталады. Бiр жұмыс кiтабы бiр файлға жазылады, ал әp файлдың бiр немесе бiрнеше кecтeci болуы мүмкiн. Электрондық кecтeнiң жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан тұрады. Жол аты – оның номері. Жол номері 1-ден басталып 65536 аяқталады. Баған аттары – латын алфавитінің бас әріптерінен A-дан Z-қа дейін, сосын AA -дан AZ, BA, BZ-қа дейін, т.с.с. тұрады. Жолдармен бағандардың қиылысуы ұяшықтарды құрайды, екеуінің бірігуі оның адресі болып есептелінеді. Адрестерді білу үшін сілтеулер жасалады Ұялар (ұяшықтар) және олардың адрестерi. Жолдар мен бағаналар қиылысында ұялар орналасады, оларға мәлiметтер (мәтін, сан, формула) енгiзiледi. Ұялардың бiреуi әрдайым активтi, яғни екпiндi күйде болып тұрады. Ұялар жиыны (диапазоны - ауқымы). Қатар орналасқан көршi ұяларда бiртұтас мәлiметтер орналасады да, оларға адрес арқылы сiлтеме жасауға болады. Ұялардың осындай жиынын диапазон деп атайды.
Көп қолданылатын процессорлар: Microsoft Excel, SuperCalc, Lotus 1-2-3, Quatro Pro. Кестелерді өңдеуге жататын негізгі іс-әрекеттер:
• Электрондық кестелерді құру және редакциялау;
• Көпкестелік құжаттарды құру;
• Электрондық кестелерді көркемдеу және баспаға шығару;
• Кестелерді сұрыптау, сұраулар бойынша берілгендерді іріктеу;
• Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып есептеулер жүргізу;
• Түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу;
• Тиімді ету мәселелерін зерттеу;
• Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу;
• Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу;
• Мәліметтерді статистикалық талдау.
Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады. Бірақ Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәлеметтердің негізінде түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер қорын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.
Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.
Мәліметтер базасы дегеніміз - ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер базасы ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталған. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушылармен және басқа да ақпараттық - программалық кешендермен қарым - қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құрылғылар кешені.
Мәліметтер - ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес мәліметтер әр түрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең тараған мәліметтерді тасуыш қағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар CD - ROM - да қолданылады. Магниттік қасиеттердің өзгерісін қолданатын тасуыштар ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады.
Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да ол мәліметтер базасы болып қала береді. Өйткені онда мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар - бұл мәліметтер базасының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер базасы көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер базасы бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер базасының құрылымы сол кестенің құрылымымен анықталады.
Біз білеміз, екі өлшемді кестенің құрылымы жолдар мен бағандардан тұрады. Олардың аналогы ретінде қарапайым мәліметтер базасында өрістер мен жазбаларды аламыз. Өрістердің құрамы мен қасиеттерін өзгерту арқылы, мәліметтер базасының құрылымын өзгертеміз. Егер мәліметтер реттелген, яғни қандай да бір берілген құрылымға сәйкестендірілген болса, онда олармен жұмыс істеуді автоматтандыру оңайға түседі. Мәліметтер құрылымының негізгі үш түрі бар: сызықтық, кестелік, және иерархиялық.
Мәліметтердің сызықтық құрылымы дегеніміз әрбір элементтің адресі мен нөмірі бір мәнді анықталған реттелген құрылым. Сызықтық құрылымға мысал ретінде тізімдерді алуға болады.
15. ЭЕМ - да электрондық кестелерінде есеп шығару. Функция шебері арқылы есептеулер алгоритмдерін ұсыныңыз. Функцияларды категорияларға жіктеңіз.
Электрондық кесте – магниттік тасыуыштарға орналастырылған екі өлшемді немесе n-өлшемді мәліметтер жиымдары, яғни кестелер. Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Әрбір жұмыс параметірлерінің өзгеру аралықтары беріледі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер: Сан, Формула, Мәтін. Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды. Мәліметтерді енгізу Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақшетіне орналасады. Ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ауқымдығы мәлдіметтердің пішімін өзгерту үшін Пішім > Ұяшықтар(Формат > Ячейки) командасын пайдаланады. Ашылған Ұяшықтарды пішімдеу (Формат ячеек) сұхбат терезесіндегі қыстырмалардан мәліметтердің жазылу пішімін таңдап алады. Сол терезеде мәтіннің бағытын көрсетіп, оны түзеу, қарпін өзгерту, символдардың жазлуын, фонның түсін, жақтаудың түрін анықтайтын параметірлерді енгізуге болады. Excel програмысының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме мен Excel функцияларынан тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса, онда жұмыс парағында осы формуланың есептеу нәтижесі белгіленіп тұрады. Ұяшықтағы сандық нәтижені емес, оған енгізілген формуланы көру үшін сол ұяшықты ерекшеп алып, формулалар жолында бейнеленген жазуға көзсалу керек. Ұяшықтарда адрес көрсетіледі оны ұяшықтарға сілтеме деп атаймыз. Есептеу нәтижесі формуладағы пайдалынылған ұяшықтарға тәуелді болады. Тәуелді ұяшықтағы мәндер бастапқы ұяшықтағы мәндердің өзгеруіне байланысты өзгеріп тұрады. Ұяшықтарға сілтемені әр түрлі тәсілдермен беруге болады: • біріншіден, ұяшықтың адресін қолмен теруге болады; • екінші тәсілі қажетті ұяшыққа тышқанмен шерту арқылы ерекшелеп енгізуге болады. Салыстырмалы сілтеме. Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтиже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адресі автоматты түрде өзгереді деген сөз. Мысалы: В2 ұяшығында одан бір жол солға қарай және төмен орналасқан А3 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы формула көшірлсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады. Мысалы: А9, D25, F5 салыстырмалы сілтеме болып табылады. Excel – дегі кітап оның беттерін көркемдеуге ерекше көңіл бөледі. Мұндай мақсаттар үшін сандар және мәтіннің, түс және стильдің, шрифт және т. с. с. пішімдерін қолданады.
Абсолют сілтеме. Абсаолют адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің адресі өзгермейді, сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақтыы болып қалады. Формулаларды редактерлеу кезінде адрестеу әдісін өзгерту үшін ұяшықтың сілтемесін ерекшелеп алып F4 басу керек. Абсалют адрестелінген ұяшықтың нөмірінің алдына $ белгісін қояды. Мысалы: $А$16, $А9, А$7. Соңғы екі жағдайда ұяшық нөмірлерінің бірі абсолют, екіншісі салыстырмалы болып есептеледі, бұл аралас сілтеменің мысалдары.
Функция шебері функцияларға сәйкес формулалардың дайын шаблондарын береді, қолданушы бар болғаны функцияның аргументтерін ғана жазады. Excel программасында, күрделі және қарапайым есептеулерге арналған 200-ден аса функцияларды қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, бұл қосымшада қолданушының Excel-дің програмалау мүмкіндіктерін (VBA) пайдаланып өзіне қажет функцияларды да құрып алуына жағдай жасалған. Функция шеберін пайдаланып фукнцияларды іздеуді жылдамдату мақсатында оларды келесі: 10 недавно использовавшихся, полный алфавитный перечень, финансовые, дата и время, математические, статистические, ссылки и массивы, работа с базой данных, текстовые, логические, проверка свойств категориялары бойынша топтастырған. Функциялардың аргументтері ретінде сандар, сан мәнді өрнектер немесе сәйкесінше сандар мен сан мәнді өрнектер жазылған ұяшықтар адрестері, диапазон адрестері пайдаланылады. Мысалы: =СУММ(А5:А7) – мұндағы СУММ функциясы, А5, А6, А7 ұяшықтардағы сандар қосындысын есептейді; =СРЗНАЧ(G4:G6) – мұндағыСРЗНАЧ функциясы G4, G5, G 6 ұяшықтардағы сандардың орташа мәнін табады. Күрделі функцияларды жазу әдеттегідей бірінің ішіне бірі жай жақшалар арқылы жазылады, мысалы: =ОКРУГЛ(СРЗНАЧ(H4:H8);2).
Функциялар тізімінен берілген категория бойынша нақты функция алынады. ОК пернесін шерткеннен кейін, қажетті функцияның аты формулалар жолына енгізіледі. Ал мәтіндік меңзер сол функцияның параметрлері көрсетілген жақшалардың арасына орналасады.
Функцияның парамерлерін енгізу. Функияның параметрлерін енгізі кезінде формулалар терезесінің түрі өзгереді. Мұнда параметрлерді енгізуге арналған өріс бейнеленеді. Егер параметрдің аты жартылай майлы қаріппен көрсетілсе, онда бұл параметрді мүндетті түрде енгізу қажет. Ал егер параметрдің аты жәй қаріппен көрсетілетін болса, ол параметрді тастап кетуге болады. Формулалар терезесінің төменгі жағында функцияның қысқаша көшірмесі сиппатамасы мен параметірлерінің өзгеру аралықтары беріледі.
Excel программасында стандарт функциялар тек формулаларда ғана қолданылады. Функцияны шақыру ішін формулада функцияның атын көрсету қажет. Функция егізілгеннен кейін жақшада оның параметрлері көрсетіледі. Параметр ретінде сан, ұяшықтар немесе басқа да бір өрнектер алынады.
Формулалар. Егер формулаларды Функцияларды өзгерту (Изменить функций) батырмасын басу арқылы немесе Кірістіру > Функция командасын жүзеге асыратын болса, онда формулалар жолының астында Функцялар шебері (Мастер функций) аты сұхбат терезе ашылады. Ал оның анелінде функциялар тізімі ашылады. Оның Категория бөлімінде ең соңғы пайдалынылған он функция және төменірек басқа функциялар бөлімі бейнеленеді.
Функция шеберін қолдану. Функция шеберінің Категория тізімінен қажетті функцияны категориясы бойынша таңдап алуға болады. Функциялар тізімінен берілген категория бойынша нақты функция алынады. ОК пернесін шерткеннен кейін, қажеттіфункцияның аты формулалар жолына енгізіледі. Ал мәтіндік меңзер сол функцияның параметрлері көрсетілген жақшалардың арасына орналасады.
Функцияның парамерлерін енгізу. Функияның параметрлерін енгізі кезінде формулалар терезесінің түрі өзгереді. Мұнда параметрлерді енгізуге арналған өріс бейнеленеді. Егер параметрдің аты жартылай майлы қаріппен көрсетілсе, онда бұл параметрді мүндетті түрде енгізу қажет. Ал егер параметрдің аты жәй қаріппен көрсетілетін болса, ол параметрді тастап кетуге болады. Формулалар терезесінің төменгі жағында функцияның қысқаша көшірмесі сиппатамасы мен параметірлерінің өзгеру аралықтары беріледі.
Қорытынды есептеулер. Шебердің көмегімен алынатын көптеген функциялардың көп бөлігі ғылыми есптеулерге арналған. Қаржымен байланысты есептерді орындауға арналған қаржы функциясы өз алдына бір категорияны құрайды. Экономикалық және бухгалтерлік есептеулерде негізінен қорытындылау функциялары қолданылады. Бұл функцияларға ортақ қасиет, олардың параметрлерінің тізіміне енетін параметрлер саны алдын-ала белгісіз болуы мүмкін, өйткені олар әр жағдайда әр қалай, ал нәтижесінде барлық параметрлерді сипаттайтын ортақбір сан алынады. Осы типтес нақты функциялар әр түрлі категорияларда орналасқан, соның ішінде көп бөлігі Математикалық және Статистикалық категорияларында орналасқан.
Қосындылау функциясы. Қортындылау функцияларының ішіндегі ең көп қолданылатыны қосындылау функциясы – СУММ. Стандартты аспаптар панелінде осы функцияда ғана жеке батырма бар – Автоқосынды (Автосумма) батырмасы. Автоматты түрде қосындылау ағымдағы ұяшықтың немесе сол жағындағы ауқымды қамтиды. Автоматты түрде таңдалынып алынған ауқымды қайтадан өзгертіп, функцияның қосымша параметрлерін беруге болады.
Қортындылау есептеулеріне арналған басқа функциялар Функцияларды өзгерту батырмасы немесе Функциялар шеңбері арқылы алынады. Бұл функциялардың қатарына ДИСП (дисперсия), МАКС (ауқымдағы ең үлкен сан), МИН (ауқымдағы ең кіші сан), СРЗНАЧ (ауқымдағы сандардың арифметикалық ортасы), СЧЕТ (ауқымдағы мәндері бар ұяшықтар саны) және т.б. жатады.
Көптеген экономикалық есптерді жеңілдету үшін функциялар қолданылады. Функциялар y = f(x) түрінде жазылады, мұндағы х – функцияның аргументі, ал у – функцияның мәні, f – функция.
Функцияларды қолдануға мысалы қарастырайық: С7 ұяшығында АВС(А7) + LOG(В7( формуласын есептейік). Мұндағы А7, В7 – ұяшықтарға салыстырмалы сілтемелер; АВС(А7) – А7 ұяшығындағы мәннің абсалютті шамасын есептейтін функция; LOG(В7) – В7ұяшығындағы мәннің логарифімін есептейтін функция.
Excel програмысында қолданылатын стандарт функциялар тізімі:
• SIN, COS, TAN – тригонометриялық функциялар;
• ASIN, ACOS, ATAN – кері тригонометриялық функциялар;
• МАКС, МИН, СРЗНАЧ – массивтерге қолданылатын функция;
• LN, LOG, LOG10 – натурал, жай ондық логарифмдер;
• КОРЕНЬ – кватрад он түбірді анықтайтын функция;
• ЕСЛИ, И, НЕ, ИЛИ, ЛОЖЬ – логикалық функциялар;
• ЗАМЕНИТЬ, НАЙТИ, КОДСИМВ, ЛЕВСИМВ, ПОВТОР- мәтіндік функциялар.
Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады, өйткені олардың саны өте көп.
