- •1. Ақпарат ұғымын анықтаңыз. Үздіксіз және үзілісті ақпараттарды анықтаңыз. Ақпарадты кодтау. Ақпараттардың өлшем бірліктерін атап көрсетіңіз.
- •2.Сан ұғымы. Санау жүйелеріне түсініктеме беріңіз. Санау жүйелерін түрлеріне қарай жіктеңіз. Позициялық санау жүйесін түсіндіріңіз.
- •3.Санау жүйелеріне түсініктеме беріңіз. Санау жүйелеріндегі түрлендірулер мен ауыстыру технологияларының ережелерін мысалдармен көрсетіңіз
- •4. Амалдық жүйелер түсінігіне сипаттама беріңіз. Заманауи амалдық жүйелерге мысал келтіріңіз
- •Локальді және ауқымды желілерге сипаттама беріңіз
- •6. Сандық және символдық ақпаратты беру тәсілдері. Санау жүйесін мысалдармен түсіндіріңіз
- •7. Дербес компьютердің архитектурасын анықтаңыз. Компьютердің негізгі компоненттерін атаңыз және қызметтерін анықтаңыз.
- •8. Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Қолданбалы бағдарламаларды атап, қызметін анықтаңыз.
- •9. Амалдық жүйеге анықтама беріңіз. Windows амалдық жүйесіндегі стандартты қосымшаларды(бағдарламалар) атаңыз және қызметтерін түсіндіріңіз.
- •12. Компьютерлік вирусқа анықтама беріңіз. Компьютерлік вирустарды қызметі мен тіршілік ортасына қарай жіктеңіз.
- •13. Бағдарламалау технологияларына түсініктеме беріңіз. Компьютерлік бағдарлама құрылымын анықтаңыз.
- •16. Компьютерлік графика. Компьютерлік графика түрлерін анықтаңыз. Компьютерлік графиканы қолдануы бойынша жіктеңіз.
- •17. Әлеуметтік желілер. Іздеу жүйелерін атап көрсетіңіз. Әлеуметтік желілерде ақпаратты іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
- •18. Мәліметтер қорын(мқ) және оның мақсатын анықтаңыз. Мқ модельдеріне қарай жіктеңіз.
- •20. Ақпаратты қорғау бойынша уйымдастырылатын іс-шаралар
- •23.Сайт жасау технологиясы қалай жүзеге асырылады. Html құжатының құрылымын анықтаңыз. Html тегтерін қызметіне қарай жіктеңіз. (если что посмотрите дәріс 12, просто не смогла скопировать)
- •24.Бағдарламалау тілдеріне анықтама беріңіз және бағдарламалау тілдерін түрлеріне қарай жіктеңіз. (если что 9 дәріс)
- •25. Мұрағаттаушы(архивтеуші) бағдарламалармен жұмыс істеу технологияларын анықтаңыз. Файлды архивке енгізуді және архивтен шығаруды түсіндіріңіз
- •26. Ақпараттық технологиялар пәні. Пәннің объектілері мен мақсатын анықтаңыз. Ақпараттық ресурстар және ақпараттық үрдістерді атап көрсетіңіз.
- •27. Ақпараттық технологиялардың даму тарихына шолу жасаңыз. Ақпараттық технологиялардың дамуының сатыларын(кезеңдерін), ерекшіліктерін атап көрсетіңіз.
- •31. Ақпараттарды сақтау құрылғыларын атап, анықтама беріңіз. Жадтың өлшем бірлігі. Жад (жж), кэш-жады, тұрақты жад (тж) қызметтерін анықтаңыз.
- •32. Деректер қорын басқару жүйелерін жіктеп беріңіз.
- •33. Html-құжаттың жалпы құрылымын анықтаңыз
- •34. Алгоритмдер типтеріне, қасиеттеріне, беру тәсілдеріне тоқталыңыз. Мысалдар келтіріңіз
- •35. Бульдік алгебраға түсініктеме беріңіз. Логикалық амалдарды атап, анықтама беріңіз.
- •37. Амалдық жүйеге анықтама беріңіз. Амалдық жүйелерді қызметтері мен түрлеріне қарай жіктеңіз
- •Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістерін анықтаңыз
- •Компьютерлік графиканың қолдану салалары туралы баяндаңыз
- •40) Бағдарламалау тілі (орыс. Язык программирования; гр. Programme - нұсқау, хабарлау) — хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы.
- •41 Б). Html тегімен қаріптердің қасиетін өзгерту. Мысалдар келтіріңіз
- •42. Б). Html тегімен фонға сурет қою. Мысалдар келтіріңіз
- •44. Html тегімен Web бетке сурет қоюды ұйымдастырыңыз
- •43. Html тегімен мәтіндерді түзету (оңға, солға, ортасына). Мысал келтіріңіз.
- •47. Html тегінің көмегімен жылжымалы мәтінге мысалдар келтіріңіз
- •48. Html тегімен мәтіндердің түсін, өлшемін өзгерту. Мысалдар келтіріңіз.
- •51. Б). Html тегінің жалпы құрылымы. Мысалдар келтіріңіз
- •52. Б). Html тегімен форма құру. Мысалдар келтіріңіз
1. Ақпарат ұғымын анықтаңыз. Үздіксіз және үзілісті ақпараттарды анықтаңыз. Ақпарадты кодтау. Ақпараттардың өлшем бірліктерін атап көрсетіңіз.
"Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан, мағынасында мәлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді. Бұл терминнің кең таралғанына қарамастан, ақпарат ұғымы ғылымдағы ең таласты ұғымдардың бірі болып отыр. Қазіргі кезде ғылым көпжақты ақпарат ұғымына тән, бірыңғай қасиеттер мен заңдылықтарды табуға тырысуда, бірақ бұл ұғым көптеген жағдайларда адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында өзіндік сипатымен қалып қоюда және әртүрлі мағыналармен толығуда .
қатынаста ақпарат деп, қандай да біреуді қызықтырушы, кез келген мәліметтерді немесе мағұлыматтарды атайды. Мысалға, қандай да бір оқиғалар, нендей де бір әс-ірекеттер т.б. туралы. "Ақпараттандыру" бұл мағынасында "бұрын белгісіз бір нәрсені хабарлауды" білдіреді;
техникада ақпарат деп, таңбалар мен белгілер формасында берілген хабарламаларды түсінеді;
кибернетикада ақпарат деп, білімнің бағдарлау, белсенді әрекет ету, басқару, яғни жүйелерді сақтау, жетілдіру, дамыту мақсатында қолданылатын бөлігін түсінеді. (Н. Винер).
Ақпарат – ғылым теориясының негізін салушы, ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру және сақтауға байланысты үрдістерді зерттеуші америка ғалымы Клод Шеннон, - ақпаратты біздің біліміміздің бірнәрсе туралы алған анықталмағандығы тұрғысынан қарайды.
Тағы бірнеше анықтамалары:
Ақпарат — бұл қоршаған ортаның объектілері және құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері мен күйлері туралы, олардағы анықталмағандық дәрежесін, білімнің толық еместігін кемітетін мәліметтер (Н.В. Макарова);
Ақпарат —бұл энтропияны жоққа шығару (Леон Бриллюэн);
Ақпарат — бұлқұрылым күрделілігінің өлшемі (Моль);
Ақпарат — бұләртүрліліктіңбейнеленуі (Урсул);
Ақпарат — бұлбейнелену үрдісініңмазмұны (Тузов);
Ақпарат — бұл таңдау ықтималдығы (Яглом).
Ақпарат туралы қазіргі ғылыми ұғымды кибернетиканың "әкесі" Норберт Винер өте дәл айқындап берді.
Ақпаратты бір формадан басқа формаға ауыстыру барысында кодтау болады. Кодтау құралы деп белгілер мен таңбалардан тұратын кестелерді айтамыз. Олардың арасында бір сәйкестік болуы керек.
Кодтау – бір таңбалар жүйесіндегі таңбалар немесе таңбалар тобының басқа таңбалар жүйесінің таңбалары немесе таңбалар тобына ауысу операциясы.
Ақпарат берілу, сигнал көмегімен жүретіні, ал сигналдың өзі уақыт ағымымен таратушының кейбір сипаттарының өзгерісі болып табылатыны айтылған. Оған қоса уақыт ағымымен бұл сипаттамалар өзгерісінің ерекшеліктеріне байланысты сигнал үздіксіз және дискретті болып екі түрге бөлінеді.
Егер сигнал параметрі белгісін Z – деп , уақытты t – деп белгілесек, онда байланысы Z(t) үздіксіз функция болады.
(a) үздіксіз сигнал (б) дискретті сигнал
Сурет 1.1 Үздіксіз және дискретті сигналдар.
Үздіксіз сигналдардың мысалы сөз және музыка, кескін, термометр көрсеткіші т.б.
Егер сигналдың параметрі бірнеше интервал шегінде белгінің соңғы санын қабыдай алса, диксретті сигнал болып табылады. Дискретті сигнал мысалы 1.1(б) суретінде көрсетілген. Дискретті сигналдарды анықтамада айтылғандай, параметрді (Z) дикретті және шеткі көптеген белгілері суреттеп түсіндіреді. Дискретті сигналдарды пайдаланатын қондырғылар мысалы сағаттар (электрондық және механикалық) сандық өлшеуіш құралдар, кітаптар, табло және т.б
Бит — өлшем бірліктің өте аз шамасы. Практикада көбінесе одан ірі бірлік — байт қолданылады, ол сегіз битке тең. Компьютер пернелеріндегі 256 символдың кез келген біреуін кодтау үшін дәл осы сегіз бит қажет (256=28).
Сол сияқты ақпараттардың одан да үлкенірек туынды бірліктері кеңінен қолданылады :
1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,
1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,
1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.
Соңғы уақытта өңделетін ақпараттар көлемінің ұлғаюына байланысты, қолданысқа мынандай туынды бірліктер де ене бастады:
1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,
1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт.
Ақпараттар бірлігі ретінде он тең ықтималдықтағы хабарламаларды ажыратуға қажетті, ақпараттар мөлшерін таңдап алуға да болатын еді. Бұл енді екілік емес (бит), ондық (дит) ақпарат бірлігі болады.
