Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уалиева шпор полный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230.93 Кб
Скачать

5. Ауыл шаруашылығында қолданылатын вирустық энтомопатогенді препараттар туралы түсінік беріңіз

Вирусты энтомопатогенді препарат.

Барлық энтомопатогенді препараттардың ішіндегі жәндік-қожайынға жоғары белсенділік көрсететін вирусты препарат болып табылады. Олар бір түрден көп емес зақымдайды. Олардың айқындалған белсенділігі вирустық препараттардың адам, флора мен фаунаға қауіпсіз екенін көрсетеді.Вирустар жағымсыз факторларға төзімділігімен ерекшеленеді. Ол жәндіктерден тыс белсенділігін 10-15 жыл сақтай алады. Жұқтыру зиянкестің қоректенуінен басталады. Жәндік ішегіне түскенде ph бұзылады. Босатылған вириондар ішек қабырғасынан жасушаға еніп,ядрода вирустардың репликациясы жүреді. Босатылған вирустар басқа жасушаларды зақымдап,нәтижесінде жәндік өлімге ұшырайды. Вирустардың ерекше қасиеті болып, олардың тек тірі жасушада көбеюі болып табылады.Бұл өндірістік жағдайларда қиындық туғызады,себебі олардың көбеюі үшін тірі жәндік қожайын керек.

Біздің елімізде 3 түрлі вирусты энтомопатогенді препарат шығару жүзеге асуда: вирин-ЭКС (орамжапырақты қалақтарға қарсы), ЭНШ (жібек құртына қарсы) және АББ (американдық ақ көбелекке қарсы).

Әрбір вирусты препараттарды өндіруде ең алдымен жәндік-қожайынды жасанды қоректік орталарда сұйылтады, ол олардың физиологиялық жақсы қалпында болуына ықпал жасайды. Белгілі бір дамудың сатысында(жұлдызқұрт сатысында) жәндіктің азығына вирусты суспензияны енгізу арқылы жұқтырады. Осы тұрғыда инокулятты бірнеше жұқтырылған дернәсілден алады. Содан соң жәндіктердің ұлпасында вирустардың максималды жиналуы үшін, нақты белгілі бір шартта ұстайды. 7-9 сағаттан соң өлі және жансызданған дернәсілдерді жинап алады,30-35С кептіреді және ұлпадан қосылыстарды бөліп алу үшін механикалық әдіспен үгітеді. Алынған массаға 1мл жұлдызқұртқа физиологиялық ерітінді немесе дистильденген су қосады, алынған жүзіндіні фильтрлейді.

Вирин-ЭКС полиэдр өндіруде фильтратты центрифугалап тұндырады. Тұнбаны белгілі мөлшерде дистильденген сумен суспензиялап,1мл-ге 1млрд. Полиэдр болатындай стерильденген глицерин қосып титрлейді. Дайын препараттарды флакондарға құяды. Вирин-ЭНШ өндіруде фильтратқа лактозаны қосып,сосын суспензия көлеміне сай 4:1 қатынаста ацетон араластырады. Содан кейін тұнбалық сұйықтықты төгіп, тұнбаны ацетон жойылғанша кептіреді. Егер препаратты ұнтақ ретінде шығаратын болса,құрғақ тұнбаны ұсақдисперсті толтырғышпен (каолин,мысалы) араластырып, 1гр-1млрд. Полиэдрқатынасында титр алынғанша толтырады.

Препараттың майлы түрін тұнбаны 1мл-2млрд. Полиэдр титріне дейін 50% залалсызданған глицерин ерітіндісінде диспергирлеу арқылы алады, сосын соляр майын біртекті көлемде құйып,араластырып,флакондарға құяды.Вирусты энтомопатогенді препараттарды зиянкес-жәндіктердің популяциясына полиэдрлерді енгізіп, оларды эпизотия пайда болуы үшін пайдаланады.Бұндай өңдеу жолы бірнеше көлемде препарат енгізілуімен көзделеді.Басқа жолмен қарасақ,шашу немесе тозаңдандыру шарасы жұқтырылған аймақта дернәсіл мен басқадаму сатылары жүргенде қолданылады.

6. Ауыл шаруашылығында қолданылатын микроскоптық саңырауқұлақтар негізіндегі энтомопатогенді препараттарға сипаттама беріңіз

Саңырауқұлақты энтомопатогенді препараттар.

Микроскопиялық саңырауқұлақ негізіндегі энтомопатогенді препараттар жәндіктерде микоз тудырады. Саңырауқұлақтардың қасиеттері:

Зақымдану кутикула арқылы жүреді;

Жәндіктер дамудың қуыршақтық және имаго кезеңінде жұқтырылады;

Өсудің жоғары қарқындылығы және жоғары репродуктивті қабілеттілігін спора түрінде табиғатта көп уақытқа дейін энтомопатогенді белсенділігін жоғалтпай тұрады;

Жоғары спецификалық,вируленттілік қасиеті саңырауқұлақ штамына байланысты.

Саңырауқұлақтық препараттардың жәндіктерге әсері спораның тері қабатынан дене қуысына өтуден басталады. Денеге түсіп спора гифаға өсіп, содан соң мицелийге дамып,нәтижесінде кониидиялар дамиды. Денеге тарап, конидиялар гемолимфада айналыста болады. Кейбір штаммдардың токсин бөлінуінен жәндіктер жұқтырылады. Токсин жоқтығында мицелий ақырындап жәндіктің денесіне тарала бастайды, ең әуелі бұлшық ет ұлпасы зақымдалады. Саңырауқұлақ барлық ұлпаны бұзғанша өсе береді. Кондионосицалар түзілуі мүмкін, ол кутикуламен өлі дернәсілді қамтиды.

Өндірісте жеке 3 түрлі штамм қолданылады: Боверия, Метаризиум, Энтомофтора. Біздің елімізде боверин препаратын Боверия бассиана негізінде өндіреді. Дайын препарат-кремді немесе ақ түсті ұнтақ. 1г-да 1,5-тен 6млрд.-қа дейін кондиоспора бар. Препарат жылуқанды жануарлар мен адамдарға қауіпсіз, өсімдіктерде күйік тудырмайды.

Боверинді беттік дақылдаумен қатар тереңдік дақылдаумен алуға болады. Бірінші әдісі күрделі және ұзақ, сондықтан маңызы шектеулі. Конидиоспораларды өндіруде сұйық ортада өсіру оңай жұмыс емес. Бұл әдістің кемшілігі, бұндай дақылдауда гонидиилер түзіп вегетативті көбейеді. Гонидиилер вируленттілігі жағынан конидиялардан кем емес, алайда кептіру барысында жоғары температураға төзімсіз. Дәстүрлі бүркігіш кептіргіште 90% гонидиспоралар және 20-30% конидиоспоралар жойылады. Мәселе қоректік орта таңдаумен қатар 90% өсірілген жасушалық конидиоспораға өтуіне жағдай жасайтын ферментация шартын орындаумен іске асады.

Боверинді тереңдік дақылдап алу технологиясы қарапайым деңгейлерді қамтиды. Қоректік орта пайызбен есептеледі: жемдік ашытқылар-2; крахмал-1; натрий хлориді-0,2; марганец хлориді-0,01; кальций хлориді-0,05. Соңғы компонент конидийдің жағымсыз әсерлерге төзімділігін арттырады, сондықтан оның болуы ауытқуы мүмкін (5%-ға дейін), ph-4,5-5,6 дақылдайды, температура 25-28С,3-4 тәулік бойы үздіксіз араластыру мен аэрация жағдайында жүргізіледі. Ортада амминді азот болу керек, себебі оның жоқтығынан өсу қарқындылығы бәсеңдейді және кондиоспоралардың түзілу пайызының артық болуы гонидийлердің түзілуіне әкеледі. Дақылдық сұйықтықты сепарациялап, фильтрлеп содан соң пастаны бүркігіш кептіргіште кептіреді.