Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уалиева шпор полный.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230.93 Кб
Скачать

28.Ризоплан мен ризосфера микроағзалары.Микоризаның түрлерін сипаттаңыз.

Ризосфера – топырақтың беткейіне жабысып тұратын топырақ бөлігі. Ол сумен араласқан, құрамында кварц құмы бар жиналған материалды 5 минут аралығында сілкіп тұрған кезде ажыратылады. Сұйық фазадағы микроорганизмдер саны ризосферадағы микроорганизмдер санын көрсетеді.

 Ризоплан — өсімдік тамырын ары қарай стерильді сумен сілку кезінде аламыз. Фильтратта микроорганиздер саны өсімдік тамырының беткейінде анықталады. Өсімдік тамырларының айналасындағы микроорганизмдерді ризосфералық микроорганизмдер деп атайды. Мұндай жағдайларды бүршақ тұқымдастарынан жиі кездестіруге болады. Ал ризосфера деп тамыр системасына нағыз таяу жатқан аймақты айтамыз. Өсімдік тамыры бүл микроорганизмдерді коректік заттармен камтамасыз етіп қана қоймайды, олардың барлық топтарына белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Сөйтіп тамыр айналасында микробтардың болуына байланысты өсімдіктердің тіршілігіне қолайлы жағдай да асалады. Тамыр айналасындағы топырақта органикалық заттар мол, сонымен қатар микроорганизмдер мен тамырлар бөліп шыға-ратын түрлі химияльгқ қосылыстар да болады. Бұл аймақта едәуір мөлшерде ферменттер, витаминдер, ауксиндер, кейбір амин қыш-кылдары кездеседі. Ризосфера микроорганизмдері тамыр айналасындағы органика-лық заттарды ыдыратып, өсімдіктердің тіршілігіне қажетті заттарға айналдырады. Тамыр сіңіретін қоректік заттар түгелімен дерлік микробтар тіршілігінің әрекеті нәтижесінде түзіледі. Сөйтіп тамыр мен микроорганизмдер арасында белгілі бір қарым-қатынас пайда болады. Мұның ауыл шаруашылығында зор маңызы бар. Ризосфера екі үлкен секторға бөлінеді: Шалғай ризосфера — үсақ тамыршалардан бастап радиусы бірнеше миллиметрден 50 см-ге дейінгі аймақты алып жатады.Таяу ризосфера •— деп үсак тамыршалармен түтасып жатқан аймақты айтады. Бүл аймақтағы микроорганизмдердің көптігі соншалық тамыршалар және оның түктері микробтан көрінбейді.Микробтардың бүлай шоғырлануы тамырдан олардың тіршілігіне қажетті заттардың бөлінуіне байланысты. Өсімдікте тіршілік процесі неғүрлым активті жүрсе, олардың тамырларынан бөлінетін заттардың мөлшері мен сапасы да соғүр-лым артады. Микроорганизмдер өсімдіктердің гүлдеу кезеңінде, гүлдеудің алдында ғана қаулап, дамиды. Өсімдік қурай бастағанда микроорганизмдердің саны да азайып кетеді.Өнімді жинап алғаннан кейін, егер топыракта ылғал жеткілікті болса, тамырға таяу ризосферадағы микроорганизмдердің тіршілігь кенет қаркынды дамиды. Өйткені өсімдік қалдыктары — тамыр системасы — ыдырай бастайды да, одан бәлінген заттар микроорга-низмдердің тіршілігіне қолайлы жағдай жасайды. Соның нәтиже-сінде ондағы микроорганизмдер антибиотиктерді, витаминдерді (соның ішінде В12 витаминін), органикалық қышқылдарды, түрлі ауксиндерді түзеді. Мүндай заттармен топырақтағы басқа микро-организмдер қоректеніп, олар да қаулагс, дамиды. Ризосфера мик-роорганизмдері өсімдіктерді қауіпті ауруларға шалдықтыратын паразит микробтармен күресіп, өсімдіктердің тамырын сақтап қалады. Бүл ризосфера микроорганизмдерінің тіршілігін қажет бағытқа өзгертуге мүмкіндік береді. Ризосфера микроорганизмдерінің ішін-де кебірек таралғандары спора түзбейтін бактериялар; азотобактериялар, түйнек бактериялары, аммонификациялаушы, денитрификациялаушы т. б. организмдер. Тамырға жуық топырактардың бір грамындағы олардың саны миллиардқа жетеді. Мәселен, шымды-күлгін топырақта өскен бидай ризосферасынан микроорганизмдердің толып жатқан топтарын кездестіруге болады . Соңғы жылдары өсімдікпен қауымдастырылған микроорганизмдер зерттеу объектісіне айналды. Қазіргі таңда ризобактериялардың рөлі көптеген ауылшаруашылық өсімдіктері үшін маңызды. Тамыр клеткаларында кездесетін түрлі қосындылардың активті секрециясы микроорганизмдерді қоректік субстратпен қамтамасыз етеді. Олар бір-бірімен тамыр ұлпасының ішінде де, тамыр беткейінде де (ризопланда), сонымен қатар тамырды қоршап жататын топырақта да (ризосфера) қауымдастық құрайды. Ризосферада өсімдіктердің пайдалы бактериялармен қарым-қатынасын зерттеу үшін ризобактериялар өсімдіктермен жаңа қасиеттерге ие бірыңғай өсімдік – микробты жүйе (қауымдастық) құрады деген концепция тиімді. Түзілетін эктосимбиозда тамырлы экссуданттар субстрат және кейбір микробты қауымдастық топтарының өсу факторы болып табылады, олар антифитопатоген, өсімдік метаболизмінің керексіз заттарын пайдаланатын, топырақтағы микроорганизмдердің ортақ концентрациясын реттеуші, қозғалғыштықты реттеуші және агроэкожүйедегі минералды қосылыстардың айналымын реттеуші болып табылады. Бұл өсімдіктің минералды қоректенуі кезінде, фитогормондардың жергілікті өнімдері әсерінен қожайынның доминантты симбионтпен серіктестігі қарқынды түрге айналған кезде, өсімдікті тікелей фитопатогеннен қорғау кезінде байқалады.