Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уалиева шпор полный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230.93 Кб
Скачать

45. Антибиотиктер классификациясы және олардың әсер ету механизмдеріне түсінік беріңіз.

“Антибиотик” терминінің заманауи анықтамасын М.М.Шемякин және А.С.Хохлов ашқан (1961),олардың ойынша антибиотиктер деп микроорганизмдердің өсуі мен дамуын тежейтін барлық организмдердің зат алмасу өнімі деді.

Жемдік антибиотиктер, фитопатогендерге қарсы антибиотиктер, биостимуляторлар, тағамдық консерванттар.

Антибиотиктерді бірнеше мақсатта пайдаланады:

-жануарлар ауруларымен күресуде;

-өсімдік ауруларымен күресуде;

-жануарлардың өсу стимуляторы негізінде;

-тағамдарды консервілеуде;

-ғылыми зерттеулерде (биохимия, молекулалық биология, генетика, онкология салаларында).

Химиялық құрылым антибиотиктердің тек санаулы түріне ғана тән, немесе олардың біразы ғана химиялық жолмен алынған. Антибиотиктердің микроорганизмдермен синтезделуі- антагонизм түріне байланысты, эволюция барысында қалыптасқан зат алмасуға байланысты. Басқа микробтық жасушаға әсер еткенде,антибиотик оның дамуын тежейді. Кейбір антибиотиктер бактерияның көбеюі барысында бактериялық жасушаның қабығының синтезін тежесе,басқалары цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін өзгертеді, кейбіреулері зат алмасу реакциясын ингибирлейді. Антибиотиктердің әсер ету механизмі толықтай белгілі емес. Көп жылдардан бері антибиотиктерді ауылшаруашылық өсімдіктер,жануарлардың,құстардың өсу стимуляторы,өсімдік ауруларымен күресу, басқа микрофлорамен ашыту өндірісі,тағамдық өнімдер консерванттары ретінде пайдаланған. Жануарлардың организміне антибиотиктің стимулдық әсері екі факторға байланысты деп болжайды:

-ішек микрофлорасына әсерінен;

-жануарлар организміне тікелей әсерінен;

Бірінші жағдайда антибиотиктер организмнің зиянды микроорганизмдерін жойып, пайдалысын көбейтеді. Екінші жағдайда-ішектің ph-ын бәсеңдетеді, организм жасушасының тез бөлінуі үшін беткейлік керілуін азайтады. Одан басқа, антибиотиктер организмнің жағымсыз әсерлерге жауап беруші өсу гормондарының мөлшерін жоғарылатыды. Жемдік антибиотиктерді – антибиотиктен басқа аминқышқылдары, ферменттері, B тобындағы витаминдері және басқа да биологиялық белсенді заттары бар продуценттің кептірілген массасын сипаттайтын тазаланбаған препарат негізінде қолданады.

Барлық өндірілетін жемдік антбиотиктер:

-терапевтикалық мақсатта қолданылмайды және бактериялардың антибиотикке айқаспалы төзімділігін тудырмайды, медицинада қолданылады;

-іс жүзінде асқорыту жолынан қанға қанға сіңірілмейді;

-аллергия тудыратын антигенді табиғаты жоқ.

Қазіргі таңда бірнеше түрлі жемдік антибиотиктер шығарылуда: хлортетрациклин негізіндегі препарат (биовит, жемдік биомицин), бацитрацин, гризин, гигромицин Б және т.б. Осы препараттардың ішінен бацитрацин Бациллус лихениформис-ті тереңдік дақылдаудан алынған кептірілген дақылдық сұйықтықты сипаттайды.Ал қалған түрлері Актиномицес-тің әртүрлерінің тіршілік өнімдері болып табылады.

Антибиотиктерді әртүрлі фитопатогендермен күресуде пайдаланады. Оның әсері өсімдіктердің вегетативті мүшелерінде кездесетін фитопатогенді микроорганизмдердің өсуін бәсеңдету мен өліміне әкеледі. Бұндай антибиотиктерге фитобактериомицин, трихотецин, полимицин жатады.

Антибиотиктерді тағамдық мақсатта қолдану өнімдерді консервілеу кезінде өнімнің термоөңдеуден өтуін қысқартады.Қолданыстағы антибиотиктер жылуға төзімді клостридиальды және термофильді бактерияларға әсер етеді.Ең өзектісі болып термоөңдеу уақытын қысқартатын және адамға токсикалық әсері жоқ низин табылады.