- •2. Бос тіршілік ететін, қауымдасып тіршілік ететін және симбиотикалық азотфиксаторларға сипаттама беріңіз.
- •3. Табиғаттағы азот айналымындағы микроорганизмдердің рөліне сипаттама беріңіз.
- •4. Минерализация, нитрификация процестерінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
- •5. Ауыл шаруашылығында қолданылатын вирустық энтомопатогенді препараттар туралы түсінік беріңіз
- •6. Ауыл шаруашылығында қолданылатын микроскоптық саңырауқұлақтар негізіндегі энтомопатогенді препараттарға сипаттама беріңіз
- •7. Түйнек бактериялары негізіндегі бактериялық препараттар, нитрагин және ризоторфин алу технологиясын келтіріңіз
- •8. Түйнек бактерия препараттарын алу технологиясын түсіндіріңіз
- •9. Azotobacter chroococcum топырақ микроорганизмі негізінде жасалған бактериялық тыңайтқыш, азотобактерин препаратын жасау технологиясына тоқталыңыз
- •10. Микроорганизмдердің сыртқы орта факторларына қатысын түсіндіріп беріңіз.
- •11. Микроорганизмдердің ортаның қышқылдығы, су режимі, температура, қысым, химиялық заттар, радиацияға тәуелділігіне жалпы анықтама беріңіз
- •12. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері және ауларымен күресу үшін микроорганизмдерді және микробтық препараттарды пайдалану туралы анықтама беріңіз.
- •13.Прокариоттардың метоболизмі және оның ерекшелігіне тоқталыңыз.
- •14.Өсімдіктердің зиянкестері және аурулармен күресу үшін микроорганизмдерді қолданудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •15.Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын қорғайтын және стимулдайтын әсері бар биопрепараттарды жасау технологиясына тоқталыңыз.
- •16.Аммиактың азотты және азот қышқылына дейін тотығуы. С.Н.Виноградскийдің еңбектері және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •17.Аэробты жағдайда целлюлозаны ыдырататын микроағзаларды атаңыз және оның маңыздылығын атаңыз.
- •18.Күкірт қосылыстарының микроағзалармен айналымын сипаттаңыз.
- •19.Ауыл шаруашылығында қолданылатын бактериялар негізіндегі тыңайтқыштарға сипаттама беріңіз.
- •20.Микроорганизмдердің сыртқы ортаның факторларына қатысы.Микроорганизмдердің ортаның қышқылдығы, су режимі,температура, қысым, химиялық заттар,радиацияға тәуелділігіне тоқталыңыз.
- •21.Аммонификация процесі және оның ерекшелігін сипаттап жазыңыз.
- •22.Азоттың биологиялық жолмен тотықсыздануы кезегіндегі нитрогеназа ферментінің маңызын түсіндіріңіз.
- •23.Заттар айналымындағы темір бактерияларына сипаттама беріңіз.
- •24.Антибиотик терминіне сипаттама беріңіз және олардың түрлерін атаңыз.
- •25.Топырақ микроорганизімдеріне сипаттама беріңіз,олардың ерекшелігіне тоқталыыз.
- •26.Биологиялық белсенді заттармен өсімдіктердің өсуін стимуляциялауды сипаттаңыз.
- •27.Ауыл шаруашылығында өсірілетін өсімдіктер мен дәнді дақылдардың өсуін стимуляциялау жолдарын атап көрсетіңіз.
- •28.Ризоплан мен ризосфера микроағзалары.Микоризаның түрлерін сипаттаңыз.
- •29.Топырақ микроорганизімдерінің құрамын анықтау тәсілдерін көрсетіңіз.
- •30.Заттар мен энергия айналымындағы микробиологиялық топырақтағы процестерді сипаттаңыз.
- •33.Атмосферадағы молекулалық азоттың биологиялық фиксациясы.Күкірт,фосфор,темір және басқа элементтер қосылыстарының микроағзалармен айналымын сипаттап берңіз.
- •34.Бактериальді энтомопатогенді препараттар мен вирустық препараттарды алу технологиясын,айырмашылықтары мен ұқсастықтары түсіндіріңіз.
- •35.Микроорганизімдердің негізгі топтары және топырақтағы микробтық кешен туралы түсіндіріп беріңіз.
- •37. Целлюлозаны ыдыратушы актиномицеттер мен саңырауқұлақтар туралы сипаттама жазыңыз.
- •38. Ақуызды заттар мен органикалық азотқосылыстарының аммонийлануын түсіндіріп беріңіз
- •39. Микроорганизмдердің тірі өсісдіктердің тамыр жүйесі: ризосфера мен ризопланмен қауымдастығын сипатта
- •40. Прокариоттардың клетка қабықшасының ерекшелігін сипаттап, түсіндіріңіз.
- •41. Фирмукаттар мен грациликуттар клетка қабықшасын сипаттап, түсіндіріңіз.
- •45. Антибиотиктер классификациясы және олардың әсер ету механизмдеріне түсінік беріңіз.
- •46. Микробты дақылдауда қолданылатын шикізат көздеріне тоқталыңыз.
- •47. Микробтық иммунобиологиялық препараттар алу технологиясын сипаттаңыз.
34.Бактериальді энтомопатогенді препараттар мен вирустық препараттарды алу технологиясын,айырмашылықтары мен ұқсастықтары түсіндіріңіз.
Бактериялар негізіндегі энтомопатогенді препараттар
Ауылшаруашылығына шығарылатын препараттарды 3 топқа бөледі:
энтомопатогенді препараттар;
бактериальды препараттар;
антибиотиктер;
Энтомопатогенді препараттар
Отандық биотехнологиялық өндіріс энтомопатогенді препараттардың 3 тобын шығарады:
1. Бациллус турингиенсис негізіндегі бактериальды препараттар- энтобактерин-3, дендробациллин,инсектин,токсобактерин.
2. Боверия бассиана негізіндегі саңырауқұлақтық препарат.
3. Ядролық полиэдр вирусы негізіндегі препараттар(вирин-ЭНШ, вирин-ЭКС және т.б).
Барлық микробты патогендер суда еритін ұнтақтар, паста, гранула, эмульсия, гранула, кристалл ретінде шығарылады. Тікелей қолданған кезде, еріткіштер және олардың тиімділігін жоғарылататын әртүрлі қоспаларды қолдану керек деген болжам бар.
Бактериальды энтомопатогенді препараттар алу технологиясы. Өндірістік жағдайда микробтық патогендерден кең таралғандары бактериальды препараттар болып саналады. Олардың ерекше қасиеті: зиянкес-жәндіктерге қарсы жоғары вируленттілігі, қоршаған ортаға соның ішінде флора мен фаунаға қауіпсіздігі, зиянкестерге қарсы әсерінің қарқындылығы болып табылады. Қазіргі кезде жәндіктерге қарсы 160-тан астам препараттар шығарылады.
Барлық энтомопатогенді бактериялар ішінен кең ауқымда зерттелінгені грам оң бактериялар Бациллус турингиенсис болып саналады.Ол ішке енгеннен кейін жәндікті жою мен қатар, бірқатар токсикалық өнімдер шығарады.Осы токсикалық өнім ішінен 4 компонентті бөліп алады:
-α-экзотоксин, немесе С фосфолипаза- бактериялардың өсіп келе жатқан жасушаларының өнімі. Ферменттің токсикалық әсерін жәндік ұлпасындағы алмаспайтын фосфолипидтердің ыдырауымен байланыстырады. Соның нәтижесінде соңғысы өлімге ұшырайды.
- β- экзотоксин – жасушалардың өсуі кезінде культуральдық сұйықтықта жинақталады.β- экзотоксин токсин молекуласы аллослизді қышқылмен рибоза және глюкоза арқылы байланысқан нуклеотидтерден тұрады деп санайды. Оның әсері, шамасы, АТФ- пен байланысқан ДНҚ-ға тәуелді РНҚ-полимераза мен нуклеотидазаның тежелуі арқылы жүреді. Соның нәтижесінде РНҚ синтезі тоқталады. Басқа токсиндерге қарағанда баяу әсер етеді, көбінесе дамудың бірінші циклынан басқа циклға көшумен жүреді. Бақылаулар бойынша β- экзотоксин- дарақтардың генетикалық аппаратын бұзатын мутаген.
-γ-экзотоксин- аз зерттелген коспонент,идентифицирленбеген фермент(немесе ферменттер тобы).
-δ-эндотоксин-параспоральды кристалды эндотоксин.Бактериялардың споруляциясы нәтижесінде бактериялардың спора бөлігіне қарама-қарсы түзіледі. Спора түзілудің соңғы деңгейінде тосин 8-граналы кристалды формаға ие болады. Кристалдар ақуыздан тұрады, аминқышқылды құрамы әртүрлі штаммдарға жақын. Сезімтал жәндіктердің ішінде кристалдық ақуыз протоксин молекуласына ыдырайтыны дәлелденген. Протоксин протеиназалар әсерінен токсикалық фрагменттерге ыдырайды. Кристалдың сезімтал жәндіктерге әсерінің ерекшелігі арнайы ішек протеазаларының болуымен байланысты, олар кристалдық In vivo гидролизін қамтамасыз етеді. Бұндай протеазалар барлық жәндіктерде болмайды, сондықтан δ-токсин әсері таңдаулы. Жәндіктің көзін жою үшін кристалл оның организміне ену керек. Кристалл ішке енгеннен соң жұлдызқұрт қоректенбейді. δ-токсиннің біріншілік әсер ететін орны болып ішек бөлімінің ортасы болып табылады.
Реакция тәуелділігіне байланысты жәндіктер 3 топқа бөлінеді:
- Жалпы сал болу;
- Ішектің орта бөлімінің сал болуы;
- Жалпы препаратқа деген реакция: споралардың жетілуі мен бактериялардың көбеюінен өлімге ұшырау;
Бациллус турингиенсис бактериялары 130 түрлі жәндіктерге антагонистті болады. Ең жоғарғы тиімділігі жапырақкеміргіш зиянкестерге қарсы осы топтағы препаратты қолдану кезінде байқалады. Әртүрлі вариациядағы Бациллус турингиенсис негізіндегі ең кең таралған препараттар:энтобактерин,инсектин,алестин,экзотоксин,токсобактерин,дендробациллин,битоксибациллин.
Энтомопатогенді бактерияларды өндірістік өндіру тереңдік дақылдаумен жасалынады. Бұл реттегі міндет дақылдық сұйықтықтағы максималды жасуша титрі мен токсин жинақтау. Энтомопатогенді бактериялардың өндірістік штаммдарына қойылатын талаптар: жоғары вируленттілік,өндірістік орталардағы өнімділік, фагтардың кешеніне төзімділік және т.б. Технологиялық өндіру, әдеттегі кез-келген биотехнологиялық өндірулердің барлық деңгейлерін қамтиды. Дақылдаудың барлық деңгейлерін бірқалыпты температурада ұстап тұрады.(28-30C), ферментацияның ұзақтығы 35-40 сағат. Ашытқылы-полисахаридті ортаны қолданады, пайызбен: жемдік ашытқы-2-3; жүгері ұны-1-1,5; кашалот майы-1. Дақылдау барысындағы ph-6,3 құрайды, ферментация соңында 8,0-8,5-ке дейін көтеріледі, нәтижесінде кристалдың ұсақ фрагменттерге ыдырауы мен оларды бөліп алуына қиындық тудыруы мүмкін. Бұны алдын-алу үшін, ең алдымен дақылды сұйықтықты өңдемес бұрын 6,0-6,2 дейін қышқылдандырады. Дақылдауды сепарациялаудың 90-95%-да және титрдегі спора кем дегенде 1 мл 109 болғанда аяқтайды.Дақылды сұйықтықтың сепарациясынан соң 85% ылғалдықта паста алады. 1 кубметрде 100кг дақылдық сұйықтық пен титрін алады. Фугатты қоректік орта дайындау үшін пайдалануға болады, кем дегенде 1-2 рет,себебі дақылдық сұйықтықта дақылдың дамуын тежейтін заттар жиналады. Фугатты көбінесе жемдік азық дайындауда шикізат ретінде пайдаланады, ол өнеркәсіптік ағын суларды қысқарту мен су шығынын азайтады. Пастаны жарты сағат бойы споралар мен кристалдарды біртекті бөлу үшін араластырады және сынамаларды титрді, ылғалдықты, вируленттілігін және фагтардың барын білу үшін алады.
Соңғы өнім-суда ерігіш ұнтақ немесе қалыптандырылған паста. Алғашқысын бүркігіш кептіргіште ылғалданған пастаны кептіру жолымен алады. Дайын препаратты 20кг-нан төртқабатты крафт-қаптарға полиэтиленді қосымша парақпен салады.Екіншісін- КМЦ патасына енгізумен. Ығысудан КМЦ молекуласы ақуыздық споралар мен кристалдар жинақтайды, оларды теріс зарядтайды, нәтижесінде біртекті бөлінуімен жарамдылық мерзімін жоғарылатады. Дайын препарат- кремді немесе ашық сұр түсті тұтқыр сұйықтық, иісі жоқ,сақтағанда қатпайды. Препарат бау-бақшаны зиянкестермен күресуде пайдаланылады. 60 түрлі зиянкестерге қарсы тиімді. Зиянкестің белсенді өсуікезінде өсімдікке сулы эмульсияны себу арқылы қолданады.Зиянкестердің негізгі массасы 2-10 күнде жойылады. 1 га шығындайды: көкөністік дақылдарға-1-3кг;бақтарға-3-5кг.
