- •2. Бос тіршілік ететін, қауымдасып тіршілік ететін және симбиотикалық азотфиксаторларға сипаттама беріңіз.
- •3. Табиғаттағы азот айналымындағы микроорганизмдердің рөліне сипаттама беріңіз.
- •4. Минерализация, нитрификация процестерінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
- •5. Ауыл шаруашылығында қолданылатын вирустық энтомопатогенді препараттар туралы түсінік беріңіз
- •6. Ауыл шаруашылығында қолданылатын микроскоптық саңырауқұлақтар негізіндегі энтомопатогенді препараттарға сипаттама беріңіз
- •7. Түйнек бактериялары негізіндегі бактериялық препараттар, нитрагин және ризоторфин алу технологиясын келтіріңіз
- •8. Түйнек бактерия препараттарын алу технологиясын түсіндіріңіз
- •9. Azotobacter chroococcum топырақ микроорганизмі негізінде жасалған бактериялық тыңайтқыш, азотобактерин препаратын жасау технологиясына тоқталыңыз
- •10. Микроорганизмдердің сыртқы орта факторларына қатысын түсіндіріп беріңіз.
- •11. Микроорганизмдердің ортаның қышқылдығы, су режимі, температура, қысым, химиялық заттар, радиацияға тәуелділігіне жалпы анықтама беріңіз
- •12. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері және ауларымен күресу үшін микроорганизмдерді және микробтық препараттарды пайдалану туралы анықтама беріңіз.
- •13.Прокариоттардың метоболизмі және оның ерекшелігіне тоқталыңыз.
- •14.Өсімдіктердің зиянкестері және аурулармен күресу үшін микроорганизмдерді қолданудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •15.Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын қорғайтын және стимулдайтын әсері бар биопрепараттарды жасау технологиясына тоқталыңыз.
- •16.Аммиактың азотты және азот қышқылына дейін тотығуы. С.Н.Виноградскийдің еңбектері және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •17.Аэробты жағдайда целлюлозаны ыдырататын микроағзаларды атаңыз және оның маңыздылығын атаңыз.
- •18.Күкірт қосылыстарының микроағзалармен айналымын сипаттаңыз.
- •19.Ауыл шаруашылығында қолданылатын бактериялар негізіндегі тыңайтқыштарға сипаттама беріңіз.
- •20.Микроорганизмдердің сыртқы ортаның факторларына қатысы.Микроорганизмдердің ортаның қышқылдығы, су режимі,температура, қысым, химиялық заттар,радиацияға тәуелділігіне тоқталыңыз.
- •21.Аммонификация процесі және оның ерекшелігін сипаттап жазыңыз.
- •22.Азоттың биологиялық жолмен тотықсыздануы кезегіндегі нитрогеназа ферментінің маңызын түсіндіріңіз.
- •23.Заттар айналымындағы темір бактерияларына сипаттама беріңіз.
- •24.Антибиотик терминіне сипаттама беріңіз және олардың түрлерін атаңыз.
- •25.Топырақ микроорганизімдеріне сипаттама беріңіз,олардың ерекшелігіне тоқталыыз.
- •26.Биологиялық белсенді заттармен өсімдіктердің өсуін стимуляциялауды сипаттаңыз.
- •27.Ауыл шаруашылығында өсірілетін өсімдіктер мен дәнді дақылдардың өсуін стимуляциялау жолдарын атап көрсетіңіз.
- •28.Ризоплан мен ризосфера микроағзалары.Микоризаның түрлерін сипаттаңыз.
- •29.Топырақ микроорганизімдерінің құрамын анықтау тәсілдерін көрсетіңіз.
- •30.Заттар мен энергия айналымындағы микробиологиялық топырақтағы процестерді сипаттаңыз.
- •33.Атмосферадағы молекулалық азоттың биологиялық фиксациясы.Күкірт,фосфор,темір және басқа элементтер қосылыстарының микроағзалармен айналымын сипаттап берңіз.
- •34.Бактериальді энтомопатогенді препараттар мен вирустық препараттарды алу технологиясын,айырмашылықтары мен ұқсастықтары түсіндіріңіз.
- •35.Микроорганизімдердің негізгі топтары және топырақтағы микробтық кешен туралы түсіндіріп беріңіз.
- •37. Целлюлозаны ыдыратушы актиномицеттер мен саңырауқұлақтар туралы сипаттама жазыңыз.
- •38. Ақуызды заттар мен органикалық азотқосылыстарының аммонийлануын түсіндіріп беріңіз
- •39. Микроорганизмдердің тірі өсісдіктердің тамыр жүйесі: ризосфера мен ризопланмен қауымдастығын сипатта
- •40. Прокариоттардың клетка қабықшасының ерекшелігін сипаттап, түсіндіріңіз.
- •41. Фирмукаттар мен грациликуттар клетка қабықшасын сипаттап, түсіндіріңіз.
- •45. Антибиотиктер классификациясы және олардың әсер ету механизмдеріне түсінік беріңіз.
- •46. Микробты дақылдауда қолданылатын шикізат көздеріне тоқталыңыз.
- •47. Микробтық иммунобиологиялық препараттар алу технологиясын сипаттаңыз.
3. Табиғаттағы азот айналымындағы микроорганизмдердің рөліне сипаттама беріңіз.
Азот қосылыстарының айналымына қатысатын микроорганизмдер
Азот - өсімдіктердің өсіп өнуіне қажет негізгі элемент. Табиғаттағы азот қосылыстарының айналымы микроорганизмдердің тіршілік әрекетінің нәтижесі болып табылады. Азот айналымы өзара байланысты бірқатар үрдістерден тұрады: молекулярлы азоттың биологиялық сіңіруі, аммонификация, нитрификация, денитрификация. Азотфиксациялаушы бактериялар.Азотфиксация – организмдердің молекулярлы азотты пайдаланып, одан клетканың барлық азот қосылыстарын құру қабілеттілігі. Бұл қабілеттілік топырақ пен суда бос тіршілік ететін көптеген микроорганизмдерге тән. Бактериялардың азотты сіңіруін екіге бөледі: симбиозды және симбиозды емес. Симбиозды емес азот сіңіруін еркін тіршілік ететін аэробты және анаэробты бактериялар жүзеге асырады. Аэробты белсенді түрлер Azotobacter, Klebsiella, Azospirillum туысына жатады. Олардың негізгі тіршілік ету ортасы - топырақ және өсімдік ризосферасы. Анаэробты азот сіңіруін суқоймаларда аноксигенді фотосинтездеуші бактериялар, ал топырақта анаэробты клостридиялар - Clostridium pasterianum жүзеге асырады. Негізгі симбиозды азотсіңірушілерге Rhizobium туысының бактериялары жатады, олар бұршақ тұқымдас өсімдіктермен селбесіп тіршілік етеді. Азоттың көп мөлшері (60%) жер беті экожүйесінде шоғырланған: жайылымдық, орман және шөлейт жерлерде, су экожүйесінде 40% молекулярлы азот сіңіріледі. Молекулярлы азотты сіңіретін микроорганизмдерді диазотрофтар деп атайды. Олардың барлығы молекулярлы азотты ауадан фиксациялауда ұқсас биохимиялық механизмге ие. Оның негізі келесі теңдік бойынша N2 тотықсыздану үрдісінде жатыр.Аммонификациялаушы бактериялар. Трофикалық тізбек арқылы органикалық азот жануарларға беріледі. Жануарлар тіршілік барысында азотты аммиак (омыртқасыздар), несеп қышқылы және зәр (омыртқалылар) түрінде бөледі, оларды уробактериялар ыдыратады. Ал азоттың көп мөлшері тек өсімдік пен жануарлар өлгеннен соң бөлінеді. Өлі органика көптеген аммонификациялаушы микроорганизмдер көмегімен деградацияланады. Азоты бар органикалық заттарды микроорганизмдер минерализациялап, аммиакқа дейін ыдыратады. Бұл процестер аммонификация деп аталады. Оларды әр түрлі микроорганизмдер тобы жүзеге асырады. Микроорганизмдер тіршілігі барысында органикалық азот қосылыстарының көп мөлшері қарашірік күйінде топырақта сақталады. Аммонификация үрдісі нәтижесінде планета өсімдік, жануарлар және микроорганизмдер қалдықтарынан тазартылады. Аммонификациялауға көптеген споратүзуші және спора түзбейтін бактериялар, әртүрлі актиномицеттер және мицелиальды саңырауқұлақтар қабелітті. Бірақ бір ғана белокті қолдануға қабілетті бактериялар аз. Көптеген амонификаторлар – көп мөлшерде әртүрлі заттарды қолданатын полифагтар. Барлық аммонификаторлар ортаға белоктарды аминқышқылдарына дейін гидролиздейтін протеолитикалық ферменттер бөліп шығарады. Пайда болған аминқышқылдарын аммонификаторлар конструктивті және энергетикалық процестерде қолданады. Белокты ыдыраудың негізгі өнімдері: NH3 және H2S. Белоктардың ыдырауы аэробты және анаэробты жағдайда өтеді. Аэробты жағдайда құрамында азоты бар органикалық қосылыстарды Bacillus, Pseudomonas, Enterobacteriaceae туысының өкілдері, әртүрлі актиномицеттер мен мицелиалды саңырауқұлақтар ыдыратады. Анаэробты аммонификацияны Clostridium туысының кейбір өкілдері жүзеге асырады. Ауаның мөлшері шектеулі жағдайда аммонификацияны факультативті анаэробты бациаллалар мен бактериялар жүзеге асырады. Нитрификация деп аммиактың азот қышқылына дейін тотығуын атайды. Үрдіс нәтижесінде микроорганизмдер өзінің тіршілігіне қажетті энергия көзін алады. Тотығу көмірқышқылының ассимиляциясымен қатар жүреді. бұл процесті жүзеге асыратын микроорганизмдер хемолитоавтотрофтыларға және қатаң аэробтыларға жатады. Бірінші, аммиактың нитритке дейін тотығуы, оны нитрозды бактерия топтарының өкілдері: Nitrosomonas, Nitrosocystis, Nitrosococcus, Nitrosolobus, Nitrosospira жүзеге асырады. Бұл бактериялардың барлығы физиология – биохимиялық қатынаста бір біріне ұқсас, бірақ морфологиялық белгілерімен клетка құрылымы бойынша ерекшеленеді. Nitrosomonas туысының өкілдері эндоспора түзбейді, клеткалары ұсақ эллипс тәрізді. Nitrosomonas сұйық дақылдарында дамуы жағдайларға байланысты бірнеше кезеңнен өтеді. Негізгі екі кезең:, бір немесе бірнеше талшықтары болатын жылжымалы және зооглейлі. Зооглей қозғалмайтын клеткалардан тұрады. Нитрификацияның екінші кезеңі нитритті нитратқа дейін тотықтырады. Бұл процестің негізгі қоздырғыштары Nitrobacter winogradskyi, N. agilis, Nitrospina gracilis, Nitrococcus mobilis. Nitrobacter клеткалары полиморфтылығымен ерекшеленеді: дақылдар ішінде дөңгелек таяқша тәрізділер, бұршақ тәрізділер, жұмыртқа тәрізділер, және алмұрт тәрізді формалары, жылжымалы және жылжымайтын түрлері кездеседі. Бұл олардың бүршіктенетін бактерияларға сәйкес белгелі даму циклының болуымен байланысты. Қолайсыз жағдайларда Nitrobacter зооглея түзеді. Зооглеяның түзелуі Nitrosocystis туысының негізгі ерекшеліктері. Nitrospina gracilis тік, нәзік таяқша 0,3-0,4х2,7-6,5 мкм, кейде сфералық қозғалмайтын түрлеріде кездеседі. Nitrococcus mobilis дөңгелек 1,5 мкм, бір- екі талшықты клеткалар..Денитрификациялаушы бактерияларДенитрификация деп нитраттардың молекулярлы азотқа дейін СО2және Н2О бірге бөліп тотықсызданатын микробиологиялық процесті атайды. Сутектің соңғы акцепторы ретінде NO3- қызмет етеді. Органикалық субстраттарды тотықтыру кезінде бөлінетін энергияны микроорганизмдер тіршілік барысында қолданады. Денитрификация аэробты және анаэробты жағдайда өтеді. Оттегі жоқ жағдайда оттегі бар ортамен салыстырғанда қарқынды жүреді. Денитрификация процесін жүргізетін микроорганизмдер табиғатта көп кездеседі. Олардың көпшілігі Pseudomonas, Achromobacter, Micrococcus (Ps.aeruginosa, Ps.denitrificans, Ps.fluorescens, Achr.stutzeri, Micrococcus denitrificans)сонымен қатар Bacillus туысының өкілдеріде кездеседі, мысалы, Bacillus licheniformis. Денитрификаторлар хемоорганогетеротрофтылар, факультативті анаэробтар. Аэробты жағдайда органикалық заттардың тотығуы кезінде сутектің соңғы акцепторы ретінде ауадағы оттекті пайдаланады.Денитрификациялаушы бактериялардың су тоғандарында массалы дамуы кезінде ортадағы фитоплактонның дамуына қажетті судағы еріген тұздар толығымен жойылып, көптеген балдырлар қолдана алмайтын молекулярлы азотқа айналады.
