- •1.Топырақ зерттеудің қысқаша тарихы. Топырақты зерттеу әдістеріне және ғалымдардың еңбектеріне шолу жасаңыз
- •2.Топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерін сипаттаңыз.
- •3.Топырақ гигиенасы. Топырақтың механикалық және физикалық қасиеттерін сипаттаңыз.
- •4.Жер қыртысының гиохимиялық құрмы және токсикологиялық маңыздылығын тусіндірініз
- •5.Топырақ түрлері,физика-химиялық қасиеттері және биологиялық маңызы.Топырақтың эпидемиологиялық маңызын түсіндіріңіз.
- •6.Топырақтың өзін өзі тазалауы және жер қыртысын санитарлы қорғау мәселелерін сипаттаңыз
- •8. Топырақтың жалпы микрофлорасының қалыптасуы және түрлерін сипаттап беріңіз.
- •9. Топырақ микрофлорасы. Топырақта кездесетін патогенді микрооргнаизмдердің түрлеріне тоқталыңыз.
- •10. Топырақта кездесетін патогенді микрооргнаизмдерді биологиялық бақылау әдістеріне шолу жасаңыз.
- •12.Санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер және олардың топырақты ластау сипаттамасын беріңіз.
- •16. Химиялық заттармен ластанған ауылшаруашылығына арналған топырақты бағалаудың әдістерін атаңыз.
- •21.Топырақтың түзілуі процесстерінің және оларға әсер ететін факторларға сипаттама берініз.
- •23. Топырақтың санитарлы бактералогиялық көрсеткіштерін анықтап берініз.
- •24. Топырақтың санитарлы-гигиеналық бағалаудың сапалық көрсеткіштерін анықтаңыз.
- •25.Топырақта кездесетін патогенді микроорганизмдердің негізгі түрлері және эпидемиологиялық рөлін түсіндірініз.
- •26.Топырақтағы табиғи тазарту процестері.Топырақтағы кездесетін қоздырғыштардың биологиясына тоқталыңыз.
- •27.Санитарлы көрсеткішті микроорганиздердің негізгі топтарына сипаттама берініз
- •1.Кесте Патогенді микробтар және топырақта анықталуы
- •29. Топырақтың химиялық құрамының гигиеналық сипаттама берініз
- •30. Топырақтың ластану жолдарының ластағыштарын тусіндіріп берініз
- •31. Топырақтың физикалық химиялық ластағыштарына сипаттама берініз
- •32.Топырақта кездесетін патогенді микро дің негізгі топторы эпидемиологиялық манызы
- •34. Санитарлы зпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыруда қолданатын ұғымдарға анықтама берініз
- •35. Қр халқының санитарлы эпидемиологиялық салауаттығын қамтамасыз етудің құқықтық економикалық әлеметтік жағдайға шолу жасаныз
- •37.Санитарлық – эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының құзыреті. Республикалық санитарлық эпидемиологиялық станция. Сэс- тің жұмысын жоспарлау әдістер мен формаларын түсіндіріңіз.
- •39.Санитарлық індетке қарсы іс – шараларды ұйымдастыру және жүргізу әдістерін түсіндіріп беріңіз
- •40. Жұқпалы, паразиттік аурулар таралуының және халықтың улануының алдын алу мәселелерін қарастыру
- •46.Топырақ гигиенасы . Топырақтың механикалық және физикалық қасиеттеріне сипаттама беріңіз
- •48. Санитарлы микробиологиялық зерттеулердің негізгі обьектілеріне сипаттама беріңіз
- •49. Санитарлы микробиологиялық зерттеулердің негізгі обьектілерінің микрофлорасын сипаттаңыз
- •50.Санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер . Сипаттамасы .Смп ға талаптарын түсіндіріңіз
- •51.Санитарлы – көрсеткіш микроорганизмдердің анықтау әдістері.Скм-индексі скм – титріне түсінік беру.
- •52.Санитарлы – көрсеткіш микроорганизмдердің топтарына сипаттама.
- •53.Санитарлы-көрсеткіш микроорганизмдер – фекальды ластану индикаторларын сипаттау.
- •54.Санитарлы – көрсеркіш микро-дің – оральді ластану индикаторларын сипаттау.
- •55.Санитарлы- көрсеткіш микроорганизмдердің өзін –өзі тазарту процестерін индикаторларын сипаттау.
- •58.Топырақтың сапасын санитарлы эпидемиологиялық бағалауда қолданылатын көрсеткіштерді атаңыз.
- •60.Топырақты санитарлық микробиологиялық зерттеуде қолданылатын көрсеткіштерді сипаттаңыз.
- •1.Кесте Патогенді микробтар және топырақта анықталуы
12.Санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер және олардың топырақты ластау сипаттамасын беріңіз.
Бактериялардың жалпы мөлшері ЕПА-да 37С температурада 24сағ микроорганизмдер мөлшері калония түзеді.Топырақтың,микрофлоралардың бүлінуі фикольді шығарылғандармен болады.Термофильді микроорганизмдер олар ЕПА-да 60С температурада 24сағ ішінде калония түзеді.Топырақтың ішек таяқшасымен жоғары және төмен бүлінулері фекальді бүліну болып табылады.ІТТБ-грамм теріс,қысқа таяақшалы,спора түзбейді.Лактозаны және глюкозаны қышқыл және газға дейін 7С температурада 24-48 сағат ішінде ыдыратады.Лактозаны қышылға дейін 37Стемпературада 24сағыдыратады.
Перфрингенс титр әдісі.Бұл грамм оң облегатты анаэробты,спора түзуші таяақшаларды анықтауда және сульфиттердің қалпына келуін анықтауда қолданылады.
Аммонийфикаторлар- азотты аммоний катионына дейін айналдыратын микроорганизмдер қалу мүмкін.
Нитрифкаторлар - Нитраттағы нитриттегі азотты және аммони тұздарын қышқылданлыратын микроорганизмдер . Бұл топқа Nitrosococcus, Nitrosolobus, Nitrosobacter туыстығының өкілдері жатады .Олардың болуы органикалық ластанудың және өзіндік активті тазару процесі бар екенін көрсетеді.
Аэробты целлюлозажұктырушы микроорганизмдер - целлюлозаны көмірсудың көзі ретінде қолданатын топырақ микробиототы. Бұл топта спорасыз бактериялардың , базидиалинді, ашытқы саңырауқұлақтардың рөлі зор.
Сапрофиттердің жалпы саны - микроорганизмдердің мөлшері 72 сағатта 20-300с –да МПА –да колония түзетін. Микробиотттың жоғарғы санағы топырақтың органикалық ластануын көрсетеді. Патогенді микроорганизмдер – сальмонелалар, поттогенді клостридиялар(C.tetani, C.botulinum), сібір түймесін қоздырушылар ,вирустар
13. Топырақта кездесетін патогенді микроорганизмдердің негізгі топтары және эпиделиологиялық маңызын көрсетіңіз. Топырақ – көптеген қарапайымдылардың, жануарлардың, микроорганизмдердің, соның ішінде бактериялардың, көгеретін саңырауқұлақтардың, вирустардың тіршілік ететін ортасы. Топырақта тұрғылықты немесе уақытша тіршілік ететін микроорганизмдер: а) жануарлар мен адамға зияндық жасамайтын сапрофиттер; б) патогендік микроорганизмдер. Топырақтағы патогендік бактериялар мынадай жұқпалы аурулар тудырады: сібірлік жара (қарасан), газдық гангорена, тырысқақ, ботулизм. Жұқпалы ауруды адам топырақты өңдеуде, ауылшаруашылық өнімдерін жинауда, құрылыс жұмыстарында, мал жайылымдарында, жер суаруда (тырысқақ таяқшасы, газдық гангрена, сібір жарасы қоздырғыштары) немесе көкөніске, жемістерге, балыққа, саңырауқұлақтарға микробтар түскенде жұқтырады (ботулизм таяқшасы). Жануарлар мен адамның қауіпті жұқпалы ауруларының қатарына сібір жарасы кіреді. Сібір жарасының қоздырғышы – сібір жарасының таяқшасы, ол ауру малдың шығаратын зәр, тезегімен бірге түсіп, спора жасайды және сол күйінде жылдар бойы, әсіресе қызғылт және қаратопырақты жерлерде сақталады. Осы таяқшалармен ластанған шөпті жануарлар жеп, сібір жарасын жұқтырады. Адам сібір жарасын ауру немесе өлген жануарларды ұстағанда, не ауру жұққан мал өнімдері мен шикізаттарын (ет, жүн, тері) ұстағанда және тікелей топырақпен жұмыс істегенде жұқтырады. Адам ұлпалары жарақаттанса онда топырақпен ластанған газдық гангрена қоздырғышы адам денесіне кіреді. Топырақта жиі кездесетіндер А Перфрингенс тектес клостридий болады. Осы микробтар жараланған жерге түсіп, токсин өндіреді, ол ұлпалардың ісінуіне және өлуіне ұшыратады. Ботулизмді жұқтырту тағам өнімдерін үйде сүрлеп дайындау алараларымен тығыз байланысты болады: балық тұздағанда не қақтағанда, консервіленген саңырауқұлақтар, көкөністер мен жемістер дайындауда болады. Ботулинус таяқшасы тудыратын токсин анаэробтық жағдайларда барлық басқа бактериалдық токсиндер мен химиялық уларға қарағанда адам организміне аса күшті әсер етеді. Актиномицеттер, терінің үстіңгі қабатында және терең микоздар, сондай-ақ туберкулез, алапес, дифтерия микробактерияларын тудырады – топыраққа түскенде әжептәуір қауіп туғызады: топырақта туберкулез таяқшалары 15 айға дейін, дифтериялық таяқшалар 2-3 аптаға дейін тіршілік қабілетігін сақтайды. Адам организміне түскен глисттер-паразиттер-гельминттерден болатын аурулар – гельминтоздардың таралуында топырақтың алатын рөлі аса үлкен болады. Кейбір гельминттердің даму кезеңдерінің бірі (жұмыртқалар жетілуі) топырақта өтеді. Гельминттармен ластанған топырақта өскен көкөніс, жеміс-жидектерді, ластанған суды қолданғанда адам органгизміне гельминттердің жетілген жұмыртқалары түседі. Гельминттер жұмыртқалары (шошқа, өгіз цепеньдері) топырақтан ірі қара мал мен шошқалар азығына түсуі мүмкін.
14. Топырақтың химиялық заттармен және ксенобиотиктермен ластану жолдары және оларды бағалауды көсетіңіз. Топырақтың ластануы — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың ластануы - топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластаушылардың (мысалы, ауыр металдардың) қорлануына себеп болады. Бұл ластаушылар адам организміне тікелей немесе жанама түрде түседі (өсімдіктекті немесе жануартекті азықтар арқылы), топырақтың ауру тудыратын және де басқа жағымсыз микроорганизмдерден өзін-өзі тазалауын төмендетуге әкеліп соғады. Химиялық ластаушылар - экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын хим. заттектердің жиналуы. Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, а.ш. қолданылатын шөп жойғыштармен минералды тыңайтқыштар қалдықтар жатады. Топырақтың (химиялық, мұнай өнімдерімен, радиоактивті және өндірістік- коммуникалдық ақаба сулармен) ластануы егістіктерде, мұнай-газ кәсіпорындары алаңдарында, әскери полигондарда елді мекендерде байқалған. Егістіктерде минералдық тыңайтқыштар, гербицидтерді өлшемсіз қолдану нәтижесінде топырақта өте улы: мышьяк, кадмий , сынап, селен, қорғасын, мырыш, фтор; улылығы орташа:кобальт, бор, никель, мыс, молибден, хром; Қауіптілігі шамалы: стронций, барий, марганец, вольфрам жинақталады. Химиялық элементтердің ыдырауы, усыздануы топырақтың қышқылдылығына, механикалық құрамына, температурасына, ылғалдылығына, механикалық құрамына, температурасына, ылғалдылығына және микробиологиялық процестерге байланысты болады. Мұнай, газ өндіруші және тасымалдаушы аудандарда топырақ олардың қалдықтарымен және қолданылатын химиялық заттармен ластанады. Ксенобиотиктер табиғаттың барлық түрін – ауаны, су қоймаларын, топырақты, өсімдік әлемін ластайды. Өндіріс қалдықтары мен басқа табиғатты ластауыштар ауада және суда, сонымен қатар табиғат айналымында тез тарауға қабілетті. Бұл токсикалық қосылыстар су қоймалары мен топырақта, кейде жел, жаңбыр, қар, өзендер, көлдер арқылы басқа жерлерге де таралады. Топырақтан өсімдік пен жануарлар организміне түседі. Ксенобиотиктер айналымында орталық орынға топырақ ие. Ол гидросфера, атмосфера, өсімдік әлемі сияқты басқа экологиялық жүйелермен қарым-қатынаста болады. Сондықтан улы, басқа да компоненттердің адам организміне түсуінің басты көзі б.т. Ол алдымен тамақ арқылы түседі. Барлық тірі жандар энергия көзі, қоректік заттар, құрылыс материалдары ретінде қоректенеді. Қоршаған ортаға төзімді, онда көбеюге қабілетті ксенобиотиктер өте қауіпті.
15. Топырақтың негізгі ластағыштары және биологиялық бақылаудың әдістеріне шолу жасаңыз. Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал-әсерін тигізіп келеді. Егер де жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд. тонна деңгейінде антропогендік заттектер (СО2 есептемегенде), гидросфераға шамамен 15 млрд. т. ластағыштар еңгізіліп отырылса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд. т. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ XX ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд. тоннаға дейін көтерілген.
Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де антропогендік. Антропогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн. км2-ден асып отыр, бұл бүкіл құрлықтың 7 процентін құрайды.
Топырақты ластайтын компонентерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық болады.
Физикалық ластану радиоактивті заттектермен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәулеленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады.
Биологиялық ластану — ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқада ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойында сақталса, ластағыштармен елсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аумаққа таралады.
Химиялық ластану - топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.
Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шөпжойғыштар мен минералды тыңайткыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешені, атмосфералық жауын-шашын, апатты жағдайда тасталатын шығарындылар, әскери-өндірістік кешендері жатады.
Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдермен және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен басқа ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе асып отырған жерлер белгілі.
Ауылшаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде, қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскаридоз және т. б.) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.
