Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абдиева Г шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.44 Mб
Скачать

58.Топырақтың сапасын санитарлы эпидемиологиялық бағалауда қолданылатын көрсеткіштерді атаңыз.

Жер қыртысын санитарлы бағалау СанПиН 2.1.7.1287-03 «Топырақтың сапасына санитарлы-эпидемиологияялық талаптар», МУ 2.1.7.730-99 «мест Тұрғылықты жерлердің топырағаның сапасын гигиеналық бағалау» жүргізіледі. Санитар ережелері тұрғылықты жерлердің топырағының сапасына қойылатын талаптар және орналастыру, жобалау, құрастыру, қайта құрастыру барысында гигиеналық нормативтердің ұсталынуыын қадағалайды. Бұл ережелерді барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпорын иелерінің барлығы жекеменшіктің көлеміне қарамастан ұстануы керек.

Топырақтың гигиеналық бағалануының мақсаты – оның сапасы мен адамға қауіпсіздігінің дәрежесін анықтау, сонымен қатар химиялық және биологиялық ластануды азайту мақсатында іс-шаралар ұйымдастыр болып таблады.

Жер қыртысының сапасын санитарлы бағалауға санитарлы-химиялық, токсикологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық, энтомологиялық және радиометриологиялық зерттеулер жатады.

Химиялық ластану дәрежесі топырақ құрамындағы ПШК тізіміндегі химиялық элементтердің ластаушы компоненттерінің басымдылығы мен олардың қатерлігінің дәрежесі арқылы анықталады.

Жер қыртысындағы химиялық элементтердің ПШК 4 маңызды залалдық көрсеткішімен анықталады:

транслокациялық – заттың өсімдік құрамына өтуі;

су мирациялық – заттың топырақтан жер асты және су қоймаларына өтуі;

ауа миграциялық – заттың топырақтан атмосфераға өтуі;

ортақ санитарлы – ластаушы заттың топырақтың өзін өзі тазарту қабілетіне әсері.

Санитралы-эпидемиологиялық қатынаста қатерлік дәрежесіне қарай топырақ: таза, ұйғарынды, орташа қауіпті, қауіпті және өте қауіпті болып бөдінеді. Химиялық ластаушы заттардың қатерлілік кластары

Қатерлік кластары

Химиялық ластаушы зат

1

Күшәла, кадмий, сынап, қорғасын, мырыш, фтор,3,4-бенз(а)пирен

2

Бор, кобальт, никель, молибден, мыс, сурьма, хром

3

Барий, ванадий, вольфрам, марганец, стронций, ацетофен

Топырақтың ластануының маңызды көрсеткіштерінің бірі санитарлы сан(Хлебников саны) болып табылады, ол қарашіріндінің азотқа қатынасының органикалық азотқа қатынасын көрсетеді (мг/100 г). Санитарлы сан топырақтың өзін-өзі тазалау қасиетін бағалауға көмектеседі. Өзін-өзі тазалау кезінде гумустағы азот көлемі көбейіп, таза топырақта санитарлы сан 1-ге тең болады. Санитарлы сан төмен болған сайын, топырақ соншалықты лас.

Жер қыртысының эпидемиялық қатерін келесі көрсеткіштер бойынша бағалайды:

  1. Санитралы-биологиялық көрсеткіштер:

  • Жанама көрсеткіштер – ішек таяқшалары микроағзалаырың тобының санитарлы-көрсеткіштері (БГКП индексі) және нәжістік стрептококктар (энтерококк индексі);

  • Тікелей көрсеткіштер – ішек инфекцияларының қоздырғыштарының табылуы, сонымен қатар сальмонелл.

  1. Санитарлы-паразитологиялық көрсеткіштер – геогельминдердің жұмыртқаларының табылуы (аскарид, қылдырықбас және т.б.)

  2. Санитарлы-энтомологиялық көрсеткіштер – синантропты шыбындардың дернәсілі мен қуыршақтары.

Жер қыртысының эпидемиологиялық көрсеткіштері 8 кестеде көрсетілген.

Топырақтың сапасын бақылау қысқартылған, стандартты немесе кеңейтілген көрсеткіш тізімін жобалау кезеңі мен нысанның салынуына байланысты, сонымен қатар оның қатерлігін ескере отырып жүргізіледі.

Химиялық көрсеткіштердің стандартты тізімі ауыр металлдар құрамы (қорғасын, кадмий, мырыш, никель, күшәла, сынап), 3,4-бенз(а)пирен, рН, жиынтық көрсеткіш (металлдар жиынтығы) және санитарлы сандардан тұрады.

Тұрғылықты жерлер мен қаупі жоғары жерлерде (автомагистральдер, полигондар мен қалдықтарды көметін жерлер маңы) топырақ жағдайын бақылау жүргізіледі.

Жер қыртысының эпидемиологиялық қаупінің деңгейін бағалау

Топырақтың ластануының категориясы

БГКП индексі

энтерококк индексі

Патогенді

бактериялар,

с.қ.

сальмонелдер

Геогельминт жұмыртқалары

экз/кг

Дернәсілер - Д және

қуыршақтар - Қ , экз.

20х20см аудан көлемінде

Таза

1-10

1-10

0

0

0

Жартылай қауіпті

10-100

10-100

0

10 дейін

Д 10-ға дейін

Қ - жоқ

Қауіпті

100-1000

100-1000

0

100-ға дейін

Д 100-ге дейін

Қ 10-ға дейін

Өте қауіпті

1000 және одан да көп

1000

Және одан да көп

0

100-ден көп

Д 100-ден көп

Қ 10-нан көп

59.Топырақтағы экзогенді химиялық заттардың гигиеналық нормалануда кандай көрсеткіштер қолданылады.? Топырақтағы экзогенді химиялық заттардың гигеналық нормалануына заттардың мг/кг көлемінде ПШК-ның орнатылуы жатады, ол бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде заттың физико-химиялық құрамы зерттеліп, оның топыраққа тұрақтылығы анықталады. Екінші кезеңде әр қауәп төндіретін заттың көрсеткішіне байланысты зерттеулер көлемі мен деңгейлі концентрациясын бағдарлау анықталады. Үшінші кезеңде деңгей асты концентрация негізінде 6 кері әсер ету көрсеткіші бойынша лабораториялық зерттеулер жүргізіледі: органолептикалық залалдық көрсеткіші өсімдіктен жасалған тағам, сонымен қатар атмосфера ауасының иісі, дәмі, түсі, судың иісі және тағамдардың құндылықтарының өзгеру дәрежесін көрсетеді;

Ортақ санитарлық залалдық көрсеткіші экзогенді заттың топырақтың өзін-өзі тазалауы мен биологиялық белсенділігіне әсерін көрсетеді;

Фитоаккумуляциялық көрсеткіш нормаланған химиялық заттың топырақтан өтіп, өсімдіктің тамыр жүйесі арқылы оған еніп, сақталуын көрсетеді;

Миграциялық су көрсеткіші жер үсті және жер асты суларында зерттеліп жатқан заттың орын ауыстыруы қаралады;

Миграциялық ауа көрсеткіші ззиянды химиялық заттың булану арқылы топырақтан атмосфераға өтуінің залалдары қарастырылады;

Токсикологиялық көрсеткіш эксперименттік жануарлар ағзасына су, тамақ арқылы экзогенді химиялық заттардың уыттылық дәрежесі зерттеледі.

Төртінші кезеңде нақты топырақ-климат жағдайларына байланысты химиялық заттарды енгізудің шекті рауалы деңгейі мен қатерсіз қалдық мөлшері есептелінеді. Бесінші кезеңде құрамында химиялық ластаушылары бар гигеналық нормативтерді жөндеу мақсатында экзогенді химиялық заттармен ластанған топырақтың халықтың денсаулық жағдайына әсерін зерттеледі. Қазіргі кезде 30 химиялық элементтердің ПДК-сы, топырақ құрамндағы 111 пестицидтердің ПДК және бағдарланған мүмкін көлемі бекітілген.