- •1.Топырақ зерттеудің қысқаша тарихы. Топырақты зерттеу әдістеріне және ғалымдардың еңбектеріне шолу жасаңыз
- •2.Топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерін сипаттаңыз.
- •3.Топырақ гигиенасы. Топырақтың механикалық және физикалық қасиеттерін сипаттаңыз.
- •4.Жер қыртысының гиохимиялық құрмы және токсикологиялық маңыздылығын тусіндірініз
- •5.Топырақ түрлері,физика-химиялық қасиеттері және биологиялық маңызы.Топырақтың эпидемиологиялық маңызын түсіндіріңіз.
- •6.Топырақтың өзін өзі тазалауы және жер қыртысын санитарлы қорғау мәселелерін сипаттаңыз
- •8. Топырақтың жалпы микрофлорасының қалыптасуы және түрлерін сипаттап беріңіз.
- •9. Топырақ микрофлорасы. Топырақта кездесетін патогенді микрооргнаизмдердің түрлеріне тоқталыңыз.
- •10. Топырақта кездесетін патогенді микрооргнаизмдерді биологиялық бақылау әдістеріне шолу жасаңыз.
- •12.Санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер және олардың топырақты ластау сипаттамасын беріңіз.
- •16. Химиялық заттармен ластанған ауылшаруашылығына арналған топырақты бағалаудың әдістерін атаңыз.
- •21.Топырақтың түзілуі процесстерінің және оларға әсер ететін факторларға сипаттама берініз.
- •23. Топырақтың санитарлы бактералогиялық көрсеткіштерін анықтап берініз.
- •24. Топырақтың санитарлы-гигиеналық бағалаудың сапалық көрсеткіштерін анықтаңыз.
- •25.Топырақта кездесетін патогенді микроорганизмдердің негізгі түрлері және эпидемиологиялық рөлін түсіндірініз.
- •26.Топырақтағы табиғи тазарту процестері.Топырақтағы кездесетін қоздырғыштардың биологиясына тоқталыңыз.
- •27.Санитарлы көрсеткішті микроорганиздердің негізгі топтарына сипаттама берініз
- •1.Кесте Патогенді микробтар және топырақта анықталуы
- •29. Топырақтың химиялық құрамының гигиеналық сипаттама берініз
- •30. Топырақтың ластану жолдарының ластағыштарын тусіндіріп берініз
- •31. Топырақтың физикалық химиялық ластағыштарына сипаттама берініз
- •32.Топырақта кездесетін патогенді микро дің негізгі топторы эпидемиологиялық манызы
- •34. Санитарлы зпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыруда қолданатын ұғымдарға анықтама берініз
- •35. Қр халқының санитарлы эпидемиологиялық салауаттығын қамтамасыз етудің құқықтық економикалық әлеметтік жағдайға шолу жасаныз
- •37.Санитарлық – эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының құзыреті. Республикалық санитарлық эпидемиологиялық станция. Сэс- тің жұмысын жоспарлау әдістер мен формаларын түсіндіріңіз.
- •39.Санитарлық індетке қарсы іс – шараларды ұйымдастыру және жүргізу әдістерін түсіндіріп беріңіз
- •40. Жұқпалы, паразиттік аурулар таралуының және халықтың улануының алдын алу мәселелерін қарастыру
- •46.Топырақ гигиенасы . Топырақтың механикалық және физикалық қасиеттеріне сипаттама беріңіз
- •48. Санитарлы микробиологиялық зерттеулердің негізгі обьектілеріне сипаттама беріңіз
- •49. Санитарлы микробиологиялық зерттеулердің негізгі обьектілерінің микрофлорасын сипаттаңыз
- •50.Санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер . Сипаттамасы .Смп ға талаптарын түсіндіріңіз
- •51.Санитарлы – көрсеткіш микроорганизмдердің анықтау әдістері.Скм-индексі скм – титріне түсінік беру.
- •52.Санитарлы – көрсеткіш микроорганизмдердің топтарына сипаттама.
- •53.Санитарлы-көрсеткіш микроорганизмдер – фекальды ластану индикаторларын сипаттау.
- •54.Санитарлы – көрсеркіш микро-дің – оральді ластану индикаторларын сипаттау.
- •55.Санитарлы- көрсеткіш микроорганизмдердің өзін –өзі тазарту процестерін индикаторларын сипаттау.
- •58.Топырақтың сапасын санитарлы эпидемиологиялық бағалауда қолданылатын көрсеткіштерді атаңыз.
- •60.Топырақты санитарлық микробиологиялық зерттеуде қолданылатын көрсеткіштерді сипаттаңыз.
- •1.Кесте Патогенді микробтар және топырақта анықталуы
55.Санитарлы- көрсеткіш микроорганизмдердің өзін –өзі тазарту процестерін индикаторларын сипаттау.
Жер қыртысының өзін өзі тазалауы – бұл топырақтың бастапқы қалпына келтірілуіне бағытталған өзгерістер. Өзін-өзі тазалаудың санитарлы-гигиеналық және эпидемиологиялық маңызы зор. Топырақ қалдықтарды залалсыздандыру үшін табиғи орта болып табылады. Онда экзогенді органикалық заттардың көп бөлігінде детоксикация (залалсыздандыру, бұзылу, уытты емес заттарға айналу) жүріп жатады. Бұл заттар ақуыз, май, көмірсу және оның алмасу заттарының органикалық емес заттарға айналғанша (минерализация процессі) ыдырауына әкеп соғады. Осы процесспен қатар топырақта гумификация процессі – органикалық заттар қалдықтарынан жаңа қиын органикалық қосылыс түзілу процессі жүріп жатады, оның атауы – гумус(қарашірік). Қарашіріктің құрамында көміртектің мөлшері өте көп. Көміпртектің органикалық қосылыстардың құрамында 2-3 есе артуы топырақтың ластануына әкеп соғуы мүмкін. Қарашіріктің құрамындағы көміртектің өсімдік құрамындағы көмңртекке қатынасы гумификация коэффициенті деп аталады.
Топырақ құрамына түскен басқа заттарды майсыздандыру процессі өте қиын және микроағзалар көмегімен іске асады. Көмірсудың біраз бөлігі аэроб жағдайында CO2 күйіне дейін қышқылданып, энергия бөлінді, ал басқа бөлігі (моносахаридтер) микробты жасушалардың гликогенін синтездейді. Аэробты жағдайларда майлардың ыдырауы май қышқылдарының пайда болуы мен энергия бөлініне дейін, ал анаэробты жағдайларда - H2, CO2 және т.б. пайда болғанша өте баяу жүреді. Ақуыздар аминқышықылдарына дейін ыдырайды. Аминқышқылдарының бір бөлігі микробты жасушалардың өмір сүруіне жұмсалады. Азот алмасуының өнімі аэроб бактерияларының көмегімен биохимиялық қышқылданады. Бұл процессті нитрификация деп атайды. Қышқылдау процесстерімен бірге топырақта қайта құрылу процессі де жүреді. Денитрификация процессі газ бөлінуімен жүреді. Бактериялардың қайта құру әрекеттерінің дәрежесі олардың биохимиялық ерекшеліктеріне қарамастан ортаның құрамына, оның реакциясына және басқа жағдайларға тәуелді.
Топырақтың гигиеналық ерекше рөлі патогенді микроағзаларды, ең алдымен спора түзбейтін ағзаларды залалсыздандыру процессімен байланысты. Бактериялардың жойылуына себепші сапрофиттердің бәсекелестігі, механикалық факторың әсері, күн көзінің бактерицидтік әсері, электрохимиялық энергияның сыртқы қарым-қатынастары. Залалсыздандырудың тиімділігі бактерия түріне, топырақ құрамы мен құрылысына және т.б. байланысты. Топырақтың бұл ерекшелігі шаруа-тұрмыстық және өнеркәсіптік жер асты суларын тазарту үшін фильтрация алаңдарын салу үшін қолданылады.
Топырақтың өзін өзі тазартуы үнемі болмайтынын айта кеткен жөн, тым қатты ластану бүкіл жарамды микрофлораның бүлінуіне әкеп соғады.
Жер қыртысын санитарлы қорғау – топырақ құрамына ластауды шектеу үшін, топырақтың өзін өзі тазалау процессін бұзбайтын, адам өміріне қауіп келтірмейтін көлемде өсімдік құрамында ластаушылардың жиналуына бқгет болатын, ауаны, жер асты, жер үсті суларын ластамайтын іс-шаралар жиынтығы.
Бұл іс-шараларға:
Халықтың денсаулығын сақтап қалу мақсатында жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін қолданылатын заң және административтілік іс-шаралар.
Санитарлы-қорғау зоналары және басқа да құрылыстарды салу үшін жер бөлігін бөліп беру мақсатында жоспарлау іс-шаралары.
Қалдықсыз және аз қалдықты өнеркәсіп орындарын салу үшін технологиялық іс-шаралар.
Топырақтың санитарлы тазалануы.
Жер қыртысының сапасын санитарлы бағалауға санитарлы-химиялық, токсикологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық, энтомологиялық және радиометриологиялық зерттеулер жатады.
Химиялық ластану дәрежесі топырақ құрамындағы ПШК тізіміндегі химиялық элементтердің ластаушы компоненттерінің басымдылығы мен олардың қатерлігінің дәрежесі арқылы анықталады.
Жер қыртысындағы химиялық элементтердің ПШК 4 маңызды залалдық көрсеткішімен анықталады:
• транслокациялық – заттың өсімдік құрамына өтуі;
• су мирациялық – заттың топырақтан жер асты және су қоймаларына өтуі;
• ауа миграциялық – заттың топырақтан атмосфераға өтуі;
• ортақ санитарлы – ластаушы заттың топырақтың өзін өзі тазарту қабілетіне әсері.
56. Топырақты санитарлы микробиологиялық зерттеу. Топырақтың тамақтық өнімдердің микробтық ластанудағы рөлі Санитария (лат. sanіtas — денсаулық) — санитарлық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы шараларды белгілеп, оны жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласы. Санитария қала, елді мекендердің тазалығын зерттеп, нақты гигиен. шаралар белгілейді, жұқпалы ауруларға қарсы күрес жүргізілуін бақылайды. 1960 жылдан кейін Санитария терминінің орнына санитарлық-эпидемиологиялық қызмет деген ұғым қолданылады. Бұл — мемл. сан. бақылау жасап, індетке қарсы шаралар жүйесін жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы. Сан.-эпидемиол. қызмет құрамына санитарлық-эпидемиологиялық ст., сан. ағарту үйі, ғылыми-зертттеу институттары,биологиялық препараттар өндіретін мекемелер кіреді. Топырақтың санитарлық жағдайын талдау үшін оның эпидемиялық, химиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіздігін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер пайдаланылады. Олардың бірі, топырақтың ластануын тікелей дәлелдейтін, тікелей көрсеткіштері. Басқалары, жанама көрсеткіштері, зерттеліп отырған топырақтың көрсеткіштерін салыстыру үшін алынған таза топырақтың көрсеткіштерімен салыстыру кезінде ластанғандығы туралы, ластану мерзімі мен оның ұзақтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Топырақтың эпидемиялық қауіпсіздігінің тікелей көрсеткіштеріне санитарлық-микробиологиялық, санитарлық-гельминтологиялық және санитарлық-энтомологиялық көрсеткіштері жатады (5.3.-кесте). Санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштерінәң қатарына коли-титр және анаэробтардың титрі кіреді. Бұлар, ішек таяқшасын (коли-титр) немесе Cl. Perfringens (анаэробтар титрі) өсіріп шығаруға болатын, топырақтың ең аз мөлшері. Нәжіспен жаңадан ластанған кезде коли-титр мен анаэробтардың титрі күрт төмендейді, олардың басым көпшілігі спора түрінде емес болады. Ластануынан белгілі бір уақыт өткен соң, ішек таяқшалары мен патогенді спора түзбейтін бактериялар жойылған кезде, анаэробтар титрінің көрсеткіштері салыстырмалы түрде төмен кезінде коли-титрдің жоғарылауы байқалады. Бұл спора түзуші микроорганизмдердің ұзақ уақыт өздерінің тіршілігін сақтап қалуына байланысты.
Тағам өнімдерін санитарлық – микробиологиялық зерттеу жоспарлы түрде және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі.
Жоспарлы түрде келесі көрсеткіштер бойынша зерттеу жүргізіледі.
Жалпы микробтар саны.
МАФАМ анықтау – мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің , 370 С температурада 24 сағат инкубациядан соң тығыз қоректік ортада өскен колонияларын санайды.
Тағам өнімдеріндегі санитарлық-көрсеткіш бактерияларды анықтау-ішек таяқшасын, ІТТБ , энтерококтар, алтынды стафилококтар, протей тобының бактерияларын, клостридийлерді (сульфит қалпына келтіруші) табу қолданылады.
Салмонеллаларды анықтау - мысалы, ет өнімдерін зерттегенде (басқа көрсеткіштермен бірге), т.б. қолданылады.
Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша – микробтық этиологиялы тағамдық уланулар қоздырғыштары (патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің) бар-жоғын анықтау үшін зерттейді.
Сүтқышқылды өнімдерде – сүзбе, қаймақ, айран және т.б. арнайы микрофлорасы бар (сүтқышқылды стрептококтар, лактобактериялар, және т.б. ) өнімдерде жалпы микробтар санын анықтамайды.Бұл өнімдерде сүтқышқылды микрофлораны жағынды дайындап, метиленді көкпен бояп, бактериоскопиялық әдіспен зерттейді. Сәйкес сүтқышқылды микрофлора болмай , бөгде микрофлора (көгерткіш саңырауқұлақ , ашытқылар және т.б.) анықталуы өнімнің дұрыс дайындалмағанын, технологиясының бұзылуын немесе дұрыс сақталмағандығын көрсетеді. Тек , қымыз бен айранды микроскопиялық зерттегенде көру айдынында 2-5 ашытқы жасушалар анықталады , себебі бұл өнімдер сүтқышқылды және спирттік ашу нәтижесінде даярланады.
Консервіленген тағам өнімдерінде ішек таяқшасы, протей және патогенді микробтар болмауы керек.Көкөністен , балықтан , еттен дайындаған консервілерді зерттегенде мыналар ескеріледі:
1. Аэробты микроорганизмдерді анықтау
2. Анаэробты микроорганизмдерді анықтау
57.Топырақтағы патогенді микроорганизмдердің анықтаудың тікелей әдістері. Идентификацияның жанама әдістері. МАФАнМ дің және СҚМ санын анықтау әдістері. Топырақтаң эпидемиологиялық маңызы өте зор. Сол арқылы адамға тікелей немесе жанама жолмен көптеген инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғышы өмір сүріп және тарала алады. Аурулар қоздырғышының таралуына: шаң, қолдың ластануы, азық-түліктер (;жеміс-жидектер, саңырауқұлақтар және т.б.), су, құрал-жабдықтар, ыдыс-аяқтар тасымалдаушы болады. Қоздырғыштар жануарлар, кеміргіштер және құрт-құмырсқалар арқылы тарала алады.
Топырақтың патогенді микроорганизмдер мен гельминттер жұмыртқаларымен ластануының басты көзі адам мен жануарлардың, ағын сулардың және т.б. болып табылады. Уақыт өте келе топырақтың өзін-өзі тазарту қасиеті арқасында олар өледі, алайда біраз уақыт бойы өзінің өмір сүру қаблетін сақтап тұрады.
Топырақтың орнықты және ұзақ уақытты мекендеушілері споропайда болдырушы патогенді микроағзалар болып табылады, олардың ұрықтары топырақта ондаған жылдар бойы өмір сүре алады. Негізінен, бұлар жарақат жұқпалары (сіреспе, газды гангрена), ботулизм, сібір күйдіргілерінің қоздырғышы.
Топырақ, әсіресе органикалық заттармен ластанған топырақ, бактериалды және вирусты ішек инфекциялары - дизентерия, іш сүзек, А және В паратифтары, сальмонеллеза, вирусты гепатит, псевдотуберкулез және т.б. қоздырғыштарының таралу факторы бола алады. Осылайша, топырақта тифо-паратифоз бактериялар тобы 400 күнге дейін бола алады, ал дизентерия – 100 күнге дейін.
Топырақ шартты-детті микроағзалармен ластана алады, олар адам ағзасынан бөлінетін заттар арқылы түседі (БГКП, E.coli, B.cereus, Proteus, Cl.perfringens және т.б.).
Топырақ геогельминттердің (аскаридтер, қылдырықбас) жылжуында рөлі ерекше. Ерекшелігі – геогельминттердің жұмыртқасы адам ағзасынан шығарылатын заттармен бірге топыраққа сіңіп, онда даму сатысының белгілі бөлігін өтіп, инвазиялық қасиеттерге ие болады. Тек аскарида жұмыртқаларының «дамып-жетілуінен» кейін ғана адамда инвания ауруын тудыра алады. Аскарид жұмыртқалары топырақта 1 жыл бойы өмір сүре алады, топырақ бөлшектерімен термикалық залалсыздандырылмайтын тағамдарды инфекциялайды.
Органикалық заттармен ластанған топырақ құтыру, оба, туляремия сияқты инфекцияларды таратушы кеміргіштердің өмір сүру ортасы болып табылады, сонымен қатар шыбындардың қолайлы өмір сүру ортасы, ал олар ішек инфекциясының қоздырғыштарын таратушылар.