Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абдиева Г шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.44 Mб
Скачать

37.Санитарлық – эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының құзыреті. Республикалық санитарлық эпидемиологиялық станция. Сэс- тің жұмысын жоспарлау әдістер мен формаларын түсіндіріңіз.

Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және  оны беру тәртібі

 Жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижесі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптама объектілерін сату жөніндегі шешімді қабылдау мүмкіндігі туралы қорытындыдан тұратын санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды жасалуы керек.         С анитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру мерзімі 2 жұмыс күнінен аспау керек.        Тамақ өнімдерін өндіруге берілген с анитарлық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылу мерзімі – 1 жыл. Материалдар мен бұйымдарға берілген с анитарлық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылу мерзімі – 3 жыл.         Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008.12.19 N 657Бұйрығымен.

  Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысының  тұжырымы мен ұсыныстарын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары қабылдағаннан кейін, оның орындалуы барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

   Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама теріс қорытынды бергенде, тапсырысшы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды ұсыныстарына сәйкес оларды қайта жасауды қамтамасыз етуге және олар белгілеген мерзімде барлық материалдарды қайта санитарлық-эпидемиологиялық сараптауға ұсынуға немесе белгілеп отырған қызметінен бас тартуға тиіс.

     Меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік коммерциялық банктерге, сондай-ақ өзге де қаржы ұйымдарына, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысын талап ететін, лицензияланатын жобаларды қаржыландыру және іске асыруға тек санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде ғана рұқсат етіледі.

     Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысы жарамсыз деп саналады, егер оларды дайындау барысында мынандай қателіктер жіберілсе:        1) санитарлық-эпидемиологиялық  сараптаманы жүргізу рәсімі бұзылса;        2) Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық  заңнамасы, санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтер талаптары орындалмаса немесе бұзылса;        3) азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқықтарын, халықтың басқа да санитарлық-эпидемиологиялық құқықтары мен мүдделерін, санитарлық-эпидемиологиялық процеске қатысушылардың құқықтары бұзылған жағдайда;       4) санитарлық-эпидемиологиялық сараптауға қатысушы тараптардың басқа да құқықтары бұзылған жағдайларда.

    Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер, сараптау

38.Әртүрлі деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың ұйымдасу ерекшеліктеріне шолу жасаңыз.

 1. Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция :

      1) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi;

      2) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының аумағына жұқпалы, паразиттiк аурулар әкелiнген және таратылған және улану болған жағдайда, iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар ұйымдастыруда практикалық көмек көрсетедi;

      3) республикалық деректер қорын құра отырып, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi жүзеге асырады, есепке алуды және статистиканы жүргiзедi;

      4) санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттiк жүйесiнiң құжаттарын әзiрлейді;

      5) жұқпалы және паразиттiк аурулардың диагностикасына қатысады;

      6) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстердi және адамның тiршілік ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды;

      7) санитарлық ережелерге сәйкестiгiне санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларын аттестаттауды және сынақ орталықтары мен зертханаларын аккредиттеудi жүргiзуге қатысады;

      8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулер және өлшеу әдiстемелерiн сынақтан өткiзедi және енгiзедi;

      9) азаматтар мен заңды тұлғалардың арызы бойынша шарт негiзiнде сертификаттық зерттеулер жүргiзуге қатысады;

      10) зертханалық зерттеулер мен тiршiлiк ету ортасы факторларын өлшеу бөлiгiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;

      11) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу жағдайын зерделейдi;

      12) жоба алдындағы және жобалық құжаттаманы, өнiмдерге, тауарларға, процестерге және қызмет көрсетулерге стандарттарды қарайды;

      13) тәуекелдi бағалауды жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында, аумақтарда, көлiкте санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйым және мемлекеттiң лауазымды тұлғаларының қатысуымен ресми iс-шаралар өткiзу кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйым өз құзыретi шегiнде:

      1) зертханалық зерттеулер мен тiршiлiк ету ортасы факторларын өлшеу бөлiгiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;

      2) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстер мен адамның тiршiлiк ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды;

      3) дезинфекциялық iс-шаралар жүргiзедi;

      4) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг жүргiзуге қатысады;

      5) жұқпалы және паразиттiк аурулардың диагностикасына қатысады;

      6) шарт негiзiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша сертификаттық зерттеулер және сараптама жүргiзуге қатысады;

      7) жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулердi және өлшеу әдiстемелерiн сынақтан өткiзедi және енгiзедi;

      8) профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтауды жүзеге асырады;

      9) тәуекелдi бағалауды жүзеге асырады.     

      3. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары:

      1) республиканың түрлi өңiрлерiндегi жұқпалы және паразиттiк аурулардың эпидемиялық процестерiнiң ерекшелiктерiн зерттеудi, бағалауды және болжауды жүргiзедi, олардың алдын алу бойынша ғылыми негiздеген бағдарламалар әзiрлейдi;

      2) жұқпалы, паразиттiк аурулар және улану кезiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларды жүзеге асырады;

      3) иммунобиологиялық препараттар шығарады, жаңа вакциналар, қоректiк орта және диагностикумдар шығаруды игередi;

      4) санитарлық-эпидемиологиялық нормалау жүйесiнiң құжаттарын әзiрлейдi және олардың ғылыми негiздемесiн жүргiзедi;

      5) халықтың және оның жекелеген топтарының денсаулық жағдайын тiршiлiк ету ортасының қолайсыз факторларымен байланыста зерттейдi, тиiстi ұсынымдар әзiрлейдi;

      6) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының аумағында санитарлық-iндетке қарсы