Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абдиева Г шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.44 Mб
Скачать

31. Топырақтың физикалық химиялық ластағыштарына сипаттама берініз

Топырақтың ауыр металлдармен ластануы РШК 1,2-дан 8,3 есе асып кеткен завод маңындағы 5 шақырым жердегі жер асты суларының ластануына, сонымен қатар өсімдіктер мен азық-түлік құрамында металлдың тұрып қалуына да әсер етеді. Аталған кәсіпорындардың жанында өмір сүретін халық қорғасынның – орташа алғанда 0,7 мг, мырыштың – 16 мг-дан аса, мыстың – 2,3 мг көлемінде және күшәланың – 0,5 мг-ға жуық мөлшері тағаммен бірге қабылдайды. Осылайша, топырақ құрамындағы қорғасынның адам организміне түсуінен қан айналым және репродуктивті жүйенің өзгеруі, сонымен қатар кері әсерлі өзгерістер пайда бола басттайды. Топырақтағы күшәла мөлшері мен асқазан қатерлі ісігі арасындағы, молибден мөлшері мен молибден құяңы және өңеш қатерлі ісігі арасынағы байланыс және т.б. анықталды.

Мұнай-химиялық және коксохимиялық кәсіпорындар маңында канцерогенді көмірсутектің бенз(а)пиреннің концентрациясы бірден өсіп келе жатыр. Осы жер қыртысыында өсірілген жеміс-жидектерді пайдалану онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін туғызады.

Сынап комбинанттарының маңындағы жер қыртысында сынаптың белгілі концентрациясы (0,15 мг/кг) 330 есе өсіп кеткен. Топырақта шамамен 30-40 мг/кг сынап болған жағдайда, оның жеміс-жидектердегі мөлшері 0,4-1,4 мг/кг жетіп, ең жоғарғы көрсеткіштен 25-87 есе асып түседі. Сынаптың көп мөлшері адам организміне ұзақ уақыт бой түсіп тұрса, организмің иммуннобиологиялық белсенділігі төмендеп, жүйке және эндокринді жүйенің аурулары жиілеп, ұрпақ жалғастыру қаблетін төмендетеді.

Жол бойындағы жер қыртысы автотранспорттардан шығатын газдармен ластанады. Жол бойындағы топырақтың ауыр металлдармен ластануы жол жүрісінің қарқыны мен жолды пайдалауға байланысты. Жер қыртысының беткі қабатында (5 см-ге дейін) 7-16-метрлік жол маңында жол жүрісінің қарқыны бір тәулікте 10000 транспорт болған жағдайда темірдің мөлшері 600-1000 мг/кг, мырыш - 20 мг/кг, қорғасын - 10 мг/кг, кадмия - 0,2 мг/кг болды.

Топырақ ауасы. Оның мөлшері мен құрамы топырақ сипатына байланысты. Топырақтағы ауа үнемі атмосфералық ауа мен алмасып отырады. Алайда, тіпті таза топырақ ауасындығы оттегі (14% дейін) азаядыжәне (8% -ға дейін) көмірқышқыл газының мөлшері көтеріледі. Топырақтың органикалық заттар мен жоғарғы ластануында және оттегі жетіспеуінен зиянды уытты өнімдер бөлініп шығады (күкіртті сутек, аммиак, фторлы сутек, индол, скатол, метил меркаптан) олар жер асты өткелдеріне және жертөлелерге еніп олардың санитарлық жағжайын бұзуы мүмкін . Құбырлар мен колодтарды кесу кезінде,жер асты құрырғыларын орнатуда топырақ ауасымен уланған кездер болған. Топырақ ауасы тұрғындық аудандарда және рекреациялық аудандарда адам ағзасына айтарлықтай әсер етеді.

32.Топырақта кездесетін патогенді микро дің негізгі топторы эпидемиологиялық манызы

Топырақтың патогенді микроорганизмдер мен гельминттер жұмыртқаларымен ластануының басты көзі адам мен жануарлардың, ағын сулардың және т.б. болып табылады. Уақыт өте келе топырақтың өзін-өзі тазарту қасиеті арқасында олар өледі, алайда біраз уақыт бойы өзінің өмір сүру қаблетін сақтап тұрады.

Топырақтың орнықты және ұзақ уақытты мекендеушілері споропайда болдырушы патогенді микроағзалар болып табылады, олардың ұрықтары топырақта ондаған жылдар бойы өмір сүре алады. Негізінен, бұлар жарақат жұқпалары (сіреспе, газды гангрена), ботулизм, сібір күйдіргілерінің қоздырғышы.

Топырақ, әсіресе органикалық заттармен ластанған топырақ, бактериалды және вирусты ішек инфекциялары - дизентерия, іш сүзек, А және В паратифтары, сальмонеллеза, вирусты гепатит, псевдотуберкулез және т.б. қоздырғыштарының таралу факторы бола алады. Осылайша, топырақта тифо-паратифоз бактериялар тобы 400 күнге дейін бола алады, ал дизентерия – 100 күнге дейін.

Топырақ шартты-детті микроағзалармен ластана алады, олар адам ағзасынан бөлінетін заттар арқылы түседі (БГКП, E.coli, B.cereus, Proteus, Cl.perfringens және т.б.).

Топырақ геогельминттердің (аскаридтер, қылдырықбас) жылжуында рөлі ерекше. Ерекшелігі – геогельминттердің жұмыртқасы адам ағзасынан шығарылатын заттармен бірге топыраққа сіңіп, онда даму сатысының белгілі бөлігін өтіп, инвазиялық қасиеттерге ие болады. Тек аскарида жұмыртқаларының «дамып-жетілуінен» кейін ғана адамда инвания ауруын тудыра алады. Аскарид жұмыртқалары топырақта 1 жыл бойы өмір сүре алады, топырақ бөлшектерімен термикалық залалсыздандырылмайтын тағамдарды инфекциялайды.

Органикалық заттармен ластанған топырақ құтыру, оба, туляремия сияқты инфекцияларды таратушы кеміргіштердің өмір сүру ортасы болып табылады, сонымен қатар шыбындардың қолайлы өмір сүру ортасы, ал олар ішек инфекциясының қоздырғыштарын таратушылар.

Жер қыртысының өзін өзі тазалауы – бұл топырақтың бастапқы қалпына келтірілуіне бағытталған өзгерістер. Өзін-өзі тазалаудың санитарлы-гигиеналық және эпидемиологиялық маңызы зор. Топырақ қалдықтарды залалсыздандыру үшін табиғи орта болып табылады. Онда экзогенді органикалық заттардың көп бөлігінде детоксикация (залалсыздандыру, бұзылу, уытты емес заттарға айналу) жүріп жатады. Бұл заттар ақуыз, май, көмірсу және оның алмасу заттарының органикалық емес заттарға айналғанша (минерализация процессі) ыдырауына әкеп соғады. Осы процесспен қатар топырақта гумификация процессі – органикалық заттар қалдықтарынан жаңа қиын органикалық қосылыс түзілу процессі жүріп жатады, оның атауы – гумус(қарашірік). Қарашіріктің құрамында көміртектің мөлшері өте көп. Көміпртектің органикалық қосылыстардың құрамында 2-3 есе артуы топырақтың ластануына әкеп соғуы мүмкін. Қарашіріктің құрамындағы көміртектің өсімдік құрамындағы көмңртекке қатынасы гумификация коэффициенті деп аталады.

33.Санитарлы зпидемиологиялық бақылаудың қурылымы мен функциясын сипаттаңыз Жер қыртысының эпидемиялық қатерін келесі көрсеткіштер бойынша бағалайды: Санитралы-биологиялық көрсеткіштер: Жанама көрсеткіштер – ішек таяқшалары микроағзалаырың тобының санитарлы-көрсеткіштері (БГКП индексі) және нәжістік стрептококктар (энтерококк индексі); Тікелей көрсеткіштер – ішек инфекцияларының қоздырғыштарының табылуы, сонымен қатар сальмонелл.

  1. Санитарлы-паразитологиялық көрсеткіштер – геогельминдердің жұмыртқаларының табылуы (аскарид, қылдырықбас және т.б.)

  2. Санитарлы-энтомологиялық көрсеткіштер – синантропты шыбындардың дернәсілі мен қуыршақтары.

Жер қыртысының эпидемиологиялық көрсеткіштері 8 кестеде көрсетілген.

Топырақтың сапасын бақылау қысқартылған, стандартты немесе кеңейтілген көрсеткіш тізімін жобалау кезеңі мен нысанның салынуына байланысты, сонымен қатар оның қатерлігін ескере отырып жүргізіледі.

Химиялық көрсеткіштердің стандартты тізімі ауыр металлдар құрамы (қорғасын, кадмий, мырыш, никель, күшәла, сынап), 3,4-бенз(а)пирен, рН, жиынтық көрсеткіш (металлдар жиынтығы) және санитарлы сандардан тұрады.

Тұрғылықты жерлер мен қаупі жоғары жерлерде (автомагистральдер, полигондар мен қалдықтарды көметін жерлер маңы) топырақ жағдайын бақылау жүргізіледі.

Жер қыртысының эпидемиологиялық қаупінің деңгейін бағалау

Топырақтың ластануының категориясы

БГКП индексі

энтерококк индексі

Патогенді

бактериялар,

с.қ.

сальмонелдер

Геогельминт жұмыртқалары

экз/кг

Дернәсілер - Д және

қуыршақтар - Қ , экз.

20х20см аудан көлемінде

Таза

1-10

1-10

0

0

0

Жартылай қауіпті

10-100

10-100

0

10 дейін

Д 10-ға дейін

Қ - жоқ

Қауіпті

100-1000

100-1000

0

100-ға дейін

Д 100-ге дейін

Қ 10-ға дейін

Өте қауіпті

1000 және одан да көп

1000

Және одан да көп

0

100-ден көп

Д 100-ден көп

Қ 10-нан көп