Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абдиева Г шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.44 Mб
Скачать

29. Топырақтың химиялық құрамының гигиеналық сипаттама берініз

Топырақтағы экзогенді химиялық заттардың гигеналық нормалануына заттардың мг/кг көлемінде ПШК-ның орнатылуы жатады, ол бірнеше кезеңдерден тұрады.

Бірінші кезеңде заттың физико-химиялық құрамы зерттеліп, оның топыраққа тұрақтылығы анықталады.

Вторым этапом является обоснование объема экспериментальных исследований и ориентировочных пороговых концентраций по каждому показателю вредности.

Екінші кезеңде әр қауәп төндіретін заттың көрсеткішіне байланысты зерттеулер көлемі мен деңгейлі концентрациясын бағдарлау анықталады.

Үшінші кезеңде деңгей асты концентрация негізінде 6 кері әсер ету көрсеткіші бойынша лабораториялық зерттеулер жүргізіледі:

  • органолептикалық залалдық көрсеткіші өсімдіктен жасалған тағам, сонымен қатар атмосфера ауасының иісі, дәмі, түсі, судың иісі және тағамдардың құндылықтарының өзгеру дәрежесін көрсетеді;

  • Ортақ санитарлық залалдық көрсеткіші экзогенді заттың топырақтың өзін-өзі тазалауы мен биологиялық белсенділігіне әсерін көрсетеді;

  • Фитоаккумуляциялық көрсеткіш нормаланған химиялық заттың топырақтан өтіп, өсімдіктің тамыр жүйесі арқылы оған еніп, сақталуын көрсетеді;

  • Миграциялық су көрсеткіші жер үсті және жер асты суларында зерттеліп жатқан заттың орын ауыстыруы қаралады;

  • Миграциялық ауа көрсеткіші ззиянды химиялық заттың булану арқылы топырақтан атмосфераға өтуінің залалдары қарастырылады;

  • Токсикологиялық көрсеткіш эксперименттік жануарлар ағзасына су, тамақ арқылы экзогенді химиялық заттардың уыттылық дәрежесі зерттеледі.

Төртінші кезеңде нақты топырақ-климат жағдайларына байланысты химиялық заттарды енгізудің шекті рауалы деңгейі мен қатерсіз қалдық мөлшері есептелінеді.

Бесінші кезеңде құрамында химиялық ластаушылары бар гигеналық нормативтерді жөндеу мақсатында экзогенді химиялық заттармен ластанған топырақтың халықтың денсаулық жағдайына әсерін зерттеледі.

Қазіргі кезде 30 химиялық элементтердің ПДК-сы, топырақ құрамндағы 111 пестицидтердің ПДК және бағдарланған мүмкін көлемі бекітілген

30. Топырақтың ластану жолдарының ластағыштарын тусіндіріп берініз

Жер қыртысының ластануы – топырақта оған тән емес химиялық қоспалардың пайда болуы. Топыраққа көптеп өнеркәсіп қалдықтарының, химиялық тыңайтқыштардың, пистицидтердің және т.б. төгілуі топырақтың құрамы мен сипаты өзгерен жасанды биогеохимиялық аудандардың пайда болуына себепші болады. Өнеркәсіп орталықтарының жанында биосферада адам организміне тікелей және жанама әсер етіп шынымен үлкен қауіп төндіретін (канцерогенді, мутагенді, аллергенді, эмбриотоксикалық және т.б.) қорғасын, күшәла, фтор, сынап, кадмий, марганецғ никель, молибден және басқа элементтердің мөлшері көбейейді.

Көптеген зертетулер ластанған топырақтың токсикологиялық қаупін дәлелдеді. Зиянды әсерлер қоректік тармақ бойынша, яғни су, өсімдіктер, сонымен қатар ластанған жем-шөппен қоректенген жануарлардың еті мен сүті арқылы беріле алады.

Өнеркәсіп орындарының шаң-газ қалдықтары жер қыртысының 60-100 шақырым радиусы көлеміндегі жерді ластайды. Осылайша, түсті металлургия өнеркәсіп орындарының айналасындағы жер қыртысында қорғасын, күшәла, мырыш, мыс, күкірт мөлшері нормадан 2,5-200 есе асып түседі. Топырақтың ауыр металлдармен ластануы РШК 1,2-дан 8,3 есе асып кеткен завод маңындағы 5 шақырым жердегі жер асты суларының ластануына, сонымен қатар өсімдіктер мен азық-түлік құрамында металлдың тұрып қалуына да әсер етеді. Аталған кәсіпорындардың жанында өмір сүретін халық қорғасынның – орташа алғанда 0,7 мг, мырыштың – 16 мг-дан аса, мыстың – 2,3 мг көлемінде және күшәланың – 0,5 мг-ға жуық мөлшері тағаммен бірге қабылдайды. Осылайша, топырақ құрамындағы қорғасынның адам организміне түсуінен қан айналым және репродуктивті жүйенің өзгеруі, сонымен қатар кері әсерлі өзгерістер пайда бола басттайды. Топырақтағы күшәла мөлшері мен асқазан қатерлі ісігі арасындағы, молибден мөлшері мен молибден құяңы және өңеш қатерлі ісігі арасынағы байланыс және т.б. анықталды.

Мұнай-химиялық және коксохимиялық кәсіпорындар маңында канцерогенді көмірсутектің бенз(а)пиреннің концентрациясы бірден өсіп келе жатыр. Осы жер қыртысыында өсірілген жеміс-жидектерді пайдалану онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін туғызады.

Сынап комбинанттарының маңындағы жер қыртысында сынаптың белгілі концентрациясы (0,15 мг/кг) 330 есе өсіп кеткен. Топырақта шамамен 30-40 мг/кг сынап болған жағдайда, оның жеміс-жидектердегі мөлшері 0,4-1,4 мг/кг жетіп, ең жоғарғы көрсеткіштен 25-87 есе асып түседі. Сынаптың көп мөлшері адам организміне ұзақ уақыт бой түсіп тұрса, организмің иммуннобиологиялық белсенділігі төмендеп, жүйке және эндокринді жүйенің аурулары жиілеп, ұрпақ жалғастыру қаблетін төмендетеді.

Жол бойындағы жер қыртысы автотранспорттардан шығатын газдармен ластанады. Жол бойындағы топырақтың ауыр металлдармен ластануы жол жүрісінің қарқыны мен жолды пайдалауға байланысты. Жер қыртысының беткі қабатында (5 см-ге дейін) 7-16-метрлік жол маңында жол жүрісінің қарқыны бір тәулікте 10000 транспорт болған жағдайда темірдің мөлшері 600-1000 мг/кг, мырыш - 20 мг/кг, қорғасын - 10 мг/кг, кадмия - 0,2 мг/кг болды.

Топырақ құрамына ауыл шаруашылығын кең ауқымды химиялау орасан зор әсерін тигізеді. Гигиеналық қатынас бойынша тпырақта, суда, өсімдіктер мен жануарларда, сонымен қатар адам организмінде жиналып қалатын тұрақты пестицидтердің маңызы зор. Олар биохимиялық, микробиологиялық процесстердің елеулі өзгерістері мен халық денсаулығының бұзылуына әкеп соғады. Бұндай пестицидтарға бірінші кезекте ДДТ және оның туындылары жатқызылады.

Осылайша, жер қыртысының ластануы «қоректік тізбекке» кіріп, адам организміне үлкен қауіп төндіреді.