- •1.Топырақ зерттеудің қысқаша тарихы. Топырақты зерттеу әдістеріне және ғалымдардың еңбектеріне шолу жасаңыз
- •2.Топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерін сипаттаңыз.
- •3.Топырақ гигиенасы. Топырақтың механикалық және физикалық қасиеттерін сипаттаңыз.
- •4.Жер қыртысының гиохимиялық құрмы және токсикологиялық маңыздылығын тусіндірініз
- •5.Топырақ түрлері,физика-химиялық қасиеттері және биологиялық маңызы.Топырақтың эпидемиологиялық маңызын түсіндіріңіз.
- •6.Топырақтың өзін өзі тазалауы және жер қыртысын санитарлы қорғау мәселелерін сипаттаңыз
- •8. Топырақтың жалпы микрофлорасының қалыптасуы және түрлерін сипаттап беріңіз.
- •9. Топырақ микрофлорасы. Топырақта кездесетін патогенді микрооргнаизмдердің түрлеріне тоқталыңыз.
- •10. Топырақта кездесетін патогенді микрооргнаизмдерді биологиялық бақылау әдістеріне шолу жасаңыз.
- •12.Санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер және олардың топырақты ластау сипаттамасын беріңіз.
- •16. Химиялық заттармен ластанған ауылшаруашылығына арналған топырақты бағалаудың әдістерін атаңыз.
- •21.Топырақтың түзілуі процесстерінің және оларға әсер ететін факторларға сипаттама берініз.
- •23. Топырақтың санитарлы бактералогиялық көрсеткіштерін анықтап берініз.
- •24. Топырақтың санитарлы-гигиеналық бағалаудың сапалық көрсеткіштерін анықтаңыз.
- •25.Топырақта кездесетін патогенді микроорганизмдердің негізгі түрлері және эпидемиологиялық рөлін түсіндірініз.
- •26.Топырақтағы табиғи тазарту процестері.Топырақтағы кездесетін қоздырғыштардың биологиясына тоқталыңыз.
- •27.Санитарлы көрсеткішті микроорганиздердің негізгі топтарына сипаттама берініз
- •1.Кесте Патогенді микробтар және топырақта анықталуы
- •29. Топырақтың химиялық құрамының гигиеналық сипаттама берініз
- •30. Топырақтың ластану жолдарының ластағыштарын тусіндіріп берініз
- •31. Топырақтың физикалық химиялық ластағыштарына сипаттама берініз
- •32.Топырақта кездесетін патогенді микро дің негізгі топторы эпидемиологиялық манызы
- •34. Санитарлы зпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыруда қолданатын ұғымдарға анықтама берініз
- •35. Қр халқының санитарлы эпидемиологиялық салауаттығын қамтамасыз етудің құқықтық економикалық әлеметтік жағдайға шолу жасаныз
- •37.Санитарлық – эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының құзыреті. Республикалық санитарлық эпидемиологиялық станция. Сэс- тің жұмысын жоспарлау әдістер мен формаларын түсіндіріңіз.
- •39.Санитарлық індетке қарсы іс – шараларды ұйымдастыру және жүргізу әдістерін түсіндіріп беріңіз
- •40. Жұқпалы, паразиттік аурулар таралуының және халықтың улануының алдын алу мәселелерін қарастыру
- •46.Топырақ гигиенасы . Топырақтың механикалық және физикалық қасиеттеріне сипаттама беріңіз
- •48. Санитарлы микробиологиялық зерттеулердің негізгі обьектілеріне сипаттама беріңіз
- •49. Санитарлы микробиологиялық зерттеулердің негізгі обьектілерінің микрофлорасын сипаттаңыз
- •50.Санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер . Сипаттамасы .Смп ға талаптарын түсіндіріңіз
- •51.Санитарлы – көрсеткіш микроорганизмдердің анықтау әдістері.Скм-индексі скм – титріне түсінік беру.
- •52.Санитарлы – көрсеткіш микроорганизмдердің топтарына сипаттама.
- •53.Санитарлы-көрсеткіш микроорганизмдер – фекальды ластану индикаторларын сипаттау.
- •54.Санитарлы – көрсеркіш микро-дің – оральді ластану индикаторларын сипаттау.
- •55.Санитарлы- көрсеткіш микроорганизмдердің өзін –өзі тазарту процестерін индикаторларын сипаттау.
- •58.Топырақтың сапасын санитарлы эпидемиологиялық бағалауда қолданылатын көрсеткіштерді атаңыз.
- •60.Топырақты санитарлық микробиологиялық зерттеуде қолданылатын көрсеткіштерді сипаттаңыз.
- •1.Кесте Патогенді микробтар және топырақта анықталуы
25.Топырақта кездесетін патогенді микроорганизмдердің негізгі түрлері және эпидемиологиялық рөлін түсіндірініз.
Топырақ – көптеген қарапайымдылардың, жануарлардың, микроорганизмдердің, соның ішінде бактериялардың, көгеретін саңырауқұлақтардың, вирустардың тіршілік ететін ортасы. Топырақта тұрғылықты немесе уақытша тіршілік ететін микроорганизмдер: а) жануарлар мен адамға зияндық жасамайтын сапрофиттер; б) патогендік микроорганизмдер. Топырақтағы патогендік бактериялар мынадай жұқпалы аурулар тудырады: сібірлік жара (қарасан), газдық гангорена, тырысқақ, ботулизм. Жұқпалы ауруды адам топырақты өңдеуде, ауылшаруашылық өнімдерін жинауда, құрылыс жұмыстарында, мал жайылымдарында, жер суаруда (тырысқақ таяқшасы, газдық гангрена, сібір жарасы қоздырғыштары) немесе көкөніске, жемістерге, балыққа, саңырауқұлақтарға микробтар түскенде жұқтырады (ботулизм таяқшасы). Жануарлар мен адамның қауіпті жұқпалы ауруларының қатарына сібір жарасы кіреді. Сібір жарасының қоздырғышы – сібір жарасының таяқшасы, ол ауру малдың шығаратын зәр, тезегімен бірге түсіп, спора жасайды және сол күйінде жылдар бойы, әсіресе қызғылт және қаратопырақты жерлерде сақталады. Осы таяқшалармен ластанған шөпті жануарлар жеп, сібір жарасын жұқтырады. Адам сібір жарасын ауру немесе өлген жануарларды ұстағанда, не ауру жұққан мал өнімдері мен шикізаттарын (ет, жүн, тері) ұстағанда және тікелей топырақпен жұмыс істегенде жұқтырады. Адам ұлпалары жарақаттанса онда топырақпен ластанған газдық гангрена қоздырғышы адам денесіне кіреді. Топырақта жиі кездесетіндер А Перфрингенс тектес клостридий болады. Осы микробтар жараланған жерге түсіп, токсин өндіреді, ол ұлпалардың ісінуіне және өлуіне ұшыратады.Ботулизмді жұқтырту тағам өнімдерін үйде сүрлеп дайындау алараларымен тығыз байланысты болады: балық тұздағанда не қақтағанда, консервіленген саңырауқұлақтар, көкөністер мен жемістер дайындауда болады. Ботулинус таяқшасы тудыратын токсин анаэробтық жағдайларда барлық басқа бактериалдық токсиндер мен химиялық уларға қарағанда адам организміне аса күшті әсер етеді.Актиномицеттер, терінің үстіңгі қабатында және терең микоздар, сондай-ақ туберкулез, алапес, дифтерия микробактерияларын тудырады – топыраққа түскенде әжептәуір қауіп туғызады: топырақта туберкулез таяқшалары 15 айға дейін, дифтериялық таяқшалар 2-3 аптаға дейін тіршілік қабілетігін сақтайды. Адам организміне түскен глисттер-паразиттер-гельминттерден болатын аурулар – гельминтоздардың таралуында топырақтың алатын рөлі аса үлкен болады. Кейбір гельминттердің даму кезеңдерінің бірі (жұмыртқалар жетілуі) топырақта өтеді. Гельминттармен ластанған топырақта өскен көкөніс, жеміс-жидектерді, ластанған суды қолданғанда адам органгизміне гельминттердің жетілген жұмыртқалары түседі. Гельминттер жұмыртқалары (шошқа, өгіз цепеньдері) топырақтан ірі қара мал мен шошқалар азығына түсуі мүмкін.
26.Топырақтағы табиғи тазарту процестері.Топырақтағы кездесетін қоздырғыштардың биологиясына тоқталыңыз.
Топырақтың патогенді микроорганизмдер мен гельминттер жұмыртқаларымен ластануының басты көзі адам мен жануарлардың, ағын сулардың және т.б. болып табылады. Уақыт өте келе топырақтың өзін-өзі тазарту қасиеті арқасында олар өледі, алайда біраз уақыт бойы өзінің өмір сүру қаблетін сақтап тұрады.
Топырақтың орнықты және ұзақ уақытты мекендеушілері споропайда болдырушы патогенді микроағзалар болып табылады, олардың ұрықтары топырақта ондаған жылдар бойы өмір сүре алады. Негізінен, бұлар жарақат жұқпалары (сіреспе, газды гангрена), ботулизм, сібір күйдіргілерінің қоздырғышы.
Топырақ, әсіресе органикалық заттармен ластанған топырақ, бактериалды және вирусты ішек инфекциялары - дизентерия, іш сүзек, А және В паратифтары, сальмонеллеза, вирусты гепатит, псевдотуберкулез және т.б. қоздырғыштарының таралу факторы бола алады. Осылайша, топырақта тифо-паратифоз бактериялар тобы 400 күнге дейін бола алады, ал дизентерия – 100 күнге дейін.
Топырақ шартты-детті микроағзалармен ластана алады, олар адам ағзасынан бөлінетін заттар арқылы түседі (БГКП, E.coli, B.cereus, Proteus, Cl.perfringens және т.б.).
Топырақ геогельминттердің (аскаридтер, қылдырықбас) жылжуында рөлі ерекше. Ерекшелігі – геогельминттердің жұмыртқасы адам ағзасынан шығарылатын заттармен бірге топыраққа сіңіп, онда даму сатысының белгілі бөлігін өтіп, инвазиялық қасиеттерге ие болады. Тек аскарида жұмыртқаларының «дамып-жетілуінен» кейін ғана адамда инвания ауруын тудыра алады. Аскарид жұмыртқалары топырақта 1 жыл бойы өмір сүре алады, топырақ бөлшектерімен термикалық залалсыздандырылмайтын тағамдарды инфекциялайды.
Органикалық заттармен ластанған топырақ құтыру, оба, туляремия сияқты инфекцияларды таратушы кеміргіштердің өмір сүру ортасы болып табылады, сонымен қатар шыбындардың қолайлы өмір сүру ортасы, ал олар ішек инфекциясының қоздырғыштарын таратушылар.
Жер қыртысының өзін өзі тазалауы – бұл топырақтың бастапқы қалпына келтірілуіне бағытталған өзгерістер. Өзін-өзі тазалаудың санитарлы-гигиеналық және эпидемиологиялық маңызы зор. Топырақ қалдықтарды залалсыздандыру үшін табиғи орта болып табылады. Онда экзогенді органикалық заттардың көп бөлігінде детоксикация (залалсыздандыру, бұзылу, уытты емес заттарға айналу) жүріп жатады. Бұл заттар ақуыз, май, көмірсу және оның алмасу заттарының органикалық емес заттарға айналғанша (минерализация процессі) ыдырауына әкеп соғады. Осы процесспен қатар топырақта гумификация процессі – органикалық заттар қалдықтарынан жаңа қиын органикалық қосылыс түзілу процессі жүріп жатады, оның атауы – гумус(қарашірік). Қарашіріктің құрамында көміртектің мөлшері өте көп. Көміпртектің органикалық қосылыстардың құрамында 2-3 есе артуы топырақтың ластануына әкеп соғуы мүмкін. Қарашіріктің құрамындағы көміртектің өсімдік құрамындағы көмңртекке қатынасы гумификация коэффициенті деп аталады.
Топырақ құрамына түскен басқа заттарды майсыздандыру процессі өте қиын және микроағзалар көмегімен іске асады. Көмірсудың біраз бөлігі аэроб жағдайында CO2 күйіне дейін қышқылданып, энергия бөлінді, ал басқа бөлігі (моносахаридтер) микробты жасушалардың гликогенін синтездейді. Аэробты жағдайларда майлардың ыдырауы май қышқылдарының пайда болуы мен энергия бөлініне дейін, ал анаэробты жағдайларда - H2, CO2 және т.б. пайда болғанша өте баяу жүреді. Ақуыздар аминқышықылдарына дейін ыдырайды. Аминқышқылдарының бір бөлігі микробты жасушалардың өмір сүруіне жұмсалады. Азот алмасуының өнімі аэроб бактерияларының көмегімен биохимиялық қышқылданады. Бұл процессті нитрификация деп атайды. Қышқылдау процесстерімен бірге топырақта қайта құрылу процессі де жүреді. Денитрификация процессі газ бөлінуімен жүреді. Бактериялардың қайта құру әрекеттерінің дәрежесі олардың биохимиялық ерекшеліктеріне қарамастан ортаның құрамына, оның реакциясына және басқа жағдайларға тәуелді.
Топырақтың гигиеналық ерекше рөлі патогенді микроағзаларды, ең алдымен спора түзбейтін ағзаларды залалсыздандыру процессімен байланысты. Бактериялардың жойылуына себепші сапрофиттердің бәсекелестігі, механикалық факторың әсері, күн көзінің бактерицидтік әсері, электрохимиялық энергияның сыртқы қарым-қатынастары. Залалсыздандырудың тиімділігі бактерия түріне, топырақ құрамы мен құрылысына және т.б. байланысты. Топырақтың бұл ерекшелігі шаруа-тұрмыстық және өнеркәсіптік жер асты суларын тазарту үшін фильтрация алаңдарын салу үшін қолданылады. Топырақтың өзін өзі тазартуы үнемі болмайтынын айта кеткен жөн, тым қатты ластану бүкіл жарамды микрофлораның бүлінуіне әкеп соғады.
