Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос ХАМИТОВА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.95 Mб
Скачать

24.Классификация процесі деп нені атайды?

Минерал түйіршіктерінің суда не ауада жылдамдықтарының шамасына қарай әр түрлі ірілік кластарға бөлінуін классификация процесі д.а. Классификация мынадай мақсаттарда қолданылады:

  1. Ұнтақтау схемаларында көмекші процесс ретінде диірменнен шыққан заттан ұнтақтағы жеткен бөлігін құмды бөліктен бөліп алуға

  2. Бірдей шөгу принципіне байланысты классификациялау,дайындау процесі ретінде кенді жинағыш столдарда байыту алдында жүргізіледі.

  3. Пульпадан судың негізгі бөлігін, не керісінше қатты заттың негізгі бөлігін бөліп алу үшін,демек сусыздандыру процесі ретінде жүргізіледі.

Пайдалы қазбаларды байытканда төмендегідей сұрыптағыштар қолданылады:

  1. 1. Гидравликалық сұрыптағыштар әдетте төрт, алты және одан да көп камералардан тұрады. Олардың әрқайсысындағы судың өрлеу ағынды жылдамдығы мен түйіршіктердің қысылысты құлау дәрежесі әртүрлі. Мұндай сұрыптағыштар гравитациялық байыту әдісі алдында майда ұнтақталған заттың бірдей құлауына сәйкес, бірнеше кластарға бөлу ҥшін қолданылады.

  2. 2. Конусты сұрыптағыштар майда ұнтақталған затты сусыздандыру үшін, сондай-ақ ірілігіне қарай құм және ағызынды түрінде бөлу үшін қолданылады.

  3. 3. Механикалық сұрыптағыштар (классификаторлар) ұнтақталған кенді құм және ағызында етіп бөлу үшін қолданылады. Құм қайтадан диірменге жіберіледі де, ал ағызынды дайын зат есебінде байытуға (флотацияға) түседі. 4. Ортадан тепкіш сұрыптағыштар (гидроциклондар) затты-құм және ағызынды (шлам) бөледі. Түйіршіктер кысылыс жағдайда кұлайтын, өнім механикалық жолмен шығарылатын гидросұрыптағыштар өндірісте кеңінен қолданылады.

  4. Сондай-ақ спиральды классификаторлар - ағызындыға шығатьш заттың үнтақтығы науа ішіндеғі нульпаның тереңдігіне байланысты, ал ол науаның теменгі басының биіктігімен анықталады: неғұрлым ол биік болса тереңцік артады да, ал аласа болса, керісінше, таяздайды

25. Классификаторлар түрлері .

Сұрыптау (классификация). Сұрыптау процесі байыту фабрикаларында кеңінен қолданылады. Ол сулы ортада не ауада жүргізілуі мүмкін. Процестің тиімділігі қатты зат түйіршіктерінің сол ортада шөгу зандылықтармен анықталады. Шөгу кезінде түйіршіктерге негізінде үш күш әсер етеді: ауырлық күші, архимед күші, және ортаның кедергі күші. Түйіршіктің шөгу жылдамдығы осы үш күштің теңесуіне шығатын күштің әсерімен анықталады. Ауырлық күш заттың көлемі және тығыздығымен байланысты екені белгілі. Ортаның кедергі күші негізінде зат түйіршігінің шөгу жылдамдығығымен анықталады. Түйіршік неғұрлым ұсақ болса демек, салмағы азайған сайын, кедергі күш ортаның тұтқырлығымен анықталады да, ол шөгу жылдамдығына тура пропорционал болады. Түйіршіктің осындай жағдайда шөгуін ламинарлы қозғалыс деп атайды. Түйіршіктің салмағы артқан сайын кедергі күш екпінді күшпен анықталып, шөгу жылдамдығының квадратына пропорционал болады. Осындай жағдайда шөгуді турбулентті қозғалыс деп атайды. Шөгу кезінде денеге осы кедергі күштердің екеуі де әсерін тигізеді. Бірақ дененің ірілігіне қарай олардың екеу ара қатынасы әртүрлі болады. Орта есеппен егер түйіршік диаметрі 2мм-ден үлкен болса онда динамикалық кедергі күштің әсері артады. Егер түйіршік диаметрі 0,1—ден кіші болса және ортаның тұтқырлығы артқан сайып үйкеліс кедергі күші басым болады. Осы екі аралықта кедергі күштің екі түрі де орын алады. Шөгу қозғалысының бастапқы уақытында түйіршіктің шөгу жылдамдығы аз, ал үдеуі үлкен болады. Біртіндеп шөгу жылдамдығы өсіп, соның нәтижесінде кедергі күш молайып, үдеу азая бастайды. Бір сәтте ауырлық күшпен кедергі күш теңеледі де, түйіршік бір қалыпты жылдамдықпен шөге бастайды. Оны ақырғы жылдамдық деп атайды. Сонымен ақырғы шөгу жыддамдыққа бірсыпыра жағдайлар әсер етеді: дене неғұрлым ірі болса, тығыздылығы үлкен болса, ортаның тұтқырлығы аз болса және түйіршік пішіні домалақ келсе, соғұрлым ақырғы жылдамдық өседі. Классификация процесін реттеу үшін түйіршіктердің ақырғы шөгу жылдамдығын есептеп табу қажет. Ол үшін тағы бір ұғымдармен танысу керек. Егер белгілі ортада тек бір ғана түйіршік шөксе, демек онымен соқтығысатын басқа түйіршіктер болмаса. ол бос шөгеді. Ал іс жүзінде түйіршіктер бір біріне соқтығысса кедергі жасай шөгеді, демек қысыла шөгеді. Осы екі жағдайда түйіршіктің шөгу жылдамдығы әртүрлі болады: бос шөгу жылдамдығы қысыла шөгу жылдамдығынан бірсыпыра үлкен келеді. Әр кезде тұйіршіктердің шөгу жылдамдықтарын табу үшін ашылған заңдылықтар бос шөгу негізінде табылған. Сұрыптағыштар (классификаторлар). Гидравликалық сұрыптау, сұрыптағыштар деп аталатын аппараттарда жүргізіледі. Пайдалы қазбаларды байытканда төмендегідей сұрыптағыштар қолданылады:

1. Гидравликалық сұрыптағыштар әдетте төрт, алты және одан да көп камералардан тұрады. Олардың әрқайсысындағы судың өрлеу ағынды жылдамдығы мен түйіршіктердің қысылысты құлау дәрежесі әртүрлі. Мұндай сұрыптағыштар гравитациялық байыту әдісі алдында майда ұнтақталған заттың бірдей құлауына сәйкес, бірнеше кластарға бөлу ҥшін қолданылады.

2. Конусты сұрыптағыштар майда ұнтақталған затты сусыздандыру үшін, сондай-ақ ірілігіне қарай құм және ағызынды түрінде бөлу үшін қолданылады.

3. Механикалық сұрыптағыштар (классификаторлар) ұнтақталған кенді құм және ағызында етіп бөлу үшін қолданылады. Құм қайтадан диірменге жіберіледі де, ал ағызынды дайын зат есебінде байытуға (флотацияға) түседі. 4. Ортадан тепкіш сұрыптағыштар (гидроциклондар) затты-құм және ағызынды (шлам) бөледі. Түйіршіктер кысылыс жағдайда кұлайтын, өнім механикалық жолмен шығарылатын гидросұрыптағыштар өндірісте кеңінен қолданылады.

Сондай-ақ спиральды классификаторлар - ағызындыға шығатьш заттың үнтақтығы науа ішіндеғі нульпаның тереңдігіне байланысты, ал ол науаның теменгі басының биіктігімен анықталады: неғұрлым ол биік болса тереңцік артады да, ал аласа болса, керісінше, таяздайды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]