Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос ХАМИТОВА.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.95 Mб
Скачать

10. Химиялық минералдық шикізатты сипаттаныздар.

Химиялық шикізат — химия өндірісінің әр түрлі салаларында қолданылатын табиғи минералдық түзілімдер. Химиялық шикізат табиғатына байланысты минералдық, өсімдік текті, жануар текті, химиялық құрамы бойынша анорганикалық, органикалық және агрегатты, күйіне қарай қатты, сұйық, газ болып бөлінеді. Химиялық шикізатқа апатит, фосфорит, табиғи тұздар, барит, бораттар,пирит (күкірт колчеданы), т.б. жатады. Апатит пен фосфориттен фосфор ұны, суперфосфат, термофосфат, түрлі кешенді тыңайтқыштар, таза фосфор, фосфор қышқылдарының тұздары алынады. Қазақстандағы Қаратау және Ақтөбе фосфорит алаптары ТМД елдерінде елеулі орын алады. Табиғи тұздарға тұз қышқылы және күкірт қышқылының Na, K, Mg тұздары (сулы және сусыз) жатады. Басты минералдары: галит, сильвин, карналлит, т.б. Бұлардан натрий мен хлордың барлық қосылыстары (сода, газ күйіндегі хлор, тұз қышқылы, хлорлы кальций, т.б.), күйдіргіш калий селитрасы, бертоле тұзы, марганец қышқыл калий, цианды калий, бромды калий, иодты калий, ультрамарин, гипосульфит алынады. Бораттар шыны өндірісінде, әр түрлі бор қосылыстарын алуға қолданылады. Табиғи тұздар мен бораттардың мол қоры Қарабұғазкөлде, Каспий және Арал теңіздері төңірегінде, тұзды көлдер мен тұз күмбездерінде жиылған. Қазақстанда бариттің, пириттің, фосфориттің қоры мол.

11. Қазақстаның негізгі пайдалы қазбаларды атап шығындар .

Қазақстан кен байлықтарының қоры, елдің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзілік рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Минералдық шикізат ресурстары маңыздылығы жағынан үш топқа бөлінеді: Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экономикалық-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары. Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003 ж.) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай: алтын – 2,7% (әлемде 8-орында), күміс – 16%, мыс 7,1%, марганец – 30% (2-орын), қорғасын – 22%, мырыш – 15,2%, барит – 47,2% (1-орын), темір – 6%, кобальт – 3,9% (5-орын), хром – 37,6% (8-орын), боксит – 1,4% (10-орын), никель – 1,4% (12-орын). Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша – екінші-үшінші, мырыш және қорғасын бойынша – алтыншы, марганец бойынша – сегізінші, күміс бойынша тоғызыншы орында.

12. Қазақстандағы металлургиялық саласына баға берініздер . Қазақстан кен байлықтарының қоры, елдің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзілік рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді.

Минералдық шикізат ресурстары маңыздылығы жағынан үш топқа бөлінеді: Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экономикалық-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары.

Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді.

Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.

Қазақстан кен байлықтарының қоры, елдің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзілік рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді.

Адамзат қоғамының минералды – шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады. Ал бұл олардың көпшілігінің қорларының уақыт өте келе толығымен таусылуы мүмкін екендігін көрсетеді.

Қазақстан – жердегі минералды – шикізат базасына бай аздапған елдердің бірі. Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың ( олардың 29 –ы металдар) Қазақстанда 39 –ы алынады. Салыстырмалы түрде алсақ жоғар көрсеткіштер тек Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия және АҚШ – 42, Бразилия – 41 түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі.

Мұнай мен табиғи газ қорлар бойынша республика әлемі елдерінің бірінші ондығына кіреді, мұнда тас және қоңыр көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран және сирек кездесетін металдар т.б. табылған.

13. Қазақстаның мұнай - химия өнеркәсібінің сиппатаныздар. Қазақстанның химия саласы – шикізат көзі және көптеген өндіріс саласында үлкен мағынаға ие болған материалдардың қайнар көзі саналатын басымдылығы жоғары және көп қырлы сектор. Қазақстанда минералды және көмірсутек материалдарының, қазіргі кезде әлі игерілмеген фосфориттер, хромиттер, натрий тұздарының  кең ауқымды кеніштері бар. Мемлекетіміздің жер қойнауынан Менделеевтың периодтық жүйесіндегі 105 элементтің 99-ы табылған. Қазіргі таңда Қазақстанда құрамында 1,225 түрлі пайдалы қазбалары бар 493 кен орындарына барлау жүргізілген. Қазақстанның химия секторының басты артықшылығы мынандай: Химия саласының дамуына ауқымды тұғыр бола алатын энергетикалық, су және басқа да табиғи ресурстардың ұланғайыр  қоры; Импорттың орнын толтыратын әлеуеті бар, тез әрі кең көлемде дамып келе жатқан ішкі нарық; Ғылыми, техникалық және инженерлік қуатты ұлғайту және өндіріс саласындағы көп жылдық тәжірибе; Тұрақты макроэкономикалық орта; Шетелдік инвестиция тарту үшін қалыптасқан өте қолайлы саяси жағдай. Қазақстанның ішкі нарығында және одан шеткері жатқан химиялық өнімдерді импорттаушы ірі мемлекеттер арасында зор сұранысқа ие (ТМД, Балтика елдері, Қытай, Түркия, Батыс Еуропа) елдері, химия өнеркәсібін жақын және ұзақ мерзімді дамыту үшін қолайлы негіз қалыптастырыпотыр. Қазіргі кезде еліміздегі мұнай-химия өнімдерін тұтынудың басым бөлігі сырттан келетін импорт арқасында қамтамасыз етіліп жатыр. ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша химия өнімдерінің импорт айналымы 500 млн доллардан асады, оның жартысынан көбі мұнай өнімдері. Осы келеңсіз жағдайды түзету мақсатында, үкімет 2004-2010 жылдар арасындағы Қазақстан Республикасының мұнай-химия өндірісін дамыту бағдарламасын дайындады. 2005 жылы Ақтаудағы полистирол өндіретін «SAT Operating Aktau» зауытын қайта іске қосылуы бағдарламаны жүзеге асырудағы алғашқы қадам болды. Кәсіпорынды «SAT&Company» және «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ иелігіндегі «ATOLL» АҚ басқарып отыр. «SAT Operating Aktau» — стиролды синтездеу мен өндіру бойынша ТМД кеңістігіндегі ірі кешендерінің бірі болып табылады. Шикізат- стиролмен қамтамасыз етіп отырған «Нижнекамскнефтехим» ресейлік компаниясы. Алайда, сырттан келетін шикізаттың бағасы, оның сапасы зауыт шығаратын полистиролдың құны мен нарықтағы бәсекелестік қабілетіне тікелей өсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты, 21 сәуірде «ҚазМұнайГаз» қарамағындағы Атыраудағы мұнай өндіру зауытында (АНПЗ) бензол шығаратын қондырғы жобасының жапондық «Марубени» компаниясы дайындаған техникалық-экономикалық негіздемесінің таныстыру рәсімі өтті. Бензол салада кең пайдалынылатын қасиеттерімен қатар, қазір аса қажетті стирол шығаратын шикізат, сондықтан жобаның тез арада іске асырылуы күтілуде.

14. Пайдалы қазбаларды байытудың негіздерің атап шығыныздар Пайдалы қазбаларды байыту — кендегі пайдалы құрамбөлік мөлшерін көбейту, оны таза күйінде даралау, кендерден зиянды қоспаларды ажырату, көпбөлшекті кендегі әр түрлі құрамбөліктерді жіктеу сапасын бір қалыпқа келтіру және т.б. шараларды жүзеге асыру, яғни руданың (пайдалы қазбаның) сапасын арттыру мақсатында жүргізілетін өндірістік процестер. Байыту кезінде соңғы тауарлы өнім де (асбест, графит және т.б. сияқты), сонымен қатар ары қарайғы химиялық және металлургиялық қайта өңдеуге жарайтын концентраттар да алуға болады. Байыту – пайдалы қазбаларды алу мен алынған заттарды пайдалану арасындағы ең маңызды бөлім. Байыту терминінің негізінде минерал құрылымының анализі және олардың бөліну процесіндегі байланысы жатыр. Байыту бағалы компоненттер концентрациясын айтарлықтай ұлғайтуға көмектеседі. Мыс, қорғасын, мырыш сияқты маңызды түсті металлдардың рудада кездесуі 0,3-2%, ал концентрацияда-20-70% құрайды. Молибден концентрациясы 0,1-0,05%-дан 47-50%-ға дейін, вольфрамдікі 0,1-0,2% - 45-65%-5а дейін ұлғаяды. Ал көмірдегі күл қалдығы 25-35%-дан 2-15%-ға дейін азаяды. Байыту міндетіне сонымен қатар минералдардың зиянды қоспасын жою жатады. Байыту барлық әдістері пайдалы қазбалардың бөлек компоненттерінің түрлі физикалық немесе физико-химиялық ерекшеліктеріне негізделген. Мысалы: гравитациялық, магниттік, электрлік, флотациялық, бактериялық және т.б. байыту әдістері бар. Пайдалы қазбаларды алдын ала байытудың артықшылықтары: минералды шикізатты пайдалы компоненттері төмен кедей пайдалы қазба кен орындарын пайдалану арқылы өнеркәсіп қорын көбейту; тау кәсіпорындарындағы еңбекті жоғарылатып, тау жұмыстарының механизациясы әсерінен алынатын кен бағасын төмендету; байытылған шикізатты қайта өндіру барысында металлургиялық және химияық өнеркәсіптердің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін отынды, электр қуатын, химиялық реактивтерді, қосындыныны пайдалануды төмендету арқасында жоғарылату; пайдалы қазбаларды жүйелі қолдану, себебі алдын ала байыту олардан тек пайдалы компонеттерді алуды ғана емес, сонымен бірге аз мөлшерде бірге жүретін компонеттерді алуға көмектеседі; тау өндірістік өнімді байырақ өнімдерді тасымалдау әсерінен тұтынушыларға тасымалдаудың құнын төмендету, яғни құрамында пайдалы қазбасы бар алынған тау массасының барлық көлемін тасымалдамауға болады; минералды шикізаттан зиянды қосындыларды бөлу, себебі олар өңдеу барысында соңғы өнім сапасын төмендетуі, қоршаған ортаны ластап, адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Пайдалы қазбаларды байыту байыту фабрикаларында жүзеге асырылады. Қазір олар қиын технологиялық процесті жоғары механизацияланған кәсіпорындар болып саналады.

15. Байыту әдістердің классификациялау принциптері Байыту фабрикаларында қайда қазбаларды өңдеу бір топ зерттеу операцияларынан тұрады. Олардың нәтижесінде пайдалы компоненттер қалдықтардан ажыратылады. Ерекшелігіне байланысты пайдалы қазбаларды өңдеу процесін дайындық, негізгі (байыту) және жанама (қорытынды) деп бөледі. Дайындық процестері пайдалы қазбалар құрамына кіретін пайдалы компонент (минералдарды) дәндерін ашуға немесе жазуға арналған және оларды ірілі класқа бөлуге арналған. Олар байыту процесінің ары қарайғы процестерінің технологиялық сұраныстарын қанағаттандырады. Дайындың процесіне ұнтақтау, елеу, ұсақтау және классификациялар жатады. Ұнтақтау және ұсақтау – сыртқы механикалық, жылу, электр күші, әсерінен минералды шикізат бөіктерінің мөлшерін кішірейту және бұзу процесі. Бұл күштер өз араларында қатты дененің бөліктерін байланыстыратын ішкі күш байланыстарын жеңуге бағытталған. Физика бөлінша ұнтақтау мен ұсақтаудың айырмашылығы жоқ. Ұсақтау кезінде 5 мм –ден ірі бөліктер, ал ұнтақтау кезінде 5мм-ден кіші бөліктер алынады. Ұсақтауды арнайы ұсақтағыш қондырғыларда жүзеге асырады. Ұсақтау дегеніміз – қатты денелерді белгілі бір орнатылған ірілікке дейін мөлшерін азайтып бұзу процесі. Ішкі байланыс күшін жеңе алатын сыртқы күш әсерінен жүзеге асады. Елеу және классификация пайдалы қазбаны түрлі ірілікке бөлу мақсатында қолданылады. Елеу пайдалы қазбаны тор мен елеуішке себу арқылы жүзеге асады. Тор мен елеуіштер ұсақ (торастылық) және ірі (тор үстілік) калибрлі саңылаудан тұрады. Елеу пайдалы қазбаларды себу аумағында мөлшеріне байланысты бөлуге қолданылады. Саңылау мөлшері мм-ден бірнеше мың мм-ге дейін болады. Елеу арнайы елеу машиналары арқылы жүзеге асады. Материалдарды ірілігі бойынша классификациялау сулы немесе ауалы ортада жүргізіледі және түрлі іріліктегі бөліктердің тұну жылдамдығындағы айырмашылықты қолдану негізінде жүзеге асырылады. Үлкен бөліктер тезірек тұнады жіне классфикатордың төменгі бөлігіне концентрацияланады. Ал ұсақ бөліктер жай тұнады және аппараттан сулы немесе ауалық ағыммен шығарылады. Классификация барысында алынған ірі өнімдер құм деп аталады, ал ұсақтары – төгу(слив) немесе жұқа өнім (пневмоклассификация барысында) деп аталады. Классификация ұсақ және жұқа өнімдерді 1 мм-ден ірі емес дән бойынша бөлу үшін қолданылады.

16. Байытудың принциптi cхемасын сызындар? Компонентінің(метал,минерал,күл,басқада қоспалар)компонент массасы және минералдың құрамында оның жалпы массасы арасындағы өзара байланысы компаненттің мөлшері деп аталады.Бастапқы кен мөлшері 100% Концентраттағы компонент мөлшері ·100% Қалдықтардағы компанент мөлшері Егер кеннің 100кг да 0,5кг мыс болса,онда мыстың мөлшері сол күйде. Егер концентраттың 50кг-да 10кг мыс болса онда мыстың мөлшерінің концентратциясы ·100%=20%

Концентрат шығымы концетраттың массасы және бастапқы кеннің массасы арасындағы өзара байланыс

=50%

Қалдықтың шығымы-бұл қалдық массасы мен бастап қы кеннің массасы арасындағы өзара байланыс.

баланс теңдеу

100

100

100

компонентін бөліп алу-осы өнімділігі компоненттің массасы бастапқы материалы компоненттің массасы 100 арасындағы өзара байланыс компонентін бөліп алу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]