- •8.Құрылыс индустрияға арналған шикізаттарды сипаттаныздар
- •9.Агрономиялық минералдық шикізатты сипаттаныздар
- •10. Химиялық минералдық шикізатты сипаттаныздар.
- •11. Қазақстаның негізгі пайдалы қазбаларды атап шығындар .
- •Минералды шикізатты ұсақтау принципі.
- •Не үшін және қандай әдістердің көмегімен денелерді ұсақтау жүргізіледі.
- •Ұсақтау дәрежесі дегеніміз не және ұсақтауға ұшырайтын бөлшектердің өлшемдері қандай ?
- •20. Ұсақтағыштарды орнату сызбалары. Ұсақтағыштарғы қандай талаптар қойылады?
- •21.Орташа, ірі, майда ұсақтау үшін пайданалатың ұсақтағыштар
- •22. Елеудің қолданылуы. Елеудің тиімділігі.
- •23. Қозғалмайтын және қозғалмалы елеуіштер.
- •24.Классификация процесі деп нені атайды?
- •25. Классификаторлар түрлері .
- •26. Гравитациялық байыту әдістері. Негізгі түсініктер.
- •Флотациялау процесі туралы жалпы түсініктер. Флотациялық реагенттер.
- •28. Флотациялау машиналарының түрлері.
- •29.Магниттібайыту әдісінің физикалық негізі
- •30. Электрлік байытудың процесі туралы жалпы түсініктер.
22. Елеудің қолданылуы. Елеудің тиімділігі.
Елеу процесі дегеніміз әр түрлі кесекті, түйіршікті заттарды елеуіштер арқылы өткізіп, екі немесе бірнеше ірілікті кластарға бөлу процессін айтамыз.
Елеу - қажеттілігіне қарай әр түрлі мақсатта қолданылады.
Ұсату процесінде ұсатқыштар алдында оларға түсетін кен ішіндегі сол сатыда ұсатуды керек етпейтін даяр ірілік класын бөліп алуға, яғни көмекші проуессі ретінде қолданылады.
Кейбір байыту процесстері алдында әр түрлі ірілік класстарды жеке байыту қажеттілігі болғанда дайындау процессі ретінде жүргізіледі.
Кейбір қазындылардың мыс: көмір, темір кендерін тек ірілік класстарға бөлгендеәр түрлі сортты өнімдер алынады. Осындай мақсатпен қолданылғанда елеу байыту процесстерінің рөлін атқарады.
Кейбір процесстерде мыс: ауыр металлдарды байытуда қатты заттардан суды бөлу үшін де елеу қолданылады, яғни елеу сусыздандыру процессіне айналады.
Елеу процессін елеуіштер жүргізеді. Әртүрлі белгілеріне қарай елеуіштер бірнеше түрге бөлінеді. Елегіш торларының түрлеріне қарай – жазық бетті, -конусты бетті, - дөңгелек бетті, - ойық бетті болып бөлінеді. Сонымен қатар елегіш беттің қимылына қарай – қозғалмайтын (колосникті, доғалы) және қозғалатын (барабанды, дірілдеуік, валкалы) болып бөлінеді.
Барлық елеуіштер негізінен үш бөліктен тұрады: елегіш бет, корпус және қимылға келтіру механизм.
Кен байыту фирмаларында ең көп тараған елеуіш дірілдеуік елеуіштер. Олардың өнімділігі де, тиімділігі де басқаларымен салыстырғанда жоғары.
Білікті не колосникті торлар әдетте ірі ұсақ сатысында қолданылса, жазық ьолат бетті торлар орташа не ұсақ ұсату сатыларында қолданылады. Ал тоқылған торлар кейде ұнтақтаудың бірінші сатысында қолданылады.
Елегіш беттің тесіктерінің қосынды ауданының бүтін бет ауданына қатынасы қима коэффициенті деп аталады. Ол не ғұрлым үлкен болса, елеу тиімділігі өседі.
Елеу тиімділігі деп тордан өткен төмен класстың массасының сол класстың елеуге түскен бастапқы зат ішіндегі массасына қатынасын атайды.
E=C/α *100%
23. Қозғалмайтын және қозғалмалы елеуіштер.
Барлық елеуіштер негізінен үш бөліктен тұрады: елегіш бет, корпус және қимылға келтіру механизм.
Кен байыту фабрикаларында ең көп тарағаны дірілдеуік елеуіштер. Олардың өнімділігі де және тиімділігі де басқалармен салыстырғанда жоғары келеді. Елегіш бет негізінен үш түрде жасалады: 1) қатар –қатар, өзара белгілі қашықтықта орналасқан біліктерден де рельс кесінділерінен тұрады; 2) әртүрлі пішінді тесіктері бар [дөңгелек, төрт бұрышты, жарықты] цилиндрлі не жазық болат беттен жасалады; 3) сымнан тоқылады.
Білікті не колосникті торлар әдетте ірі ұсату сатысында, жазық бетті торлар орташа және ұсақ ұсату сатыларда, ал тоқылған торлар кейде ұнтақтаудың бірінші сатысында қолданылады. Елегіш беттің тесіктерінің қосынды ауданының бүтін бет ауданына қатынасы қима коэффициентті деп аталады. Ол неғұрлым үлкен болса, елеу тиімділігі өседі.
Қозғалмайтын елеуіштер.
•Колосникті елеуіштер- көлбеу (30-50) қатар – қатар орналасқан бір- бірімен көлденең біліктермен /2/ бекітілген колосниктерден /1/ (рельс кесінділері не қиындылары трапециялық пішінді біліктер) тұрады – 23сурет.
Кен кесектері шашылмас үшін колосникті беттің ұзын бойына екі қабырға орнатылған [3]. Кен елеуіш арқылы өткенде ұсағы колосниктер аралығындағы жырықтан өтіп, ал өтпеген кесектер аз салмағымен домалай қозғалып, ұсатқышқа түседі. Колосниктер аралығындағы қашықтық бөліп алуға қажет ластың диаметріне сәйкес белгіленеді. Елеуіштің көлденеңі елеуге түсетін ең ірі кесектерден 3 есе, не одан көп есе үлкен болуы керек, ал ұзындығы көлденеңінен 2-3 есе артық болады. Колосникті елеуіштер негізінде ірі ұсату сатысында, сирек орташа ұсату сатысында қолданылады. Елеу тиімділіктері 50-60%-тен аспайды.
Доғалы елеуіштердің торы жартылай шеңбер бойына түсетін заттың қозғалу бағытына көлденең орналасқан, ара қашықтығы жақын колосниктерден тұрады. Бұл елеуіштерге диірмендерде ірі ұнтақталған, сумен араласқан зат (пульпа) түседі.
Қозғалмалы елеуіштер. Барабанды елеуіштердің (26-сурет) елегіш беті цилиндр не конус пішінді келеді. Елегіш бет не тоқылған тордан не тесілген болат қаңылтырдан салады да, цилиндрлі не конусты каркасқа орала орнатылады. Барабан екі шетіне жақын орнатылған бандаждар (3) арқылы роликтер үстінде айналады. Материалдардың белгілі жылдамдықпен жылжуы үшін барабан 4-10 бұрыш жасай көлбеу орнатылады. Қозғалу кезінде ұсақ класс барабанның ұзын бойымен тордан өтіп науаларға түседі де, ал ірі класс барабанның екінші шетінен барып шығады. Кейде бір елеуіштен бірнеше елеулік кластар алуға болады. Ол үшін барабанның ұзын бойы бірнеше секцияларға бөлініп, әр секцияға тесік диаметрі әр түрлі торлар орнатылады: материал түсетін басына жақын секцияға ең жазық тесікті тор одан кейін ірі тесікті торлар орналасады. әр секциядан шыққан кластар жеке науаларға түседі.
Дірілдеуік елеуіштер. Олардың ең көп тараған түрлері коробы шеңберлі қозғалыс жасайтын және өздігінен айналу өсін бір қалыпта ұстайтын (самоцентрирующиеся) екпінді елеуіштер (ГИС,ГИТ) және коробы түзу сызық бойымен қозғалатын және өздігінен теңделетін дірілдеткіштері бар елеуіштер (ГСЛ, ГСС, ГСТ).
Екпінді (инерционды) елеуіштердің (27-сурет) коробы (1) қозғалмайтын конструкцияға серіппелер арқылы көлбеу ілінеді, тірегіштерге орнатылады. Елегіш бет (2) коробтың екі қабырғасына бекітілген. Коробтың қабырғаларының орта шеніне орнатылған подшипниктер (5) арқылы эксцентрикті вал (4) өтеді. Валдың екі шетіне теңгерілмеген жүк орнатылған екі маховик (6) орналасқан. Қорап электродвигательмен шкив және белбеулер арқылы қозғалысқа келеді.
