Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос ХАМИТОВА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.95 Mб
Скачать

30. Электрлік байытудың процесі туралы жалпы түсініктер.

Электрлік әдіспен байытуминералдардың электрлі қасиеттеріндегі айырмашылыққа байланысты электр өрісінде олардың қозғалу траекторияларының өзгеруіне негізделген. Минералдарды электрлік қасиеттеріне олардың ток өткізгіштіктері, диэлектрлік өтімділігі, үйкелуде электрленуі және тағы кейбірі жатады.

Минералды әдіспен бөлудің басты шарты – олардың түйіршіктерінің бетінде оң не теріс зарядты болуы керек. Зарядталған түйіршік электрод бетімен түйіскенде өзара әрекеттеседі. Әрекет күші (F), белгілі Кулон заңымен анықталады: F=k·e1·e2/r

Мұнда, k- пропорционал коэфиценті, ол ортаның диэлектрлік өтімділігіне байланысты, k=1/E·(Е-диэлектрлік өтімділік); e- әрекеттенуші екі нүктелік зарядтары; r- екі нүкте арасындағы қашықтық.

Электр өрісінің кернеуімен Е оның әрекет күші F арасындағы қатынас мына формуламен сипатталады: F=Е·e

Бұл формуладан неғұрлым заряд шамасы және өріс кернеуі жоғары болса, солғұрлымзаряды денеге әрекет ететін күште өсетіні көрінеді.

Минерал түйіршіктері әртүрлі әдістермен зарядталуы мүмкін: зарядты электрод бетімен түйістіру, коронды разряды өрісінде ионизациялану, уйкелумен электрлендіру, иондардың адсорбциялануы жане тағы басқа әрекеттер арқылы.

Қазіргі кезде қолданылатын аппараттарда зарядталған минерал түйіршіктері зарядты электрод бетімен әрекеттеседі. Ток өткізгіш түйіршіктер электрод зарядын қабылдап, өзара тебіседі де, өткізгіш қасиеті жоқ түйіршіктер зарядын өзгертпей барабан бетінен өз салмағымен құлайды не аз күшпен оған тартылады.

Бұл процесте электр өріс әрекетінің күшімен басқа түйіршіктерге салмақ күш, ортадан тепкіш кұш жане ортаның кедергі күштері әсер етеді. Түйіршіктердің электрод бетінен тебілуі не тартылуы элктр өріс күші жане кептірілген механикалық күштердің ара қатынасына байланысты. Электр өріс күші кернеу жане заряд шамасымен аныкталса, баскаларын реттеу үшін байытылатын зат арнаулы дайындау процестеріннен өткізілуі кажет.Салмак күшін электрлі күш шамасынан барынша томендету мақсатымен процеске түсетін зат түйіршіктерінің ірілігі әдетте З мм аспайды.Ортаның кедергі күші негізінде үш фактормен анықталады. Түйіршіктер ірілігінің біркелкілігі, заттың ылғалдылығы және шаңдылығы. Осыған байланысты байыту алдында ұнтақталған зат құрғатылады. Ылғалды затта түйіршіктер бір бірімен жабысып бөліну дәрежесі көп төмендейді.Одан кейін заттан шаң болінеді де , ол сапасына және құрамына қарай кейын алынатын өнімдердің біреуіне қосылады.Түйіршік іріктілерінің бір келкілігін арттыру мақсатымен шаңнан тазартылған зат ірілік кластарға бөлінеді.Әр клас жеке аппараттарға түседі. Ортадан тепкіш бөлгіштердің барабардарының айналу жылдамдығы заттың қасиетіне байланысты тәжірибемен анықталады.

Түйіршіктердің бөлінуіне улкен асер ететін тағы бір фактор барабан бетіне түскен зат кабаттын калындығы. Оның шамасы негурлым түйіршіктер диаметріне жакын болса, согурлым түйіршіктердің бір біріне кедергісі томендейді. Осыған байланысты бастапқы зат барабан устыне оте біркелкілікпен жұқа қабат жасай түсірілуі керек. Процесті осындай ерекшелігінің нәтижесінде қолданылатын аппараттың өнімділігі өте төмен , сондықтан бұл байыту әдісі тікелей кен байытуда өте сиерк қолданылады.Негізінде ол сирек кездесетін металлдар кендерінен баска байыту әдістерімен алынған концентраттардың сапасын арттыру, коллективті концентраттарды бөлу мақсаттарымен қолданылады

  1. Минералдық шикізат дегеніміз не, қандай түрлерін білесіндер?

  2. Қатты отын- энергет-қ және химиялық шик/сипаттаныздар

  3. Сұйық отын- энергетикалық және химиялық шикізатты сипаттаныздар

  4. Кен емес металлургия өнеркәсіпке арналған шик/мысал келтіріп сипаттаныздар

  5. Шикізат ретінде газдарды пайдаланудың мыс. келтірініздер

  6. Шикізат ретінде суларды пайдаланудың мысалдырың келтірініздер

  7. Асыл, жартылай асыл және бояма тастардың өнеркәсібінің сипаттаныздар

  8. Құрылыс индустрияға арналған шикізаттарды сипаттаныздар

  9. Агрономиялық минералдық шикізатты сипаттаныздар

  10. Химиялық минералдық шикізатты сипаттаныздар

  11. Қазақстаның негізгі пайдалы қазбаларды атап шығындар

  12. Қазақстандағы металлургиялық саласына баға берініздер

  13. Қазақстаның мұнай- химия өнеркәсібінің сиппатаныздар

  14. Пайдалы қазбаларды байытудың негіздерің атап шығыныздар

  15. Байыту әдістердің классификациялау принциптері

  16. Байытудың принципті схемасың сызындар

  17. Минералды шикізатты ұсақтау принципі.

  18. Не үшін және қандай әдістер көмегімен денелерді ұсақтау жүргізіледі?

  19. Ұсақтау дережесі не. ұсақтауға ұшыратайтын бөлш-ң өлшемдері қандай?

  20. Ұсақтағыштарды орнату сызбалары. Ұсақтағыштарға қандай талаптар қойылады?

  21. Орташа, ірі, майда ұсақтау үшін пайд-ң ұсақтағыштар

  22. Елеуідің қолданылуы. Елеу тиімділігі.

  23. Қозғалмайтын және қозғалмалы елеуіштер.

  24. Классификация процесі деп нені атайды?

  25. Классификаторлар түрлері

  26. Гравитациялық байыту әдістері. Негізгі түсініктер.

  27. Флотациялау процесі туралы жалпы түсініктер. Флотациялық реагенттер.

  28. Флотациялау машиналарының түрлері.

  29. Магнитті байыту әдісінің физикалық негізі

  30. Электрлік байытудың процесі туралы жалпы түсініктер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]