- •8.Құрылыс индустрияға арналған шикізаттарды сипаттаныздар
- •9.Агрономиялық минералдық шикізатты сипаттаныздар
- •10. Химиялық минералдық шикізатты сипаттаныздар.
- •11. Қазақстаның негізгі пайдалы қазбаларды атап шығындар .
- •Минералды шикізатты ұсақтау принципі.
- •Не үшін және қандай әдістердің көмегімен денелерді ұсақтау жүргізіледі.
- •Ұсақтау дәрежесі дегеніміз не және ұсақтауға ұшырайтын бөлшектердің өлшемдері қандай ?
- •20. Ұсақтағыштарды орнату сызбалары. Ұсақтағыштарғы қандай талаптар қойылады?
- •21.Орташа, ірі, майда ұсақтау үшін пайданалатың ұсақтағыштар
- •22. Елеудің қолданылуы. Елеудің тиімділігі.
- •23. Қозғалмайтын және қозғалмалы елеуіштер.
- •24.Классификация процесі деп нені атайды?
- •25. Классификаторлар түрлері .
- •26. Гравитациялық байыту әдістері. Негізгі түсініктер.
- •Флотациялау процесі туралы жалпы түсініктер. Флотациялық реагенттер.
- •28. Флотациялау машиналарының түрлері.
- •29.Магниттібайыту әдісінің физикалық негізі
- •30. Электрлік байытудың процесі туралы жалпы түсініктер.
1.Минералдық шикізат дегеніміз не, қандай түрлерін білесіндер? Минералды шикізат – тау-кен өндірісінің өнімі. Минералды шикізатқа пайдалы қазбалар жатады. Пайдалы қазбалар түрі: 1. жанғыш пайдалы қазбалар – (мұнай, табиғи газ, жанғыш сланцтар, торф, көмір) сарқылатын ресурсқа жатады, қайта орнына келмейтін пайдалы қазбалар, қайта орнына келетін ресурстар – су, топырақ. Мұнай – майлы жанатын сұйық зат, әр түрлі көмірсутектерден тұрады, одан бензин, керосин, парафин алынады. Табиғи газ – көбінесе мұнай шығатын жерде және өзінің де табиғи қоры болады, ол ең арзан отын. Көмір (тас көмір және қоныр көмір) – құрамында 97 % - дейін көміртек болады, ең жоғарғы сапалы көмір антрацит деп аталады, қоныр көмірде 78 %-дейін көміртегі болады, көбінесе жылу электр станцияларында қолданылады. Тас көмір металлургия және химия өндірісінде қолданылады. Торф - өсімдіктердің жартылай ыдыраған қалдығынан тұрады, батпақ, саз жерлерде түзіледі, арзан отын. 2.Кенді емес пайдалы қазбалар (құрылыс материалдары – ізбес, құм, саз т.б., құрылыс тастары (гранит)). Кендер (қара, түсті және бағалы металдар кендері ) темір кені – құрамында Fe, V, Ti, S, P болады. Марганец кені – құрамында Fe, Mn, P болады. Титан кені – TiO2 түрінде кездеседі. Хром кені – Cr2O3, Al2O3, MgO, FeO болады. Алюминий кені – боксит,глинезем, нефелин. Мыс кені CuS, FeS, ZnS болады. Полиметалл кені құрамында Pb, Zn, Cu, Sn және бағалы металдар болады.1.Тау-химиялық шикізаттар – апатит, фосфат, минералды тұздар, барит, бораттар, калий-магний тұздары болады. 2.Гидроминералдар (жер асты минералды сулар және тұщы сулар). 3.Түсті тас шикізат (ешма, роданит, агат, оникс, хальцедон, нефрит, т.б.) және бағалы тастар (алмаз, изумруд, рубин, сапфир т.б.) Минералды шикізаттың жер бетінде таралуы біркелкі емес, көптеген минералды шикізат бейорганикалық текті кен ретінде кездеседі. Пайдалы қазбалардың энергетикалық шикізаттары шекті, оларды минералды шикізатқа тек шартты түрде жатқызады. Қорғаныс өндірісіне қажет шикізаттарды стратегиялық деп атайды. Көбінесе импортталатын материалдар: Cr, Sn, Zn, W, U, Mn, Pt, бокситтер. Минералды шикізатты комплексті қолдану жолдарын қарастыру керек. Қоршаған ортаны сақтау үшін қалдықсыз технология пайдалану қажет.
2.Қатты отын- энергетикалық және химиялық шикізатты сипаттаныздар Ағаш — адамдар бұрыннан қолданатын көне отын. Қазіргі таңда әлемде ағаш өңдеуге немесе биомассаға энергетикалық ормандар қолданады, олар тез өсетін түрлерін алады (теректер, эвкалипт және т.б.). Көп елдерде отын ретінде табиғи балансты ағаштар қолданады, ал олар өз кезегінде орманның жойылуына әкеліп соғады. Ол ағаштар сапа жағынан пиломатериал өндірісіне сәйкес келмейді. Отынды гранулалар – ағаш қалдықтардан жасалған пресстелген бұйымдар (үгінді (опилок), жаңқалар,қабық, жіңішке өлшемелі және кондицияланбаған ағаштар, орман дайындау кезіндегі кескін қалдықтар), сабан, ауыл шаруашылық қалдықтар (күнбағыс дәнінің қауызы, жаңғақ қабығы, көң, құс қиы) және басқа да биомассалар. Ағашты отынды гранулалар деп пеллеттер деп атайды, олар диаметрі 8-23 мм және ұзындығы 10-30 мм цилиндрлік немесе сфералық формада болады. Негізінен қазіргі таңда брикеттер мен отынды гранул өндіру тек өте үлкен көлемде шыққанда ғана экономикалық тиімді болып тұр. Отынды гранулалар – биологиялық түрдегі қалдықтар. Олар өңделмеген немесе минималды дәрежедегі жағуға дайындайтын: үгінділер, жаңқа, қабық, қауыз (лузга), қауыз (шелуха), сабан (солома) және т. б. Энергетикалық орман – биологиялық шығарынды түрдегі энерго-тасымалдағыштар (басты түрі көң және т.с.с.) үйдің пешінде және жылу электростанциясының қазандығында арзан электр бере отырып брикеттеледі, кептіреді және жағылады. Ағаш жаңқасы — бір өлшемді жұқа ағашты ұсақтау арқылы немесе орманды алдын ала дайындайтын ағаш шабатын орындардағы қалдықтарды немесе мобильді ағаш жонатын машинада немесе стационарлы ағаш жонатын машинаның көмегімен алынған ағаштан қайта өңделген қалдықтар. Еуропада жаңқаны негізі қуаты 1-ден біршама ондаған мегаватт болатын үлкен жылуэлектрстанцияларында жағады. Қатты отындарға отынды торф пен қатты үй қалдықтары және тағы басқа да жатады. Химиялық шикізат — химия өндірісінің әр түрлі салаларында қолданылатын табиғи минералдық түзілімдер. Химиялық шикізат табиғатына байланысты минералдық, өсімдік текті, жануар текті, химиялық құрамы бойынша анорганикалық, органикалық және агрегатты, күйіне қарай қатты, сұйық, газ болып бөлінеді. Химиялық шикізатқаапатит, фосфорит, табиғи тұздар, барит, бораттар, пирит (күкірт колчеданы), т.б. жатады. Апатит пен фосфориттен фосфор ұны, суперфосфат, термофосфат, түрлі кешенді тыңайтқыштар, таза фосфор, фосфор қышқылдарының тұздары алынады. Қазақстандағы Қаратау және Ақтөбе фосфорит алаптары ТМД елдерінде елеулі орын алады. Табиғи тұздарға тұз қышқылы және күкірт қышқылының Na, K, Mg тұздары (сулы және сусыз) жатады. Басты минералдары: галит, сильвин, карналлит, т.б. Бұлардан натрий мен хлордың барлық қосылыстары (сода, газ күйіндегі хлор, тұз қышқылы, хлорлы кальций, т.б.), күйдіргіш калий селитрасы, бертоле тұзы, марганец қышқыл калий, цианды калий, бромды калий, иодты калий, ультрамарин, гипосульфит алынады. Бораттар шыны өндірісінде, әр түрлі бор қосылыстарын алуға қолданылады. Табиғи тұздар мен бораттардың мол қоры Қарабұғазкөлде, Каспий және Арал теңіздері төңірегінде, тұзды көлдер мен тұз күмбездерінде жиылған. Қазақстанда бариттің, пириттің, фосфориттің қоры мол.
3.Сұйық отын - энергетикалық және химиялық шикізатты сипаттаныздар Энергетикалық сектор Қазақстан экономикасының секторларының ішіндегі айтарлықтай дамыған секторға жатады.ҚР-сы жалпы әлемдік отын қорының 4% құрайтын,шамамен 28 млрд. тн құрайтын отын қорына ие. 2003 жылы біріншілікті энергетикалық ресурстардың жалпы өндірілуі Қазақстанда шамамен 105 млн.тнг құрады,оның ішінде 50 млн.тнг экспортты құраса,энергоресурстардың ішімізде тұтынылуында көмір үлесі 67%,мұнай-шамамен 21%,газ-12% құрады. Қазақстандағы отынның негізгі тұтынушысы-электрэнергия мен жылу өндірісі.Осы секторлардың жылдық отын тұтынуы 25 млн.тнг құрайды. Электростанциялардың отындық балансы структурасындағы көмір үлесі 75% құрайды, газ-25%,мазут -2%. Қазақстанда 2005 жылы электрэнергия өндірісі 67,5млрд кВт/сағ шамасыда болады. Қазбалы отын әлемдік энергетиканың негізін құрайды. Халықаралық энергетикалық агенствоның (ХЭА) мәліметтеріне сүйенсек 2003 жылы электрэнергияның әлемдік өндірілуі 16691тВсағ құрады.Органикалық отынды пайдаланумен өндірілген электрэнергияның үлесі-66,4% құрайды, ірі гидростанциялардың үлесі-15,9%,атом энергетикасы-15,8%,энергияның қалпына келетін қайнар көздерінің үлесі-1,9%. XXI ғасыр басында энергетиканың дамуына мына фаторлар әсер етеді: энергия тұтынуының артуы,отын құнының өсуі,булы газ бөлінуі бойынша экологиялық шектеулер. Осы факторлар елдерді энергия және энергияның қалпына келетін қайнар көздерін пайдаланудың тиімділігін арттыру программаларын құрастыруға итермелейді. Бірқатар тәжірибелер көрсеткендей, қайта жаңаратын энергия көзінің дүниежүзілік энергетикалық баланстағы үлесі 2050ж деңгейінде 18% немесе атмосферадағы парниковый газдың құрамын тұрақтандыру үшін жоғары болу керек. Қатты қалдықтар ағаштарды шабу және отынөндіретін өндірістер қоршаған ортаға көп зиянын тигізуі мүмкін,бірақ сонымен қатар бұл қалдықтар энергияны, тыңайтқыштарды, химиялық заттарды алу үшін шикізат болып табылады. Атмосфераға шығарылатын көптеген күкіртті қосылыстарды төмендетудің негізгі әдістері аз күкіртті мазут алу мақсатындамұнай өңдеу зауытында мұнай отынын тазалау, сұйық және қатты отынды газ тәрізді отын алуға дейін терең өңдеу және күкіртті қосылыстардан тазалау, түтіндік газдарды бу қазандықтарынан шыққан соң күкірт оксидтерінен тазалау. Отынды кешенд энерготехнологиялық пайдалануда, отыннан химиялық шикізат және таза энергетикалық отын алу мәселесі туындағанда мазуттың термиялық ыдырауы үшін қатты өнімнің (мұнай коксы) газификациясымен қатар жүретін жоғары температуралы пиролиз қолданылады. Мазут пиролизі тотықтырғыш қатысуынсыз 700-1000°С температураға қыздырғанда жүреді. Бұл кезде түзілетін жанғыш газ күкіртті қосылыстардан және қажетсіз қоспалардан тазарады да, таза энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Конденсацияланатын сұйық шайыр өнімдері химиялық шикізат түрінде қолданылады.
4.Кен емес металлургия өнеркәсіпке арналған шикізатты мысал келтіріп сипаттаныздар Қазақстан кен байлықтарының қоры, елдің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзілік рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Минералдық шикізат ресурстары маңыздылығы жағынан үш топқа бөлінеді: Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экономикалық-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары. Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.
5.Шикізат ретінде газдарды пайдаланудың мысалдырың келтірініздер Ғалымдардың болжауы бойынша, қазіргі пайдалану деңгейі сақталған жағдайда, мұнай мен газдың коры 80-170 жылға, мырыш, никель, мыс коры 100 жылға, көмір кенін 1700 жылдай уакыт бойы ғана шығаруға жетеді. Табиғи ресурстардын коры шексіз еместігіне байланысты оларды кешенді түрде пайдалануға ерекше көңіл аударып, атап айтқанда, аз қалдықты немесе калдықсыз тсхнологияларды жасау және халықшаруашылығының әртүрлі салаларыида шикізат базасын қалдықтарды кеңінсн пайдалану арқылы көбейту қажет. Түсті металлургияда негізінде пайдалы элемснттердіц 2-3% ғана алынып, 97-98% пайдасыз нәрсе ретінде тасталынады.Маңызды шикізат қорына қалдықтардың ішінде күл мен қокысты жатқызуга болады. Осы күнды материалдың казіргі кезде 20%-тен аспайтын бөлігі ғана өңделінеді. Кул негізінде цементке толтырғыш ретіндс қолданыдады. Түтін газдарынан алынған 1,3 т қоңыр көмірдің күлі 1т цемснттің орнын толтырады. Қоңыр көмір күлінің күрамында 5-30% темірдің оксиді, 30% әк жөне едәуір мөлшерде коксталған көмірдің қалдығы бар екендігіне байланысты металлургияда оны темір концентратын алу үшін пайдалануға мүмкіндік бар. Қазақстанның түсті металлургиясының шикізат базасы ретінде тек күлді ғана емес, өндірілетін руданың құрамында бірқатар металдардың мөлшері көптеген жылдар бойы мол жинақталган жүздеген миллион тонна шлактарды да пайдалану кеңінен қарастырылуда. Геологиялык. барлау жасауға, тасымалдауга, рудниктер және байыту фабрикаларын салуға қаражат жұмсалмайтынына байланысты шлактардан алынғап металдардың өзіндік құны рудадан алынғаннан бірнеше есе төмен болады. Қазақстанның тусті жәнс кара металлургия саласындағы көптеген өнеркәсіптерден бөлініп шығатын газдар күкірт қышқылын алуға шикізат ретінде пайдаланылып келеді. Металлургия өнеркәсіптерінің құрамында күкірті бар газдардан алынған қышқылдың өзіндік кұны, сонымсн катар, 1 т өнімге жүмсалған қаржының үлсс салмағы табиғи шикізаттан өндірілген күкірт қышқылына қарағанда 2 еседей төмен.
6.Шикізат ретінде суларды пайдаланудың мысалдырың келтірініздер Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосфера және құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%) қар және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы су қорларының 23% тиеді. Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінде мұнай өндіру, танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мындаған километр жерді ластайды. Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар. Мұндай улы заттар өнеркәсіп орындарында, транспортта, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5-15 мг/л-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0,1 мг/л-ді құрайды. Басқа ластаушылардан: металдарды (сынап, қорғасын, мыс, марганец, қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы егіс алқаптарынан және мал шаруашылығы фермаларынан түсетін улы химикаттарды атауға болады. Металдардың ішінен су қоры үшін ең қауіптісі сынап, қорғасын және олардың қосылыстары. Су қорларының ластануының бір түрі - жылулы ластану. Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су айдынына жылы суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде онда оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңділік бұзылады. Лас суда температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды. Сосын ішкен су арқылы организмнің ішіне түсіп әртүрлі аурулар тұдыруы мүмкін.
7.Асыл, жартылай асыл және бояма тастардың өнеркәсібінің сипаттаныздар Асыл тастар — минералдар мен тау жыныстарының көркем бұйымдар және зергерлік әшекей заттар жасауға пайдаланылатын ерекше тобы. Оларға өрнекті, түс бояулары қанық, мөлдір әрі жарық сәулесін сындырып, шашырата алатындай оптикалық қасиеті бар көптеген минералдар мен тау жыныстары жатады. Мұндай тастардан жасалынған бұйымдар атадан балаға мұра болып қалып отырады, сондықтан олар механикалық және химиялық әсерлерге төзімді болуы керек. Асыл тастарды Қазақстан жерінде адамдар бағзы заманнан танып, қолдана білгені археологиялық мәліметтерден белгілі болып отыр. Мысалы, Солтүстік және Батыс Қазақстанда біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта тастан жасалған тас білезіктер мен әр түрлі әсем бұйымдардың бөліктері табылған. Бесшатыр зираты және Есік қорғанынан табылған моншақтар қызғылт-сары ақықтан жасалған. Батыс Қазақстан облысында табылған сармат мәдениетіне тән моншақтар тау хрусталі мен кәрібтастан тұрады. Түрлі-түсті нефрит, ақық және т.б. тастардан істелінген зергерлік бұйымдардың бөліктері Отырар мұражайына қойылған. Тау хрусталі. Асыл тастар ретінде құрамы мен тегі әр түрлі 100-ге жуық минералдар мен тау жыныстары пайдаланылады. Бұл тізім әшекейлік жаңа тастармен үнемі толықтырылуда. Асыл тастардың құндылығына көптеген жағдай әсер етеді. Біріншіден, олардың таралу дәрежесіне байланысты. Мысалы, өте әдемі деген тастың өзі табиғатта кең таралған жағдайда құнсызданады. Бір кездердегі иризаттық қасиеті бар асыл тас – лабрадор Канада мен Украинада үлкен кендерінің ашылуына орай, қаптама тастар қатарына түсті. Екіншіден, әсемдік әлеміндегі өзгеріске байланысты бұйымдардың түр-түсінің өзгеріп отыруы әр түрлі сұраныс тудырады. Мұнымен қатар, кейбір тастарға қатысты ұлттық және діни ғұрыптар сақталады. Үшіншіден, асыл тастардың кен орындары әлемдегі санаулы елдердің еншісіне тиіп отыр. Асыл тастардың құндылығына байланысты зергерлік, зергерлік-әшекейлік және әшекейлік болып, 3 топқа бөлінеді. Өз кезегінде зергерлік және зергерлік-әшекейлік тастар бірнеше қатарға жіктеледі. Зергерлік тастар: І қатар – қызыл лағыл (рубин), зүмірет (изумруд), алмас, көк жақұт (көк сапфир); ІІ қатар – александрит, қызғылт-сары және күлгін жақұт (сапфир), асыл қара опал, асыл жадеит; ІІІ қатар – демонтоид, шпинель, ақ және оттай қызыл опал, көгілдір зүмірет (аквамарин), топаз, родолит, турмалин; ІV қатар – хризолит, циркон, кунцит, ай тас (адуляр), күн тас (ферриортоклаз), сары, жасыл және қызғылт берилл, пироп, альмандин, бирюза, аметист, хризопраз, цитрин. Зергерлік-әшекейлік тастар: І қатар – лазурит, жадеит, нефрит, малахит, янтарь, түтін түстес және түссіз тау хрусталі; ІІ қатар – агат, амазонит, күрең қызыл гематит, құбылма дала шпаты, обсидиан, эпидот. Әшекейлік тастарға яшма, мәрмәрлі оникс, обсидиан, гагат, тасқа айналған ағаш, лиственит, өрнекті кремень, пегматит, авантюринді кварцит, флюорит, селенит, агальматолит, түсті мәрмәр, т.б. жатады.
8.Құрылыс индустрияға арналған шикізаттарды сипаттаныздар
Индустриальды шикізат – табиғи түрде немесе өңдірілген түрде өнеркәсіпте қолдануға жарамды қатты, металды емес пайдалы қазбалар. Индустриальды шикізат металлургия үшін кенсіз шикізатты, техникалық шикізатты және құрылыс индустриясына арналған шикізатты қамтиды (кенсіз құрылыс материалдары). Құрылысқа индустриясына арналған шикізат (табиғи құрылыс материалдары және олардың өндірісіне қажет шикізат) құрылыстық (қабырғалық, жабындық, жолдық, кесек тастық т.б) және өңдегіштік (мәрмәрлі, гранитті, лабродорлар т.б ) тастар, табиғи (қиыршық тас, құм, галька, жұмыр тас, қой тас) және жасанды (борқылдақ) бетон толтырғыштар,тұтқыр материалдар (бос топырақ, балшықтар, гипс,ангидрит және т.б) гидравликалық қосындылар (трассалар, кеуектастар ,диатомиттер, ұсақ кеуекті шөгінді тау жыныстары және т.б), минералды бояулар ( мумия, жоса түсті, күрең түсті бояу және т.б), әйнекті-керамикалық шикізат (кварцты құмдар және құмдауық, кварциттер, далалық шпаттар, пегматиттер, мусковитты граниттер, керамикалық балшықтар, каолиндер және т.б), цементтік шикізат (кенді қорыту материалдары ретінде – әктас, бор, құмды ізбес, саз балшық, балшықты қатпарлы тас, аргиллиттер, қосымша ретінде ангидрит, диатомиттер, ұсақ кеуекті шөгінді тау жыныстары цеолитизирленген құрылыс материалы ретінде қолданылатын тау жынысы немесе өндірістік қалдықтар- күлді шаң тозаң, домналық қоқыс және т.б).Индустриальды шикізат синонимі ретінде “өндірістік минералдар және тау жыныстары” термині қолданылады.
9.Агрономиялық минералдық шикізатты сипаттаныздар
Адамзат қоғамының минералды – шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады. Ал бұл олардың көпшілігінің қорларының уақыт өте келе толығымен таусылуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Қазақстан – жердегі минералды – шикізат базасына бай аздапған елдердің бірі. Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың ( олардың 29 –ы металдар) Қазақстанда 39 –ы алынады. Салыстырмалы түрде алсақ жоғар көрсеткіштер тек Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия және АҚШ – 42, Бразилия – 41 түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі.
Мұнай мен табиғи газ қорлар бойынша республика әлемі елдерінің бірінші ондығына кіреді, мұнда тас және қоңыр көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран және сирек кездесетін металдар т.б. табылған.
Аталған пайдалы қазбалардың түрлерін өндіру, қайта өңдеу және байыту процесінде литосфера мен тұтас қоршаған орта жағдайына неғұрлым мұнай, табиғи газ концентраттарын өндіру ықпал етеді.
Минералды шикізат, пайдалы қазындылар – табиғи минералдық түзілімдер. Минералды шикізат қатты (кентастар, көмір), сұйық (мұнай, су), газ (табиғи жанғыш және инерттік газдар) күйінде кездеседі, үздіксіз өтетін эндогендік, экзогендік процестер нәтижесінде пайда болады. Магмалық заттар (түрлі құрамды балқымалар, сұйық, газ тәрізді ерітінділер түрінде) жер қыртысының жоғарғы мантиясында не жер беті жыныстарының мүжіліп, шайылып бір орынға жиылуынан қалыптасады. Магма жер қыртысына еніп, суынғанда түрлі құрамды интрузиялар түзіледі. Магмалық кендердің жаралуы осы интрузияларға байланысты. Минералды шикізат шөгінді кендері теңіздердің, көлдердің, өзендердің түбінде жиылады, әр түрлі қабаттар, иірімдер түрінде кездеседі. Қорымды кендер химиялық әрекеттерге берік, бағалы, ауыр металдар мен минералдардың (алтын, платина, алмас, титан, цирконий, торий, қалайы, вольфрам элементтерінің минералдары) жағалаудағы шөгінділерде жиылуынан қалыптасады. Көне және қазіргі үгілу қыртысымен байланысты үгілу кендеріне уран, мыс, таза күкірттің инфильтрациялық кендері, темір, никель, марганец, каолиннің қалдық кендері жатады. Метаморфогендік кендер жоғары температура мен қысым әсерінен түрлі тау жыныстарының өзгеруінен жаралады. Минералды шикізаттардың аталған генетикалық типтері Қазақстанда көп кездеседі. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003 ж.) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай:
алтын – 2,7% (әлемде 8-орында), күміс – 16%, мыс 7,1%, марганец – 30% (2-орын), қорғасын – 22%, мырыш – 15,2%, барит – 47,2% (1-орын), темір – 6%, кобальт – 3,9% (5-орын), хром – 37,6% (8-орын), боксит – 1,4% (10-орын), никель – 1,4% (12-орын).
Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша – екінші-үшінші, мырыш және қорғасын бойынша – алтыншы, марганец бойынша – сегізінші, күміс бойынша тоғызыншы орында.
Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат рыноктарында Қазақстанның атқаратын рөлі аз емес, ал Еуразиялық субконтинентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік рынокта (ТМД елдері, бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай ықпалы бар
Негізге агрономиялық минералды шикізаттарға мыналар жатады: нитраттар, калийлі тұздар, фосфаттар.
Нитраттар. Азот қосылыстары сондай-ақ жарылғыш заттардың өндірісінде қолданылады. Бірінші дүниежузілік соғыс біткенше және соғыс біткендегі бірінші жылдары нитраттардың нарықтағы монополиялық орны Чилиге тиесілі болды. Бұл елде ішкі қуаңшылық алқаптарда Анд арқа жағалауында көптеген табиғи натрий нитратының қоры бар.
Кейін атмосфералық азотты пайдаланып жасанды нитрат өндіру кеңінен жайылды. Құрамында 82,2% азоты бар сусыз аммиакты алу технологиясы дамыған өндіріс бойынша АҚШ дүние жүзінде бірінщі орын алады.
Атмосферадан азотты алу мүмкіндіктер шектелмеген, ал қажетті сутекті негізінен табиғи газдан алады.
Калийлі тұздар. Калийлі тұздардың негізгі минералдары – сильвин ( калий хлориді) және карналлит (магний және калий хлориді). Сильвин әдетте тасты тұз - галитпен сильвинит құрамында, тау жыныстарында кездеседі. Калийлі тұздар өндірісі бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін Германия монополиясы болды. Аналогиялық пайда болған жері батыс Техаста және шығыс Нью-Мексико, Польша, Саскачеван. 1995 жылы Калийлі тұзды алуда бірінші орында Канада(9 млн. т) болды. Одан кейін Германия(3,3 млн. т), Россия және Белоруссия(по 2,8 млн. т), АҚШ(1,48 млн. т), Израиль(1,33 млн. т), Иордания(1,07 млн. т). Фосфаттар. Фосфаттардың өндірістік пайда болу жері фосфориттермен және апатитті кендермен өкілдерімен көрсетілген. Дүние жүзілік ресурстардың көптеген бөлігі кең тараған теңіздік фосфориттік шөгінділерге бағытталған. Анықталған ресурстар, өндірістік еместі қосқанда, миллиардтаған тонна фосформен бағаланады. 1995 жылдары 34%жоғары дүниежүзілік фосфат алудан АҚШ, арыкарай Марокко(15,3%), Кытай(15%), Россия(6,6%), Тунис(5,6%) және Иордания(3,7%) болды.
