Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
менеджмент (4).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆
  1. Ұйымның сыртқы ортасы және оның сипаттамалары.

Сыртқы орта дегеніміз — ұйым жұмысына сырттан әсер етуші орта. Кез келген ұйым ашық жүйе ретінде болады.

Сыртқы орта сипаттамалары: - Сыртқы ортаның күрделілігі; Сыртқы ортаның қозғалмалылығы; - Сыртқы орта белгісіздігі; - Сыртқы орта факторларының өзара байланыста болуы.

Сыртқы ортаның күрделілігі факторлардың санына байланысты. Осыған орай әр кәсіпорын өзінің түпкі мақсатының орындалуына оң ықпал ететін факторларды есепке алып, оның деңгейін анықтап отыруға мүдделі.

Қозғалмалылық — бұл кәсіпорын қызмет жасап тұрған ортада болып жатқан құбылыстардың қозғалысы. Ұйым айналасында болып жатқан өзгерістер неғұрлым жедел қозғалыста болса, өндірістік жүйедегі өзгерістер де солғұрлым тез дамып отырады.

Сыртқы ортаның белгісіздігі кәсіпорынның сыртқы орта факторларын есепке алуына, олардың әрқайсысының қаншалықты жөне қандай деңгейде ықпал ететінін анықтап отыруына, ақпараттардың саны мен сапасына байланысты. Сыртқы ортаға катысты беймәлім жайлар неғұрлым коп болса, тиімді шешімдер қабылдау да соғұрлым қиындай түседі.

Сыртқы орталар: экономикалық шарттар, тұтынушылар, кәсіподақтар, басқарма актілері, заңды нормалар, бәсекелес ұйымдар, қоғамдық көзқарастар, техника және технологиялар.Бұлар ұйымда болып жатқан барлық факторларға  әсер етеді.

Ұйым жұмысына тура әсер ететін факторлар ретінде: жабдықтаушылар; материалдар, капитал, еңбек ресурстары; тұтынушылар; бәсекелестер қарастырылады.

Тура әсер ететін факторлар деп — ұйым қызметін өзгертуге дейін мүмкіндігі бар факторларды айтамыз. Бұл әсерді ұйым қызметкерлері өз тарапынан реттеп отыра алады.

Жанама әсер ететін факторлар ұйым қызметіне әсер етеді, бірақ ұйым қызметкерлері бұл әсерді басқарып немесе реттеп отыра алмайды. Мұндай факторларға жататындар: саяси жағдай; табиғаттық; экологиялық; әлеуметтік; мәдени; ғылыми-техникалық факторлар болып табылады.

  1. Ұйымдағы коммуникация және менеджмент.

Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.  Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Баскарудың жоспарлау, ұйымдастыру мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты.

Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады.  Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым-қатынас орнатуы қажет.  Шетел зерттеушілерінің пікірінше, тиімсіз қарым-қатынас – проблемалардың туындауының басты себептерінің бірі. Тиімді жұмыс істейтін басшылар – бұлар тиімді қарым-қатынас орната білетіндер. Ұйым ішінде де, одан тысқары жерде де тиімді қарым-қатынас ұйым аралықтары үшін де, сыртқы орта үшін де аса қажетті, сол мақсатта олар түрлі амалдарды пайдаланады.  Олар тұтынушыларға жарнама арқылы және басқадай жолдармен байланысады. Қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас орнатуда жергілікті ұйымдармен, жалпыұлттық немесе халықаралық деңгейде байланыс жасауға ерекше кеңіл бөледі.

Ұйым мемлекеттік реттеу тәртібіне бағынуына тура келеді, сол себептен де есеп беріп, онда қаржы және маркетинг туралы мәлімет береді, сондай-ақ өзінің орналасуы мүмкіндіктері, жеңілдіктері т.б. туралы деректер келтіреді. Ұйымның сыртқы ортадағы оқиғалар мен факторларға қатысуынын баска да толып жатқан әдістері бар.  Коммуникацияның түрлері: тігінен; көлденеңінен; вербальды; вербальды емес; формальді; формальды емес. 1)Төменгі деңгейден жоғарғы деңгейдегі басшылыкка берілетін мәліметте не істеп жатқандығы айтылады. Басшы осындай жолмен ағымдағы және толғағы жеткен мәліметтерді біліп отырады, істі оңға бастырудың мүмкін болатын варианттарын ұсынады. Жоғарғы басшылар мен төменгі басшылардын мәлімет алысуы әдетте есеп беру, ұсыныс айту және жазбаша түсініктеме нышанында болады. 

2)Әр түрлі бөлімшелер аралығындағы коммуникация көлбеу коммуникацияға жатады. Кез келген ұйым ұндай коммуникацияны қажет етеді, өйткені, оның өзі өзара байланысты элементтерден тұратындықтан басшы мақсатқа жетуі үшін біркелкі жолға қойылған жұмысқа қол жеткізуі тиіс. 

3)Вербалсыз қатынас кұралдары  Әлеуметтік психологияда «дене тілі», немесе вербалсыз қатынас деген болады. Психологтардын пікірінше, адамдар арасындағы әңгімеде мәліметтің 90%-дайы вербалсыз, яғни сөзбен емес, басқадай амалдармен беріледі.  Әңгімелеушінің маңызды мәліметтерінде бет және қол қимылдарымен қоса, дене қимылы да ерекше орын алады.  Әңгіме-кеңес өткізушінің нақты жағдайдан тұтастай мағлұматы болуы тиіс. Бір жағдайда ұйым ішіндегі өзара сөйлесуі, екінші бір жағдайда сауда ісінде сөйлесу маңызды рөл атқаруы мұмкін.