- •Күнтізбелік жоспардың бөлімдерінің үлгісі
- •6 Сынып
- •7 Сынып
- •8 Сынып
- •9 Сынып
- •Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптары үшін «Биология» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
- •3. Оқытудың мақсаты:
- •4. Оқытудың міндеттері:
- •11 Сынып Биология Жаратылыстану бағыты
- •Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық
- •3. Оқытудың мақсаты:
- •4. Оқытудың міндеттері:
- •11 Сынып биология. Қоғамдық –гуманитарлық бағыт
- •Биология учебная программа
- •Атырау-2016
- •Типовая учебная программа по предмету «Биология»
- •1. Пояснительная записка
- •Календарно – тематическое планирование по биологии за 6 класс
- •Календарно – тематическое планирование по биологии за 7 класс
- •Календарно – тематическое планирование по биологии за 8 класс.
- •Типовая учебная программа.По предмету «Биология»
- •Уровня общего среднего образования
- •1. Пояснительная записка
- •Календарно-тематическое планирование по биологии для 11 класса. Всего 68 часов, 2 раза в неделю.
9 Сынып
№ |
Тақырыптың атауы |
Сағ с |
|
Биологияға кіріспе (1 сағат). |
|
1. |
«Жалпы биология негіздері» пәнінің жаратылыстану-ғылыми пәндер жүйесіндегі орны, мақсаты мен міндеттері. Жалпы биология - биологиялық заңдылықтарды, тіршілік әлемінің көптүрлілігін, тірі материяның құрылым деңгейлерін зерттейтін пән. Топсеруен.Тіршілік әлемінің көптүрлілігімен танысу үшін табиғатқа топсеруен жасау. |
1 |
I бөлім. Жасуша— тіршіліктің бірлігі (14 сағат ). I тарау. Жасушаның химиялық құрамы (5 сағат). |
||
2. |
Цитология пәні және міндеттері.Зерттеу әдістері және олардың басқа биологиялық ғылым салалары мен медицина және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін маңызы. |
1 |
3. |
Жасушаның ашылу тарихы. |
1 |
4. |
Жасушалық теория — ХІХ ғасырдың ең үлкен жаңалығы. Жасушалық теорияның негізгі қағидалары. Жасуша тірі организм құрылысының, дамуының және қызметінің негізгі бірлігі. |
1 |
5. |
Тірі материяның химиялық құрамының бірлігі. Өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактерия жасушаларының химиялық құрамы. Химиялық элементтер, су және басқа бейорганикалық қосылыстар, олардың жасуша тіршілік әрекеттеріндегі рөлі. |
1 |
6. |
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ, липидтер, олардың элементарлық құрылысы, жасушадағы рөлі. Ферменттер, олардың тіршілік процестерін реттеудегі рөлі.№1 зертханалық жұмыс. Тірі ұлпаларда ферменттердің катализдік белсенділігі. |
1 |
|
ІI тарау. Жасушаның құрылымы мен қызметі (3 сағат). |
|
7. |
Жасушалық құрылымдар: плазмалық мембрана, цитоплазма, эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы және лизосомалар, митохондриялар, пластидтер, қозғалыс органоидтері, олардың құрылысы мен атқаратын қызметтері; жасушалық қосындылар.№2 зертханалық жұмыс. Пияз қабықшасының жасушасындағы плазмолиз және деплазмолиз. |
1 |
8. |
Ядро, оның құрылысы және қызметі. Ядроның жетекші рөлі. |
1 |
9. |
Прокариоттық және эукариоттық жасушалар, олардың құрылысындағы ерекшеліктер. №3 зертханалық жұмыс.Өсімдік, жануар және бактерия жасушаларының құрылысы. Олардың құрылысындағы айырмашылықтарды табу. |
1 |
ІІI тарау. Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі (2 сағат). |
||
10. |
Биологиялық жүйелердегі зат алмасу және өздігінен реттелуі. Фотосинтез — күн энергиясының органикалық заттың энергиясына өзгеруі. Биологиялық «аккумуляторларда» жарық энергиясының қорлануы. Фотосинтездің жарық және қараңғы сатылары, судың фотолизі. |
1 |
11. |
Органикалық заттардың тотығуы есебінен жасушаның энергиясымен қамтамасыз етілуі. Биологиялық тотығу және жану. Анаэробтық және аэробтық гликолиз. Митохондриялар — жасушаның энергиялық стансасы. |
1 |
ІV тарау. Тұқым қуалау ақпараты және оның жасушада жүзеге асырылуы (4 сағат). |
||
12. |
Генетикалық ақпарат. Н.К. Кольцов. ДНҚ — нәруыз синтезделу үшін матрица (қалып) болып табылады. ДНҚ-ның екі еселенуі (редупликациясы). ДНҚ матрицасына сәйкес ақпараттың РНҚ-ның түзілуі. |
1 |
13. |
Генетикалық код. Генетикалық кодтың қасиеттері. Нәруыздың биосинтезі. Транскрипцияның реттелуі. |
1 |
14. |
Гендік және жасушалық инженерия. |
1 |
15. |
Транскрипция мен трансляцияның бактерияларда реттелуі. Бұл процестердің жоғары сатыдағы организмдерде реттелуі. |
1 |
II бөлім. Организмдердің көбеюі және жеке дамуы (6 сағат). V тарау. Өзін-өзі ұдайы өндіру — тіріге тән жалпылама қасиет (4 сағат). |
||
16. |
Митоз жыныссыз көбеюдің негізі екендігі, оның фазалары. Митоздың биологиялық мәні. |
1 |
17. |
Организмдердің көбею формалары. Жыныссыз көбеюдің түрлері. Жынысты көбею. |
1 |
18. |
Мейоз және оның биологиялық мәні. Мейоздың фазалары. Сперматогенез. Овогенез. |
1 |
19. |
Жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану. Ұрықтанудың биологиялық маңызы. |
1 |
VІ тарау. Организмдердің жеке дамуы (2 сағат). |
||
20. |
Организмдердің жеке дамуының элементарлық түсінігі. Жасушалардың бөлінуі, өсуі, жіктелуі, органогенез, даму, қартаю, даралардың өлуі. Ұрықтардың ұқсастығы. |
1 |
21. |
Организмнің біртұтас екендігі. Өзгергіш жағдайларға организмнің бейімделу деңгейлері. Өзіндік реттелу. Организмнің бастапқы даму кезеңдеріне сыртқы орта жағдайларының әсері. Биологиялық сағат. Анабиоз. |
1 |
IІI бөлім. Генетика және селекция негіздері (13 cағат ). VІІ тарау. Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары (5 сағат). |
||
22. |
Генетиканың қысқаша даму тарихы. Белгілердің Г.М.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. Тұқымқуалаушылықты зерттеудің гибриодологиялық әдісі. Моногибридтік шағылыстыру. Бірінші ұрпақтың біркелкілігі. №4 практикалық жұмыс. Қарапайым генетикалық есептер шығару. |
1 |
23. |
Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы. Ажырау заңы. Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар. |
1 |
24. |
Генотип және фенотип. Аллельді гендер. Талдаушы шағылыстыру. Толық және толық емес доминаттылық. Тәуелсіз тұқым қуалау. Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы. |
1 |
25. |
Сандық және сапалық белгілердің тұқым қуалауына орта жағдайларының әсері. Реакция нормасы. |
1 |
26. |
Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің өзара әрекеттесуі. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық. Адамның генетикалық әртүрлілігі. Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері. Адамның генетикалық аурулары. |
1 |
VІІІ тарау. Өзгергіштіктің заңдылықтары (4 сағат). |
||
27. |
Модификациялық және тұқым қуалайтын өзгергіштік. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің типтері. Гендік, хромосомалық, геномдық мутациялар. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологтік қатарлар заңы. №5 зертханалық жұмыс. Модификациялық өзгергіштіктің вариациялық қатарын және вариациялық қисық сызығын құрастыру. №6 зертханалық жұмыс. Организмдердің өзгергіштігі. |
1 |
28. |
Мутацияларды экспериментальдық жолмен алу. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі. |
1 |
29. |
Генетика және медицина. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның кейбір тұқым қуалайтын ауруларының алдын алу және емдеу. Резус-фактор. № 7 практикалық жұмыс. Өзіңе шежіре құрастыр. |
1 |
30. |
Туыстық некенің жағымсыздығы. Медициналық-генетикалық кеңес беру. |
1 |
IX тарау. Генетика және селекция (4 сағат). |
||
31. |
Жануарларды қолға үйрету селекцияның бастапқы кезеңі екендігі. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Жануарларды қолға үйрету аймақтары. Үй жануарларының шығу тегі. |
1 |
32 |
Заманауи селекцияның әдістері. Сұрыптау үшін өзгергіштіктің маңызы. Сұрыптау |
1 |
33. |
Туыстық шағылыстыру және оның селекциядағы маңызы. Гетерозис, оны ауыл шаруашылығында қолдану. |
1 |
34. |
Полиплоидия. Әріден будандастыру. Жасанды мутагенез. Олардың селекциядағы маңызы. Селекция жетістіктері. №8 зертханалық жұмыс. Жергілікті өсімдік іріктемелерінің фенотиптері. |
1 |
IV бөлім. Эволюция ( 23 сағат). Х тарау. Эволюциялық идеялардың дамуы. Эволюцияның дәлелдемелері (4 сағат). |
||
35. |
Эволюциялық түсініктердің шығуы және дамуы. Эволюционизмнің алғы шарттары. Ламарктың эволюциялық теориясы. |
1 |
36. |
Ч.Дарвин және оның түрлердің пайда болу теориясы. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі ұстанымдары. Эволюцияның синтетикалық теориясының шығуы. |
1 |
37. |
Эволюцияның дәлелдемелері. Эмбриологиялық дәлелдемелер. Морфологиялық дәлелдемелер. Палеонтологиялық дәлелдемелер. Эволюцияның биогеографиялық дәлелдемелері. |
1 |
38. |
Түр. Түрдің критерийлері. Популяция. №9 зертханалық жұмыс. Әр түрге жататын өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері. |
1 |
ХI тарау. Эволюциялық процестің механизмдері (7 сағат). |
||
39. |
Өзгергіштіктің эволюциялық процестегі рөлі. Мутациялық өзгергіштік. Үйлесімдік өзгергіштік. |
1 |
40. |
Табиғи сұрыпталу-эволюцияның бағыттаушы факторы. |
1 |
41. |
Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес. Сұрыптаудың тиімділігі. |
1 |
42. |
Популяциялар ішіндегі табиғи сұрыпталудың формалары. Қозғаушы сұрыптау. |
1 |
43. |
Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану. |
1 |
44. |
Бейімділік. Қорғаушы рең. Жасырушы рең. Мимикрия (еліктеуші рең). Сақтандырушы рең. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты. №10 зертханалық жұмыс. Организмдердің бейімделгіштігі. |
1 |
45. |
Түртүзілу. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары. Эволюция бағыттарының арақатынасы. №11 зертханалық жұмыс. Өсімдіктердегі ароморфоздар және бунақденелілердегі идиоадаптациялар. |
1 |
ХII тарау. Жерде тіршіліктің пайда болуы (2 сағат). |
||
46. |
Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар. Л.Пастердің тәжірибесі. |
1 |
47. |
Органикалық молекулалардың абиогендік синтезі. Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар. Қазіргі кезде Жерде тіршіліктің пайда болуы мүмкін бе? |
1 |
ХIII тарау. Жерде тіршіліктің дамуы (6 сағат). |
||
48. |
Криптозойда тіршіліктің дамуы. Архей. Протерозой. Жануарлардың алуантүрлілігінің күрт жоғарылауы. Палеозой заманында тіршіліктің дамуы. Кембрий, Ордовик, Силур, Девон, Тас көмір, Пермь. |
1 |
49. |
Мезозой заманында тіршіліктің дамуы. Триас. Юра. Бор. Кайнозой заманында тіршіліктің дамуы. Палеоген. Неоген |
1 |
50. |
Органикалық дүниенің алуантүрлілігі. |
1 |
51. |
Жүйелеудің ұстанымдары. Жүйелеудің шығуы. Жасанды және табиғи жүйелер. Организмдерді жіктеу. |
1 |
52. |
Тіршіліктің жасушалық емес формалары — вирустар, фагтар. |
1 |
53. |
Тіршіліктің жасушалық формалары, олардың ядросыздарға және ядролыларға бөлінуі. Прокариоттар. Эукариоттар. |
1 |
ХIV тарау. Адамның шығу тегі (4 сағат). |
||
54. |
Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылықтары. |
1 |
55. |
Еңбек және адамның пайда болуы. Антропогенездің алғышарттары. |
1 |
56. |
Алғашқы адамдар. Ежелгі адамдар. Ертедегі адамдар. Қазбадан табылған осы заманғы типтес адамдар. |
1 |
57. |
Адам нәсілдері. Нәсілшілдіктің дәрменсіздігі. Нәсілшілдіктің кертартпалық мәні. |
1 |
V бөлім. Экология негіздері (11 сағат). XV тарау. Экожүйелер (7 сағат ). |
||
58. |
Экология пәні. Ортаның экологиялық факторлары. |
1 |
59. |
Биотикалық оптимум. Организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі. |
1 |
60. |
Әртүрлі түр популяцияларының, экожүйелердің өзара әрекеттесулері. |
1 |
61. |
Бірлестіктер. Экожүйелер. Бірлестіктердегі организмдердің қызмет атқаратын топтары. Экожүйелердің мысалдары. |
1 |
62. |
Энергия ағымы және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида. Экожүйелердің өнімдері. Экожүйелердің қасиеттері. Өздігінен реттелу. |
1 |
63. |
Экожүйелердің ауысуы. Адамның әрекетіне байланысты экожүйелердің ауысуы. Агроценоздар. |
1 |
64. |
Экологиялық білімді адамның практикалық әрекетіне пайдалану. |
1 |
XVI тарау. Биосфера. Адам әрекетінің биосфераға әсері. Биосфераны қорғау (4 сағат). |
||
65. |
Биосфера туралы В.И.Вернадскийдің ілімі. Биосфераның құрамы: тірі зат, түрлік құрамы. Табиғатта көміртек пен азот айналымы. Тірі организмдердің шөгінді жыныстарды және топырақты түзудегі рөлі. |
1 |
66. |
Адамның биосферадағы рөлі. Ауқымды экологиялық проблемалар. |
1 |
67. |
Қоғам және қоршаған орта. Халық санының артуы. Индустриялық тұтынушылар қоғамы. Халықаралық ынтымақтастық және кедейлікпен күрес. Экологиялық қауіпсіздіктің концепциялары. |
1 |
68. |
Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары. Тұрақты даму. |
1 |
