Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etika_sessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.49 Кб
Скачать

12. Қарым қатынасты өзара әрекеттестік механизмі ретінде түсіндіріп беріңіз

Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Қарым-қатынастың құралдары:

1.Тіл-сөздердің, анықтамалардың жүйесі және оқуды қарым-қатынаста қолданылатын мағыналы сөз тіркестеріне (пікірлеріне) біріктіру.

2.Бір ғана фразаның әр мағынасын беретін интонация (дауыс ырғағы), эмоциялы айқындылық.

3.Қарым-қатынастағы адамның отырысы, бет әлпетінің көрінісі, көзқарасы, сөз төркінің мәнін күшейте, толықтыра, әрі жоққа шығара алады.

4.Ым-ишара (жест) қарым-қатнастың құралы ретінде жалпыға бірдей болуы мүмкін- яғни әрқайсысы өзіне тән мағынамен сипатталады.

Қарым-қатынастағы адамдардың бір-бірінен алшақтығы—олардың мәдени, ұлттық дәстүрлеріне, бір-біріне деген сенімінің дәрежесіне байланысты.

Басқа адамдармен қатынасының ерекшеліктерін түсіне білгісі келген адам, олардың нақты жағдайдағы өзінің қылықтарына қатысты әсерін білген жөн, яғни өз мінез-құлқының нәтижеге әкелетіндігін ескеруі керек.

Өзара сенім кері байланыстың кепілі қарым-қатынастағы кері байланыс бұл басқа адамға, менің оны қалай қабылдағаным жайлы, оның мінез-құлқы менде қандай сезімдарді туғызатындығы жайлы ақпараттың жетуі (хабар алмасу).

Қарым-қатынас күрделі әлеуметтік психологиялық процесс бола тұра төмендегідей негізгі каналдар бойынша жүзеге асады: Сөйлеу тілі арқылы және сөйлеу тілінің қатысынсыз каналдары. Сөйлеу тілі қарым-қатынас құралы ретінде ақпараттың қайнар көзі ретінде әрі әңгімелесушіге әсер ету тәсілі ретінде көрінеді.

Зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, адам қарым-қатынасының күнделікті актісіндегі сөздер оның 7% құраса, дыбыстар мен дауыс ырғағы 37%, сөйлеу тілінің қатысынсыз жүрген әсер 33% құрайды екен.

Адамның ішкі күйін бейнелейтін бет әлпетіндегі бұлшық еттерінің қозғалыстары, оның күнделіктерінің шынайы мәнін табыс етеді. Ымдар ақпараттың 70% құрайды. Яғни адамның көздері, көзқарасы, бет-әлпеті оның айтылған сөзінен бетер анықтама бере алады. Адамның маңдайы, қасы, аузы ( еріні, көзі, мұрыны, иегі ) оның түр негізі эмоцияларын анықтайды.

Басқа адамдармен қарым-қатынасында кез-келген адамның нақты әлуметтік рөлдері бар. Осындай рөлдер жеке адам жайлы толыққанды ақпарат берумен қатар, оны кейбір тұстарын жасыруы да мүмкін. Алайда қандай рольді иеленуі адамның өзіне байланысты яғни оның күшіне, әлсіздігіне, ақыл-ой деңгейіне, өзіне қатысты сыншылдығына, мінез-құлқының икемділігіне байланысты.

Адамның өзі және басқа адамдар жайлы ақпараттары қарым-қатынас тәсілдерін және мәнді қарым-қатынасты ұйымдастыру ұмтылысына анықтайды. Осы орайда психологиялық тұрғыда хабардар болуы керек. Адамның даралық психологиялық ерекшеліктері жоғары жүйке-жүйесінің типімен анықталып, ең алдымен темперамент қасиеттерінде көрініс табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]