Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etika_sessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.49 Кб
Скачать

50.Тұлғаның үйлесімді дамуына арналған бағдарлама жасаңыз.

Тұлға дегеніміз-тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам.

Тұлға дамуы-оның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесін әр өмір кезеңдеріне орай қалыптасып баруы, адамға қоғамдық жатсынуға итермелейтін жағдайлардың күшін жоюды талап етеді. Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңға бағынатыны жөнінде көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоға мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері,тұлға дамуының дағдарыстары, даму процесін тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. Кең тараған тұлға теорияларының әр қайсысында тұлға дамуы өздігінщше қарастырылады. Мыс, психоаналитикалық теория дамуы деп-адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механимзмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де үйренеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалді. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенмен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді. Э.Эриксон тұлға дамуының кезеңдерін 8 топқа бөліп қарастырған: 1) ерте нәрестелік шақ(туылғаннан 1 жасқа дейін); 2) кейінгі нәрестелік шақ(1-3 жас); 3) ерте балалық шақ(3-5 шамасында) ; 4) орта балалық шақ(5-11 жас аралығы); 5) жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық(11-20 жас аралығы); 6) ерте ересек шақ(20-45 жас арасы); 7) орта ересек шақ(40-45 және 60 жас арасы); 8) кеш ересек шақ( 60-тан жоғары). Эриксон тұлғаның дамуының кезеңдерін бөле отырып, дамудың қалыпты желісі мен дамудың аномалді желісінің әр кезеңдегі ерекшеліктерін көрсеткен

51.Тұлғаның әлеуметтік өрлеуіне кәсіби мотивацияның әсері

Мотивация күрделі психофизиологиялық күйдін динамикалық, иерахиялық іс-әрекетке итермеулеуші күштін негізі болып табылады. Қарастылып отырған жағдайдын күрделісі барлық іс-әрекет – еңбек, қарам- қатынас, таным т.б – полимотивировталған. Ол бір ғана мативпен емес күрделігімен ерекшеленеді. Кейбір мативтер бір – бірін толықтырып отырады, кейбіреуі конфкликтік жағдайда болады. Олар бір бірін күшейтеді немесе адамдағы іс-әрекетті төмендетеді ақыр сонында ол не себепті олай жасағанын анықтауы қиын болады. Адамдағы мотив саналы түрде жүзеге асырылады. Сондықтан бөлек құрастырылған күрделі мотивациялық комплекстан мотивациялық процесс бөлек қарастырылмайды.

Адам анықталған мақсатына жетуге байланысты туындаған қиыншылықтырды жоюға тырысады. Шыққан міндет мотивациялық қоздырғышқа итермелейді және организмді анықталаған іс-әрекет түріне бағыттайды (жүйке орталығына байланысты). Бір мақсаттағы формулярлық оймен іс-әрекетті анықтай отырып, есте сақтау механизмі оянады. Бір сөзбен айтқанда,актуалданған мақсаттылық нақтылы нейрофизиологиялық күйдің мотивциясын тудырады.

Сол себептен, мотивация — мақсатылықтың анықталған жүйкелік жүйесін оятаушы, организмнің жылдамдығын күшейтуші жүйе. Адамның негізгі маңызды мотивациялық түрткісі - өзіндік актуализациялануға деген қажеттілік, өзінің «Мен - Концепцияларының» құндылықтарын жоғарылату және жоғалтпау. «Мен - Концепциясы» ары қарайғы дамуы «Мен - Концепциясын» бейнелеу үшін концептаулды - терминологиялық құрамын унификациялау бағытында жүрді және өлшеулер үшін сенімді эмпирикалық референттерді іздеуге бағытталған, соның негізінде, ол бірлік немесе индивидтің өзіне деген бағдарлар құрылымы ретінде қарала бастаған. Бағдарлар 3 категорияға топтастырылады: - реалды «Мен» (индивидтің дәл осы мезетте өзін-өзі қабылдауы) - әлеуметтік «Мен» (индивидтің ойынша қоршағандары қалай қабылдайтындығы жайлы) - идеалды «Мен» (индивидтің болғысы келетін бейнесі». Шутц, Нюттен зерттеулерінде эксперименттік түрде адамның әлеуметтік мінез-құлқына «Мен - бейнесінің» «өткені» мен «болашақ» бейнелерінің әсері зор екендігі дәлелденген. Дәстүрлі түрде адамның психикалық саулығының негізгі көрсеткіші болып табылатын барлық психотерапевтикалық практикаларда негізінен колданылатын «Мен үғымының» уақытша ұғым идеялы, әсіресе олардың өзара сәйкес келмеушіліктеріне баса назар аударылады. «Мен - өткен шақ», «Мен- болашақ», «Мен - қазіргі» арасындағы белгілі бір дәрежеге дейін жеткен қайшылықтар әлеуметтік-психологиялық дезадапциясының негізгі фаткоры негізінде немесе алғашқы тұлғалық ауытқушылықтары ретінде немесе тұлғаның өзіндік актуализациясының төменгі көрсеткішті дәрежесінің бір ретінде (А.Маслоу) немесе нақты психикалық ауытқушылықтар, яғни депрессия мен мазасыздық бастауы ретінде қарастырылады. Көптеген зерттеулерде адекватты өзін-өзі бағалаудың тұлғаның өзін қоғам үшін құндылығын және оның алдында өз міндеттерін саналы қабылдауын, толыққанды әлеуметтік активті дамуын белгілеуде мәнді орынға ие. Өзін-өзі бағалаудың құрылуын екі факторға анықтайды: 1. Сыртқы фактор - әлеуметтік орта, қоршаған аймақ, іс-әрекеттегі сәттіліктср мен сәтсіздіктер; 2. Ішкі - адамның индивидуалды - психологиялык ерекшеліктері. Осы ішкі және сыртқы факторлардың адам дамуы үшін қолайсыз қатынас негізінен адекватты емес өзін-өзі бағалау қалыптасып, адамның қарым-қатынас жасау барысына, іс-әрекеттегі сәттілігін, қоғамдағы орнын анықтауда өз септігін тигізді . «Мен» құрылымы өмір барысында қоршағандармен өзара әрекеттесу арқылы дамиды. Былайша айтқанда, бала әлеуметтік сезімтал және оның когнитивті және перцивтивті қабілеттері даму мөлшеріне байланысты «Мен - концепциясының мазмұны» көп дәрежеде әлеуметтену үрдісінің жемісі болып табылады. Сонда тұлғаның дамуы, оның мінез-құлқы қоршаған орта әсері арқылы белгіленеді. Өзіндік актуализацияланатын адам еркін, тағдырдың әр мезетіне қанағаттанып өмір сүреді. Тұлға дамуын әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан түсіндіруде оның мотивациялық құрылысы негізге алынады Мотивацияның тұлға өміріндегі мәні жайлы сауал көптеген ғалымдарды толғандырған, солардың бірі болып Л.Маслоу есептелінеді. Ол адамның барлық қажеттеліктері туа біткен және олардың іскс асуы доминантты иерархиялық жүйеге сүйенеді деп ұсынған.

52.Әл-Фараби ат.ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексінің баптарын талдаңыз

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің қауымдастығы:

- Университеттің жоғарғы санатты және адамгершілігі аса жоғары мамандарды дайындау миссиясын жүзеге асырудағы өз жауапкершілігін сезіне отырып;

- Университеттік қауымдастықтың бір¬лес¬кен мәдениетін қолдау мен дамытуды, ҚазҰУ-дың Қазақстан Республикасындағы кәсіби мамандарды дайындаудың жетекші орталығы және отандық білім берудің көшбасшысы ретіндегі имиджін сақтауды өзінің міндеті ретінде санай отырып;

- ҚазҰУ-да студенттермен, қызметкер¬лермен және жоғары оқу орнының әкімдігі арасында шынайы демократиялық қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла отырып;

ҚазҰУ студентінің аталып отырған Ар-намыс кодексін қабылдайды және оны қалтқысыз орындауға міндеттенеді.

1-бап. ҚазҰУ студенті Қазақстан Республика¬сының Конституциясы мен заңдарына, ҚазҰУ Жарғысына, Ішкі тәртіп Ережесіне, Жатақ¬ханада тұру Ережесіне және басқа да ҚазҰУ-дың нормативті актілеріне бағынады.

2-бап. ҚазҰУ студенті ұлттық мәдениет пен Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихын біледі және оларды қастерлейді, университет дәстүрлерін кіршіксіз сақтайды және оларды құрметтейді.

3-бап. ҚазҰУ студенті басқа студенттермен, оқытушылармен және ҚазҰУ әкімдігінің өкілдерімен қарым-қатынас барысында ізет¬тілік, кішіпейілділік және ұқыптылық таныта¬ды.

4-бап. ҚазҰУ студенті кез келген азаматқа оның шығу тегі мен ұлтына, әлеуметтік дәрежесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан, құрметпен қарайды.

5-бап. ҚазҰУ студенті өзінің оқу міндеттерін қатаң орындайды, төмендегідей академиялық нормаларды бұзушылыққа жол бермейді: - плагиат;

- алдау;

- шпаргалка пайдалану, білімді бақы¬лаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту барысында көшіру және біреуден сұрау;

- білімді бақылау процедурасынан бөтен тұлғаның атынан өту;

- жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарын пайдалану;

- пара беру;

- оқытушыны алдау және оны сыйламау;

- сабақтарды жіберу және кешігу, оқу сабақтарына немесе олардың бір бөлігіне бел¬гісіз себептермен қатыспау.

6-бап. ҚазҰУ студенті университет мүлкінің сақталуына қамқорлық жасайды және универ¬ситет аумағында жүгенсіздік көріністерінің орын алуына жол бермейді.

7-бап. ҚазҰУ студенті университеттің кітапхана¬лық-ақпараттық ресурстарына қамқорлықпен қарайды және бұл ресурстарға қатысты салғырт қараушылық пен нұқсан келтіру¬шілікке жол бермейді.

8-бап. ҚазҰУ студенті ұқыптылықты сақтайды. Оның сыртқы түр келбеті этикалық және эстетикалық нормаларға сәйкес келеді.

9-бап. ҚазҰУ студенті салауатты өмір салтын ұстанады, өзінің мәдени, адамгершілік және тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмты¬лады, университеттің қоғамдық-мәдени, ғылы¬ми және спорттық өміріне белсене атсалы¬сады.

10-бап. ҚазҰУ студенті университетте және оның аумағынан тыс жерлерде де құқық бұзушылық әрекеттерге жол бермеуге тиіс.

11-бап. ҚазҰУ студенті тәртіп бұзуға бағытталған ақпараттың таратылуына жол бермеуі, сондай-ақ заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдер¬ге, акцияларға және шерулерге қатыспауы тиіс.

12-бап. ҚазҰУ студенті университет мүддесіне қайшы келетін және ҚазҰУ имиджі мен беделіне нұқсан келтіретін кез келген іс-әрекетке қатысудан бой тартады.

13-бап.ҚазҰУ студенті аталған Кодекс ережелерінің бұзылуын анықтаған сәтте оны өз күшімен түзетуге тырысады, ал мұндай әрекет мүмкін болмаған жағдайда бұл келеңсіздіктер туралы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына немесе ҚазҰУ әкімдігіне хабарлауға құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]