- •1.Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы пәнінің мақсаты мен міндетін
- •2.Нормативті этика, мораль психологиясы ұғымдарының мағнасын ашыңыз.
- •3.Әлеуметтік орта адамның іс әрекетін дамытатын кеңістік ретінде сипаттама беріңіз
- •4. Жетістік ұғымын философия этикалық категория ретінде айқындаңыз
- •5.Моральдық бостандық және өнегелік жауапкершілік деген ұғымдардың түсінігін ашып беріңіз.
- •7.Адамның рухани дамуындағы негізгі принциптері мен заңдылықтарын айқындап беріңіз
- •8.Адамның жетістікке жету не сәтсіздіктен қашу мотивациясын көрсетіңіз
- •9.Адамның жеке тұлғалық құндылықтарының маңызын ашып беріңіз
- •10.Дәстүрлі этиканың ерекшелігі және оның мәдениеттер интеграциясындағы трансформациясына сараптама жасаңыз
- •11. Қарым қатынас жетістікке жетудің негізі ретінде сараптама жасаңыз
- •12. Қарым қатынасты өзара әрекеттестік механизмі ретінде түсіндіріп беріңіз
- •13.Қажеттілік және мотив, мотивация түсініктерінің өзара байланысын дәлелдеңіз
- •14. Жетістік және позитивті ойлаудың артықшылығы туралы түсіндіріңіз
- •15.Жұмысын жоғалтқан адамдардың стресстік жағдайын талдаңыз
- •16.Прагматизм және консьюмеризм дәуіріндегі рухани құндылықтарды сақтау мәселесіне өз пікіріңізді көрсетіңіз.
- •17.Кәсіби этиканың инфрақұрылымын сипаттап беріңіз
- •18.Басшының іс әрекетіне тән жалпы этикалық нормаларға сипаттама беріңіз
- •19. Еңбек және оның негізгі белгілеріне сипаттама жасаңыз
- •21. Жастар субмәдениеттеріне этикалық сараптама беріңіз
- •22. Жастар арасында аккультурация және әлеуметтену мәселелесін анықтаңыз
- •23. Қазақстандағы іскерлік мәдениеттің ерекшеліктерін ашыңыз(тарихи және заманауи)
- •24.Кәсіп және оның негізгі мағынасын ашыңыз.
- •25. Тұлға қалыптасуындағы заманауи адамгершілік мәселесін анықтаңыз.
- •26.Қарым қатынасқа тұлғаны қабыладау(перцептивті жағы) құралы ретінде сипаттама беріңіз
- •27. Мотивацияны тұлғаның жетістікке жету механизмі ретінде түсіндіріңіз
- •28. Жетістікке жету мотивациясын айқындаңыз
- •30 Жетістікке жету кәсіпті дұрыс таңдау байланысына шолу жасаңыз
- •31. Коммуникативті қарым-қатынасқа әсер беретін маңызды факторларды сипаттаңыз.
- •32.Басқарушылық этиканың негізні принциптеріне сызба құрастырыңыз
- •33. Басшының өнегелік қасиеттері мен принциптеріне модель жасаңыз.
- •34.Имидж және бедел әлеуметтік жетістік көрсеткіші ретінде
- •35. Заманауи этикет талаптарын тібек жасаңыз
- •36. Заманауи этика мәселелеріне арналған семинар жоспарын құрыңыз
- •37. Әл Фараби ат.ҚазҰу студенттерінің ар намыс этикалық кодексіде көрсетілген негізгі құндылықтарын жіктеңіз
- •38.Тұлғаның этикалық ұстанымдарына бұқаралық ақпарат құрылымдарының ықпалына схема құрастырыңыз
- •39.Ғылым мен білім саласының этикалық өлшемдеріне кесте құрастырыңыз
- •40. Өз кәсіби салаңызда жетістікке жеткен тұлға моделін ұсыныңыз
- •41.Жетістік және көсбасшылық түсініктеріне салыстырмалы сызба жасаңыз
- •42.Жетістікке жеткен тұлғалар тарихына шолу жасаңыз
- •43. Өздігінен даму, кәсіби және тұлғалық жетістікке жоба құрыңыз
- •44. Тұлғаның даму үлгілерін құрастырыңыз
- •45.Көшбасшылық стратегиялары мен басқару стилдерінің арақатынасын көрсететін сурет салыңыз.
- •46.Климовтың кәсіп формуласына кесте құрыңыз.
- •47.Тұлғаның әлеуметтік өрлеуінің негізгі механизмдеріне схема жасаңыз.
- •48.Жеке жетістікке жету сызбасын беріңіз
- •50.Тұлғаның үйлесімді дамуына арналған бағдарлама жасаңыз.
- •51.Тұлғаның әлеуметтік өрлеуіне кәсіби мотивацияның әсері
- •53.Университеттің жоғарғы санатты мамандарды дайындау миссиясын жүзеге асырудағы шаралар тізімін ұсыныңыз.
- •54.Қарым-қатынастағы конфликт және оның шешілу жолдарына өз пікіріңізді білдіріңіз
- •55.Қарым-қатынас техникалары және оларды пайдалану жолдарын көрсетіңіз
- •56.Жетістікке жету жолында кездесетін тұлғалық қиындықтар тізбесін құрастырыңыз.
- •57.Жетістікке жету үлгісін жасаңыз.
- •58.Жетістіктің адам өмірінде алатын орны» тақырыбына эссе жазыңыз
- •59.Әртүрлі жас кезеңдеріндегі жетістік ерекшеліктері туралы баяндама жазыңыз
- •60.Конфликт және оның шешілу жолдарына схема құрастырыңыз.
46.Климовтың кәсіп формуласына кесте құрыңыз.
Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі – еңбек болып табылады. Ал еңбек әрекетіне араласқан адамның басты ерекшеліктерінің бірі – оның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекетінің актісі түрінде қалыптасады. Белгілі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттердің жиынтығы еңбек әрекетінің белгілі бір түрін құрайды.
Еңбек дегеніміз – адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады. Еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері төмендегі мәселелер қарастырады:
1. кәсіби іс-әрекеттің нақты түрлерінің психологиялық ерекшеліктері (оның құралы, жағдайы, мазмұны ұйымдасытырлуы, қателер талдауы, мамандықтың жіктелінуі және тб.);
2. еңбектің қауіпсізідігіне, сенімділігіне, құндылығына адамның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерінің ықпалы;
3. адамның кәсіби жарамдылығының қалыптасуының психологиялық заңдылықтары (еңбекке кәсіби бағдар, кәсіби іріктеу, кәсіби дайындық, бейімделу );
4. еңбек субьектісінің қызметтік жағдайы (зорығу, эмоциялық қысым, стресс және тб);
5. адам мен техниканың өзара қатынасының психологиялық заңдылықтары;
6. жаңа техниканы эксплуатациялау және құрастыру процесіндегі инженерлік-психологиялық қамтасыздық (жоба, бағалау).
Е.А.Климов көп жақты факторларға негізделіп «Мамандықтардың төрт қабатты жіктеуін» ұсынды. Бірінші қабаты мамандық типтеріне байланысты бес жүйеден құралған:
1. адам – тірі табиғат – агроном, микробиолог және тб.;
2. адам – техника – слесарь, механик, оператор, тб.;
3. адам-адам – дәрігер, мұғалім, сатушы және тб.;
4. адам –белгі жүйесі – математик, редактор және тб.;
5. адам – көркемдік бейне – дирижор, суретші, артист және тб.
Екінші қабаты еңбектің мақсатына сай үш түрлі класқа топталған:
1. гностикалық мамандық ( грекше — білім) – дегустатор, контролер, социолог тб.;
2. көркемделуші мамандық – малшы-шебер, токарь, мұғалім, бухгалтер тб.;
3. ізденуші мамандық – бақылаушы-ұшқыш, инженер-конструктор, тәрбиеші тб.
Үшінші қабатта еңбектің негігі құралдары арқылы жоғарыдағы мамандықтар бөлінеді:
1. қол еңбек мамандығы;
2. қол-машина еңбек мамандығы;
3. автоматтандырылған және автоматты жүйедегі мамандықтар.
4. еңбектің қызметтік құралдарымен байланысты мамандық;
Төртінші қабатта еңбек жағдайының белгілері бойынша топтастырылады:
1. бірқалыпты микроклиматты бөлмедегі жұмыс – зертханашы, есепші тб.;
2. ашық ауаудағы жұмыс – агроном, инспектор, тб.;
3. ерекше жағдайдағы жұмыс – шахтер, өрт сөндіруші тб.;
4. жоғары жауапкершілікті қажет ететін жұмыс – тәрбиеші, мұғалім, дәрігер.
Психологиялық қызмет орталықтарының мамандары еңбек әрекетіне араласқан адамдармен жұмыс жүргізуде, психодиагностикалау мен коррекциялық іс-шараларды ұйымдастырудың негізгі мақсаты төмендегі жалпы тапсырмаларды шешеді:
– еңбек әрекетіне араласқан адамдардың психикалық дамуының диагностикасы мен мониторингі;
– тұлғалық және интеллектуалды – даму коррекциясы;
– әлеуметтік және психологиялық ерекшеліктері;
– тұлғааралық конфликтілерді алдын алу мен шешуге көмек;
– қосымша білім беруге психологиялық қолдау;
– Тұлғалардың дағдарысты жағдайларына көмек;
– кәсіби кеңес беру мен ағарту.
Сонымен, адамдардың еңбекке араласқан жағдайдағы біріккен іс-әрекеттерінің тиімділігі, көбіне жеке тұлғалық және топтық мүмкіндіктердің қолайлы жүзеге асуына байланысты болады. Ұжымдағы қолайлы іс-әрекет тек оның нәтижелерінің өнімділігіне ғана әсер етпейді, сонымен бірге адамды тұлға ретінде қайта қалыптастырады, оның жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.
