- •1.Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы пәнінің мақсаты мен міндетін
- •2.Нормативті этика, мораль психологиясы ұғымдарының мағнасын ашыңыз.
- •3.Әлеуметтік орта адамның іс әрекетін дамытатын кеңістік ретінде сипаттама беріңіз
- •4. Жетістік ұғымын философия этикалық категория ретінде айқындаңыз
- •5.Моральдық бостандық және өнегелік жауапкершілік деген ұғымдардың түсінігін ашып беріңіз.
- •7.Адамның рухани дамуындағы негізгі принциптері мен заңдылықтарын айқындап беріңіз
- •8.Адамның жетістікке жету не сәтсіздіктен қашу мотивациясын көрсетіңіз
- •9.Адамның жеке тұлғалық құндылықтарының маңызын ашып беріңіз
- •10.Дәстүрлі этиканың ерекшелігі және оның мәдениеттер интеграциясындағы трансформациясына сараптама жасаңыз
- •11. Қарым қатынас жетістікке жетудің негізі ретінде сараптама жасаңыз
- •12. Қарым қатынасты өзара әрекеттестік механизмі ретінде түсіндіріп беріңіз
- •13.Қажеттілік және мотив, мотивация түсініктерінің өзара байланысын дәлелдеңіз
- •14. Жетістік және позитивті ойлаудың артықшылығы туралы түсіндіріңіз
- •15.Жұмысын жоғалтқан адамдардың стресстік жағдайын талдаңыз
- •16.Прагматизм және консьюмеризм дәуіріндегі рухани құндылықтарды сақтау мәселесіне өз пікіріңізді көрсетіңіз.
- •17.Кәсіби этиканың инфрақұрылымын сипаттап беріңіз
- •18.Басшының іс әрекетіне тән жалпы этикалық нормаларға сипаттама беріңіз
- •19. Еңбек және оның негізгі белгілеріне сипаттама жасаңыз
- •21. Жастар субмәдениеттеріне этикалық сараптама беріңіз
- •22. Жастар арасында аккультурация және әлеуметтену мәселелесін анықтаңыз
- •23. Қазақстандағы іскерлік мәдениеттің ерекшеліктерін ашыңыз(тарихи және заманауи)
- •24.Кәсіп және оның негізгі мағынасын ашыңыз.
- •25. Тұлға қалыптасуындағы заманауи адамгершілік мәселесін анықтаңыз.
- •26.Қарым қатынасқа тұлғаны қабыладау(перцептивті жағы) құралы ретінде сипаттама беріңіз
- •27. Мотивацияны тұлғаның жетістікке жету механизмі ретінде түсіндіріңіз
- •28. Жетістікке жету мотивациясын айқындаңыз
- •30 Жетістікке жету кәсіпті дұрыс таңдау байланысына шолу жасаңыз
- •31. Коммуникативті қарым-қатынасқа әсер беретін маңызды факторларды сипаттаңыз.
- •32.Басқарушылық этиканың негізні принциптеріне сызба құрастырыңыз
- •33. Басшының өнегелік қасиеттері мен принциптеріне модель жасаңыз.
- •34.Имидж және бедел әлеуметтік жетістік көрсеткіші ретінде
- •35. Заманауи этикет талаптарын тібек жасаңыз
- •36. Заманауи этика мәселелеріне арналған семинар жоспарын құрыңыз
- •37. Әл Фараби ат.ҚазҰу студенттерінің ар намыс этикалық кодексіде көрсетілген негізгі құндылықтарын жіктеңіз
- •38.Тұлғаның этикалық ұстанымдарына бұқаралық ақпарат құрылымдарының ықпалына схема құрастырыңыз
- •39.Ғылым мен білім саласының этикалық өлшемдеріне кесте құрастырыңыз
- •40. Өз кәсіби салаңызда жетістікке жеткен тұлға моделін ұсыныңыз
- •41.Жетістік және көсбасшылық түсініктеріне салыстырмалы сызба жасаңыз
- •42.Жетістікке жеткен тұлғалар тарихына шолу жасаңыз
- •43. Өздігінен даму, кәсіби және тұлғалық жетістікке жоба құрыңыз
- •44. Тұлғаның даму үлгілерін құрастырыңыз
- •45.Көшбасшылық стратегиялары мен басқару стилдерінің арақатынасын көрсететін сурет салыңыз.
- •46.Климовтың кәсіп формуласына кесте құрыңыз.
- •47.Тұлғаның әлеуметтік өрлеуінің негізгі механизмдеріне схема жасаңыз.
- •48.Жеке жетістікке жету сызбасын беріңіз
- •50.Тұлғаның үйлесімді дамуына арналған бағдарлама жасаңыз.
- •51.Тұлғаның әлеуметтік өрлеуіне кәсіби мотивацияның әсері
- •53.Университеттің жоғарғы санатты мамандарды дайындау миссиясын жүзеге асырудағы шаралар тізімін ұсыныңыз.
- •54.Қарым-қатынастағы конфликт және оның шешілу жолдарына өз пікіріңізді білдіріңіз
- •55.Қарым-қатынас техникалары және оларды пайдалану жолдарын көрсетіңіз
- •56.Жетістікке жету жолында кездесетін тұлғалық қиындықтар тізбесін құрастырыңыз.
- •57.Жетістікке жету үлгісін жасаңыз.
- •58.Жетістіктің адам өмірінде алатын орны» тақырыбына эссе жазыңыз
- •59.Әртүрлі жас кезеңдеріндегі жетістік ерекшеліктері туралы баяндама жазыңыз
- •60.Конфликт және оның шешілу жолдарына схема құрастырыңыз.
17.Кәсіби этиканың инфрақұрылымын сипаттап беріңіз
Адам іс әрекетінің күрделілігі соншалықты жалпы моральдық нормалар адам мінез құлқын әртүрлі маман саласына толықтай реттей алмайды. Сондықтан кәсіби этика туралы айтқаннын маңызы зор. Кәсіби этика ол адам мәдениеті мен мәдениетсіздігінің күрес даласы немесе адам бойындағы табиғи және жеке даралық қасиеттерін біріктіру саласы.Кәсіби этиканың мәні өндіріс саласы мен қызмет ісіндегі адамдардың еңбек мәдениеті мен карым қатынас мәдениеті. Мысал келтірер болсам, медициналық этика кәсіби этиканың ең көнесі. Гиппрократ анты: білім берген ұстаздарыңды ешқашан ұмытпа, алған білімдеріңді келесі ұрпаққа жеткіз, ауруға зиян келтірме, бүйректегі тасы бар ауруларды шебер дәрігерлерге жібер, ауру туралы құпияны ешкімге айтпа. Кәсіби моральдың пайда болуы еңбек бөлінісімен тығыз байланысты. Қандайда болмасын мамандық әлеуметтік қызмет атқарады. Сол мамандыққа сай сөйлеу мәнері, мінез құлқы, дүниетанымы, құндылықтарды қалауы, ойлау жүйесі қалыптасады. Пайда болған кәсіби мораль рухани шындыққа жатады.
Кәсіби этиканың принциптері:
\басқалардың амандығы үшін уайымдау;
\заңға өз еркімен бағыну;
\әділеттілік;
\қайырымдылық, пайда әкелу мүмкіндігі;
\ымырасыздық, шыншылдық;
\турашылдық;
\құпиялық;
\кәсіби міндетіңді дәл орындау;
\шиеленістерге жол бермеу;
Кәсіби этиканың әлеуметтік қызметі. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасына деген сұраныстың артуы көптеген әлеуметтік, саяси, экономикалық факторлармен тығыз байланысты. Мемлекетке, билікке деген сенімнің ұлғаюы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасына тікелей байланысты болып отыр. Кәсіби этиканың негізі кәсіби борыш елге, халыққа қызмет ету. Отан алдындағы борышын сезіну кәсіби этиканың фундаменті. Кәсіби этика ар, әділеттілікке негізделген.Кәсіби этика патриотизмге негізделген.
18.Басшының іс әрекетіне тән жалпы этикалық нормаларға сипаттама беріңіз
Басшы іс – әрекетіне тән мынандай этикалық нормаларды бөліп көрсетуге болады:
өзін меңгере білу;
жеке басының бағалы қасиеттері;
жеке өзінің айқын жоспарлары;
жеке басын үнемі жетілдіріп отыру;
проблемаларды шешуге дағдылану;
өнертапқыштық және инновацияға қабілеттілік;
маңайындағы адамдарға ерекше ықпал ете білетін қабілет;
қазіргі басқару әдіс-тәсілдерін білу;
басшылық ету қабілеті;
қол астындағы адамдарды баулып, жетілдіре білу;
тиімді жұмысшы топтарын қалыптастыру және дамыту қабілеті;
адал болу.
Мысал келтіре кетсек:
3. Американ менеджмент мектебі жақсы басшының ,бірнеше ережелерін ұсынады:
Басшы қуғындаушы болмауы тиіс. Өйткені, қуғындаушы қарамағындағы адамның ізіне түседі, ал нағыз басшы соңынан ертеді. Қуғындаушы өзінің билігіне, ал басшы – соңына ерушілердің ықпалы мен көмегіне сүйенеді.
Басшы өз ісіне сенімді, батыл мақсат қойғыш, табанды, әрі осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс.
Басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуі тиіс.
Ол қол астындағылардың уақытын бағалай білуі тиіс.
Басшы қатал әрі талап қойғыш болуы тиіс. Алайда қаталдық пен талап қойғыштың ешқашанда кінәмшілдікке, мейірімсіздікке апармауы тиіс.
Сынды қабылдай білуі, әрі өзі де әділ сынай білу тиіс.
Басшы жылы шырайлы, әрі әдепті болуы тиіс.
Әзіл оспақты түсіне білуі тиіс. Әдетте әзілдеу жақсы көңіл-күйге байланысты, ал көңілділік еңбек өнімділігіне ықпал етеді.
Айта да, тыңдай да білуі керек.
Үнемдеуге тырысу керек. Біреуі Эйнштейннен былай деп сұрапты: «Сіз барлығын, тіпті ең күрделі проблемаларды формуламен бейнелей аласыз ба; Сіз өміріңіздегі жетістікті формуламен жаза аласыз ба?» Сонда Эйнштейн былай деп жазыпты: «Х+У= жетістік, Х-жұмыс істей білу, У-үнемдеуге тырысу».
Басшы қарамағындағыларды жақсы білуі тиіс.
