- •Эм ғылыми негіздері және мониторинг классификациясы.
- •Экологиялық нормалау.
- •Атмосфералық ауаның сапасын бақылаудың нормалары.
- •4.Су сапасын бақылаудың нормалары және шекті рұқсат етілген концентрация
- •5. Топырақ тіршілік ортасының сапасын бақылаудың нормалары
- •6. Азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылауды номалау
- •7. Радиациялық қауіпсіздік нормалары
- •8. Ұлттық және аймақтық мониторинг ерекшеліктері
- •9. Жер мониторингі жайлы далпы түсінікті сипаттаңыз.60. Жер мониторингісінің аумақтық желісін құру
- •11. Биосфераны ластауды бақылаудың халықаралық метеорологиялық ұйымы.
- •12. Медико-экологиялық мониторинг
- •13. Қо бақылаудың автоматтанған жүйесі (асмос)
- •14.Орман мониторингін ұйымдастыру.
- •15.Су ресурстарының ластануын бақылау
- •16. Топырақ ресурстарының ластануын бақылау.
- •17. Урбандаланған территорияларға бақылау жасау
- •18. Өндірістік экологиялық мониторинг
- •19. Қоршаған ортаны экологиялық бақылаудың әдістері мен құрал-жабдықтары
- •20. Атмосфераның ластануы және ластаушы көздер.
- •21.Атмосфераның радиоактивті заттармен ластануы
- •22. Қала жерлерінің мониторингісі және оны қорғау . 59.
- •23.Атмосферадағы шаңның мөлшерін анықтау
- •24. Болжамды мониторинг.
- •25. Су тазарту және ластанудан қорғау.
- •26.Экологиялық мониторингтің әлемдік жүйесі. (гсмос)
- •27.Геофизикалық мониторинг ерекшеліктері.
- •28. Биоиндикация және биотестілеу әдістерінің ерекшелігі
- •29.Орман шаруашылығының мониторингісі
- •30. Трансшекаралық су ресурстарының мәселесі
- •31.Атмосфераның техногенді ластануы
- •32. Бұзылған топырақтарды қайта қалпына келтіру
- •33. Қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың біріккен мемлекеттік ақпараттық жүйесі.
- •34.Антропогенді факторладың гидросфераға әсері?
- •36. Топырақты санитарлық қорғау және өздігінен тазаруы.
- •37. Жануарларды биоиндикатор ретінде пайдаланудың ерекшіліктері.
- •38. Өсімдіктерді биоиндикатор ретінде пайдаланудың ерекшеліктері.
- •39. Экологиялық мониторинг саласындағы халқаралық ұйымдардың рөлі.
- •40.Ерекше қорғауға алынған сулы,орманды территориялар
- •41. Микроағзаларды биоиндикация ретінде пайдаланудың ерекшеліктері.
- •42. Токсиканттардың қоршаған ортаға әсері.
- •43. Қышқыл жаңбырлардың себептері және салдары.
- •44.45. Ағынды суды тазартудың механикалық әдістері және .Ағынды суды тазартудың биологиялық әдістері
- •46.Ағынды суларды тазартудың физико-химиялық әдістері
- •47. Биосфералық мониторинг ерекшелігі.
- •48.. Атмосфералық ауаның ластануының санитарлы эпидемиялогиялық және экономикалық, экологиялық салдары.
- •49. Атмосфералық ауаны бақылаудың бағдарламалары
- •50. Өндіріс орындарының экологиялық паспорты
- •51.Қоршаған ортаны қадағалау және автоматты бақылау (анкос-қоқаб)
- •52.Экологиялық мониторингті стандарттау жүйесі
- •54. Қоршаған ортаны қорғаудың фонды мониторингісі
- •55.Атмосфераны және гидросфераның физикалық көрсеткіштерін бақылаудың құралдары?
- •56. Рекультивацияның биологиялық және химиялық этаптары.
- •58. Жер мониторингін ұйымдастыру және жүргізу
- •59.Қала жері мониторингінің міндеттері мен мазмұнын сипаттаңыз.
32. Бұзылған топырақтарды қайта қалпына келтіру
Рекультивация (лат. re — қайта не кері әсерді білдіретін қосымша және cultіvo — өңдеу) — бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, оны халық шаруашылығына пайдалануға беру және қоршаған ортаны жақсарту үшін жүргізілетін кешенді жұмыс. Жердің құнарсыздануы — әр түрлі шаруашылық әрекеттерінен — жер асты пайдалы қазбаларын өндіру, геологиялық барлау және әр түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізуден болады. Осындай әрекеттердің салдарынан топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты жойылады, гидрологиялық жүйелер өзгереді, техногендік рельеф түзіледі. Жерді қайта құнарландырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына қажетті жерлер жақсарып, су құбырлары іске қосылады, дем алатын орындар мен құрылысқа қажетті аймақтар пайда болады. Жерді қайта құнарландыру үшін топырағы құнарсызданған, қоршаған ортаны ластайтын жерлерді және ластанған су құбырларын биологиялық, техникалық, және химиялық әдістермен қалпына келтіреді. Жерді қайта құнарландыру 2 кезеңде жүргізіледі; техникалық жерді қайта құнарландыру — бүлінген жерлерді халық шарушылығына мақсатты түрде пайдалану үшін жер бетін тегістеу, құнарлы және құнарландыруға болатын топырақ пен тау жыныстарынжиыстырып жер бетіне төсеу, жолдар салу, әр түрлі гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстар салу, т.б.; биологиялық Жерді қайта құнарландыру — топырақтың құнарлы қабатын қайта қалпына келтіретін агротехникалық және фитомелиоративтік жұмыстар жүргізу, топырақтың құрылымын жақсартатын процестердің жүруін тездету, құнарланған жерлерде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қалпына келтіру мен оның өнімін арттыру.
33. Қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың біріккен мемлекеттік ақпараттық жүйесі.
Основана в 1948 году,logo IUCN
штаб-квартира организации находится в г. Гланд (Швейцария).
МСОП объединяет тысячи экспертов по всему миру, работающих в сфере охраны природы.
Миссия МСОП – оказывать влияние, поощрять и помогать обществам во всем мире сохранять целостность и разнообразие природных комплексов и гарантировать, что любое использование природных ресурсов равноправно и экологически устойчиво.
Основные направления работы МСОП:
освещение проблем биоразнообразия планеты
научные исследования, мониторинг
публикация лучшего мирового опыта
новости в сфере охраны природы
повышение квалификации специалистов
организация мероприятий, в том числе Всемирный Конгресс Парков
Структура МСОП. В составМСОП входят более 1200 организаций в 160 странах мира. Членами МСОП являются:
Страны
Правительственные учреждения
Общественные организации
Некоммерческие организации
34.Антропогенді факторладың гидросфераға әсері?
Антропогендік факторлар - бұл адамның іс-әрекеті және тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болып, коршаған ортаға және осы ортадағы ағзаларға әсер ететін факторлар.Кез келген дарақ, популяция немесе бірлестік бір мезгілде осы факторлардың көптеген әрекетіне ұшырайды, алайда олардың кейбіреулерінің ғана емірлік маңызы болады. Ортаның мұндай факторлары шектеуші (лимитирующий) фактор деп аталады. Кез келген түр үшін экологиялық факторлардың әрқайсысынан өзіне қажетті барынша көп, ең аз және қолайлы әрекет ету қарқыны болады. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксид|оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр. Антропоген, антропогендік жүйе - геологияда ұзақтығы 700 мың млн жылға жуық кайнозойдың қазіргі ең соңғы (төрттік) жүйесі (кезеңі). Плейстоцен және голоцен деп бөлінеді. Плейстоценде жоғары ендіктерде климаттың бірнеше рет суынуы мен жылынуының ауысымдары материктік мұз басу мен мұз- дықсыз атыраптарда ылғалды климаттың тұрақтануымен жалғасты. Бұл кездегі ең маңызды окиға — Жер бетінде адам пайда болды.
№35.Экологиялық мониторинг әдістері?
Экологиялық мониторингтің әдістері.
Экологиялық мониторинг (экология және мониторинг) – қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері. Ол үш сатыдан тұрады:
• жағдайды бақылау;
• бағалау;
• болатын өзгерістерді болжау.
Экологиялық мониторинг нысандарына табиғи, антропогендік немесе табиғи-антропогендік экожүйелер жатады. Экологиялық мониторингтің мақсаты тек қана деректер жинау емес, сондай-ақ, жүргізілетін тәжірибелер, болжамға негіз ретінде алынатын процестердің үлгілері кіреді. Ға-ламдық көлемде мониторинг жүргізуге авиациялық, ғарыштық және есептеу техникалары пайдаланылады. Қазіргі уақытта экожүйені зерттеуге аэроғарыштық әдістер кеңінен қолданылады. Осы әдіс арқылы табиғатта болып жатқан құбылыстарды, табиғи қорлар жиынтығын, мөлшерін, т.б. экожүйелерді сипаттайтын мәліметтерді білуге болады. Экологиялық мониторинг әр түрлі деңгейдегі буындардан тұратын иерархиялық ұйымдасқан бақылау жүйесі болып табылады. Ондай буындарға ғаламдық (биосфералық), ұлттық, аймақтық, жергілікті Экологиялық мониторингтер жатады. Мысалы, ғаламдық Экологиялық мониторинг халықаралық ынтымақтастық негізінде, ұлттық Экологиялық мониторинг бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған ұйымдар арқылы, аймақтық Экологиялық мониторинг ірі-ірі аудандардың көлемінде, ал жергілікті Экологиялық мониторинг елді мекендерде, өнеркәсіп орт-тарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау ретінде жүргізіледі
Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:
• биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);
• дистанционды (авиациялық және космостық);
• аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).
Бақылау обьектілері бойынша:
• қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа);
• биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі).
Геофизикалық әдіс – процестердің жүруі және заттардың айналымы және геожүйеде, экожүйедегі негізгі балансты энергия ағымынан тұрады. Бақылау стационарлы және жартылай стационарлы жағдайда жүреді, нақты бағдарлама бойынша әр түрлі өлшегіш аппараттарда кәсіби және аумақты жүргізіледі. Онда радиоационды, жылу және су баланстарындағы элементтерді анықтайды, экожүйедегі әсері және табиғи орта компоненттері арасында жылу және ылғалды алмастыруы зерттеледі. Территориялардың бұзылмаған және структураның балансы өзгертілген аймақтар салыстырымын ондағы өзгерістердің дәрежесімен бағыты анықталады.
Геохимиялық әдіс – табиғи жүйедегі функционирленген және химиялық элементтердің миграциялық анализдері арқылы анықталады.
Табиғи жолмен ауылшаруашылық және ауа миграциясының әсерінен немесе нәтижесінен биологиялық айналымы қарастырылады. Техногенездің әсерінен оның өзгерісін бақылау. Анализ нәтижелері барлық ортаны қамтиды: ауа, атмосфералық қалдық, жер беткі және грунтты сулар, геологиялық субстракт, топырақ және өсімдік.
Геохимиялық әдіс – қоршаған ортаның құрамындағы химиялық өзгерістердің заңдылықтарын анықтайтын мүмкіндіктер береді, өздігінен табиғи жүйенің тазалау қабілеттін, ластаушы заттардың топтық бағытын анықтау, ластану маштабын, техногеді геохимиялық аномалиялардың сандық құрамын анықтауға болады.
Индикационды әдіс – бір объектідегі жағдайды басқа объектілі жағдайды анықтауға негізделген. Мұнда негізгі ролді биоиндикация, ал негізгі биоиндикатор өсімдіктер жамылғысы.
