- •Эм ғылыми негіздері және мониторинг классификациясы.
- •Экологиялық нормалау.
- •Атмосфералық ауаның сапасын бақылаудың нормалары.
- •4.Су сапасын бақылаудың нормалары және шекті рұқсат етілген концентрация
- •5. Топырақ тіршілік ортасының сапасын бақылаудың нормалары
- •6. Азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылауды номалау
- •7. Радиациялық қауіпсіздік нормалары
- •8. Ұлттық және аймақтық мониторинг ерекшеліктері
- •9. Жер мониторингі жайлы далпы түсінікті сипаттаңыз.60. Жер мониторингісінің аумақтық желісін құру
- •11. Биосфераны ластауды бақылаудың халықаралық метеорологиялық ұйымы.
- •12. Медико-экологиялық мониторинг
- •13. Қо бақылаудың автоматтанған жүйесі (асмос)
- •14.Орман мониторингін ұйымдастыру.
- •15.Су ресурстарының ластануын бақылау
- •16. Топырақ ресурстарының ластануын бақылау.
- •17. Урбандаланған территорияларға бақылау жасау
- •18. Өндірістік экологиялық мониторинг
- •19. Қоршаған ортаны экологиялық бақылаудың әдістері мен құрал-жабдықтары
- •20. Атмосфераның ластануы және ластаушы көздер.
- •21.Атмосфераның радиоактивті заттармен ластануы
- •22. Қала жерлерінің мониторингісі және оны қорғау . 59.
- •23.Атмосферадағы шаңның мөлшерін анықтау
- •24. Болжамды мониторинг.
- •25. Су тазарту және ластанудан қорғау.
- •26.Экологиялық мониторингтің әлемдік жүйесі. (гсмос)
- •27.Геофизикалық мониторинг ерекшеліктері.
- •28. Биоиндикация және биотестілеу әдістерінің ерекшелігі
- •29.Орман шаруашылығының мониторингісі
- •30. Трансшекаралық су ресурстарының мәселесі
- •31.Атмосфераның техногенді ластануы
- •32. Бұзылған топырақтарды қайта қалпына келтіру
- •33. Қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың біріккен мемлекеттік ақпараттық жүйесі.
- •34.Антропогенді факторладың гидросфераға әсері?
- •36. Топырақты санитарлық қорғау және өздігінен тазаруы.
- •37. Жануарларды биоиндикатор ретінде пайдаланудың ерекшіліктері.
- •38. Өсімдіктерді биоиндикатор ретінде пайдаланудың ерекшеліктері.
- •39. Экологиялық мониторинг саласындағы халқаралық ұйымдардың рөлі.
- •40.Ерекше қорғауға алынған сулы,орманды территориялар
- •41. Микроағзаларды биоиндикация ретінде пайдаланудың ерекшеліктері.
- •42. Токсиканттардың қоршаған ортаға әсері.
- •43. Қышқыл жаңбырлардың себептері және салдары.
- •44.45. Ағынды суды тазартудың механикалық әдістері және .Ағынды суды тазартудың биологиялық әдістері
- •46.Ағынды суларды тазартудың физико-химиялық әдістері
- •47. Биосфералық мониторинг ерекшелігі.
- •48.. Атмосфералық ауаның ластануының санитарлы эпидемиялогиялық және экономикалық, экологиялық салдары.
- •49. Атмосфералық ауаны бақылаудың бағдарламалары
- •50. Өндіріс орындарының экологиялық паспорты
- •51.Қоршаған ортаны қадағалау және автоматты бақылау (анкос-қоқаб)
- •52.Экологиялық мониторингті стандарттау жүйесі
- •54. Қоршаған ортаны қорғаудың фонды мониторингісі
- •55.Атмосфераны және гидросфераның физикалық көрсеткіштерін бақылаудың құралдары?
- •56. Рекультивацияның биологиялық және химиялық этаптары.
- •58. Жер мониторингін ұйымдастыру және жүргізу
- •59.Қала жері мониторингінің міндеттері мен мазмұнын сипаттаңыз.
24. Болжамды мониторинг.
Экологиялық болжау үдерісі келесі реттілікпен жүзеге асырылады:
1. Қоршаған орта параметрлеріне сараптама жасау. Бұл табиғи шарттарды, жобаланудағы нысанның жұмыс істеу жағдайында орналасуы және қазіргі жағдайда өзге де шаруашылық тіршіліктердің нәтижесіндегі технологиялық жүктемелерді бағалауды қамтиды.
2. Жобаланудағы нысанның қоршаған ортаға әсерін, оның мақсаты мен еркшеліктеріне, залал келтіруші заттардың қасиеті мен шығымына, сонымен бірге ортаның құрылыс жүру әсерінен өзгеру болжамы туралы мәліметтер.
3. Нысанның әсеріне душар болатын экологиялық жүйенің параметрлері мен оның құрамдас бөліктерінің шекараларын анықтау (табиғи ортаның әрбір құрамдас бөлігіне ықпал ету жағдайын бағалау кезінде жасалынады).
4. Жобаланудағы нысанмен әсерлесудегі табиғи құрамдас бөліктердің жеке дара маңыздылығын анықтау.
5. Жобаланудағы нысанның қоршаған ортамен әсерлесуінің болжамын жасақтау.
Верификация – болжаулардың шынайылығы мен анықтығының бағалануы жасалады.
Ауаның ластануына болжамды жақсарту Құрылыс ауданының ауа бассейнінің ластануының болжамын даярлау үшін келесі мәліметтер анықталынған болуы тиіс:
• Құрылыс ауданының физика-географиялық және табиғи-климаттық (1-кестеге сәйкес толтырылатын) шарттары (орналасу орны, климаттық және өзге де параметрлер);
• Жобаланудағы нысан туралы мәліметтер (кәсіпорынның қуаттылығы, негізгі өндірістердің тізімі, технологиялық параметрлер және сипаттамалар), негізгі өнім түрлерінің өзіндік құны, жұмыс істейтін адамдардың саны. Өндірілетін өнімдердің атаулары және энергиятасымалдаушылардың түрлері;
• Ауа бассейнінің фонды ластануының мөлшері (қадағалауда болатын заттардың тізімі, олардың концентрациясы, ауаны ластау мүмкіндігі зор болатын қайнар көздер жайлы мәліметтер және т.б.).
• Жобаланудағы нысанның ластаушы заттарды бөліп шығаруының қайнар көздерінің сипаттамасы.
• Нысанның ұйымдастырылмаған қайнар көздерінен және газдарды тазарту қондырғыларынан шыққаннан кейін атмосфераға түскен залалдаушылардың құрамы мен мөлшері жайлы мәліметтер.
• Болашақта ауданның өзгеде инфрақұрылымдарынан атмосфераға түсетін ластаушы заттардың құрамы мен мөлшері туралы мәліметтер.
Беткі және жерасты суларының жағдайын болжау
Объектінің ауданының беткі және жерасты суларының жағдайына әсер етуін болжауды жасау үшін келесі мәселелер анықталуы керек:
- жобаланудағы объектіні сумен қамтамасыз ету немесе одан суды алып кетуді қамтамасыз ету үшін сулы объектілердің гидрологиялық, гидрогеологиялық және гидравликалық мінездемелері (характеристики);
- қазіргі уақыттағы беткі және жерасты суларының залалдану деңгейі;
- жобаланудағы объектінің суды қолдану және суды жіберу көлемі;
- объектінің суқоймалары мен ағынды суларының орналасу орындары;
- берілген уақыт аралығында ауданның басқада суды қолданушыларының қолданатын су мөлшерлері;
- құрамы және залалдаушы заттардың негізгі түрлері, олардың концентрациясы мен қауіптілік класы көрсетілген лақтырлып шығарылатын ағынды сулардың мөлшері;
- сулы ортаның жағдайына әсер ететін объектінің басқада құрылымдарының тастанды суларының орналасуы мен олардың техникалық мінездемелерінің көрсеткіштері;
- жобаланудағы объектінің әсер етуіндегі аймақтарының беткі тосымдарының параметрлерінің өзгерістері;
- белгіленген уақыт аралығында ауданның басқада объектілерінің өзендер мен су қоймаларына лақтыратын тастанды суларының құрамы мен мөлшері немесе сулы объектілердің залалдануларының келешектегі фондық деңгейі;
- қарастырылып отырған аймақтардағы суды қадағалау мекемелерінің суды қолдану режиміне қоятын талаптары.
Болжам жасау үшін сушаруашылық балансын (СШБ), ауданның инфрақұрылымының өзгерістеріменен объектіні эксплуатациялауға байланысты берілген уақыт аралығында суды қолдану режимінің өзгергендегі келешектегі суға деген сұранысты білу аса маңызды.
