- •Эм ғылыми негіздері және мониторинг классификациясы.
- •Экологиялық нормалау.
- •Атмосфералық ауаның сапасын бақылаудың нормалары.
- •4.Су сапасын бақылаудың нормалары және шекті рұқсат етілген концентрация
- •5. Топырақ тіршілік ортасының сапасын бақылаудың нормалары
- •6. Азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылауды номалау
- •7. Радиациялық қауіпсіздік нормалары
- •8. Ұлттық және аймақтық мониторинг ерекшеліктері
- •9. Жер мониторингі жайлы далпы түсінікті сипаттаңыз.60. Жер мониторингісінің аумақтық желісін құру
- •11. Биосфераны ластауды бақылаудың халықаралық метеорологиялық ұйымы.
- •12. Медико-экологиялық мониторинг
- •13. Қо бақылаудың автоматтанған жүйесі (асмос)
- •14.Орман мониторингін ұйымдастыру.
- •15.Су ресурстарының ластануын бақылау
- •16. Топырақ ресурстарының ластануын бақылау.
- •17. Урбандаланған территорияларға бақылау жасау
- •18. Өндірістік экологиялық мониторинг
- •19. Қоршаған ортаны экологиялық бақылаудың әдістері мен құрал-жабдықтары
- •20. Атмосфераның ластануы және ластаушы көздер.
- •21.Атмосфераның радиоактивті заттармен ластануы
- •22. Қала жерлерінің мониторингісі және оны қорғау . 59.
- •23.Атмосферадағы шаңның мөлшерін анықтау
- •24. Болжамды мониторинг.
- •25. Су тазарту және ластанудан қорғау.
- •26.Экологиялық мониторингтің әлемдік жүйесі. (гсмос)
- •27.Геофизикалық мониторинг ерекшеліктері.
- •28. Биоиндикация және биотестілеу әдістерінің ерекшелігі
- •29.Орман шаруашылығының мониторингісі
- •30. Трансшекаралық су ресурстарының мәселесі
- •31.Атмосфераның техногенді ластануы
- •32. Бұзылған топырақтарды қайта қалпына келтіру
- •33. Қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың біріккен мемлекеттік ақпараттық жүйесі.
- •34.Антропогенді факторладың гидросфераға әсері?
- •36. Топырақты санитарлық қорғау және өздігінен тазаруы.
- •37. Жануарларды биоиндикатор ретінде пайдаланудың ерекшіліктері.
- •38. Өсімдіктерді биоиндикатор ретінде пайдаланудың ерекшеліктері.
- •39. Экологиялық мониторинг саласындағы халқаралық ұйымдардың рөлі.
- •40.Ерекше қорғауға алынған сулы,орманды территориялар
- •41. Микроағзаларды биоиндикация ретінде пайдаланудың ерекшеліктері.
- •42. Токсиканттардың қоршаған ортаға әсері.
- •43. Қышқыл жаңбырлардың себептері және салдары.
- •44.45. Ағынды суды тазартудың механикалық әдістері және .Ағынды суды тазартудың биологиялық әдістері
- •46.Ағынды суларды тазартудың физико-химиялық әдістері
- •47. Биосфералық мониторинг ерекшелігі.
- •48.. Атмосфералық ауаның ластануының санитарлы эпидемиялогиялық және экономикалық, экологиялық салдары.
- •49. Атмосфералық ауаны бақылаудың бағдарламалары
- •50. Өндіріс орындарының экологиялық паспорты
- •51.Қоршаған ортаны қадағалау және автоматты бақылау (анкос-қоқаб)
- •52.Экологиялық мониторингті стандарттау жүйесі
- •54. Қоршаған ортаны қорғаудың фонды мониторингісі
- •55.Атмосфераны және гидросфераның физикалық көрсеткіштерін бақылаудың құралдары?
- •56. Рекультивацияның биологиялық және химиялық этаптары.
- •58. Жер мониторингін ұйымдастыру және жүргізу
- •59.Қала жері мониторингінің міндеттері мен мазмұнын сипаттаңыз.
Эм ғылыми негіздері және мониторинг классификациясы.
Мониторинг (ағылш. monіtor – қараушы, қадағалаушы, күні бұрын ескерту, сақтандыру)[1] – қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер-ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың, бақылаудың кешенді жүйесі. Мониторинг термині БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольмдегі конференциясының алдында (1972) “бақылау” ұғымына толықтыру ретінде пайда болды. Адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты Мониторингке деген қажеттілік артуда. Мыс., соңғы 10 жылдың ішінде 4 млн-нан артық жаңа хим. қосылыстар синтезделген, жыл сайын 30 мыңдай әр түрлі химиялық заттар өндіріледі. Мониторинг телевизор бейнелеу, фотография, көп спектрлі түсірілім және т.б. әдістер арқылы іске асырылады. Мониторингтің: базалық, ғаламдық, аймақтық, авиацалық, ғарыштық, т.б. деңгейдегі түрлері бар. Базалық Мониторинг – жалпы биосфераның табиғи құбылыстарына бақылау жүргізу. Ғаламдық Мониторинг – Жер биосферасы мен оның экосферасындағы жалпы әлемдік процестер мен құбылыстарды бақылау. Аймақтық Мониторинг – белгілі бір аймақтағы экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау. Авиациялық Мониторинг – экологиялық процестерді әуеден ұшақтар, тік ұшақтар және ұшатын аппараттар арқылы бақылау. Ғарыштық Мониторинг – экоқұбылыстарды ғарыштық құралдардың көмегімен бақылау. Бұл қоршаған ортаның өзгеру өзгешелігі мен ластану ошағын жедел анықтауға; экологиялық өзгерістің амплитудасы мен ондағы қарқынды процестерді бақылауға; техногендік жүйелердің бір-біріне әсер ету әрекетін анықтауға мүмкіндік береді.
Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:
1. қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.
2. табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.
3. қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.
Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады, Мысалы:
Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:
• биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);
• дистанционды (авиациялық және космостық);
• аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).
Бақылау обьектілері бойынша:
• қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа);
• биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі).
Экологтар үшін негізгі мынадай мониторинг түрлері бар:
Биологиялық мониторинг
- биологиялық орталардағы (организмдерде, биоценоздарда) табиғи және антропогендік процестерді бақылау (ауыр металдардың, пестицидтердің жинақталуы). Мұндай мониторинг тіршіліктің қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысын қамтиды.
Базалық мониторинг
- жалпыбиосфералық, яғни, тек қазіргі кездегі ғана емес, жақын аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын негізінен табиғи құбылыстарды бақылау.
Биосфералық мониторинг
- биосферадағы өзгерістерді: атмосфераның шаңдануы, әлемдік су балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, құрлық пен мұхиттағы биологиялық өнімнің өзгеруі және т.б. ғаламдық деңгейде бақылау.
Биоэкологиялық мониторинг
- табиғи ортаның жағдайын оның адам денсаулығына әсері тұрғысынан бақылау. Адамның тыныс-тіршілігін көрсететін көрсеткіштер - ауруға ұшырауы, туылуы, өмір сүру ұзақтығы және т.б. қолданылады.
Геоэкологиялық мониторинг
- табиғи экожүйелердегі өзгерістерді бақылау. Географиялық стационарлық бақылаулардың жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің биологиялық өнімділігі, өздігінен тазаруға қабілеттілігі, заттардың шекті мүмкін концентрациясы көрсеткіштері қолданылады.
Дистанционды мониторинг
- бұл авиациялық және космостық мониторингтің жиынтығы. Кейде бұл ұғымға, көрсеткіштері ақпараттарды жинау орталығына беріліп отыратын, адам аяғы басуы қиын жерлердегі приборлар арқылы алыстан ақпараттарды беру әдістерін (радио, спутник) де жатқызады.
Теңіздердің ластануы мониторингі
- теңіздер мен мұхиттардағы судың сапасын білу мақсатында ақпараттар алу үшін олардың жағдайын болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Бұл теңіз су ресурстарын үнемді пайдалануға және оларды ластанудан қорғау шараларын жүргізуге қажет.
Құрлықтағы сулардың ластануы мониторингі
- су ресурстарын үнемді пайдалану және оларды ластанудан, құрғап кетуден қорғау шараларын жүргізу үшін құрлықтағы сулардың жағдайы туралы ақпараттар алу мақсатында болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Су сапасының көрсеткіштеріне - температура, минералдану, рН, түсі, еріген оттегі, дәмі, ауыр металдар, мұнай өнімдері, фенолдар, пестицидтер және ең бастысы натрий, калий, кальций, магний, хлор, сульфат, карбонат, нитрат иондары жатады.
Ластаушы көздер мониторингі
- ластаушы көздер арқылы су обьектілеріне, атмосфералық ауаға, топыраққа бөлінген заттардың мөлшерін және ластану деңгейін болжау, бағалау және бақылау жүйесі.
Аймақтық мониторинг
- антропогендік әсерге ұшыраған үлкен өнеркәсіп орындары, қалалар және олардың айналасындағы аймақтар биосферасы туралы ақпарат алу үшін бақылау.
Классификациядағы мониторингтердің деңгейіне сәйкес - халықаралық және аймақ аралық басқару деңгейлері ғаламдық деңгейлермен байланыста болуы, ал ұлттық - аймақтық деңгеймен байланыста болуы керек.
Экологиялық мониторинг жүйесінде биологиялық мониторингтің, яғни, экожүйенің биотикалық құрамы мониторингі ерекше роль атқарады. Биологиялық мониторинг - бұл қоршаған табиғи ортаның жағдайын тірі организмдер көмегімен бақылау. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі - биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-келген өзгерістерді есепке алып отыру.
