Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сауда қызметіндегі автоматтандырылган ақпараттық жүйе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
466.54 Кб
Скачать

2.3. 1С «Бухгалтерлік есеп» сауда кәсіпорындарда пайдалану

Тақырып 2. 1С:Бухгалтерия жұмысының бағдарламасын дайындау

2.1  Қазақстан үшін «lС: Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу мүмкіндігі «Зодиак» ЖШС кәсіпорны мысалы негізінде қарастырылады. Автоматтандыру кезеңінде ұйым қаржылық – шаруашылық қызметті жүзеге асырды және бухгалтерлік есеп шоттары бойынша балансы бар.

«Зодиак» ЖШС коммерциялық кәсіпорын болып табылады және қызметтің бірнеше түрімен айналысады: сервистік қызметтер көрсетеді, автобөлшектер саудасымен және жөндеу комплектісін өндірумен айналысады.  

Кәсіпорын құрылымы бірнеше құрылымдық бөлімшелерден тұрады: 

Әкімшілік;

Дүкен;

Өндірістік цех;

ТЖС

Токарлық цехы.

Сауда қыземті «Дүкен» бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады. 

Ары қарай басқа ұйыммен өткізіуі мүмкін және кәсіпорынның басқа құрылымдық бөлімшелерінде, мысалы автомашинаны жөндеу бойынша техникалық қызмет көрсету  станциясында өндірістік процеске қолданылатын жөндеу комплектілерін жасау өндірістік цехта жүзеге асырылады. Өндірістік цех өнімді тек өз шикізатынан жасап қана қоймай, берілген шикізатты қайта өңдеумен айналысады. 

Тапсырысшы материалы мен шикізатын қайта өңдеу келесі сатылардан тұрады: 

Тапсырысшы материалын жеткізу;

Тапсырысшы материалынан жөндеу комплектілерін жасау;

Дайын өнімді дайындағаннан кейін қалған қолданылмаған материалдарды       қайтару;

Дайын  өнімді тиеу.

Өз кезінде кәсіпорын жөндеу комплектілерін жасаумен айналысатын басқа да ұйымдармен араласады. Өндіруші – кәсіпорынға басқа ұйыммен дайын комплектіні жасау үшін материалдар беріледі, пайдаланылмаған материалдар қоймаға қайтарылады. 

Техникалыө қызмет көрсету станциясында автомашиналарды ағымдық жөндеу жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда автотранспорттық құралдарды жөндеуге кәсіпорынның қоймасынан шығарылатын қорлардың бөліктері қолданылуы мүмкін. 

Токарлы цех қосымша бөлімше болып табылады. Бұл бөлімше техникалық қызмет көрсету станциясы мен жөндеу комплектісін дайындау цехына қызмет көрсетеді, бөлшектің механикалық өңдеуімен айналысады. 

«Зодиак» ұйымында келесі штаттық кесте бекітілген: 

Бөлімше атауы

Лауазым

 Ставка саны

Әкімшілік

  Басқарушы

1

 Бас бухгалтер

1

  Кассир

1

Дүкен

  Сату бойынша менеджер

1

Техникалық қызмет көрсету

 станция  

 Механик

1

 

 

Жөндеу комплектісін жасау бойынша цех

 Мастер

1

Токарный цех

 Токарь

1

 

Кәсіпорынның қызметкерлеріне еңбекақы төлеу орнатылған оклад көлемімен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, әр түрлі қосымша төлемдер болуы мүмкін, мысалы сыйақы, басқалай қосымша төлемдер және т.б.  

 Ақша қаржылары есебі 

Зодиак ұйымының екі кассасы бар:

Негізгі касса-есеп валютасы теңге 

Касса (валюталық) – есеп валютасы ресей рублі  

Сонымен қатар қолма – қолсыз ақша қаржылары үшін екі есеп айырысу шоттары ашылған: 

№ 004581450 ТуранАлем Банкінде, есеп валютасы теңге 

№ 09854870 Альянс Банкінде, есеп валютасы ресей рублі  

ҚҚС және корпоративтік салық 

«Зодиак» ЖШС корпоративті табыс салығы мен қосылған құн салығын төлеуші болып табылады. ҚҚС есепке енгізу жағдайында үйлесімді әдіс қолданылады, ҚҚС бойынша декларация салық комитетіне тоқсанына бір рет көрсетіледі. 

ТМҚ есептеу тәсілдері 

Кәсіпорын қоймасындағы ТМҚ есебі сандық – сомалық көрсеткіште жүргізіледі. Шикізат пен материалдардың өзіндік құнын бағалау жалпы кәсіпорын бойынша орташа өлшемді әдіс бойынша жүзеге асырылады. Тауарлар, дайын өнім сияқты ТМҚ басқа түрлерінің өзіндік құны ФИФО әдісі арқылы есептелінеді. 

Сатып алушы мен тапсырысшылармен өзара есеп айырысулар 

Сатып алушы мен тапсырысшылармен өзара есеп айырысулар  келісім – шарт бойынша, әр бір контрагентті бөлек қарастырып жүргізіледі. ТМҚ сатып алу кезінде «Кіріс» баға типі, өткізу кезінде келесі сызба бойынша есептелінетін: бөлшек баға = кіріс баға + 30% * кіріс бағасы «Бөлшек» баға түрі қолданылады. Мысалы, егер тауарды сатып алу бағасы 1000 тг болса, онда бөлшек баға = 1000 + (1000*30%) = 1300 тг.  

НҚ және МЕА есебі 

НҚ мен материалдық емес активтердің тозу сомасын есептеу үшін кәсіпорында тікесызықты әдіс қолданылады. НҚ «транспорттық құралдар» тобы үшін өндірістік әдіс қолданылады. Транспроттық құралдар бойынша амортизация сомасы жүрген километражға қарап анықталады. Әр бір транспорттық құрал бойынша тозу сомасын нақты көрсету үшін материалды жауапты тұлға ай сайын құрамында есепті кезеңде автомобильдің жүрген киломерт мөлшері туралы ақпарат болатын есеп ұсынады. 

Дайын өнім мен қызмет көрсету өндірісі есебі 

Шығарылған дайын өнім мен өндірілген қызмет өзіндік құнының нақты есебі қайта бөлісу бойынша жүргізіледі. Жанама шығындарды бөлу базасы болып материалды шығындар жатады. Жалпы өндірістік шығындар сомасы ай аяғында 8110 – негізгі өндіріс шотына жабылады, барлық бөлімшелер, номенклатуралы топ және шығын баптары бойынша бөлінеді. 

2.2  Конфигурациямен жұмыстың бірінші сатысында кәсіпорын туралы мәліметтер енгізу керек, классификаторлар мен анықтамаларды толтыру, көрсеткіштер тізімін енгізу және ағымдық көрсеткіш параметрін өңдеу, шоттар мен операциялар қалдығын енгізу керек, егер бағдарламаны орнату кезінде кәсіпорын қаржылық - шаруашылық қызмет жүргізсе.

Жүйенің ақпараттық базасын бірінші рет жіберген кезде бірінші ретті толтыруды жүргізу ұсынылады, сонымен қатар оны ары қарай жаңарту үшін Ақпараттық базаны жаңарту арнайы өңдемесін қолдану ұсынылады, форма автоматты түрде ашылады және ақпараттық базамен жұмыстың бірінші сатысында орындауға ұсынылатын қызметтер сипаттамасынан тұрады. 

Ақпараттық базаны бірінші рет жібергенде бағдарлама Ұйым, Бөлімше, Касса  сияқты анықтамаларды автоматты түрде толтырады. Ақпараттық базаны толтыруды анықтамалық ақпарат мен классификаторларды толтырудан бастау қажет. Классификаторлар ақпараттық базамен жұмыстың кез келген кезінде толтырыла алады, бірақ кейбір жүйелер оларды бірінші ретті жібергенде толтыруды ұсынады. 

Валюта анықтамасында ұйым есеп жүргізетін валюта бағамы туралы ақпарат болады, оны банк және касса – Валюта мәзіріі арқылы ашуға болады. Бірінші жіберу кезінде Валюта анықтамасы екі валютадан тұрады, бұл қазастандық теңге мен евро.  Бұл анықтамаға жаңа валютаны қосуды валюта классификаторында жүзеге асыруға болады. Ол үшін анқытамада «Таңдау» түймесі бар, бұл түймені басқанда текстік файл ашылады, онда керекті жазбаны тауып, сол жақ түймені екі рет басу арқылы жаңа валюта енгізуге болады. Валюта анықтамасын толтыру кезінде валюта параметрлерін, осы параметрлердің мәнін және бағамын көрсету керек

Ұйым туралы мәлімет тұрақты және шартты – тұрақты ақпаратқа жатады. Қазақстан үшін «lС: Бухгалтерия            8.1» конфигурациясында бір ақпараттық базаға бірнеше заңды тұлға есебін енгізуге болады.  Өзара есептесу әр ұйымның өз атынан бөлек жүргізіледі.  

Әр бір ұйым бойынша мәліметтерді енгізу үшін Ұйымдар анқытамасы арналған, оны Кәсіпорын – Ұйымдар мәзірі арқылы ашуға болады. Ұйымдар анқытамасын бірінші жібергенде ол негізгі ретінде орнатылған «Біздің ұйым» деген бір ұйымнан тұрады. Жұмыстың бірінші сатысында анықтаманың бұл элементін ашып, оған ұйым бойынша ақапаратты енгізу маңызды болып табылады. 

Ұйымдар анықытамасында келесі негізгі мәндер көрсетіледі: РНН, КБЕ, Салық Комитеті, негізгі банктік шот, ҚҚС бойынша есеп беру куәлігі. «Байланыс ақпараты» бет-белгіде ұйымның заңды, пошталық  мекен – жайы бойынша, электронды мекен – жай, және ұйымның байланыс телефондары көрсетіледі. «Кодтар» анықтамасында көрсетілген мәліметтер құжаттың баспа формасында және есепте көрсетіледі.

Егер ұйымның Контрагенттер анықтамасындағы Контрагенттер жолында «Басқалай» бет-белгідегі филиалы болса, онда филиалдарда онымен есеп айырысуда ұйымды идентификациялайтын мәндер алынады. Бас ұйым жолында өзіндік заңды тұлға болып табылмайтын филиалдар, өкілдіктер үшін арналған.  

«Кассалар» бет-белгіде ақпараттық базаны бірінші рет жібергенде »Негізгі касса» атаулы жазба шығарылады, осы жазбаны ашып, сәйкес өзгерістер енгізген жөн. 

2.3  Жүйені әр бір пайдаланаушы үшін бөлек өңдеулер мен мәндерді көрсетуге болады, мысалы: 

«Басқалай өңдемелер» тобы 

Құжатты ашқанда күнге жайғасым – егер бұл деректемелері бойынша осы жалауды орнатса, пайдаланушы жаңа құжат жасағанда, курсор автоматты түрде «Күн» жолында жайғасады.

   Валюта мәліметтерінсіз есепті құрастыру – егер бұл белгі деректемелер орнатылса, онда «Валюталық» белгісі орнатылған бухгалтерлік есеп шоттары бойынша барлық есептерді ақпараттар валюта көрсетілімінсіз көрсетіледі. 

«Құжаттар мен анықтамаларда негізгі мәндер» тобы:

Жаңасын енгізген кезде операция түрлерін сұрау – деректемелер бойынша осы жалау орнатылса, онда жаңа құжаттарды жасау кезінде операцияның нақты түрі сұрастырылады; 

Салықтық есепте құжаттарды көрсетпеу – бұл белгіні орнату кезінде кіріс және шығыс бөлігін құратын барлық құжаттарда «Салықтық есепте көрсету» белгісі айырылады; 

Өзара есептесудің негізгі валютасы  - берілген пайдаланушы енгізетін контрагенттермен келісім – шарттың валютасы;

Классификаторға өлшемнің негізгі бірлігі – өлшем бірлігі жаңа жазбаларды енгізген кезде Номенклатура анықтамасына өздігінен енгізіледі; 

Негізгі ұйым- жаңа құжаттар құрылатын ұйым;

Акциздің негізгі мөлшерлемесі– ТМҚ өткізу бойынша құжаттарда акциздің негізгі мөлшерлемесі;

Негізгі касса – жаңа касса құжатын құру кезінде орнатылтан касса;

ҚҚС негізгі мөлшерлемесіі - жаңа жазбаларды енгізген кезде Номенклатура анықтамасына өздігінен енгізілетін ҚҚС мөлшерлемесі;

Ұйымның негізгі бөлімшесі – Бөлімше мөлшерлемесі кездесетін жаңа құрылған құжаттарда орнатылатын ұйым бөлімшесі;

Айналымның негізгі түрі – ҚҚС есептегенде айналым түрі;

Акцизделетін операциялардың негізгі түрі - ТМҚ өткізу құжаттарында акциз декларациясында нақты көрсетілуге арналған акциз бойынша операциялардың негізгі түрі;

Өткізу операциялары негізгі түрі – өткізу құжаттарында қойылатын өткізу операцияларының негізгі түрі;

Акцизделетін ТМҚ негізгі түрі – Номенклатура анықтамасының жаңа элементтері үшін орнатылатын акцизделетін ТМҚ түрі;

ҚҚС үшін түсудің негізгі түрі  - есептелетін ҚҚС негізгі түрі;

Негізгі жауапты түлға – құжатта шаруашылық операцияның аяқталуына жауапты тұлға ретінде көрсетілетін ұйым жұмысшысы;

Негізгі қойма- Қорлардың келуі мен қозғалысы операцияларын көрсететін құжаттарда көрсетілетін сақтау орны; 

Сату бағасының негізгі түрі– сату бойынша жаңа құжаттарда қолданылатын номенклатура құнының түрі.

«Қызметтер панелі» тобы: 

Қызметтер панелін көрсету –бұл белігін орнатуда бағдарламаны қосқанда қызметтер панелі әрқашан көрсетіледі;

Жабу кезінде растауды сұрау –бұл белгі бағдарламаны жапқанда ағымдағы ақпарттық базаны жабу/жаппау туралы растау мәлімдемесі шығу үшін орнатылады.

Корреспонденциялық шоттарды бақылау   - корреспонденциялық шоттарды бақылау үшін орнатылады. 

Есептің басталған енгізілген күні – есепті кезеңнің басталу күні ретінде орнатылатын күн.

Көрсеткіштер файлдарының негізгі тізімдемесі– сыртқы файлдар сақталынатын тізімдеменің аты.

Құжаттарда есеп шоттарын көрсету – барлық құжаттарда бұл белгіні орнатқанда, «Есеп шоттарын Көрсету/Жасыру» бағытымен айырылады.

Жүргізу кезінде қозғалысты көрсету – егер бұл белгі орнатылса, құжатты жүргізгеннен кейін барлық регистерлер бойынша осы құжаттық қозғалысы көрсетіледі.

Барлық ұйым бойынша есеп  – бұл жалауды орнатқанда, Ұйымдар анықтамасында құрылған барлық ұйымдар есебін жүргізуге мүмкіндік береді береді.