Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салы ыы силлабус ю(к)-3курс.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
55.73 Кб
Скачать

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Құқық жоғары мектебі

Мемлекеттік - құқықтық пәндер кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Құқық жоғары мектебінің

директорыз.ғ.д, профессор

_______________У Шапақ

«___»____________2014_ж

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Sillabus)

Пәннің атауы: «ҚР Салық құқығы» (FPRK 3304)

Мамандық: 5В030100 - «Құқықтану»

(шифр, атауы)

Оқу нысаны: күндізгі

Оқу сабақтарының түрлері

Курс/семестр

1

Дәріс - 30 сағат

3/6

2

Семинар/практика - 15сағат

3

Лаборатория-

4

СӨЖ - 67 сағат

5

СОӨЖ -23 сағат

6

Емтихан -5 семестр

Жиыны: 135 сағат

Астана – 2014 ж.

1.1 Оқытушы туралы ақпарат:

Дәріс оқушы – Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы,Хайбар Мәнейұлы

Тілдерді білуі: Қазақ, орыс тілдері.

Кафедра туралы мәлімет: Қазақ гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік-құқықтық пәндеркафедрасы, 226 каб.

Пререквизиттері:

«ҚР салық құқығы» пәнін игеру үшін студенттер мемлекет және құқық теориясы, Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, Қазақстан Республикасының қаржы құқығы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, кеден құқығы пәндерін игеру қажет

Постреквизиттері: Оқытылатын пәннің бөлімдері келесі пәндерді менгеру кезінде қолданылады: 1. Кәсіпкерлік қызмет құқығы

2. Сыртқа экономикалық қызметтін құқықтық реттелуі

3. Халықаралық жеке құқық

4. Сауда құқығы

5. Халықаралық сауда құқығы

1.2Пәннің сипаттамасы:Салықтар мемлекет кірісінің негізгі түрі болып табылады және қоғам мүдделі әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру көзі ретінде қызмет етеді. Осы орайда мемлекет алдында салық жүйесінің тиімді жұмыс істеуін құқықтық камтамасыз ету механизмін құру міндеті туындайды.

Салықтық құқық ғылым ретінде және құқықтық құрылым ретінде көрініс табады.Салықтық құқық мемлекеттік салықтық кұрылымын айқындайтын, салық жүйесін белгілейтін, сондай-ақ салық салу аясында туындайтын қатынастарды реттейтін кұкықтық нормалардың жиынтығын білдіреді.

Қазіргі уақытта салықтық құқықты білу және игеру заңгерлерді кәсіби дайындау барысында маңызды. Өйткені салық заңнамасы қоғам өмірінің нақтылы аясындағы қатысушылар арасында кұрылатын тиісті құқықтық қатынас моделін қалыптастырады.

Осы бағдарлама салықтық құқық саласындағы теориялық және практикалық проблемаларды зерделеуге арналады.

Курстың мақсаты – салықтық міндетемелер, салықтық құқықтық қатынастарды, салық органдары мен агенттері, салық төлеушілер арасындағы туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары мазмұны және мағынасын студенттерге түсіндіру.

Пәнді оқып-үйрену міндеттері:

1. салықтық заңдарды оқып білу және оның қолдану механизмін үйрену;

2. теориялық және іс жүзіндегі тәжірибені өмірде қолдануды меңгеру;

3. салық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты қызметті жүзеге асыруға қажет салықтық құқықтық сананы тәрбиелеу.

Курсты оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

- құқық жүйесіндегі салық құқығының орыны мен маңызы туралы түсінігі;

- пәннің мақсаты мен міндеттерін, оның өзге оқу пәндерімен арақатынасын, заңгерлерді дайындаудағы маңызын, салық саласындағы заңнамалық қызметтерде қолданылатын негізгі құжаттарды дайындау ережесін;

- салық құқығының түсінігін мен анықтамасын, негізгі категорияларын;

- салық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістерін;

- салық жүйесі элементтерінің даму ерекшеліктері мен қызмет етуін, қалыптасу заңдылықтарын олардың негізгі сипаттамасын, ҚР мемлекеттік органдарының құзыретті мен ұйымдастыруын;

-мемлекет қызметтінің бір бағыты ретіндегі салықтық құқықтың түсінігі мен мәнін;

- қазақстанның салық жүйесінің қазіргі даму үрдісін;

- салық қызметін реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін.

Теориялық ережелер көлімі мен проблемаларды игеру нәтижесінде студент істей алуы тиіс:

- пән бойынша заңнамалық түсініктер мен категорияларды пайдалана алуы;

- салықтық құқықтық қатынаспен байланысты туындайтын және заңдық айғақтарды талдай алуы;

- мемлекеттің салық жүйесінің негізгі институттарына сипаттама беру мен олардың құқықтық қайнар көздерінің ерекшеліктерін талдай білу;

- алған құқықтық білімдерінің нәтижелерін тәжірибеде пайдалана білу;

- әлеуметтік ғылыми әдебиеттер мен анықтамалық оқу құралдарын пайдалана білу;

- салық құқығын оқу нәтижесінде алған білімдерін қоғамдық және экономикалық мәселелермен байланыстыра білу;

- салықтық – құқықтық зерттеулерді құқықтың түрлі салаларын оқу барысында қолдана білу (қаржы құқығы нормаларын дұрыс қолдану мен талқылай білу, заңдық айғақтар талдау, зерттеу үшін сұрақтарды дұрыс қоя білу, нормативтік актілерге сараптама жүргізе білу);

- алған құқықтық білімдерінің нәтижелерін тәжірибеде пайдаланып, заңнамалық құжаттарды дұрыс құрастыру мен рәсімдей білу;

Курсты оқу нәтижесінде студент меңгеруі тиіс:

- салықтық-құқықтың зерттеу объектісі болып табылатын түрлі құқықтық құбылыстарды талдауды, заңдық айғақтарды, құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастарды, құқық қолдану тәжірибесін игеру;

- заңдық терминдерді қолдана отырып өз ойын еркін ойлау қабілетімен жеткізу;

- құқықтық ақпараттарды өз бетінше іздене білуі;

- өзбетінше жұмыс жасай білу тәжірибесі арқылы салық салу саласындағы ұқсастықтар мен құқықтық мәселелерді шешуде пікір-сайыс және ғылыми шығармашылықта бола білу;

- салық құқығы нормаларын жүзеге асыра білу.

Курсты оқу нәтижесінде студент жетік білуі тиіс:

- мемлекеттің салық саласы барысында туындайтын шешімін таппайтын сұрақтар бойынша нақты салықтық дауларды шеше білетін болуы, мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметінің ерекшеліктеріне қарай оны қолдану мен сұрақтар бойынша қорытынды беруде жетік болуы тиіс.

Студенттердің міндеттері:

- салықтық құқықтық нормалар мен салықтық құқықтық қатынастар туралы, салық құқығының негізгі түсініктері туралы нақты болжамдай білуі;

- мемлекеттің салық қызметінің негіздері туралы болжамдай алуы;

- мемлекетпен бекітілген және өндіріп алынатын салық және міндетті төлемдердің жүйесі мен түрлерін меңгеру, салық салуға жататын объектіні анықтай білу;

- ҚР бюджет айналымының тәртібі мен валюталық қатынастардың ерекшелігін;

- салықтық құқықтық қатынас субъектілерінің заңды жауапкершілігі туралы оны қаржы заңнамаларын бұзғаны үшін жүзеге асыра алуы;

- нормативтік актілер мен ситуацияларды талдай отырып теориялық білімдерін тәжірибелік қызметте қолдана алуы.