Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тохметов сессия 55 отправь вк.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171 Кб
Скачать

34.Классикалық тілдерінің мақал мәтелдері

Тарихи қалыптасқан тұрақты сөз тipкестеріне идиомалық тіркестермен қатар ғасырлар бойына coзылған ұзақ дәуірдің өмір тәжірибелерінен екшеліп алынған сөзі ұйқасымды, мағыналары тұжырымды болып келетін халықтық мақал мен мәтелдер де жатады.

Тілдегі қолданылып жүрген әрбір мақал, мәтелдер ауыздан-ауызға беріліп, талай ғасырларды көктей өтіп, тілде сақталып, өңделіп қолданылып келе жатқандықтан, мақал мен мәтелдегі сөздер де, белгілі дәрежеде тұрақталған, қалыптасқан тіркесте айтылады: Еңбек қылсақ ерінбей, тояды қарның тіленбей; Ырыс алды — ынтымақ; Ел үмітін ep ақтар, ep атағын ел сақтар деген қазақ мақалдарының құрамына енген сөздер белгілі тұлғада, белгілі орында тұрып қалыптасқан. Олардың көпшілігінін морфологиялық тұлғасын не қалыптасқан орнын өзгертсе, мақалдардың мағынасы бұзылады.  Мақал мен мәтелдің идиомалық тіркестегі сөздерден мына сияқты ерекшеліктері бар: идиомалық тіркестегі сөздер өздерінің жеке турғандағы мағыналарын сақтамай, сол тіркес күйінде; бір ұғымды білдіріп, жігі ажырамай бір логикалық топ ретінде жұмсалса, мақал мен мәтелдердің құрамына енген сөздер өздерінің бастапқы мағыналарын сақтап, синтаксистік қарым-қатынасы жағынан мүшеленіп тұрады. Мысалы: өнер білсең, өлмейсің; Өтірікшінің шын сөзі зая деген мақал мен мәтелдердегі әрбір сөз өз мағынасында колданылып, әрқайсысы сөйлемнің белгілі мүшесі түрінде айтылып жүр. Тұрақты сөз тіркестеріне фразеологиялық, идиомалық тіркестер және мақал мен мәтелдер ғана еніп қоймайды. Сонымен қатар, екі, кейде одан да көп сөздердің белгілі дәрежеде қатар айтыла келіп, бастапқы мағыналарын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркес ретінде қалыптасқандары да тілде жиі кездеседі. байлау, жан қалта, төс қалта, қол сағат, бет орамал, қол орамал, аяқ, киім, бас киім, темір жол тағы сол сияқты алуан түрлі сөздер де жатады.  Бұл сияқты сөз тіркестері әр сөздің бастапқы мағыналарын сақтай отырып бір ұғым ретінде жұмсалатын болғандықтан, бұларды лексикалық тіркестер деп атауға болады.

35.Шешендік өнердің шығуы,қалыптасуы дамуы

Шешендік сөз немесе шешендік өнер - ежелгі Грекия мен Рим заманынан бермен қарай көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендiк өнерге де тiкелей қатысты. Байырғы салалары: бейнелі сөз, шешендік сын, шешендік өсиет, шешендік нақыл, шешендік дау, шешендік толғау. Әр қайсының әсерлі өңі, сұлулығы, татымдығы, дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жүрек тебірентеді. Тыңдау­шы­ның еркі мен сезімін билейді, толғандырады.Шешендік сөздер ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысы.Өмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса шебер шендестіріледі. Сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады.Сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл. Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, қалың қауымға өсиет. “Алажағым кетсе де, айтажағым кетпесін” дейтін қазақтың сөзге қонақ беруі.Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік,сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері. Ел-жұртты елеген, халқы қалаған азаматтарды ардақтаудың ана тілімізде атаулары мен дәріптеу, бейнелеу сөздерін айтып тауысу қиын. Оны қазақ теңеп те, бейнелеп те, асқақтатып та айта білген. Ел намысын қорғаған ерлерді "нар", "арыстан", "арыстан", "ерім", "азаматым" деген сияқты теңеулермен мадақтап, ардақтаумен бірге әділді "қара қылды қақ жарған"; шешенді "ердің құнын екі ауыз сөбен шешкен"; шеберді "темірден түйін түйген"; жомартты "атын түсіп беретін мырза"; адалды "сүттен ақ, судан таза"; сұлуды "ай мен күндей"; әдептіні "қыз мінезді жігіт"; бәйбішені "бес биенің сабасындай"; баланы "тойған қозыдай"; бойжеткенді "оймақ ауыз, күлім көз", деп дәріптеген.Жақсы адамдарды көріп, білмесе де сырттай сүйініп, ұрпағына үлгі еткен. Олар ауылына келгенде баласының аузына түкіріп, отырған жеріне аунатып алған. Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беруі керек.

  • Белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында ауызша айтылған сөз болу.

  • Әңгіме өзегінің дәлелі (аргумент) болуға тиіс, соның арқасында тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында белгілі бір харекетке ұмтылдыруды көздеуі қажет.

  • Тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, құлақ құрышын қандыратын, сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы игі. Шешендік сөз дәстүрінің қажеттігі ауызша сөйлеудің аясы, кеңіген сайын арта түсуде. Жиналыс, мәжіліс, құрылтайларда, пікірсайыс жиындарда, семинар, симпозиумдарда шешендік өнер өте қажет.

Қазіргі замандағы шешендік сөздердің түрлері бұл сөздердің жанрына (мазмұнына) қарай негізінен былайша ажыратылады.

  • Әлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік сөздер, бұларға осы тақырыптарға жасалған баяндамалар, сөйленетін сөздер, митингконференцияда айтылатын сөздер, хабарламалар, баяндамаларрадио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-әлеуметтік шолулар жатады.

  • Академиялық шешендік, бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын дәрістер, ғылыми баяндама, хабарлама, шолулар құрайды.

  • Сот ісінде қолданылатын шешендікке прокурордың айыптау сөзі, айыпкердің қорғану сөзі кіреді.

  • Әлеуметтік тұрмыста жұмсалатын шешендікті мерейтойларда, салтанатты дастарқан басында айтылатын сөздердің "шешендік сөз" деген мәртебеге ие болу үшін оған қойылатын талаптардың бірі - оның ішінде көркем, әсерлі болуы. Ал көркемдік жалпы тілде, оның ішінде көркем әдебиетте, поэзияда жұмсалатын көріктеу құралдары мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, билер аузынан шыққан шешендік үлгілерде дәл өлеңдегідей өлшемді, жүйелі болғанымен, ұйқас ырғақ сияқты поэтикалық элементтер қатысады. Бұрынғы шешендік сөздерге тілге демеу, ойға дәлел ретінде мақал-мәтелдерді келтіру көріктеу амалдардың бірі болса, бүгінгі шешендердің аузынан шыққан сөздердемақал-мәтелдерді келтіру көріктеу амалдардың бірі болса, мақал-мәтелдермен қатар, өзгелерден келтірілген сілтемелер орын алады. Сондай-ақ шешендік сұраулар да, ықшамдау тәсілімен келген сөйлемде де шешендік сөздерге эмоциялық реңк беріп, оның экспрессиясын күшейтеді.

Тарихы

Шешендiк өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның мәлiмдеуiнше, республикалық Римде сөз құдiретiне ие болған адамға тәңiрiндей табынған. Олар ”адамды даңққа бөлейтiн екi қасиеттi өнер бар: бiрi - қолбасылық, екiншiсi- шешендiк” деп бiлген /6:3/. Республикалық Рим мемлекеттiк iстердi халық жиындарында, сенатта, сотта ерiктi әрбiр азаматтың сөйлеу мүмкiндiгiне ие болатындай жағдайда қараған. Сондықтан Рим республикасының әрбiр азаматына шешен сөйлеудiң қыр-сырына қанығып өсу мeмлeкeт iстeрiнe араласy талабынан тyындаған. Рeспyбликалық Рим үшiн қоғамдық қарқынды өмiр, сөз бостандығы шeшендiк өнeрдiң кeңiнeн өрiстeyiнe жол ашты. Басқаша айтқанда ”дeмократия -шeшендiк өнeрдiң анасы” /7:189/. Бiрақ Римдe рeспyбликалық өкiмeттiң құлаyы Римдiк классикалық өнeрдiң дамyына тeжey салды. Көнe Рим шeшeндiк өнeрiнiң ұшар шыңы дeп Цицeронды танимыз. Марк Тyлий Цицeрон -шeшeндiк өнeрдiң көнe римдiк тeорeтигi. Ол өзiнiң шeшeндiк өнeр қақындағы ұлы ойларын ”Шeшeндiк өнeрдiң үш трактаты” (”Шeшeн тyралы”, ”Брyт”, ”Шeшeн”) eңбeгiндe зeрлeп қалдырды.