Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Толеранттылы саясаты те ажет

.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
27.46 Кб
Скачать

Толеранттылық саясаты өте қажет

Біз толеранттылық ұғымын қалай түсінеміз? Жалпы, бұл ұғымның маңыздылығы, мәні қандай? Жас ұрпақты толеранттылыққа қалай тәрбиелейміз және толеранттылықтың шегі неде? Қазақы толеранттылық пен отансүйгіштік және полиэтникалық ортадағы мәдениет пен тілдік әралуандылыққа қандай баға беруге болады? Осы және басқа да мәселелер Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Толеранттылық мәдениеті Қазақстан Республикасындағы полиэтникалық қоғам дамуының басты шарты» атты дөңгелек үстелде талқыланды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қабырғасынан «Толеранттық ғылым-білім беру орталығы» ашылып, «Толеранттылық негізі» пәні оқу бағдарламасына енгізілді. Жетекші ғалымдар, сарапшылар, БАҚ өкілдері мен студенттердің басын қосқан дөңгелек үстелде жастарға толеранттылықты насихаттап, қоғамға аталмыш ұғымның мән-мағынасын жеткізу шаралары қарастырылды. Сондай-ақ дөңгелек үстелге қатысушылар жастарға өз ұлтыңның құндылығын бағала, алайда өзге ұлт өкілдерінің құқығын аяқасты етпе, өзгені сыйлап, өзіңе құрмет көрсет деген өсиетін айтты.  Хангелді Әбжанов, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор:  - Толеранттылық түсінігіне қазақтың сабырлылық ұғымы дәл келеді деп ойлаймын. Қазақ «Сабыр түбі - сары алтын» дейді ғой. Толеранттылық қай халық тарапынан болу керек? Мәселен, кешегі кеңестік Қазақстанда біздің толеранттылығымыздан бұрын, мемлекет құраушы ұлттың толеранттылығы шешуші рөл атқарды. Демек, бодан халықтың толеранттылығы және мемлекет құраушы ұлттың толеранттылығы болды. Екеуінің миссиясы бір-бірінен бөлектеу болды деп айтуға болады. Ал енді бодан халықтың толеранттылығы шектен шығып кетсе, ездікке апарады. Керісінше, мемлекет құраушы ұлттың толеранттылығы шектен шығып кетпесе, онда ол басқа ұлттарды, этносты біріктіруші факторы саналды. Барлық нәрсенің заңмен реттелгені дұрыс. Толерантты екенбіз деп, мемлекеттік, ұлттық мүддеге қайшы келетін шекарадан өтіп кетпеу керек. Мұны салт-дәстүрімізден бұрын, заң реттейді. Тіл, дін, ұлтаралық қатынаста толеранттылық қарастырылуы керек. Мұхтар Әуезовтің «төзімділік жақсы қасиет, бірақ өмір бойы төзуге болмайды» деген сөзі бар. Толеранттылықты заңмен реттеп, құқықтық негізін анықтау керек. Бұл мәселеде алдымен зиялы қауым өкілдері, сосын билік күш салуы тиіс.  Сайын БОРБАСОВ, саяси ғылымдар докторы, профессор, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі:  - Ұлттық толеранттылық біздің жалпы, тарихи мәдени кеңістігімізде қоғамды топтастыратын белгілі фактор болып отыр. Екінші жағынан, толеранттылық барлық мәселені шешіп тастайды деуге тағы болмайды. Бұл бір сегменттік актуалды танудың, ұлтаралық қатынастарды, саяси тұрақтылықты реттеудің маңызды факторы. Меніңше, толеранттылық саяси тұрақтылықтан, қоғамдық келісімнен, әлеуметтік түсінушіліктен, елді басқаратын қатынастан, татулықтан, ұлтаралық келісімнен және саяси этникалық-діни мәдени толеранттылықтан тұрады. Міне, осы құндылықтардың барлығы бірігіп, мемлекеттің тұрақты дамуын және рухани-мәдени келбетін қамтамасыз етеді. Сондықтан толеранттылықты осы контексте қараған дұрыс.  Қазақстандағы толеранттылық ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс. Біз басқа ұлттарды, этномәдениетті жатсынбайтын ашық этнос ретінде қалыптастық. Толеранттылық - түрлі ауруларға, қоғамдағы жалаңаштыққа қарсы. Бізде жалпықазақстандық және ұлттық толеранттылық бар. Өйткені ұлттың өз ішінде де толеранттылық болуы тиіс. Мысалы, қазір қазақ ұлты бөлшектеніп қалды. Өйткені қазақ тілін білетін және мүлде білмейтін қазақтар бар. Бірақ қазақ тілін білмейтін қазақтарды шеттетуімізге болмайды. Керісінше, оларды шыдамдылықпен өз тілімізге, мәдениетімізге баулуды күн тәртібіне қоюымыз керек. Қазіргі еліміздегі ұлттық этникалық толеранттылықтың негізгі шешімін күткен мәселелерінің бірі осы. Қоғамда түрлі ауытқулар, түрлі жағымсыз құбылыстар бар. Бұл діни, мәдени және ақпараттық ауытқудан көрінеді. Осыған ақыл-ой салып, ерекше батылдықпен тойтарыс берейік десек, кейбір күштер атой салып қарсы шығады. Сондықтан мәселенің бәрін диалогпен, ғылыми тұрғыда қабылдап шешу қажет. Бұл ретте бізге ғылыми тұрғыда толеранттылық керек. Толеранттылықтың өзі иммунология ұғымына жақын. Яғни қоғамдағы түрлі келеңсіздіктерге қарсы иммунитетті күшейту деген ұғым. Қазақстандағы түрлі жағымсыз құбылыстарға қарсы тұру толеранттылықтың негізгі әлеуметтік қызметі болмақ..  Әзімбай ҒАЛИ, әлеуметтану ғылымдарының докторы, Каспий қоғамдық университетінің профессоры:  - Бәрімізге мәлім, Еуропаның саяси тәжірибесі көрсеткеніндей, мультимәдениет саясаты абырой берген жоқ. Олар да бұл ретте саяси дағдарыстарға ұшырады. Франция, Германия, Испаниядағы жергілікті халық белгілі дәрежеде өз мемлекеттеріне өкпелі.  Елімізде төзімділікті сақтау саясатының өзіндік мақсаты болу керек. Нақты саясатта нақты мақсаттар жүзеге асырылып, этномәдениетке ауысу, үлкен қазақ ұлтын жасау жұмыстарына маңыз берілуі қажет. Өйткені қазақтың өз ішінде субқазақтар (шала қазақтар) бар. Сондықтан ұлт жасау қарекетіне кірісу қажет. Біз осы жылдары көп мәселені қамтығанымызбен, кейбір жайттарды ойластырмаппыз. Сонымен қатар ассимиляциялық үрдістерге, яғни елімізде тең құқылы этностардың қазақ болуға, қазақтыққа өтуге құқы болуы керек. Бүгінгі таңда бұл стихиялы түрде жүргізілуде. Мысалы, ұйғыр ұлтының өкілі 23-24 пайызға өсуі керек болса, бұл 7 пайызға дамиды. Бұл жерде біз стихиялы түрдегі ассимиляцияны байқаймыз. Қазақстанда өркениетті белгілер бар. Мәселен, бізде жекелеген этнос мекемелері, кәріс мектебі, өзбек мектебі, т.б. бар. Біз орыс мектебін бітіріп, қазақ тілін білмейді деген дәрежеге жеттік. Бұған өзіміз қуанамыз тағы, басқа мемлекетте бұлай болса, олар таңғалатын еді.  Түркияда түрік тілінде оқу жүйесі керемет дамыған. Өйткені бір мемлекеттің тең құқылы азаматтары бір-бірін терең түсінбеген жағдайда олардың ортақ құндылықтары пайда болмайды. Сондықтан мемлекет тарапынан белгілі бір идеологиялық ағымдар есепке алынуы керек. Басқа елдердің ұсақ ұлыстары бірігіп, мемлекет құраушы ұлтпен бір ұлтқа айналу бағыты болса, біз де осы бағытпен жүруіміз қажет. Бір қадам кейін шегіну бізге керек емес. Өйткені жаһанданудан оқшаулануға тағы болмайды.  Толеранттылық саясаты өте керек. Сонымен бірге нақты саясатта оның орындалуы, түсіндірілуі, жүзеге асырылуы, басқарылуы керек. Мемлекетте төзімділік жақсы, бірақ ұлттық қауіпсіздік одан да маңызды. Осы іспетті арақатынастарды жоғары билік те байқауы тиіс.

Қорытынды:

Толеранттылықты заңмен реттеп, құқықтық негізін анықтау керек. Бұл мәселеде алдымен зиялы қауым өкілдері, сосын билік күш салуы тиіс.  Сайын БОРБАСОВ, саяси ғылымдар докторы, профессор, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі:  - Ұлттық толеранттылық біздің жалпы, тарихи мәдени кеңістігімізде қоғамды топтастыратын белгілі фактор болып отыр. Екінші жағынан, толеранттылық барлық мәселені шешіп тастайды деуге тағы болмайды. Бұл бір сегменттік актуалды танудың, ұлтаралық қатынастарды, саяси тұрақтылықты реттеудің маңызды факторы. Меніңше, толеранттылық саяси тұрақтылықтан, қоғамдық келісімнен, әлеуметтік түсінушіліктен, елді басқаратын қатынастан, татулықтан, ұлтаралық келісімнен және саяси этникалық-діни мәдени толеранттылықтан тұрады. Міне, осы құндылықтардың барлығы бірігіп, мемлекеттің тұрақты дамуын және рухани-мәдени келбетін қамтамасыз етеді. Сондықтан толеранттылықты осы контексте қараған дұрыс. 

Елімізде төзімділікті сақтау саясатының өзіндік мақсаты болу керек. Нақты саясатта нақты мақсаттар жүзеге асырылып, этномәдениетке ауысу, үлкен қазақ ұлтын жасау жұмыстарына маңыз берілуі қажет. Өйткені қазақтың өз ішінде субқазақтар (шала қазақтар) бар. Сондықтан ұлт жасау қарекетіне кірісу қажет. Біз осы жылдары көп мәселені қамтығанымызбен, кейбір жайттарды ойластырмаппыз. Сонымен қатар ассимиляциялық үрдістерге, яғни елімізде тең құқылы этностардың қазақ болуға, қазақтыққа өтуге құқы болуы керек. Бүгінгі таңда бұл стихиялы түрде жүргізілуде. Мысалы, ұйғыр ұлтының өкілі 23-24 пайызға өсуі керек болса, бұл 7 пайызға дамиды. Бұл жерде біз стихиялы түрдегі ассимиляцияны байқаймыз

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Реферат

Тақырыбы: Толеранттық саясаты

Орындаған: Калиольдинова М.

КРО ІІ курс

Тексерген: ___________________

____________________________

Алматы 2012 ж.