Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
FIZOB_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.44 Кб
Скачать

33. Бұлттардың пайда болуына радиациялық фактордың әсері

Бұлт — атмосферада қалқыған өте ұсақ су буы тамшыларының және мұз кристалдарының жиынтық жүйесі. Ол жер бетінен 2 — 18 км-ге дейінгі биіктікте атмосфераның төмен бөлігінде (тропосфера) құралады. Бұлттар ауа құрамындағы су буының қоюлануы нәтижесінде пайда болады. Бұлттарды құрайтын су түйіршіктерінің және мұз кристалдарының көлемі ұлғайып, олар бұлттардан бөлініп, атмосферадан жауын-шашын түрінде (жаңбыр, қар, ұлпа, бұршақ т.б.) жер бетіне түседі. Бұлтты құрайтын тамшылар өте ұсақ, диаметрі бірнеше мкм-ден 200 мкм-ге дейін болады. Бұлттағы сұйық судың құрамы тым аз, Бұлт ауасының 1 м3-не шаққанда 1 г-ның бірнеше жүздік бөлігінен бірнеше г-ға дейін ғана жетеді. Бұлт ауа массасының ағыны әсерінен қозғалады (ауады). Олар биіктігіне қарай негізгі 4 түрге ажыратылады: жоғары ярустағы (қоңыржай ендіктерде 6 км-ден жоғарыда), ортаңғы ярустағы (6 км-ден 2 км-ге дейін), төменгі ярустағы (2 км-ден төмен) және вертикаль бағытта пайда болатын (асты төмен яруста, үсті жоғары немесе ортаңғы ярустарда) Бұлттар. Олархалықараралық классификацияға сәйкес шарбы (Сі), шарбы-будақты (Сс), шарбы-қабатты (Сs), биік будақты (Ас), биік қабатты (Аs), қабатты-жауынды (Ns), қабатты (St), қабатты-будақты (Nс), будақты (Сu), будақты-жауынды (Сb) болып бөлінеді. Бұлттардың шығу тегін сыртқы пішіні мен ішкі құрылым ерекшеліктері бойынша, сондай-ақ, мөлдірлік көрсеткіші бойынша анықтауға болады.Жоғарғы ярустың шекаралары полярлық ендіктерде 3 — 8 км, қоңыржай ендікте 5 — 13 км, тропикалық ендікте 6 — 18 км аралығында. Тропосферада байқалатын әр түрлі текті Бұлттардан басқа 20 — 30 км және 70 — 80 км биіктікте маржан тәріздес және күміс тәріздес Бұлттар кездеседі. Маржан тәріздес Бұлттар сирек кездеседі және тек Солтүстік Еуропа мен Аляскада, күн көкжиектен бірнеше градус жоғары тұрған кезде ғана байқалады.Күміс тәріздес Бұлттар өте жұқа, жұлдыздардың жарығын да әлсіретпейді, олар мезосфераның төменгі бөлігінде 75 — 90 км биіктікте 50 — 250 м/с жылдамдықпен ығысады. 

Атмосферада күн сәулелерін озон, көмірқышқыл газы мен бұлттар, су тамшылары мен шаң-тозаң жұтады. Жалпы алғанда, атмосферада Күннен келетін радиацияның 15—20%-ы жұтылады. Осылайша күннің сәулелік энергиясының біразы атмосферада жылуға айналса, басым бөлігі жер бетін жылытуға жұмсалады. Кез келген қызған денелер жылу бөлетіні сияқты, жер бетінен көтерілген жылу атмосфераның төменгі қабатын жылытады. Жиынтық радиацияның кері шағылу мен жер бетінің жылулық сәулеленуіне жұмсалғаннан қапған бөлігін радизциялық баланс немесе қапдық радиация деп атайды. Радиациялық балансмөлшері экватордан полюстерге қарай кемиді. Қоңыржай ендіктерде қыс кезінде радиациялық баланс теріс мәнге ие, ал экватордан, шамамен, 40' ендіктер аралығында бұл көрсеткіш жыл бойы оң болады.

Ауа температурасының атмосферада таралуы мен онъщ үздіксіз өзгерістері атмосфераның жылу режімі деп аталады, ол атмосфера мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасуы нәтижесінде жүзеге асады. Тропосферада жұтылған радиация тәулігіне ауа температурасын 0,5°С-ка ғана жоғарылата алады. Сондықтан атмосфераның жылу режімінде атмосфера мен жер беті арасындағы жылу мен ылғал алмасуы маңызды рөл аткарады. Ауа температурасының өзгеруіне Жер шарының басқа бөліктерінен келетін ауа массаларының келуі (адвекция) де әсер етеді. Бұл туралы келесі тақырыптан таныса аласыңдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]